Анықтамалық материалдармен терминдер 2019-2020 оқу жылы Анықтамалық материалдар Биология ғылымының негізгі салалары


Ген - хромосоманың белгілі бөлігіне орналасқан тұқым қуалау ақпаратының генетикалық өлшем бірлігі. Геном



бет4/33
Дата12.10.2022
өлшемі118,9 Kb.
#152768
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Биологиядан анык термин

Ген - хромосоманың белгілі бөлігіне орналасқан тұқым қуалау ақпаратының генетикалық өлшем бірлігі.
Геном - клетка хромосомасы немесе организмнің гендерінің гаплоидты жиынтығы.
Генетикалық карта - генетикалық рекомбинация негізінде жасалған хромосомадағы жеке гендердің орналасу ретін көрсететін сызба.
Генетикалық код - ДНҚ немесе РНҚ-ның аминқышқылдары арқылы протеин түзетін кодондарының кезегін тұқым қуалау ақпараты түрінде нуклеин қышқылдары молекуласында жазу жүйесі.
Генетикалық анализ-организмнің тұқым қуалау қасиетін зерттейтін әдістер жиынтығы.
Гендер банкі - рекомбинатты ДНҚ негізінде алынған белгілі организмдердің гендерінің жиынтығы.
Генотип - организмнің фенотипінде көрінетін гендер тобы.
Генофонд - популяциядағы белгілі жиілікпен кездесетін гендердің жиынтығы.
Гетерозигота - белгілі геннің әр түрлі аллелі гомологты хромосомаларда орналасқан әр түрлі гендер.
Гетерозис - әр түрлі екі тұқымды шағылыстырғандағы бірінші ұрпақ дарақтарының өнімділігі, өсімталдығы, салмағы және т.б. қасиеттерінің ата-анасынан артық болуы.
Гибрид, будан - генетикалық әр түрлі пішіндерді шағылыстырғанда пайда болатын гетерозиготалы гендер.
Гомозигота - гомологты хромосомада белгілі геннің бірдей жұп аллельдері орналасқан диплоидты организм.
Гистон - хромосомада құрылыс қызметін атқаратын белок.
Гонадалар - жыныс клеткалары қалыптасатын жыныс жүйесінің мүшесі.
ДНҚ (дезоксирибонуклеин қышқылы)- төрт нуклеотид өзара байланысқан (А-Т, Д-Г) қос тізбекте генетикалық ақпарат сақталған жоғары молекулалық полимер.
Делеция - хромосомалардағы немесе цитоплазмадағы генетикалық материалдың (бір геннің, кейде түгелдей хромосоманың) бөлініп қалуы.
Диплоид - хромосомалардың толық жиынтығы.
Доминанттық- гетерозиготалы организмнің бір аллелінің ғана фенотипте көрінуі.
ДНҚ-полимераза - бір тізбекті ДНҚ-дан қос тізбек синтездейтін фермент.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет