Анықтамалық материалдармен терминдер 2019-2020 оқу жылы Анықтамалық материалдар Биология ғылымының негізгі салалары


ДНҚ-лигаза - қос тізбекті ДНҚ-ның біреуі үзіліп қалғанда фосфодиэфир байланысын қалыптастырып, үзілген жерді “тігетін” фермент. ДНҚ-ның жабысқақ ұшы



бет5/33
Дата12.10.2022
өлшемі118,9 Kb.
#152768
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Биологиядан анык термин

ДНҚ-лигаза - қос тізбекті ДНҚ-ның біреуі үзіліп қалғанда фосфодиэфир байланысын қалыптастырып, үзілген жерді “тігетін” фермент.
ДНҚ-ның жабысқақ ұшы - ДНҚ-ны әр түрлі рестриктазалармен үзгенде ДНҚ-ның ұшында пайда болған бірнеше нуклеотидтен тұратын ДНҚ-ның бір тізбегі. Ол рекомбинантты ДНҚ-ны құрастырарда әр түрлі үзінділерді жалғау үшін пайдаланылады.
Дивергенция - эволюция процесі түріндегі белгілердің ажырауы. Оның негізінде бір түрден жаңа түрлер пайда болады.
Дупликация - белгілі бір бөлікте бір реттен көбірек біркелкі хромосома жиынтығы болатын хромосомалардың құрылымдық өзгерісі.
Зигота - гаплоидты аталық және аналық жыныс клеткаларының қосылуынан пайда болған диплоидты клетка.
Жыныс хромосомасы - құрылымы мен қызметі аутосомадан өзге және жынысты қалыптастырудың генетикалық құрылымы.
Жыныспен тіркескен гендер - жыныс хромосомаларында орналасып өзара тіркесіп тұқым қуалайтын гендер.
Инбридинг - жақын туыс дарақтарды өзара шағылыстыру.
Инверсия - хромосома немесе плазмиданың бір бөлігінің 1800-қа бұрылып орналасуы.
Кариотип - клетканың немесе организмнің барлық хромосомаларының саны, формасы және құрылым ерекшеліктерін бояу арқылы анықтап көрсету.
Клон - бір дарақтан вегатативті жолмен даму арқылы пайда болған генетикалық бір типті клеткалар тобы.
Клондау (молекулалық)- жасанды ортада өсіру арқылы рекомбинантты ДНҚ молекуласын анықтау әдісі.
Кодон - белгілі аминқышқылын немесе трансляцияның соңын анықтайтын нуклеин қышқылының үш нуклеотидтен тұратын бөлігі.
Кері транскриптаза (ревертаза) гендері - РНҚ-дан тұратын вирустарда синтезделеді. РНҚ матрицадан ДНҚ синтезі реакциясы катализдейтін фермент.
Комплементарлық- сутектік және басқа байланыстар арқылы қосылып комплекс құрайтын молекулалар. (Мысалы, нуклеин қышқылдарында А - Т, Ц - Г, сонымен қатар, антиген - антидене өзара комплементарлы).
Конъюгация (қосылу)- бактериялардағы ДНҚ алмасу процесі. Бұл жағдайда ДНҚ беретін клетка (донор), ДНҚ-ны қабылдайтын клеткамен (акцептор) қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет