Антик философиясы


Эллинизм кезеңі(грекше ойлау, грекше өмір сүру)



бет15/15
Дата19.03.2022
өлшемі33,02 Kb.
#136069
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
a8ca3be4-7eff-4792-b75e-7363079e7902

Эллинизм кезеңі(грекше ойлау, грекше өмір сүру).Бұл кезеңнің басты мәселесі этика (физика мен логикаға сүйенген)болды.
Эпикур (б.з.д. 341-270 ж.ж.), материалист, атомдық ілімді дамытқан, мектебі ”Бақ”деп аталады.Атомдық ілімге қосқаны: атомдардың салмақ күшінің әсерімен еркін ауытқуы. Жаны да, тәні де еркін атомдардан құралған адам еркін құбылыс.Ол жүріс-тұрыс ережелерін еркін таңдайды. Эпикур гедонизмді ұстанды,яғни өмірдің мәні рахат пен ләззатта.Философияның міндеті жанның жайлануын (атараксия)қамтамасыз ету,яғниөлім мен құдайлардан қорқу сезімінен азат ету.Біз өлімге дейін, өлім бізден кейін.Білім көзі -сезімдік қабылдау.Эпикуршылардың ішіндегі аса көрнектісі римдік Лукреций Кар (б.з.д.1ғ.).
Кинизм- эллинизм кезеңіндегі этикалық мектеп.Киниктер-материалдық байлықтарды менсінбей, этика ережелерін мойындамай,еркін, табиғи өмір салтын ұстанушылар.Көрнекті өкілі-Диоген Синопский. Стоицизм (б.з.д. 3ғ.б.з.3 ғ.),негізінқалағанКитиондықЗенон.Өкілдері:Хрисипп,Посидоний,Сенека,Эпиктет,
Марк Аврелий т.б. Стоиктер Космосты жаны бар ,тұтас тірі организм ретінде қабылдады.Ол Логос заңына бағынады. Адам осы тұтастықтың бөлігі болғандықтан,оның өмірі де осы эаңға бағынады.Сондықтан өмірде ешқандай кездейсоқтық жоқ, бәрі заңды, қажетті (фатализм),адам өмірінің мәні тағдырға мойынсұнып, -шыдау,басқа түскенді ерлікпен көтеріп алу.
Скептицизм, негізінқалаған-Пиррон. Өкілдері - Энисидем, Секст Эмпирик т.б. Скепсис-грек.күмәндану.Скептиктер білімнің ақиқаттығына күманданады. Сондықтан, адам соңғы қорытынды жасауға ұмтылмай, ақылды үнсіздік сақтағаны дұрыс.
Эклектизм (эклектика)- әртүрлі идеялар мен концепциялардың жүйесіз бірігуі.Философияда әртүрлі ілімдердің әрқайсысының “ең жақсы ”жағын біріктіруге ұмтылу. Көрнекті өкілі-римдік Цицерон.
Неоплатонизм -антика кезеңінде қалыптасқан соңғы бағыт(3-4ғ.ғ.).Негізін қалаған –Плотин.Неоплатонизмде Платон идеялары стоицизммен, перипатетизммен (Аристотель ілімі) толықтырылады. Жүйелі объективтік идеализм болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет