Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған


Ақпаратты қорғау бөлімінің (зертхана, сектор) бастығы



бет39/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   126

Ақпаратты қорғау бөлімінің (зертхана, сектор) бастығы



Лауазымдық міндеттері. Құрамында мемлекеттік немесе коммерциялық құпия бар жұмыстарды жүргізетін кәсіпорындарда ақпаратты кешенді қорғау жөніндегі ұйымдық және техникалық іс-шараларды әзірлеуді және ендіруді ұйымдастырады, жүргізілетін жұмыстардың режимін сақтауды және құжаттандырылған ақпараттың құпиялылығын сақтауды қамтамасыз етеді. Перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларының жобаларын әзірлеуге, олардың орындалуы туралы есептер жасауға жетекшілік жасайды. Ақпаратты қорғау мәселелері бойынша ұйымдастыру, үйлестіру, әдістемелік басшылық жасау және олардың орындауын бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге және бақылаудың техникалық құралдарын әзірлеуге басшылық жасайды, олардың даму перспективаларын айқындайды. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша жұмыстардың ізденушілерімен өзара іс-қимылды және қажетті кооперацияны қамтамасыз етеді, жоспарлы тапсырмалардың, шарттық міндеттемелердің орындалуын, сондай-ақ ізденушілер орындайтын жұмыстардың мерзімдерін, толық болуын және сапасын ұйымдастырады және бақылайды. Ақпаратты қорғау бойынша жұмыстар үшін шарттар жасау бойынша жұмысты ұйымдастырады, жұмыстарды, оның ішінде шарттар бойынша орындалатын жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды. Бөлімшелердің кәсіпорында орындалатын зерттеулер мен әзірлемелердің техникалық тапсырмаларын әзірлеуге қатысуын қамтамасыз етеді, ақпаратты кешенді қорғаудың талаптарына сәйкес келетін қауіпсіз ақпараттық технологияларды жасау бойынша жұмыстың мақсаты мен міндетін қалыптастырады. Ақпараттың жария болу, оның ішінде техникалық арналар бойынша жария болу белгілері мен ықтимал арналарын анықтау бойынша арнайы зерттеулер мен қайтадан бақылап тексеру жүргізуді ұйымдастырады, оларды жою және алдын алу жөніндегі шараларды әзірлейді, сондай-ақ техникалық құралдар мен үй-жайлардың қорғалу дәрежесі туралы актілер және басқа техникалық құжаттар жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Ақпаратты сенімді қорғау жөніндегі нормативтік талаптардың сақталуын бақылайды, техникалық құралдарды, әдістерді және ұйымдастыру іс-шараларын кешенді пайдалануды қамтамасыз етеді. Ақпаратты қорғаудың қолданылатын және ұсынылатын әдістерін, зерттеулер мен әзірлемелердің аралық және түпкілікті нәтижелерін қарауды ұйымдастырады. Жұмыстары жоспарлауды, бақылауды және ұйымдастыруды жетілдіреді, оларды отандық және шетелдік ғылым мен техникада, алдыңғы қатардағы тәжірибеде қолдануды қамтамасыз етеді. Жоспарлы жұмыстарды материалдық және қаржылық ресурстардың неғұрлым аз шығындармен орындауды, еңбекақы қорын ұтымды жұмсауды қамтамасыз етеді. Жаңадан салынатын және жаңғыртылатын үйлер мен ғимараттарға арналған жобалау және басқа техникалық құжаттаманы ақпаратты қорғау жөніндегі талаптарды орындау бойынша келіседі. Бөлімшелердің жұмыстарды жүргізуге қажетті жабдыққа, материалдық, қаржылық және басқа ресурстарға деген қажеттілігін айқындайды және аппаратураның, аспаптардың және басқа жабдықтың ұтымды пайдалануын бақылайды. Жұмыстың жоғары ғылыми-техникалық деңгейін, зерттеулер мен әзірлемелердің тиімділігін қамтамасыз етеді. Көзделген іс-шаралардың орындалуын бақылауды, бақылау материалдарын талдауды, жөнсіздіктерді анықтауды жүзеге асырады, ақпаратты қорғау бойынша анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі шараларды әзірлейді және жүзеге асыруға қатысады. Объектілерді, үй-жайларды, техникалық құралдарды, бағдарламаларды, алгоритмдерді тиісті қауіпсіздік кластары бойынша ақпаратты қорғау талаптарына сәйкес келуіне аттестация жүргізуді ұйымдастырады, белгіленген тәртіппен қолданылып жүрген есептілікті ұсынуды қамтамасыз етеді. Кадрларды іріктеуге, бөлімше қызметкерлерінің қызметін бағалауға және аттестациядан өткізуге қатысады. Бөлімнің құрамына кіретін бөлімшелер қызметінің бағыттарын айқындайды, олардың жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді. Қызметкерлердің біліктілік және іскерлік қасиеттерін ескере отырып кадрларды орналастырып қоюды ұйымдастырады, олардың біліктілігін және шығармашылық белсенділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдайды. Белгіленген тәртіпке сәйкес іс қағаздарын жүргізуді, жұмыстардың режимі жөнінде қолданылып жүрген нұсқаулықтарды сақтауды қамтамасыз етеді және жөнсіздіктердің алдын алу жөнінде уақтылы шаралар қабылдайды. Жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді, еңбек қорғау ережелері мен нормаларының сақталуын қадағалайды. Бөлімнің қызметкерлеріне жетекшілік жасайды.

Білуге тиіс: Ақпаратты қорғау бөлімінің бастығы өз қызметінің ерекшелігі бойынша: мемлекеттік құпия және ақпаратты қорғау мәселелері жөніндегі қолданылып жүрген заңнама; саланың экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын үкімет қаулылары; ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша басшылыққа алатын, нормативтік және әдістемелік материалдары; кәсіпорынның және оның бөлімшелерінің даму перспективалары, мамандануын және қызметінің бағыттары; саланың кәсіпорындарында шығарылатын өнімнің ерекшелігін және оны дайындаудың технологиялық ерекшеліктері; бөлімшелердің зерттеу және әзірлеу барысындағы өзара іс-әрекет жасау сипатын және қызметтік ақпараттың өту тәртібі; саладағы, кәсіпорындағы ақпараттың кешенді қорғалуын ұйымдастыру; ақпарат қорғаудың техникалық құралдарын дамытудың перспективалары мен бағыттары; қорғалатын мәліметтерді бақылау әдістері мен құралдары, ақпараттың жария болу арналарын анықтау, техникалық барлауды ұйымдастыру; ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді қаржыландыру тәртібі, жоспарлау және ұйымдастыру, ақпаратты қорғау бойынша жұмыстарды орындау әдістері; арнайы зерттеулер мен тексерулерді жүргізуге арналған шарттар жасау, ақпаратты өткізудің, өңдеудің, көрсетудің және сақтаудың техникалық құралдарын қорғау бойынша жұмыстардың тәртібі; елдегі және шетелдегі техникалық барлау және ақпаратты қорғау саласындағы ғылым мен техника жетістіктері; экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері; еңбекақы төлеудің және материалдық ынталандырудың қолданылып жүрген жүйелері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және ақпарат қорғау бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.



Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет