Анықтамалық материалдармен терминдер 2019-2020 оқу жылы Анықтамалық материалдар Биология ғылымының негізгі салалары



бет8/33
Дата12.10.2022
өлшемі118,9 Kb.
#152768
түріАнықтамалық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33
Байланысты:
Биологиядан анык термин

Астма (тыныс демікпесі)-тыныс алуы қиындап, булықтыратын ұстамалы ауру.
Атрофикалық тұмау- құрғақ климат, шемен, селикат, темекі тозаңдарынан болатын ауру.
Атрофикалық тұмау-құрғақ климат, шемен, силикат, темекі тозаңдары әсерінен болады.
Ақшам (тауық) соқыр-Родопсиннің түзілуі А дәруменіне байланысты, оның жетіспеуінен пайда болатын ауру.
Әкаяқ (әсіресе тауықта)-мамықкене туғызады; сирақтағы қабыршақтар қопсып, аяқта ақшыл томпақтар түзіледі, ұлпа тіршілігін жояды, тауық саусағын қимылдата алмай ақыры өледі.
Базедов (бақшаңкөз) ауруы-қалқанша безінің қызметі жоғары болғанда, жүйке жүйесінің қозғыштығы, зат алмасуы жоғары болады, жүрек соғысы жылдамдайды, ішкен асы бойына сіңбегендіктен, адам арықтап, көз шарасынан шығып кетеді.
Бактериялар тудыратын аурулар:оба, сіреспе, туберкулез, іш сүзек, баспа(ангина), топалаң, көкжөтел, қызамық, құздама (ревматизм), ботулизм, пневмония (өкпенің қабынуы), бруцеллез (сарып)-шикі қайнатылмаған сүттен жұғады, дифтерия (күл ауруы), гоммоз (шайыр ағу)-мақта өсімдігін зақымдайды.
Безгек-Анофелес туыстас маса(безгек масасы) безгек ауруының қоздырғышын таратушы. Безгек масасы қыста ересек күйінде қыстайды.
Бери-бери ауруы-В1 дәрумені жетіспегендіктен, жүрек, қарын жұмысы бұзылады.
Бөсір (аскаридоз)-ішексорғы (аскарида) бөлген улы заттардан ішек қызметіінң бұзылуы.
Бронхит (ауатамырдың қабынуы)-сирек жөтеледі, қақырық көкшіл тартады, аздап дене қызуы көтеріледі.
Буынның шығуы-адам абайсызда ойлы-шұқырлы жерден аяғын ыңғайсыз басудан болады.
Бүкірлік-дене тұлғасының жоғары жағында әртүрлі аурудың әсерінен және омыртқа жотасының зақымдануынан болады.
Вирустар тудыратын аурулар: тұмау,СПИД, ұшық, сары ауру, балалардың сал ауруы (полиомелит), шешек, қызылша.
Гельминтоз-ішқұрт ауруы.
Гемофилия-қан ұйымайтын ауру.
Гигантизм (алыптық)-гипофиз безі өсу гормонын артық бөлгенде болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет