Кроссинговер - гомологты хромосомалардың бөліктерінің өзара алмасуы.
Локус - геннің хромосомада орналасқан жері.
Мутация - генетикалық материалдағы нуклеотидтердің санының, орналасу ретінің және түрлерінің өзгеруі.
Мутагендер - мутация туғызуға қабілетті заттар.
Мутациялық сұрыптау - тәжірибелік жолмен алынған мутанттардың көмегімен жүретін сұрыптау.
Репликация немесе редупликация (ДНҚ)- ДНҚ-ның материалдық молекуласының жаңа тізбегін синтездеу. Бұл процесті ДНҚ-полимераза жүргізеді.
Ретровирустар - генетикалық ақпараты РНҚ-дан тұратын жануарлар вирусы, кері транскриптаза ферментін кодтайды.
РНҚ (рибонуклеин қышқылы)- рибонуклеотидтерден тұратын полимер. Көптеген вирусЧЧЧЧЧЧ-тардың РНҚ-лары генетикалық ақпаратты сақтайды. Ақпараттық РНҚ (аРНҚ) немесе матрицалық РНҚ (мРНҚ) - генетикалық ақпараттың ДНҚ-дан транскрипциялануынан пайда болады. Тасымалдаушы РНҚ (тРНҚ) - протеин синтездеу үшін аминқышқылдарын рибосомаға тасымалдайды.
Рибосомалық РНҚ (рРНҚ)- рибосоманың құрылымына кіреді.
Рибосома - полипептидтер синтезделетін цитоплазмалық құрылым.
Рекомбинантты ДНҚ - әр түрлі ДНҚ-ның екі үзіндісін қосып тіркегенде пайда болады. Рекомбинация екі жолмен жүреді: табиғи және жасанды (гендік инженерия жолымен алынған).
Рестриктазалар - ДНҚ-ның нуклеотидтер тізбегін белгілі жерден үзетін фермент.
Рецессивтік - доминантты белгі дамыған жағдайда, аллельдің басылып қалуы.
Репорация - физикалық және химиялық мутагендердің әсерінен бұзылған ДНҚ құрылымының қалпына келуі.
Редукция - мейоз процесі кезінде диплоидты хромосома санының екі есе азаюы.
Секвинирование - нуклеин қышқылы тізбегіндегі нуклеотидтердің немесе протеиндердегі аминқышқылдарының орналасу ретін анықтау.
Сибстер - адам генетикасында монозиготалы егіздер емес ағайындарды айтады.
Сұрыптау - шаруашылыққа қажетті жаңа тұқымдар, іріктемелер және штамдар алу үшін қолданатын әдістер жиынтығы.