Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)



бет9/9
Дата23.08.2017
өлшемі4,25 Mb.
#25643
1   2   3   4   5   6   7   8   9

БЕСІНШІ ДӘПТЕР


2001


Кімнің аты Өмірде болдырмайды...

Туыс жоғы... қазаққа ол бір қайғы.

Бар болса ол әуелі Адам ба өз?..

Бақа-шаян бауыр боп оңдырмайды!


2002

«Дұшпан сенің қарайды аяғыңа»,

Деген екен бір атаң баяғыда...

Қайтсін, бетке қарауға бет жоқтықтан,

Көзі құрғыр төмендеп таяды да.
2003

- Орта есеппен жылына жүз күн езгі

көрсем, қалай жыр жазам қызмінезді?!..

Қатты кетсек, ей, Өмір, біз екеуміз,

Деу дұрыс па «Достықты үзді, безді!»?
2004

Мезі етсе де заманның жылбысқы әні,

Парасаттың дауа боп бір мысқалы

Тозғамын жоқ бұл жылда... Таныр тағы

қайта келер Таласқа жылқұстары...
2005

Көргенмен ұстаздардың көбін дана,

Көбінен бастағандай көңіл қала...

Бірдеңе үйреттім деп біреулерге,

Мақтанса, мақтана алар Өмір ғана!
2006

- Түсінбейтін сен өзің неменесің?!

Еске түссең – түседі тек елесің.

Мен адалдық сыйладым, сен – аярлық...

Ұялмастан түсіме неге енесің?!
2007

Деу қайда өмірді өткен оралтамын,

Және де жоқ титтей де оған таңым...

Тек неге жаста берген Құдай сыйын,

Енді кеп бірте-бірте жоғалтамын?
2008

- Көрсем де мыңдап Хаққа бағынғанды,

Көрмеппін Бақи жақты сағынғанды!..

- Сен мына білмеуші ме ең мәлім жайды:

тірі жан көрмегенді сағынбайды.
2009

Бергенде өмір Құдайым кім деп берген?

Мен бейшара құлмын ба күлбеттенген?

Міндет, міндет бір бітпес... Аһ, Дүние,

Бар қызығың тұра ма міндеттерден?
2010

- Маған достың біреуі сен деуші едім,

Жамандаса қолды бір сермеуші едім.

Жаңылмаппын, жан досым! Әлгілерден

жаның таза, бейілің кеңдеу сенің!
2011

Елдің алтын басынан бақ таланған,

Сақта, Құдай, шайтандық шатқалаңнан!

Азаттықтың барына сенген көңіл

кірмелемеуі – бұл болашақтағы арман!
2012

Қарашы, сайқал сөздің құйылуын,

Тұрса да көмейіне жиып уын!

Шұлғулы бастарда езу екі жақта...

Бұл, сірә, менің соңғы жымиюым...
2013

- Сахи боп бастан кісі жаралмаса –

Оқа емес. Тек асырма бағаңды аса.

Кімсің сен бір мұсылман қыстыгүні,

Қарызға қар да сұрап ала алмаса?!
2014

Қар-көрпе жыртық-жыртық, жыра-кезең,

Сидаң тал, сидиған шал, бұлау өзен...

Сиқымыз қыстағы осы. Атамекен.

Тек жүрек қуанып жүр: «Мынау өзі – ем!»
2015

- Дон Жуан: «Жалғыз жарға көнгенім не?..

О, онда өзгесі үшін өлгенім де!» –

Депті ғой. Шын өлген соң қайтті екен?

- Құмар боп қай оңдырар көрде кімге...
2016

- Жатқанда ұрпақ өсіп, өніп түптен,

Қалай бұл... қалғандайсыз сөніп, тіптен?

- Алам ба жанға жылу жер астынан?!..

Мені шын сүйетіндер өліп біткен...
2017

- Ол ағам... қызмет үшін пұл сұраған...

- Өй, өйткен құнамақор құрсын ағаң!..

Әй, бірақ... өзі де оның пұлмен өскен,

Иті ғой шекпенді иттің қыңсылаған.
2018

Пысқырып жағадағы қарыс қарға,

Айғырдай арқыраған жарыстарда,

Бұрқырап буы, суы Талас - Өмір,

Нені аңсап асығады алыстарға!
2019

- Мың ғасыр тарихтың біразын жатқа

Білмесе лайық па Адам қазіргі атқа?

- Миллион жаста... әркім-ақ. Оқи алсақ,

Кодпенен миға ештеме... жазылмап па?..
2020

Не ойладым өзің деп кеткенде есім?

Не сезіндім ең алғаш өткенде шын?

Есімде жоқ... Ендігі ой: Жараспайды,

Таста, таста періште бетпердесін!
2021

Таластың тағы тұрмын жағасында,

Сүйініп толқын жазған жарасымға.

Жалғыз наз: «Жастығымды ап ең енді

Өтеуін... жо-жоқ, тағы аласың ба?»
2022

Қарамай әлі Ұяттан із барына,

Мықынын мың толқытты... Қызғаны ма

Буына шарап, ақша, лас құшақтың?..

Не дерсің Хауа Ананың қыздарына?!
2023

- Уа, Талас, сенде халық Тағдыры бар,

Тағдырдың мына басты тағлымы бар:

Жарастық жазира боп жатса жайнап,

Шайқастан күл мен қоқыс, қалды мұнар...
2024

Аяз қысқан қаңтар мен ақпандатқан,

Таласым мұз. Тектұрмас жақтан қатқан.

- Шыда, аяулым. Әлі ойнап, тулар толқын,

Баяғыда Бекбосын атжалдатқан...
2025

- Жалт қарап ең жол жаққа қарай барып,

Кетті, жаным, Ақбақай арайланып!

Алтыны оның алтын ба, соған келем,

Жер шарымен айналған тағы айналып!
2026

Тараздың асты қатпар қабат-қабат,

Тастаған ғасырларды қалап, қалап.

Оянса бір сәт мың жыл бұрынғылар,

Таныр ма ек тегімізді қарап-қарап?
2027

- Осы сен пәк едің ғой бала жанды,

Құрметтер құдайындай ана, жарды...

Маскүнем болмай тұрып, әттеген-ай,

Шығарып алмапсың-ау жаназаңды!
2028

- Нойыс-ай, жанды тағы жараладың,

Көңілді қапа толы аралады үн!

Не амал?.. Мен де саған жара салсам,

Сезбейді-ау тас жүрегің жара барын!
2029

Жылдарды, қаңтарларды, шілделерді,

Бірге өтіп бейнең сенің бірге келді.

Егіліп елжірейді дәйім жүрек,

Мен саған айналармын мүлдем енді!
2030

- Ей, шырақ! Тағат тапқын, жылай берме,

Өтпейді жылуы жоқ жыл, ай демде.

Өзіңді сендір Алла рахымына,

Мына елді ізгілікті, шырайлы ел де.
2031

- Көрдің бе әне айнадан қазір анық:

Ақ дидардың барады-ау жазы қалып.

Жасыма, айым! Алдыңда алтын күз бар,

Сонда да етсем, ескерші, базыналық?
2032

- Талантқа емес, есірген масқа қарау,

Оған қарсы айтқызған қасқа да дау –

Бүйткен жұртты не күтпек?! Бұл не өзі?

- Бұл Құдайдың сыйлығын масқаралау!
2033

Толқын – жүрек жастықты әлі шайып

жатса, жөн бе деу оның әр ісі айып?

Бұл кездесу – Тәңірдің сыйы шығар...

Онда, қалқам, ұялма. Танысайық!
2034

Неге осы мына өмірді сүріп келем,

Болары мен болғаны бірікпеген?

Бақаға – бақ, сұңқарға – сор бұйыртып,

Тағдыр дейтін итің бе іріктеген?
2035

- Сенің қазаң, бауырым, жанға батты...

Енді ұрпағың жасыңды жалғамақ-ты.

Медеу осы-ақ! Бір Алла мүсіркесін.

Біз де жүрміз жағалап жарқабақты...
2036

Сона келіп сорды да шырыныңды,

Қасына алды миғұла шыбын – ұлды.

Сонсоң туыс ара мен маса, шіркей...

Бұл не деген, құдай-ау, шұбырынды?!
2037

- Сахнада... басқа, қалқам, мінезің де,

Тұрғандай тұнып ләззат бір өзіңде!..

Мың ғашық отырса да залда мынау,

Біреуі шын ғашық деп біле жүр де...
2038

Момын ел – Қазақ елі – төрім, панам,

Сондықтан тыныш, жылы көңілханам.

Ал Аллам есіркесе рахым ғып,

Тіпті, өлген соң да ғажап өмір табам!
2039

Қарамай обал-ау деп жас-кәріге,

Қиянат жасайтын кім? Мас пері ме?..

Ал, жалпы, аз жасағы Кісіліктің,

Шыдай ма Нақұрыстық әскеріне?
2040

Десем де ыстық тілек, бейілменен,

Ғасырға жаңа келген бейімделем,

Ол да жат, мен де жатпын. Жараспай тұр...

Мен, бәлкім... бір айналып кейін келем?
2041

- Еш жерден ақталмады-ау үміт күткен...

Түбі осы жындандырар күдік тіптен!

- Тіп-титтей әділетке қолы жетпей,

Жүйкесі небір зордың құрып біткен...
2042

- Әдепсіз! Сенде осы бар ма ізгі ұғым?!

Мінедің ақын қыздың жалғыздығын.

Міні емес, ол – мұңлықтың Тағдыры ғой,

Тағдырға зорлап тілін алғызды кім?!
2043

- һәйям, сені тіріңде елеп пе еді?!..

Мәңгілікке өткінші керек пе еді?..

Жауһар-жырмен сен батсаң тұңғиыққа,

Желп-желп еткен заманның кебектері.
2044

Жемге үйренген бұл жердің бүркіттері,

Құжынаған құзғынды үркітпеді.

Рухтары ұйқыда... Оянбастай

бір сиқыршы бір дәрі бүркіп пе еді?
2045

Өз заңымен өзгермес басты, мәңгі,

Тақ туғызар бітіспес қасты, лаңды.

Сом алтыннан соқса да ғажайып қып,

Тақтың үсті – салтанат, асты қанды.
2046

Табанға тас көшеде-ақ шоқ басылып,

Жүрсең де сылти басып жоқта сынық,

Көргенге көппен бірге көнген дұрыс,

Сақтасын тек Тозақтан отбасылық!
2047

- Гүл жайнап қанша сұлу түрленгенмен,

Ұнаттым сені, сені бір көргеннен!..

Жарасын жүрегімнің өзің жазшы,

Қинаумен қисық тағдыр күнде өлгем мен...
2048

- Мына дертке душар болдым неге мен,

Енді бұған болады өзі нелер ем?..

Қарағым-ай, қалауың ба бұл жүрек?..

Сау болса оны – саған ғана берер ем!..
2049

Сырт көзге әлі жас боп көрінсек те,

Іштегі тірелгендей көңіл шекке.

Ол шеңін – егделік пе?.. Ал, егделік –

Қарамай бара жатқан келіншек пе?..
2050

Жосылған Өмір дейтін жорықта адам,

Қаншама от пен суға жолықпаған.

Бақ пен сор келер, кетер... Бәрінде де,

Сертім сол, Құдайға құл болып қалам!
2051

- Ақыл-ойың болса да әлі басым,

Атақ-даңқтан айналды-ау кәрі басың!..

Баянсызын бәрінің ұққаныңша,

Астыңдағы ат әйтеуір арымасын....
2052

Мына Өмір – қисық айна. Кімге кәде

берерін шатастырған. Күлме, кәне!..

Жаманның өз обалы өзіне ғой,

Жақпайсың жақсы боп та. Бұл не пәле?!
2053

- Қапа болсаң жарыңа сәл егесте,

Түссін, қалқам, бір сәтке әлем еске:

Күннен безіп ешқайда кетпейді ешкім,

Қара дақтар онда да бар емес пе...
2054

- Қызығы, қылығы бір орта қалып,

Жүргенде жүдеп көңіл орталанып,

Жолықтың!.. Алдымыз – тар, артымыз – жар...

Қайтеміз?.. Ортасынан жол табалық!
2055

- Демеймін Айды аспаннан алып берем,

Онсыз да жанға жанмен жарық берем.

Мен дайын құлдығыңа, күнім! Егер

жұмсасаң Бақиға да барып келем!
2056

Құлатқан рухани тіреулерді,

Мән бар ма мына жұртты мінеуде енді?..

Үміті ақталмаса Алла ақыры,

Жаратса қайттік басқа біреулерді?
2057

Бай күмбезі... биіктік, өте кеңдік...

Бейітінде кедейдің жетер кемдік.

Бұл – жер үсті. Ал аста – қос қу қаңқа...

Астында ма жердің тек тепе-теңдік?
2058

- Өмірге қадам бассам имене мен,

Сен бірден баса-көктей кимелеп ең.

Кімдікі жөн?.. Сен шалқып, кейде менің

көзіме көк шыбын да үймелеген...
2059

- Қарама ешкімнің де обалына,

Мен кепіл сонда нәһан боларыңа!

- Ал өзің сөйтсең – екі дүниеде

кепілдік беремісің оңарыңа?
2060

- Аңқаумыз! Алдап кетсе бір алаяқ,

Мына елді қойдан жуас кіс аямақ?

- Аңқаулық та – қастандық өзіне өзі,

Қай құдай ондайларды жүр аялап?!
2061

- Өзіңе бар «мықтыны» жақын ғып ап,

Болғанмен көп наданнан ақылдырақ,

Лас қолмен, арсыз іспен ешқашанда,

Дәметпе, ағармайды атың бірақ!
2062

- Ел сыйы емес – «сыйы» атқамінер,

Жатпайды саған келіп ақталып ел.

«Көреген көптің көзі», керек десең,

Жем жеген жерлеріңді жатқа білер!
2063

- Дүние-ай, кей пенде үшін неткен кеңсің,

Кеңдікпен кемелдікке жеткергенсің!..

Мен байғұс уақтымды ұрлатып ап,

Зар қағам оңашада кеткенге еншім...
2064

- Толғансам таңда қолға қалам алып,

Келесің ойға, Талас, дараланып.

Өйткені ең шұғлалы өзен – сенсің!..

Бір ыстық сәуле, әне, барады ағып...
2065

Жұлдыз жүрсе жымысқы жүріспенен,

Терек басын алтын Ай күмістеген...

Үздіккен үн, ыстық дем сіңген ауа...

- О, шәрбатын бұл түннің кім ішпеген!..
2066

- Мендегі өткір найзадай сұрақтарға,

Шыдармысың, шырағым? Құлап қалма...

Мен де қызық: қисықты түзеу қайда,

Жаратпаса түзу ғып бірақ та Алла?
2067

- Заман дейсің... Заман тек Адам үшін.

Тас емес ол кезетін Ғалам ішін.

Ақжарылқап заман ба? Әлде қу, сұм?..

Қоғам жасап бейілмен алары шын.
2068

Алда бір аяқталмас Өмір бардай,

Әлі де біздің мына көңіл дардай!

Елірсек елемейміз – жүрсін, мейлі,

Қасыңда көлеңкеңдей көрің қалмай.
2069

- Ағамыз. Ар, ақыл-ой жүгі бізде

болса да жақпадық бір-бірімізге...

Не дерін Келешектің ит біле ме,

Дүрілдеп сен тұрсың ғой тірімізде...
2070

- Тойда сөз тимеді ғой... Ренжімен.

Айтайын сырды мына бір енді мен:

бір кеште-ақ өңі түсер бөз-сөзді емес,

Құлпыртып ғасырларға кілемді ілем!
2071

- Білмеймін, өмірімнің кеші не дер...

Сол кешке жетер, Алла, несібе бер.

Берерсің, я бермессің... Ең бастысы –

О, Ием, күнәһарды кешіре гөр?..
2072

Бұл өмір берілсе де жеке бізге,

Оңдырмай тиді-ау талай шекемізге.

Дүниеге қалай келдік – білмей қап ек,

Кетерде бірдеме деп кетеміз бе?..
2073

Тілім бар жаттың тілі тілімдеген,

Дей алман ділімді де бүлінбеген.

Әйтсе де тұрып келем түлегелі,

Жерлемек болған жерден бүгінде мен!
2074

Күзге жеттік... Қыспенен жалғамай күз

жалт беруі мүмкін-ау... Ал қалай біз

бұл Фәниді қимақпыз? Қию қайда...

Мақшарда да тал болса – қармалаймыз!
2075

- Мейірі аз, мехнаты көп бұл ғаламда,

Шырағым, шырмалыпсың шырғалаңға.

Құдайым орнатпаған мәңгі түнек,

Алдыңнан Ай, Күн туар. Тұр, қамалма!
2076

Деуменен мына Өмірдің сыйы алдымда,

Нәпсіні нәлет айтып тиярмын да!

Сый қайда? Қиял ма әлде?.. Көп күттірсе,

Құлпырған түсі оңбай ма қиялдың да...
2078

Болмаған-ау Адамда оңған заң да,

Бар тарихы шылқыған, толған қанға!

Неге қатты жүректер?.. Жер шарының

ядросы темірден болғаннан ба?..
2079

- Уа, дос, бәлкім пейіш төрінен біз,

Кейінгі келгендерге көрінерміз?

Себебі сеніміміз – жалғыз Алла,

Иманды ата-ананың төліненбіз...
2080

- Тыңдашы, бір сөзді айтам ойымдағы:

қауіпті-ау тоғышардың тойынғаны?

- Ашта да адам ба ол?! Ал тойынса –

Бар бәле балалайды бойындағы!
2081

Қарашы, тарау-тарау, тұнған ғылым,

Саулатып саналыға бұрған нұрын.

Тек, әттең, жарар емес ашуға әлі,

Сырының ұлы Дүние мыңнан бірін.
2082

Шын азат болғың келсе – отпен ойна,

Ойна да өзіңді енді жоқ деп ойла.

Ал жоққа кім не істей алмақ, кәне?!..

- О, не кеп, сасқанда не кетпеді ойға!
2083

Айналып мың-сан біліс кісі елеске,

Өткеннен бірдеңелер түседі еске...

Құдай-ау, біз Өмір деп күйіп-піскен,

Шынында шым-шытырық түс емес пе?
2084

- Қалқам-ау, сен осындай дана ма едің!..

Мен саған тек әйел деп қарап едім.

Еркектік өрліктен бе?.. Әлде себеп –

Көргенде-ақ көз байлаған қара меңің?
2085

- Ханым, сізді сыйлаушы ретте мен,

Тілек айтсам деп едім бір ептеген:

мені мимен түсіну мүмкін емес

Көріңізші түсініп жүрекпенен?..

2086


Мұқағали... – үн емес туа тынар,

Мәрмар да емес жүз жылда уатылар.

Ұлы жүрек туғызған ұлы сөздің,

Жүз ғасырға жетерлік қуаты бар!


2087

- Бар сұраққа Жалғанда жауап берген,

Армансыз-ақ жинаған сауапты елден,

Абызбысың, бейтаныс?.. Әлде жынсың,

Пошымымен дананың дау ап келген?
2088

- Мына ақиқат сақталсын қатты есіңде:

Пейіш-сұлу әйелдің ақ төсінде!

- Ол солай тек қос жүрек бірге соқса...

Өз пейішім, дәурен-ай, қапты Есілде...
2089

«Қуам, - деп, - қараңғыны халқымды езген!»,

Сананың сахарасын жалғыз кезген,

Абайдың ашқан жауһар дүниесін

өлшеген- Уақыт атты алтын безбен!
2090

- Фәни, Бақи... қос дүние пұстыны ұнап,

Қайсысына көңлің, дос, түсті құлап?

- Бақи мәңгі... Ал Фәни ең алғашқы

ғашығыңдай тым тәтті-ау. Ыстығырақ!
2091

«Тәкаппар мына тауда бұл төр ме» деп,

Шыңға әрең шықты ала бұлт өрмелеп.

Ал шыңда долы дауыл ақырғанда,

Боп кетті бұлт байғұстың тұрқы он бөлек...
2092

- Махаббат өрт-жалын ғой көз көрмеген,

Тіп-титтей жүрек соған төзген немен?

- Ол солай жаратылған. Әлі сондай,

Кезінен Ләйлі-Мәжнүн өзгермеген.
2093

Кешегі жар дегені қазір басқа

болды да қайғы түсті әзиз жасқа!..

Аты-жөн, туған жыл бар төлқұжатқа,

Жан жайлы неге бір сөз жазылмасқа?..
2094

Сағыныш дала кезді, тау шарлады...

Әне, ауыл... әне, сол үй, бау-шарбағы.

Шарбақтан қылаң етті қызыл көйлек!..

Қалдың-ау, қайран жастық кәусарлары!
2095

- Қайғырма, ит қапты деп налыма да!

Сұрашы ақсақалдан барып ана:

Адамы аз, иттері көп дүниеде,

Жанында жарасы жоқ табыла ма?
2096

- Басылғын, ей, көңілдің дүрбелеңі:

«айыбын ашқанымда кім не деді?..»

Дей берсін! Шындық шыңға шықсын енді,

Енді біз ел емеспіз түрмедегі!
2097

- Жемқорлықпен алатын араны аша,

Қай партия ұнайды саған аса?

- Сұлу қызға не жетсін!.. Келіншек те

жақсы, әрине, кезінде бағаласа!
2098

- Мәскеуге «Сенген құлдың» сен бірі едің,

Келеді-ау әлі тудай желбірегің.

Желтоқсан күндерінде кім болып ең?..

Білдің бе?!.. Ел біледі. Мен білемін!
2099

«Не ғибрат берді, - десем, - есіл өмір?»

Түседі анам сөзі есіме кіл:

«Ең жақсы жүрек-жылы, жұмсақ жүрек,

Құлыным, кімді болсын кешіре біл».
2100

Жанымыз не күйде! Оған қараймыз ба?

Ол байғұс айналып жүр қалай мұзға?..

Сірескен халде қуып Хызыр шалды,

Періште келсе – оны сабаймыз ба?
2101

- Болғанмен көңіл жұқсыз жүз ұмтылар,

Құлақта дырду тірлік, ызың тынар.

Ар жағын Алла білер... Өз білерім –

О, Күнім, көзалдымда жүзің тұрар!
2102

Тентек жел терезені ұшырардай...

Өршиді одан да зор күші бардай...

- Құдай-ау, кімге керек бұл долылық?..

... Кетіппін мызғып түкті түсіне алмай.
2103

Қара дауыл ысқырды, күлді ұлып та.

Көндірмек пе Жер-Көкті, Күнді ырыққа?

Жұлқылаған шаштан ап дүниені,

Бұл не? Әлемге сыймаған жындылық па?
2104

- Сілкіп қалып жаздады жаңа жыға,

Жер бізге осы өкпелі, наразы ма?

- Күнәміздің салмағын білгің келсе,

Жердің шарын салып көр таразыға!
2105

- Бір төрешік түсірді-ау отқа мұнша!..

Осыларды соттайтын сот табылса?!

- Жасыма, дос! Өлеңмен мен соттаймын,

Мына жүрек соңғы рет соққанынша!
2106

- Келешекке тиісті несіптен бер!

Бәрін де бер! – Осыны есіткенде ел

жағаны ұстап, десіпті: - Бұ сорлылар –

Мезгілінен өлетін кешіккендер!
2107

- «Болады бұл жүректің жарымы не?» -

Деген ой – мен байғұстың халі, міне...

Қайтесің, Жарық дүние, кешермісің,

Кеткенше жете алмасам қадіріңе?
2108

Темірден семсер жасау ісін білген,

Жүрісін Ай, Жұлдыздың түсіндірген,

Әзәзіл, дейді, Адамзат арасына,

Құдайдан безіндіру үшін кірген.
2109

Ісім жоқ жәлдеп сөзбен, бүлікпенен,

Адал сөз – мен үшін төрт түлік дегем.

Көп арман көзден ұшып кетті-ау, шіркін!..

Барына шүкір деймін. Жүріп келем.
2110

- Жақсы да шығар, бәлкім, жанды күткен...

- Ақылды десем, шырақ, әңгүдік пе ең?!

Күтілген жылы ұяда жан мекер боп,

Жұмақтық ажырарсың мәңгі үміттен!
2111

Толған соң тозып қапты қажалып Ай,

Сәулесі бір мұңды жыр жазады жай...

Күзгі түн қырға қонған маужырайды...

Көркінің күмістелген ғажабын-ай!
2112

- Шаршаттың ғой! Шаршатты сезбегенің

беруді бұл жүректің тездеп емін.

Қияғы қиялдың да күйді, бұрын

іңкәрді іздеп мұнша кезбеп едім...
2113

- Сені онда алды ма ара шағып,

Тойдан мұнша тез қайттың бара салып?

- Көргені жоқ мәстектер көптеу екен

Кетем бе деп қорықтым аласарып.
2114

Қане, мына Уақытқа дес беріп көр!

Бере алмадық... Озды! Енді – естеліктер...

Бір шүкірлік: соғысын жүрегімнің

түсініпті, иесін ескеріпті ел!
2115

- Қоя сап «ғашық-машық ісіңді» ана,

Мынаны сен әуелі түсін, бала:

жүрекке қыз дегенің өш келеді,

Жаралған о да солар үшін ғана!
2116

- О, Өмір, өкпем де бар бірер менің:

мен бұрын өте арманшыл, жігерлі едім.

Самғасам деп едім-ау қиырларға!..

Жердің тарту күші ме?.. Жібермедің!
2117

- Тарих тірі тиранға кейіп пе еді?

- Ол сөйлейді кеткен соң кейіпкері.

- Қиын екен... Еститін құлақ болмас,

Болса да алтын түсінер бейіт нені?!
2118

Ашылмай бар болмысы толық, анық,

Тарихтан әжептеуір орын алып

кеткендер о дүниеде не күйде екен?..

Қызық-ау бір көру де соны барып!
2119

Күн анау күллі әлемге нұр ататын,

Бақ анау көз жәуін ап, гүл ататын.

Дүние жайнап бірдей бар пендеге,

Тек неге алалайды рахатын?
2120

Мақтансақ дейміз: қазақ- батыр халық!

Шаттансақ дейміз: қазақ – ақын халық!..

Шынды айтсақ құдай үшін, сол белгілер,

Өшуге тұрған жоқ па жақын қалып?
2121

Мен көрген түрлі азап, бәле неден?..

- Аңқаулық... ақымақтық және, - дер ем...

«Үмітсіз – шайтан»деген бір сөз бар ғой,

Ақылдан әлі де аздап дәмеленем!
2122

Күні туып, Жұлдызы, Айы... бәрі,

Жақсы жаппай жарлының байығаны!..

Жұтпасын тек тұңғиық бірталайын,

Дайын болмай Кісілік қайығы әлі.
2123

Көңілге бір ой келсе періштелік,

Пенделік шығады оған теріс келіп...

Осындай кедір-бұдыр жан бедері,

Жата ма тек Ажалмен тегістеліп?
2124

- Сұғып ап сүйреңдеген бәле тілін,

Күлісін қарашы ана нәлетінің!..

Шіркін-ай, шықпыртса ғой көк шыбықпен,

Тілімдеп бір қабатын қам етінің!
2125

- Армысың, ей, бейтаныс пірәдарым!

Тілеймін әулетіңнің дін аманын.

Тағы да: сақтайықшы қазақтықты?..

Табармыз басқасының бір амалын.
2126

- Шыныңды айтшы, бар болса, ар алдында:

өз бетіңше бір іске бара алдың ба?

Өмір бойы әркімнің ығындасың...

Тек көлеңке болуға жаралдың ба?
2127

- Жемдестер солдан демеп, қолдап оңнан,

Жемқорсың бұл тұғырға зорға қонған!

Сен соңы болар дер ем... Әттең, жұртпыз –

«Арамза аңқау елге молда болған».
2128

Ұрпақтар – толқын болса, бірінен біз

зейінді кейінгіге білінерміз.

Біліну үшін күн-түн соны ойлау ма?..

Қой, құрсын, кетпей жатып бүлінерміз!
2129

Бір қарасаң – оның да біздей жолы,

Тек қаламын ұстайды үзбей қолы.

- Құрмет көрсет данаға, ей, көргенсіз,

Мына ел ертең бізді емес, іздейді оны!
2130

- Еске ылғи жүзіңдегі алам қалды,

Көргенше оны әбден жанар талды!..

Мең үшін мен не берем, құдайым-ау?!

Хафиз бермек болған ғой Самарқанды!
2131

Көп артық қан қысымы мөлшерінен...

Кейде Ажал, кейде амалсыз мен шегінем...

Бір медеу: бір сәт те Өмір кем болмайды,

Алланың белгіленген өлшемінен!
2132

- Бақилық тағдырлары болып жарқын,

Пейіштен жай тапқандар қоңыр салқын,

Рахат тірлік кешер тілегенше?

- Шарт шығар сақтау да онда оның салтын...
2133

-Бу боп ұшсын ұйыған құса мына,

Ұйқы, тездеп ала гөр құшағыңа!

Мультфильмге елтіген сәбише бір,

Мәз болайын – мінгіз түс ұшағыңа!
2134

Бейне ұйқысын қандырып алсын ел деп,

Жым-жырт жылжып келеді таң сіберлеп...

Адам – Ғалам сыйластық сәті осы ма,

Ешбір белгі болмайтын қарсы келмек?
2135

Тырсылдап жарылардай тамыр қаннан,

Шақ етіп түскен жайдай шамырқанған

шақтарда титтей ұстам жоқтығынан,

О, қанша жан сорлыға зәбір қалған!
2136

- Жаңа бастық... жылы екен күллі реңі,

Кішіпейіл секілді... кім біледі...

- Жанында ана жағымпаз аман жүрсе,

Бүлдіреді, мұны да бүлдіреді!
2137

- Қыздардың көргенде ашық денелерін,

Келеді «Шешінесің... неге?» дегім...

- Сиқыршы болсам егер мен бәріне,

Ұяттан көйлек тігіп берер едім!
2138

Сарғыш, бозғылт, қоңырқай атыраптар...

Жел, сұр аспан, саулаған жапырақтар...

Әлденені аңсайсың, өкінесің...

Өксік қысып кетуге жақын-ақ хал...
2139

«... Ажарың ашық екен атқан таңдай,

Нұрлы екен екі-ай көзің жаққан шамдай!..»

- Гауһаржан, сен мәңгі жас періштесің,

Ғарышта ғажап ән боп аққан самғай!
2140

Үстінде тұрып Тараз – қирандының,

Шыңғыс хан депті: - Өртке қиғандығым –

бұл шәһар ессіз екен, көрсетпеді

өзі кеп уысыма сиғандығын!
2141

Мына күз жарқын қандай! Жаздағыдай.

Жүргендер жинап жеміс мәз – бағы бай.

Кейбірі одан да бай – сенімі бар:

Береке дарытады азға Құдай.
2142

Түсімде... Шираз жақтан керуен кеп,

Сағди тұр: «Таразда енді серуендет!»

Һәйям жүр: «Қайда әлгі мәйханасы?...

Мен мұнда мың жыл бұрын келіп ем...» деп...
2143

- Шоқтай жайнап жатса да саған кегім,

Кештім!.. Мейлі, намыссыз надан дегін.

Есесіне қара зіл сенде қалып,

Жеп-жеңіл боп көңілім алар демін.
2144

Пайдакештік аурудан сау ма ғалам?..

Жиренбестен итті де сауған адам.

Өзі тиіс шығуға үні жанның –

Өлеңді де кәсіп қып саудалаған!
2145

Жемқор әке орнында қауыз қалған –

Өзі туа парамен ауызданған.

Осындайлар өлтіріп әділетті,

Осылардан болады жауыз Жалған!
2146

Ғаламды бұрын-соңды кім ақтарған?

Жоқ. Содан сан жетпестей сұрақ қалған.

Өзіміз Адам болсақ, сана қайдан?..

Ол, сірә, туады-ау тек сұрақтардан.
2147

Жұрт жүретін ертеңгі жолға алаңдар,

Тұлғалардың ішінде сорлаған бар.

Құрбақаның тойындай тойлары көп,

Тек дін аман жылмақай оңбағандар!
2148

- Ақталма бермеді деп тірлік тыным,

Жорғалап борансыз-ақ күнде ықты кім?!

Сен байғұс Бақида да іздерсің-ау,

Зыр қағып көлеңкесін бір мықтының!
2149

- Қойшы, дос, түк өнбейтін таласыңды!..

Ашады Тағдыр дейтін ғана сырды.

Пешене солай шығар, момын сорлап,

Қара, әне, қарақшының бағы ашылды!
2150

- Сеніңше, зиялы деп еленгеннің

ішінде елге ең жақын кемеңгер кім?

-Меніңше, қолын жуса болар еді,

Болсам-ау ұлт ұяты дегендердің!
2151

- һәйям мың жыл шыдады мың сынға да,

Һәйямысың қазақтың. Бұл – шын баға!

-Бағаңа, дос, болам ба жалпы лайық?..

Мың жыл өтсін... сонда оны талқылайық!
2152

Тірлігі бүлкілдеген бал араның

ләззатты-ау әрі қызық. Ал аранын –

айтпаңыз!.. Гүл сорғанда гүл де тілеп

жатқандай талықсытып талағанын!
2153

- Жаралған жарық дүние жарқылынан,

Ғажайып жаны сұлу, әр қылығы – ән,

Сен жаңа періштесің, мына жаһан,

Табатын өзің ғана арқылы мән!
2154

- Алдадың, болды сөзің жалған, жаным!..

Енді оған қысылмағын, арланбағын.

Қыздардың қызық көрем көп мінезін,

Және де бір бұл емес... алданғаным.
2155

Дүниеге кеп жатқанда жылап адам,

Есіркеп көрді ме екен мына ғалам?!

Ал кейін ол-пұл берсе – ап қалады,

Бермесе?.. Болмай-ақ қой бұған алаң.
2156

- Аларың сенің, Ажал, айдан анық,

«Құтылам, - деу де бекер, - қайда барып?»

Тек тұтас кетеміз бе?.. Әлде бөлшек

Қала ма ақшаға ұсап майдаланып?
2157

- Қайткенде бір шыбын жан жай таба алар? –

Сұраққа осы мың-сан қайталанар,

Дұрыстап жауап берші, ей, Дүние?..

Кеткендер өткендерге айта барар.
2158

Кейінгі, үміттенем, шыдар маған:

қате айтсам – емес оным құр алдаған.

Зорлығы ол заманымның. Ал заманның

Құрсауын бұзып ешкім шыға алмаған!
2159

Сөйлесе, сөзі жауһар – сөз менікі!

Қараса, көзі гауһар – көз менікі!..

Менікі ұнағаннан. Бірақ, әттең,

Айыбы – тұрған бойы өзгенікі...
2160

Ойша мен талай ұшқам ғарышқа да,

Қатысқам түрлі әлемдік жарысқа да!..

Ал тежеу дұрыс па еді өзімді ылғи:

- Әліңді біл де ауылдан алыстама!
2161

Болса егер Рәббімнің бұл – қалауы,

Біздің ән әлі біраз шырқалады.

Өмір ғой ән дегенім. Бар тілегім:

Босқа ұшып жатпаса екен күн-парағы!
2162

Бұл өмір аласартып биікті де,

Жексұрын көрінеді күйіктіге.

Ал жасың келген сайын сол жексұрын,

Неліктен айналды сүйіктіңе?
2163

- Ақыл, қайрат – қос қанат бірі сынбай,

Қашан, қалай келді, дос, ырысың қай?..

Оны қойшы, от пен су көз жеткізді:

Ләззат, азап – тіршілік тынысындай!
2164

Мен сонда-ақ кетіп қала жаздған ем,

Шипа боп аман қалдым аздаған ем...

Ұлы Аллам берді ме екен біраз мерзім,

Өтуге бақилыққа мәз бағамен?
2165

- Бұл елде небір жұқсыз тайраңдаған,

Бірдеме тиер дейсің қайдан маған...

- Жұқсыздың жұқсыздығы сендейлерден!

Мен осы мына жұртқа қайран қалам!
2166

- Жаңа қазақ!.. Көрдің бе, ана тұрған!

Жол салады бұл бізге жаңа, тыңнан!..

- Иә, сондай бір жігіт бар деп жүр ғой...

Аузы-басы... ақшадан жаратылған...
2167

- Кім сананы нәпсіге жеңдіреді,

Соны ұятсыз деп мына ел күледі!

- Мүмкін атын шығару үшін бәрі?..

Ұяттыңды кім білген?! Кем біледі.
2168

... Осы болды-ау кешпегі ғаріп бастың!..

Не болса да мен-мен боп қалыптастым.

Фәниге әкеп, әкететіні үшін,

Аллаға алғыс айтудан жалықпастан.
2169

- Ақ таңым, аманбысың ақ көңілдім!..

Кеше де келе жатқан бақ көріндің.

Ал бірақ кешке дейін не жазып ем,

Таяғы бір-екі рет батты Өмірдің?..
2170

Еселеп Жер шарының жасын ондап,

Үстіне ғасырлардың ғасыр орнап,

Биіктеп кетсе үйдей көп қабатты,

Қайсысы қалай дәуір басы болмақ?
2171

Қанша, қызсын, сені мен мендейге түк,

Сауда көзді қыздырған бермей кетіп...

Саудагерміз бүгін!.. Көк базар барсаң,

Ескі тараз кеткендей кернейлетіп!
2172

Тоғай... Талас... тауынан Алмалының,

Қызылшақа қылтиды – алдағы Күн.

Тереземе түсті ең алғашқы нұр...

- Жарылқай гөр пендеңді, Алла, бүгін!?
2173

- Бұл елге біздер емес, құл ие ме?!..

Капитал, біз арқылы пұл ие де!

- Көкірек көрге тығар, көкке ұшырмас.

Түкірдім сенің арам дүниеңе!
2174

Ынжық, топас боп шықса аталасың,

Қалай тыныш, қайнамай жата аласың:

- Атам қанын шіріткен ол шірікті,

Аталас деп менімен атамасын!
2175

- Сені еске алсам, қалқашым, қанаттанам,

Алып ұшар қадамым әр аттаған.

Толқын атқан көңілмен көл-дария,

Сенсіз қалай, құдай-ау, тағат табам?!
2176

Кісі өмірі жылдың төрт мезгіліндей,

Өтеді екен кезекпен тез, білінбей.

Болғанда ғой ұзақтау, әттең, жастық,

Алтын сапты алғырлық кездігіндей!
2177

... Мына үйге... сонау кезде бозбалалық,

Қап еді-ау көңіл менен көз қамалып!..

Тараздың айналайын көшесімен,

Жүргенім жүрек қылын қозғап алып...
2178

Бәрі қалып – тау асып, құм кезгені,

Мезгіл жетсе Жалғаннан кім безбеді.

Заман, Тағдыр тоғысып талай-талай,

Тектұрмаста мүлгіп тұр күмбездері...
2179

Жотада Мәмбет-баба тұр. Біл, елі!..

Ертемен Күнді иыққа ілдіреді.

Тұрғызған өзі қайта Әулиеата,

Етектен ізет-құрмет білдіреді...
2180

- Жалықтырды дүниеауи шатпақ ана!..

Жаным көзін аша гөр, Хақ тағала.

Шын Адам боп өтейін бұ Жалғаннан,

Мәз болмастан адамдық атқа ғана.
2181

Тірліктің оңғаны бар, оңбағы бар,

Жағдайдың болғаны бар, болмағы бар...

Солармен жүріп қалып, бақи болсам,

«Кеш келдің!» деп сөкпей ме ондағылар?
2182

Кетсе ертең мына жаһан жаһанданып,

Жұтылып кішкенелер, нәһан қалып,

Дүниеде апан-топан танимын ба,

Өзімнің Қазақ дейтін атамды анық?
2183

Талас сұлық, шапшитын бұрын ыңғай,

Ақ кемердің жалайды жұлығын жай.

Өзегі өзен – орта ағыс қана ойнайды,

Өрім өріп өзбек қыз бұрымындай....
2184

- «Көк белдің көк шалғынын бір басармыз» -

Дегенің, келді көктем, шын ба сары қыз?..

Қысылма... тағы келер талай көктем...

Жарайды, тағы бірде сырласармыз!
2185

Жастық жанды жалынды, сәулелі етті,

Армандарға жеткізді, әуре де етті.

Көрінсе де шек жоқ боп, шектеулі екен,

Қазан ұрды, қар жауды... Дәурен өтті!..
2186

- Сұранып тұр ғой қорға асау күрең!..

Қоспаймын?.. Сен жомарттың қашан бірі ең...

- Сен көрсең, шіркін, менің түстерімді:

құрбандық шалып, сый-пый жасап жүрем!..
2187

- Әлем бізге мұншама мән берерлік...

Саясатта... қарайық... ал, не бердік?

- Қазақ жері... үсті емес, онда да асты –

Сонда, сонда ең мықты мәмлегерлік!
2188

- Білемісің, ей, інім, Бәйдібекті?

- Білем біраз бабамыз жайлы кепті...

Ұмыт бола жаздаған кезде Азаттық,

Таразда атқа қондырып, әйгілі етті!
2189

- Ей, шырақ, білемісің Асқаровты?

- Ол кісі үш өлкені басқарыпты...

Жалпы, Жамбыл – Тараздың жаңғыруы,

Сол Асанбай атадан басталыпты!
2190

- Сен сұлу ең, әдепті ең, ән ең... – бәрі ең!

Ендігің не, Алматы-ау!.. Әлем-жәлем.

Ағылшынша, орысша ағып тұрып,

Алғаның не қазақша сәлемді әрең?
2191

- Үйлі, үйсіз, тек жүрек – жаятыны,

Сен демеді қазақтың қай ақыны?!

Тарихқа да, Алматы, сен солардың

қаласы боп енерсің, әй, ақыры!..
2192

- Бақыттысың, жаман сөз жамалмаған,

Еш қайғың жоқ, оны да бағамдағам!

- Мұңым бар, бар! Ешқашан айтылмайтын,

Ең жаманы – ешкімге шаға алмаған!
2193

Демесең де ешкімді жынданыпты,

Алаяқтар айналды сұмға мықты!

Сұмдығы сол – көрсетті оңайлығын,

Бір адамнан гөрі алдау бір халықты!
2194

Қазір патша болсын-ақ ең мерейлі,

Түбі өтеді. Өткен соң ел не дейді?..

Жалпы, адамнан керек пе құдай жасау?..

Соларсыз-ақ Жер шары дөңгелейді.
2195

- Кез келген келімсекке «келсін!» дейді,

Ал өзі өзге жерді жерсінбейді.

- Ол біздің момын жұрт қой... Тойынған соң,

Момынды келімсегің менсінбейді...
2196

Құтылған соң мұндағы әлектерден,

Пейіш боп Алла сыйы «мә!» деп берген,

Мәңгілік рахатқа шыдаймыз ба,

Біз байғұс өткіншіге әдеттенген?
2197

- Шүбәм бар бұған көңлім толарына...

- Өйтпеңіз, бізге осы да болады да.

- Заң бар ғой жазылмаған: жағымпаздың

орыны... түу биікте, жоғарыда!
2198

- Теңедің ұлығыңды Күн, Айға да...

Бермейді, ей, жазаба, бұлай баға!

Жарық Күн тұтқасы ғой дүниенің,

Ұстайды ұстаса оны Құдай ғана!
2199

Көбік сөзге көзі ашық көңіл көнбес!

Шыншыл сөзге сүмеңдеп өлім де ермес.

Бір өмірде бір-ақ сөз жазсам, шіркін,

Мың жылда да өлмейтін, өңін бермес!
2200

Айқайлап ем жалт етіп қарады шың.

- Аманбысың, Алатау, ақ арысым!..

Алқымнан ап бай үйі басқа шығып,

Аласарып, атам-ау, барамысың?!
2201

- Екі мың алтыншы жыл! Толықтай біз

неге есеп жасаспадық?.. Оны ұқпаймыз...

Жан-тәнді жаралардай неңді алдым мен?!..

Бір ғана жақсысы: енді жолықпаймыз!
2202


  • Ғасырымыз жиырма бір. Жетінші жыл.

  • Доңыз деген аты бар екінші бір.

  • Атта не тұр, ал жеті – жақсылық шын!

  • Бәсе, джипке үш жеті жапсырыпсың...

2203


- Бұтағына қуыршақ қалайы іліп,

Шыр айналу шыршаны – жабайылық!

- Қабарса да қарсылар қас-қабағы,

Шын Жаңа жыл Наурыздан басталады!


2204

- Жүз тірлікпен жүргенің, бала, тынбай,

Бар ма бірі белгі боп қалатындай?

Әлде өмірдің ұзақ па рәсуә ғып,

Әр нәрсенің басын бір шалатындай?
2205

- Басшы, Талас жарқыным, солығыңды,

Демалып ап жалғарсың жорығыңды.

Көңіл күйім ұнамай тұрса – кешір,

Мен егдемін. Егделік жолы мұңды...
2206

- Өкпесі ме өтердей бұзып көкті,

Аққан жұлдыз аспанды сызып кетті...

Ай шағылды абайсыз шыққан Күнге...

Неткен тәтті ең!.. Жалпы, түн... қызықты өтті!..
2207

Бұл жүрісте түк мән жоқ әрлі-берлі!..

Көңілді де қажаған әркім енді...

Жан жай тауып, тыншысын иманға ұйып,

Бастай гөрші, хазірет, әңгімеңді?
2208

- Әлгі алаяқ шеттетіп ары барды,

Мәртебелі мандатты тағы да алды!

- Білмеуші ме ең біз тұлпар тоғысына,

Қызық үшін қосамыз жабыларды!
2209

Тек өткеннің елесі – жинағаным...

Елес түс боп, о, Тәңір, қиналамын.

Бұл не?.. Түске мен көрген көп азаптың

көшірдің бе өңіме симағанын?
2210

Өмірдің ең ақырғы өрі неде?

Алдымен аңғарылар өліге не?..

Біртіндеп фәни шамы сөнгеннен соң,

Алыстан бақи оты көріне ме?..
2211

- Кім жек көрер дейсің көп жасағанды,

Әсіресе, болса өмір аса мәнді?

- Ұзақ жастан мына елдің бәрі үмітті,

Жолатпаса дейді тек кәрілікті.
2212

... Тағы ағытты ақылдың тоғандарын...

Қайтармақ па сонымен ол алғанын?

- Есіл ақыл, ей, інім, қор болмай ма,

Белгісіз ғой ақылды бола алмағым?
2213

Ұмытар кезде көңіл тасқындаған,

Жүргенін де аспанның астында адам.

Зұлымға таптатқанда сол көңілді,

Деу бар ма: «Керегі не бастың маған?!»
2214

- Шашпа, дос: «Болып алдық көп шырылдар

сұмдардың қылығынан!» деп сырыңды әр.

Оларды жіктеме де. Мен де білем:

аумайды бір-бірінен жексұрындар!
2215

«Асылық айтсам, Алла, кешір» деңіз:

Қанеки, біз кімдердің есіндеміз?

Әуелі есте болу маңызды ма?..

Мың тәубе – мына Өмірдің көшіндеміз!
2216

- Алаңның тұрдың жырға көміп төрін...

Япырай, болсайшы бір көрікте мін!

Сен кейін айналасың хор қызына –

Осылай дейді, қалқам, көріпкелім...
2217

Түп-тамырын дәуірлік отап ұңғы,

Отаршылдық оңбастай қопарылды.

Жаралғалы жамандық жасамаған,

Жарылқай гөр, Жасаған, Отанымды!?
2218

- Ей, балам, білемісің Ағаділді?

- Қазақтың сарбазы одан алады үлгі.

Шайқаста Отан үшін ердің ері,

Жүрегін бомбы қылып жара білді!
2219

- Ескерткіштің алдында дұрыс тұрып,

Айтшы, қане: кім еді Рысқұлов?

- Қырылудан қазақты түгелімен

Сол сақтаған құрбан боп, ұлы іс қылып!
2220

- Бұл кім досқа – жаз, жауға – дауыл жаны?

- Ар-намысы қазақтың – Бауыржаны!..

Тарихында мың жылдар тұрары хақ,

Асқар шыңдай өз Алатауындағы.
2221

- Кім мынау кең маңдайын күн қақтаған?

- Бұл данагөй Мұхаммед Дулат бабаң!

Ұлағатты ол айтқан бір заманда,

Жалыққан жоқ әлі де тыңдап ғалам.
2222

- Салтатты кім? Болған-ау ол басты адам?..

- Бұл Қойгелді бабаң ғой қол бастаған!

Төле бидей көсемнің ұлы інісі...

Жә, жүрелік... Шежіре болмас тамам...
2223

- Әсіре сұлулыққа шалалық тән,

Неге артық көрдің оны даналықтан?

- Қызығу қыз көркіне – тәтті рахат!..

Азап қой басты ауыртып дананы ұққан.
2224

Тамаша ғой Тараздың тал-дарағы!

Аула сайын майысқан алма бағы.

Жұмақта да бұл жеміс бар деуші еді...

Біздегіден басқаша бар ма дәмі?
2225

Бір сұрақ бастағандай тұрақтала:

- Қайда әкем?.. О жарықтық жұмақта ма...

Мен неге білмеуге оны тиістімін,

Кеткен жоқ қой бір күнге, бір аптаға?
2226

Уақыттың қараңдаршы ұрлығына,

Тонаған тұттай қылып ұлды мына!

Жастығын жарқ-жұрқ еткен таппай әлек...

Ғарыштың сіңді ме екен құрдымына?
2227

- Дүниеге кімдер келіп, кім кетпеген,

Ахлақты сақтауға ылғи міндетті емен!

- Адам ғып Алла сені жаратты ма?!..

Сонымен ізгілікті міндеттеген!
2228

Қазақтың жөн мұны әр кез білгені:

- Тарихыңды бұрын еш көзге ілмеді!

Енді өзің қастерле тағзым етіп,

Өйткені ол – Отаның мезгілдегі.
2229

- Театрға бар, шырақ, бол да құмар,

Сахнасында сан сезім толғағы бар!

Мына ұлы дүниенің моделіндей,

Шағын әлем жасайды ондағылар.
2230

Болмады дейсіз көрік қай қызға арман,

Жігітке – кездестіру Ай-жүзді алдан!..

Не дерсіз мына бетпақ Уақытқа,

Бет біткен тырнағымен айғыздалған?!
2231

- Осы сен қассың маған әлі неге?

Шыдар ем оныңа да, бәріне де:

сыя ма ұзақ қастық қысқа өмірге?..

Ойлап көр! Мен дайынмын мәмілеге.
2232

Кезде мұң көп, қуаныш аз ғанада,

Кездескен сұлуға жыр жаз, бағала!..

Көркіне көзің тойғыз, арудың тек

Өткенін... керегі жоқ, қазбалама.
2233

- Кетті, әне, алмақ боп жем тауып тағы,

Тарысы піскендердің тауықтары!

- Жай көзге залалсыз боп көрінгенмен,

Осылар – ең зиянды, қауіпті әрі!
2234

Мықты автомен жәлдептік «шерілері»,

Мәртебесін көтермек көрінеді...

Кенен атам көрінсе көк шолақпен,

Көк «Жигули» Шәмші ағам көлігі еді...
2235

- Таланттар көп... Шындықты айта алды ма?

Құлдық мінез қатерін қайтарды ма?!

- Кім сөйлескен, кім көріп ол итіңді,

Талантты деп жүр ғой жұрт Шайтанды да...
2236

- Ей, мумин, не таптың бұл Жалғаныңнан?..

Ойлан не күтеріңді алдағыңнан.

Жалбарын. Сенен өткен күнәлі емес,

Иассауи Құл Қожа жалбарынған.
2237

- Перизат! Сырласуға қалай едің?..

Бермей ме сырқатына қарай емін?

Біздің ем гүл-ерінде!.. Бірақ, оған

жүрмей ме тиіп кетіп талай ерін?..
2238

- Біреу елге берерін кем беріпті...

Біреу ақ пен қараны теңгеріпті...

Біреу жардың көзіне шөп салыпты...

- Болды, құрсын! Айтпашы пенделікті!
2239

Адамның көңлі жасып басылмайтын,

Бермеді-ау жарқыраған ғасырды айқын!

Неліктен мәз боламыз бұл Фәниге,

Қабағы көп сәбидің ашылмайтын?!
2240

- Алпауыттар десіпті: - Мұнайлыға

сатып алу сөз емес Құдайды да!

- Білмеген-ау қайда ертең баратынын,

Мұнайсыз-ақ Тозақта от жанатынын.
2241

- Халық деген немене?.. Тобыр ғана!

Жемің – дұрыс құра алсаң торыңды ана.

- Міне, осындай құзғындық түсінікпен,

Шығып кеткен талайлар кісіліктен!
2242

- Жер Күнді айналғандай шыркөбелек,

Төренің төңірегінде жүр дөңгелеп!

- Төресі тұрар дейсің енді қанша,

Ал Күннің жай-жапсары мүлдем бөлек!
2243

- Білмеймін оларыңның не білгенін,

«Домалақ ене» депті келіндерің...

Білем тек, әжетайым, саған мәңгі,

Қазақи жүректен төр берілгенін!
2244

Бұлтсыз көңіл, жан қайда жадыраған?!..

Сияқтымын бір емес-жарым адам.

Жатсам-тұрсам сан сұрақ сұққылайды,

Тұрғандай-ақ тіреліп бәрі маған...
2245

... Құйындата жотаның ұшты қары,

Соны қоштап боз боран ысқырады.

Пеш уілдеп, терезе тысырлайды...

Ыстық құшақ... түні ұзақ қыстың әлі...
2246

- «Кепкен кеуде, ешкіаяқ» мына қатын,

Ұмытқан-ау жас күнгі кінәратын?!

- Ұмытқаның не, тәйір... Көсем боп тұр,

Ұлықтар да ұлықтап тіл алатын!
2247

Не бердім? Одан келген кесек пе есем?..

- Ей, Жалған, сеніп жүрме өсекке сен.

Алмаймын сенен артық сабақты ине,

Берешек болсам – толық есептесем!
2248

Бұрын бимен туса да бір енеден,

Басбұзарды кісі деп кім елеген?!

Бүгінгідей қойды ма тайраңдатып?..

Жоқ! Жонынан таспа алып дүрелеген.
2249

- Жасырамыз... сырды ма?.. Енді нені?..

Жел біледі, толқынды көл біледі.

Жасыл майса тіктелді жапырылған...

Көңліміздей көк аспан мөлдіреді.
2250

Намыс жолын жан бар ма қуалаған?

Қазақ болса ынжық боп туа ма адам?..

Әлде бізді бәрінен айырсаң да,

Сезбейтін ғып бір залым дуалаған?
2251

Білмей-ақ боларын қай құты негіз,

«Қазақпыз!» деп, ойхой, біз гүпінеміз.

Жерінің астын әлем құрты жесе,

Қазақтың қалай болмақ түтіні егіз?
2252

- Тірлікте болмашыны қанағат қып,

Жүргенім – емес пе екен сәл ағаттық?

- Ешқайсы жиғанының бәрі аз деген,

Көшкен жоқ О Дүниеге «КамАЗ»-бенен!..
2253

- Сен мәңгілік жай тапқан құба белді,

Жаңғыртқаннан не қайыр жылап енді...

Иіскесем исіңді сезем бе, еркем,

Сен жаралған, сен сіңген мына жерді?
2254

Көріп кетсем қоғамның тазарғанын,

Қиянаттың алқымнан аз алғанын?..

Келешекте қанша мән басқа болса?!

- Кешір, Өмір. Басқаша жаза алмадым.
2255

- Кейде көңіл тасиды тас бұлақтай!

Кейде көзге қалады жас тұрақтай...

- Солай... солай бұл өмір жалғасады,

Күн мен түн де солай ғой. Алмасады.
2256

- Мұқағали, шамасы, жаңағы елден,

Тірі сөзді тізгіндеп ала берген?

- Солай болар... және Алла Қарасазға

берем десе бір Дана шарасы аз ба?!
2257

- Торжорғасы төренің келді, міне!

- Бұл адам ғой-ат емес! Кемдігі не?

- Көзге мақтап мықтыны бәйпеңдеген,

Шатастырма сен оны жәй пендемен!
2258

- Өзіне өгей, ал, жатты жарылқаған,

Бұл – қазаққа көп шығар таңырқаған?

- Мақтай білсе жауды да шат қыламыз...

О, біз әлі де таңдай қақтырамыз!
2259

Кітап... ой ғой әр қайсы тұрар дара,

Ал қосылса шығады бұдан дана.

Бірақ Заман толқыны көміп көбін,

Мәңгілікке нұр шашар Құран ғана!
2260

Сатып жұртты соңына еріп келген,

Сабауға оны қамшы да өріп берген,

О, не үміт, не қайыр екіжүзді,

Өлі, тірі саяси өліктерден?!
2261

Жалын ба еді жас күндер сағымданған?..

Жүректе мұң, көзде жас сағынғаннан.

Қойғанда ғой шықпай-ақ сол жалыннан!..

Енді неге жарайды жаным қалған?
2262

- Өмірдің «Фәни» атты бірімен біз

қоштассақ, алғаш аздап бүлінерміз...

Алла айтып, Исрафил сырнайлатса,

Жарқылдап, жарқын досым, тірілерміз!
2263

- Бізді аяған жоқ Жалған – тонаған жүз!..

Аллаға адал әйтсе де бола алармыз.

Адам Ата жәннатта жаралған ғой,

Соған бәлкім біз, достым, оралармыз?
2264

- Мәңгі дос! Рухыңмен рахым ет те,

Қарашы мендегі тау тауқыметке:

Сағыныш сарғайтты ғой! Ақырғы амал –

Аманат етем бе оны Ақыретке?
2265

- Адамды қасқыр, жылан асыраған,

Дейміз бе мейірбанды, асыл адам?

- Жаратса мадақты ондай керегіне,

Сорлатып әлгілері береді де...
2266

- Ардақтым, таңда да анау ағаратын,

Көңілің болды-ау жиі қабаратын.

Өмір ғой қиқы-жиқы!.. Төзбек керек,

Алғанша Алла қайтып аманатын.
2267

Ертеңім елжірер деп тым сенбеймін:

Тұнжырай қалар шындап күлсем кей Күн.

Бәріне көнді-ау жүрек!.. Ендігәрі

тек жүрек үшін өмір сүрсем деймін.
2268

- Мұндай сұмды кім көрген?! Азғын әрі,

Осыны да дедік-ау мәз қылады!

Қулығында қисап жоқ: мұны емес,

Бұл Шайтанды жынды ғып азғырады!
2269

- Күнә жағы?.. Сұрасақ былай... мына...

Өз құпияң өзіңе ұнайды ма?

- Керегі жоқ түкке де жарнамалау!..

Бәріне өз арым мен Құдай куә.
2270

- Мені қойшы... бәрінен кеш қалғанмын...

Кері қойдың орнына ешкі алғанның...

Әйткенменен, ей, шырақ, арманым көп!

Тағдырын таң шешеді кешкі арманның...
2271

Деді біреу: - Жолыңды қырсық қылам!

Деді біреу: - Жасыңды бір сықтырам!..

Сол сұмдарға арналған ыза-кекті,

Шараппен бе... уа, немен тұншықтырам?!
2272

Бұл Әлем көнбесе де тым сарапқа,

Жер-Ана жайлы әйтсе де сыр сабақта:

Бізді бір сілкімейді-ау ұшқанымен,

Жүз сегіз мың шақырым бір сағатта!
2273

- Мына қыздар, тексерсең, кім біледі,

Һәйям сүйген арудың сіңлілері?..

Біздің Тараз тартымды содан ба екен –

Нәркес қара көздерде Күн күледі?
2274

Барлар да не керемет қолында өнер,

Ақшаға ысырылып орын берер

кезде кім қарап жатыр ар-ұятқа?!..

Ал атаң болған оның жолында өлер.
2275

- Ей, шырақ, мені де бір бар-ау ұққың?..

Жасырман, кейде жөннен сәл ауыппын.

Мен баста аңқылдаған ақ жігіт ем,

Заманның жұқты кірі! Қарауыттым...
2276

- Сені еске алсам әлі де егілемін...

Толған сұрақ: «Неліктен? Нені? Ненің?..»

Ең өртері: «Мына лас Дүниеге,

Неге асығыс, періштем, келіп едің?!»
2277

- Ол шаңырақ... айрылған уықтардан,

Бір біріне қос көңіл суып қалған.

Балдан тәтті бір кезгі тілдерінен,

Сөз шығады тұрар тек уыттардан!
2278

Аспантаудың әп-сәтте шыңын нұрлы,

Айдаһардай бұлт орап буындырды!

Бұлғаң-бұлғаң етеме-ау ұшар басы?..

Кейде алып та болмайды-ау шыбын ғұрлы.
2279

Құстай қайда білмейтін ұшарын да,

Талай ару тұншықты-ау құса-мұңға!

Ақ сұңқардай жігіттің қолын қағып,

Сұмпайының жүргені құшағында...
2280

- Ой, сіз әдемі болыпсыз ғой!..

Кейін келе кішкене толыпсыз ғой.

- «Ғой... ғой...» деме, қарағым, ағаңызға,

Бұл суретпен ғасыр жоқ арамызда!
2281

- Жарасады-ау әзіл сөз арамызға...

Одан гөрі тереңге... барамыз ба?

- Жетеміз ғой, ой, аға, бағаңызға,

Жетпейтіндей... немене, баламыз ба?!
2282

- Бәрі жақсы... бірақ бір осал жағы –

Сүйгеніне тағдырын қоса алмады!..

Қияметтік боп кетті досы, ардағы...

Түбі соған қосылу – Осы арманы...
2283

Көрсететін жақсы үлгі алға жайып,

Ағаларым бар еді... қалды азайып.

Соларменен бір дәуір өткені ме,

Соларменен бітті ме бар ғажайып?..
2284

Мекендеп жүргеніңмен әлі үйіңді,

Ертең-ақ төмпешіктің сәл үйінді.

Бақиға хақ жолы деп көнгенімен,

Бұл көңіл қияр емес фәниіңді!
2285

- Іңкәрлік саған деген бір басылмай,

Келемін тек өзіңе сыр да сыйлай.

Тоқсан жыр толғасам да сен деп, Талас,

Толқының толықсиды жырға симай!
2286

Жұлдыздар төменде, тұр сәл құламай...

Есілдің төсін жалғыз жол қылады Ай...

Сырласым самал ғана жағадағы...

- Құдай-ау, қайда?.. бар ма сол құралай!?
2287

Ақымақ жұрт емеспіз, асылы, біз,

Дана Дала қазаны тасыды жүз!..

Енді рухты көтерер заңғар көкке,

Бір Алыпты күте ме ғасырымыз?
2288

- Уа, қайда, ақыл қайда Өмірді емдер?!..

Сауықса Өмір пендең көңіл демдер.

- Шаң қапса ұяты бар, шын ақылды,

Жайнап тұр ақылды боп көрінгендер!
2289

Бақыттан мен білгеннің бәрі үмітті

болса да, көңілдері әлі күпті...

О баста, тілеу керек пе еді, сірә,

Жәй ғана мамыражай кәрілікті?..
2290

- Кім айтса да терісті теріс дедім,

Ар келіспес айлаға келіспедім.

Бәрі зая!.. Енді тек... жан алатын

қолы жеңіл болса екен періштенің...
2291

- Бұл қай қарас?.. Қалқам-ау, бұл не еткенің?..

Салғаның ба іңкәрлік нұрлы өткелін?

Сол арқылы махаббат жастан үстем

болатынын білмесең біл деп пе едің?..
2292

- Төрде отырған бір итке қапаланып,

Өксідің-ау, жарықтық, жата қалып!..

Сақалыңның кетсінде ол садағасы,

Құдай оны түбінде атары анық.
2293

Мойынқұмым осы ғой... қымбат анық,

Жылысын-ай! Жүрегі тұр ма оталып?..

Жатырқады-ау... жалт берді жалда жүрген

тұлпарлары тұяқпен құм қопарып...
2294

Жаны таза жас бала дұғасындай,

Әр лебізі мағналы тұма сырдай...

Өңкей өңез ортаға өңмеңдеген,

Түсе қалған, құдай-ау, бұл асыл қай?..
2295

- Қойсақ саған, ей, жүрек, алғаш талап:

Отанды сүй! Отанды алмас қалап,

деп сайрады тіл мен жақ... Жүрек айтты:

- Сүйем!.. Бірақ сендерден сәл басқарақ.
2296

- Сондағы жанарыңды-ай мөлдіреген!..

Білмеймін, көңліңді ол бөлді немен...

Жыр туған ескерткіш боп... Сені еске алсам,

әлі де желбірейді сол бір өлең...
2297

Тік шырқап кешкі арай ұзарғанда,

Бұлт балқып, толқып оттай қызарғанда,

Көрікке көз тояр ма?!.. Содан ба екен,

Ертең де жүрсем деуің бұ Жалғанда?
2298

- Мақтама көп, даттама, ылайлама...

Жалпы, адамға бермеу жөн бұлай баға.

Өйткені өте күрделі болмысы оның,

Оны толық білетін – Құдай ғана!
2299

- Сені іздеймін... Іздейтін, Күнім, кімсің?..

Ертең емес, бұл ғаріп бүгін білсін!

Кездесуді жазбаса... жыр жазайын,

Жүрегіңе шымырлап сырым сіңсін...
2300

Дүние кетсін, мейлі, шайқатылып,

Өлген көп шынды шындай айта тұрып...

Ұмытса мұны қоғам кетері хақ,

Әлихан, Ахмет, Тұрар қайта атылып,
2301

- Жүрсең де бір күн үйде, бір күн түзде,

Тынбастан тіршіліктің кілтін ізде.

Тапсаң айт алғысыңды ұлы Аллаға,

Таппасаң тағыланып тіл тигізбе!
2302

Қай заман, қандай да бір ғасырларда,

Біз, қазақ, қарсы шаптық басынғанға!

Еркін ел енді ешашан ашынбасын,

Тозақ та тосқын емес ашынғанға!
2303

Жұрнағын өртеп құлдық желкенінің,

Зорайтар бүгінгіден ертең үнін,

Тәуелсіз бұл Ел, енді көтере алмас,

Ешкімнің ішкі-тысқы «еркелігін»!
2304

Адам Ата – Хауа Ана барындағы

жолдан, шүкір, Ғаламшар жаңылмады.

Әне-міне ашылса бір керемет,

Тұр-ау, сірә, Ғылымшар жарылғалы?
2305

- Ей, құрдас! Жылдар өтіп кезі келе,

Енерміз біз де ескі шежіреге.

Абырой – жақсы атану. Жаман болсақ,

Алмайды-ау байғұс ұрпақ безіне де!
2306

Байыздап айналыспай сүйікті іспен,

Жан екем жоқ нәрсеге күйіп піскен!..

Мейлі енді... Тек қалайша шығарармын,

Жылдарым жинап берген күйікті іштен?..
2307

Жан қайда заманынан жасқанбаған?..

Жердеміз. Мекен етпес аспанды адам.

Бұрын да жендет желке қимауы үшін,

Айтпағын адам байғұс астарлаған.
2308

Жарқылдамай өр тұлға – батыр іні,

Саңқылдар ма шын саңлақ ақын үні?!..

Олар жоқта тарихтың бетін былғар,

Замананың жабысқақ қақырығы.
2309

Жан қажып, тән саулығы бүлінуде...

Қызықтың керегі жоқ бірінің де...

Көңілдің көшесінде тірі жан жоқ...

Мен осы бармын ба өзі? Тірімін бе?
2310

Ұят жоқ, қанағат жоқ мына бетке,

Түкірдім! Мұндайларды тыя ма өкпе?!..

Фәниде титтей тағлым алмағанға,

Бірдеме қонар ма екен қияметте?
2311

Имансыз, бергені аз алғанынан,

Кешегі қызыл кеңсе сардары нән,

Қарғадай қалбаңдап тұр төрешікке...

Осы ма мына сорлы шалдағы мән?
2312

- Сен мені ол «мықтыңмен» теңестірме.

Жағдайым оныкіндей емес мүлде!..

әлде сен мені масқаралау үшін,

Оныңмен осылайша кеңестің бе?
2313

Сұмдық дауыл!.. Ғаламдар шатағы ма?

Әлде Алланың адамға қаһары ма,

Көкті былғап, Жерді үңгіп жатқаны үшін,

Шайтандардың қосылған қатарына?
2314

- Өмір Жан мен Уақыт жарысы ма?

Әлде Екеудің қосылған ағысы ма?

- Мұны толық ашпаған ешбір дана...

Оңай сұрақ болса – онда тағы сұра!
2315

- Қандай қиын тіршілік тірі адамға!..

Қабыл болды қай тілек сұрағанда?

- Мына фәни болмаса бар ғой бақи...

Құдай түбі мүсіркер. Шүбәланба.
2316

- Жатқандай байлық соған арнап құлап,

Қонбаған бір басына қалмапты бақ!

- Әйткенмен балшығы да адалдықтың,

Арамның алтынынан ардақтырақ!
2317

Қар жауса да мына Өмір қабағынан,

Арман-қиял арқылы алады мән.

Ол жоғалса, о Құдай, ұқсар ма екен,

Жезөкшеге айрылған далабынан?
2318

- Қайтіп кірмек Адамдық санатқа адам?

- Қасиетпен өзін мың-сан ақтаған:

байсалды бол! Қарама мына Өмірге,

Ұры иттің көзімен алақтаған.
2319

Аптап айдап, өзім де әрі асыға,

Күнде келем Таластың жағасына.

«Бала Арғынбай бара ма ағып, жүзіп?..» -

деп көз тігем ақ толқын арасына...
2320

- Танымапсың, дос, алған «сыйыңды» әлі:

Бұл – Құдайдың ісі емес, бұйырғаны.

Біл: шығарып шың-құзға, құлатқан да –

Жүрегіңнің диюлық құйындары!
2321

- Жарлы байлық жоқ деумен қайғырады,

Жоғалтам деп ұйқы жоқ, бай қырағы!

- Барлық бәле ойда ғой! Ой жоғалса,

Көңілдері тыншиды. Жайлы бәрі!
2322

Жолымды бұ Жалғанның соры буған,

Мен қашан аман едім толық удан?!

Әйтсе де жанға жарық түсірмейтін,

Пендеңді сақта, Құдай, торығудан!
2323

- Сен ғылымға ешнәрсе бере алмадың!..

Бермесең де белгілі нені алғаның.

Әркім берген жамауын қайтып алып,

Мантияңнан көрсек қой не қалғанын!
2324

- Дос, демессің күн кештің ардан қаша.

Берсем бердім, жерім жоқ алған да аса.

Бетке шіркеу түскен жоқ! Соған мәзбін,

Тірлігімді десең де жандалбаса!
2325

Тән де... – атом? Сұлуға таң қалдық та

күйіп жандық!.. Мынаны аңғардық па:

Мезгіл жетсе атомдар ыдырайды...

Сонда... сүю сұлуды аңғалдық па?
2326

Бір қарт абыз деп еді түсімде ана:

- Білемісің ойыңның күшін, бала?..

Жауап бердім: - Мен ойшыл дана емеспін,

Сөзбен ойды ояту үшін ғана...
2327

- Анада бір пікір бар дерексізге...

Өзге пікір бар елден ерек сізде...

Менде де бар... Ал тыныш болу үшін

Соның бәрі... ә... қалай... керексіз бе?
2328

- Деу менде жоқ сені дос, кем есті етем:

астам атақ-арсыздық емес пе екен?

- Құдай қалай қарайды мұндайларға?..

Мен де оларды... біртүрлі елестетем.
2329

- Тағы да айтам! Бұл саған ақыл ақтық:

шабуды қой атаңның атын ат қып.

Ол биікке өз өрең жететін бе?..

Қол жетпестен бақ іздеу – ақымақтық!
2330

- Даудың басы?.. Дүниеге таласады!..

Көздеріне қан толып тарасады...

- Өңшең бай ғой!?.. Мен – жарлы... бірақ, қайдам,

Маған осы жағдайым... жарасады!
2331

- Адамзат ақыл-ойы шолақ әлі!..

Ауа, су енді қашан оңалады?

- Әй, қайдам... Бүйте берсе Жердің шары,

Мекен емес, мола да бола алады.
2332

- Үрейлі... атайды әрі атын жаман...

Бірдеме дер ме аярға Ақырзаман?

- Меніңше, ол – Мәңгі Уақыт арыстаны,

Арыстан арыстан ба ақырмаған?!
2333

- Түн... сыбдыры сырылған ақ шәйінің...

Өртеп демің... үздіккен сәт сайын үн...

Теңдесі жоқ шырын шақ шынымен-ақ,

Шықты ма естен, о, менің патшайымым!?
2334

- Тоқтаңыз, бір сөзім бар сізге арнаған,

Сіз емес дей салайық бізді алдаған!..

Тыңдаңыз: бірге өтпеді көктем мен жаз,

Бірге дәм татайықшы күзгі алмадан?
2335

- Үһ, шаршадым! Таусылды әл-дәрменім!..

Сен бір ләззат ұсынып, «ал!..» дер ме едің?

Десең, жаным, оны мен ала алам ба?..

Құтылуым қиын бұл халден менің...
2336

- Махаббат дейсіз... одан тасадағы...

Күнә ғой!.. Оған кім жол аша алады...

- Махаббат! Ол – жандағы алтын арай!

Ал, күнә нәпсіменен жасалады.
2337

Бұл көңіл тағы алаңдап нені іздеді?..

Тілейді адамшылдық негіз нені?

Керегі сезім бе әлде сапырылған,

Қисапсыз толқындардай теңіздегі?
2338

- Көрдім қанша мұхитты, теңіздерді,

Бірі өзіңдей, Қарасу, емізбеді!..

Толқындарың толқиды жүрегімдей,

Екеуміздің жанымыз егіз бе еді?..
2339

- Не қалды енді бізге, дос, қызықтайтын?!

Назыңды да боп алды қыз ұқпайтын...

- Жастық – көзір еді ғой... Картада да

алтылықты кездер көп туз ұтпайтын!
2340

- Жасыңнан «ұлы алаяқ бұл!» дегіздің,

Сауы жоқ нәжістен сен жүрген іздің.

Зәуеде тазармаққа талап қылсаң,

Жетпейді-ау суы Аралдай бір теңіздің!
2341

Ақталуы шарт па өзі бәрі үміттің?..

Ақталмаса келе ме әлі күткім?..

Өстіп жүріп, зор олжам, ақталмаған

Үмітте де бал-тәтті барын ұқтым!
2342

- Шын бақытқа ие боп кім тұрады?

Ит-шошқа да, кісі де ұмтылады...

- Болғандықтан әр түрлі таласпайды,

Бақытты іздеушінің бұл құрамы!
2343

Боп тұрса да өзіңде басқа қалау,

Біреудегі қабақ пен қасқа қарау –

Сыйластық па?.. Жоқ, мүмкін жағымпаздық?

Онда өзіңді өлтіру, масқаралау!
2344

Болған соң Өмір, Өлім есімі еіз,

Қараймыз бөле-жара несіне біз?

«Өмірден, - деп қорықсақ, - ерте кетем»,

«Өлімнен, - неге ойлау жоқ? – кешігеміз!»
2345

Ең қалыс – Уақыт! Бірдей барлығына,

Байдан ап, жарылқамас жарлыны да.

Сыпырар бәрін тегіс: патша, пақыр...

Қанеки, кім бар дейтін «қалды мына...»
2346

Езбін бе алмастырған түнге күнін?

Ермін бе... Жалпы, ұқсайды кімге түрім?..

Бәрібір енді маған... Бірақ, тәубе:

Мұсылман, Мұхаммедтің үмбетімін!
2347

Өз отынан шілде дем ала да алмай,

Жалын тілі жанарын жалағандай.

Тал жамылған қала да қара тер боп,

Қарылмаған барады дала қалмай...
2348

- Бұл басқа нелер келіп, не кетпеген...

Бақида жауабымды не деп берем?

- Аллаға рахымшыл сен, пірәдар,

Тек Алла пендесіне медет деген...
2349

- Біреуді «көзді жұм да ыңғай мақта!» -

Дегені ешқандай да симайды атқа!..

Сен бұған қалай қарар едің, құрдас?

- Күн де ыстық... сен бір жақтан... ми қайнатпа!
2350

- Қайдасың, қайдасыңдар, тәтті армандар,

Сан мәрте сансыраудан ап қалғандар?

Бүгінде сағындым ғой сендерді де –

Армандар ақталмаған, ақталғандар!
2351

Таныс бақ – алаң... жолдар... бұрыштар да...

Мың-сан гүл жайнаған бұл – гүлстанда!

Хош иіс қоңыр салқын самалын-ай!..

Жұмақтың жұқанасы жұғысқан ба?
2352

- Жамандыққа жақсылықпен төлесең,

Жақсылыққа не бересің, жарқыным?

- Жақсылығын қайтарамын он есе!..

Сұрамаймын, ұмытамын артығын.
2353

- Шалқақсың! Көп көңілдің өңкей емін

табасың еңкеюмен. Түсін, бала!

- Құл емеспін. Еңкейсем еңкейемін,

Жығылғанды тұрғызу үшін ғана!
2354

- Пенде үшін ең қиыны - өлім дейді...

- Қиналма. Тіріңде ол көрінбе йді.

Ал кейін ол келсе егер - өзің жоқсың!

Не десе о деп жатсын көрің, мейлі...
2355

- Ем қонды ма, тапқандай жара тыныш,

Кеуде кеңіп, ашылды жаңа тыныс!

- Жақсы бопты!.. Дәрігер емдегенмен,

Сырқатыңды жазатын – жаратылыс.
2356

- Жарыңды тойда биге тұрғызғанда,

Жырынды көзден, сөзден тым қызғанба.

Сен оған!.. Әйтпесе әйел затының көп,

Айласы аспандағы жұлдыздан да!
2357

Түнгі Тараз. Аспаны мақпал қандай!

Толған жұлдыз торғын сыр ақтарғандай.

Түнгі Талас сап жатыр ұлы сарын,

Жүз мың сарбаз жорыққа аттанғандай...
2358

- Тағы да болса, бастық мұны аяпты:

Істі ғып жіберместен... былай апты.

- Бар дерті: Құдай бәрін беріп еді,

өзін де Құдай санап Құдай атты!
2359

- Көлеңкең де еді-ау бір қалы кілем,

Ойша жерден әлі оны алып ілем...

Жүзің, үнің көмескі тартқанымен,

Әр елесің – жаныма бәрібір ем!
2360

- Қарашы: айдай ажар, құлын дене!..

Жас кезде... кездеспеген бұрын неге?!

- Онда да болған болар осындайлар,

Қайтесің... нәпсі қуға бүлін деме.
2361

Таразды Талас құшса тарамдалып,

Үйлесім бары мына ғаламда анық.

Үйлескен жерді үй қылған ата-баба...

Иншалла, біз наданнан жаралмадық!
2362

- Ат тұяғы, түйенің май табаны,

Бізге біраз тарихты айта алады!

- Жібек жолын салған да алғаш солар,

Грейдерлер кейін тек қайталады...
2363

Бұрды да мезгіл бетін салқынға анық,

Күз түсті, дүн-дүние алтынданып...

Диханның қоңыр жүзі күлімдеп жүр...

Жалпы, олар – бала көңіл, жарқын халық!
2364

- Хас надан, тұрған бойы жалған нағыз,

Емдеймін десе сізді – алданбаңыз!

- Ал сіз ол десе «есекті сөйлетемін!»,

Қожекең тірілді-ау деп таң қалмаңыз!
2365

- Мазарда жағалаған бөктерді ана,

Жатыр ғой дүниеден өткен дана!

Адамның ата жауы – ажал дейді...

- Бос сөз! Ол – Бақиға өтер өткел ғана.
2366

- Сурет сап ем... қинады жанарларың...

Басқа болып жүріп-ақ жан арбадың!

Сен жасасаң сахнада сан бейнені,

Мен бір сенің бейнеңді сала алмадым...
2367

- Тиын-сиын, ей, құрдас, қалды мына...

Қарыз бергін. Фәнидің тарлығы да...

Бірдеме етіп Бақида қайтарармын...

Дәйіс, оның сенсеңші барлығына!
2368

- Тек жақсы сөз – марқұмға!.. Ардан да атта:

мейлі, сөзің тап-таза жалған – мақта!

- Сонда қалай?.. Өлгеннің жаманы жоқ,

Жаман сөз тек тіріге арналмақ па?
2369

- Өмірдің көбі кетіп, азы қалды,

Айта отыр, құрдас, оған базынаңды!

- Мылжыңдап езе берер сен деймісің...

Періште кеше бәрін жазып алды!
2370

- Озды қазір ел-жұртты кіл алдаған...

Көрмеуші едім, оллаҺи, бұларды адам!

- Сен көр, көрме... Көп бәле жүйеде ғой,

Көп тетігі дұрыстап бұралмаған!
2371

- Қарағым, қандай болар болашағың?..

Қазір ол – бұлың-бұлдыр жоба-сағым.

Тек заман зақым қылып қиянатпен,

Тәңірге айтпасыншы о да шағым?
2372

- Қосының ысқырғанда сұр жебесі,

Қалмақтың талайының кірген есі!..

Ел мені мақтаса, дос, былай дей сал:

«Жұққан да атасының бірдеңесі!»
2373

- Қалайша сенсіз көңіл шалқи алмақ?!..

Содан ба кетем кейде сәл қиялдап:

көп кейін мен кеткен соң сен де келсең,

Пейіште қарсы алсам-ау алдиярлап!..
2374

- Кезең келсе еркін ой бәсеңдеген,

Тоғышарлық әкелген әсер дер ем.

Ал айтысып өткендер ғасырымен,

Өткір оймен әлемді әсемдеген!
2375

- Сұқ өтпеу үшін жөн бе жасырған да?..

Көргем жоқ, сенен өткен асыл бар ма?!

Тек келіп нең бар еді бұ заманға,

Боп тұрып лайық алтын ғасырларға?!
2376

- Қаншасы пірәдардың жарқын, дара,

Елеусіз қалды!.. Елдің парқын қара!

- Сен оған күйзелме көп. Бір жақсысы –

Уақыттың көз болады артында да.
2377

- Өмірде азабың, дос, басым болса,

Қатырма соған бола басыңды онша.

Оныңды сақтау керек!.. Сонда қонбақ,

Баянды Бақыт атты асыл қонса.
2378

- Мен тұрсам – сен амансың, алға асасың... –

Осылай, осылай деп арбаса шын

қайтер ең? Мен сенбес ем. Саған да айтам:

қойшы сол әулекінің далбасасын!
2379

Ұлы ма адам?.. Алыңыз қай арысты,

Иманынан таппаса таянышты,

Үйлеспесе ертеңі бүгінімен,

Амал қанша... тағдыры аянышты!
2380

Бірінде – қаңсыған ой кемерленбей,

Бірінде – биік өре, кемел дердей...

Сайысы надан-дана тек тірлікте,

Өлген соң тынышталар теңелгендей...
2381

Тайсалмай тауынан да, тасынан да,

Тартатын дәурен қайда тасып алға?!

Келсе ғой бір-ақ күні тым болмаса,

Жас келіп, жалғызсырап жасығанда!..
2382

- Кейіңнің бересің бар, аласың бар,

Көбіңмен келісім бар, жарасым бар.

Сыйлашы сыйластықты, бауырларым,

Мен кетсем – мені қайдан табасыңдар?
2383

Махаббат туралы айтпақ кім қағида,

Әйтсе де жүрекке ән боп үн дари ма?..

Оны біз ойлаппыз ба?!.. Қайран дәурен!..

Бір әнді көп айтушы ек – «Гүлдариға»!
2384

- Кім еді алғаш сүйіп ұнатқаның? –

деп сені қатты өксітіп жылатқамын...

Рухың кешсін?.. Сұрап нем бар еді,

Жігіттің қайдағы бір піратқанын?!
2385

- Алыс та болса, іңкәрім, барайын да!? –

Десем де бұл жылдардың әр айында,

Жауап жоқ... Әлде ойыңда... жолығу тек

«Пейіштің гүл жамылған сарайында»?
2386

- Тыңдасаң, ей, ағайын, егер мені,

Айтар ем: Елдің ерен кемеңгері

шықса естен Тағдыр бізді кешіре ме?..

Сорлау хақ жерде қалса дегендері.
2387

- Білем, жауап беретін шақ та жақын...

Амал қане, ажалдан ап қалатын...

Сұлулықты сендегі сылтау қылып,

Күнәм үшін шығармын ақталатын...
2388

Көптен «қалай болар?» деп көңіл бөлген,

«Жиырма бір» дейтін ғасыр көрінді өрден.

Ал Жиырма кетті батып тұңғиыққа...

Ең қымбат ғасыр! Бізге өмір берген.
2389

Солай ғып жаратқан ба, қалай Аллам,

Алаңсыз алғы күнге қарай алман...

Басты арман боп тұр тілім амандығы,

Мейлі, іште кетсін басқа талай арман!..
2390

Болғанмен рахат та кейде ептеген,

Өттің-ау, қайран Өмір, бейнетпенен!..

Ендігі берерің не?.. Түсініксіз

ұғымның өзі маған «Зейнет» деген...
2391

- Боп тұрсаң да заманның бүгін бегі,

Білмеу дұрыс Тағдырды күнілгері.

Неге керек пенденің тыртаң қағып,

Бүлінгені немесе түңілгені?!
2392

- Жақпадым жаман боп та, жақсы боп та,

Жәмиғат... талай рет жақты да отқа!

Бастай ма қойторылар мынау елді?!..

- Мұныңыз... жан ауыртар сұрау енді...
2393

- Сұрап жатса егерде әр таң менен,

Жарық дүние соншама дархан демен.

Кеңдігі де қайда оның?!.. Сен симадың...

Кіші едің ғой бір мүшел, қалқам, менен...
2394

- Бұ Заман, білсең айтшы, не деп келді?

Адамға ұят, аят керек пе енді?

- Адамнан хайуандар көбейіп тұр...

Білмедім... бұдан өзге деректерді.
2395

- Алдыңда тұлға болса дараланған,

Озба одан! Озған жастар жараланған...

Қимайды ол өзі үйренген өрді, төрді,

Өлсе де көкірегінде қалады арман.
2396

- Жалған даңқты басына үй ғып алып.

Жүргенге де сый-тарту үйді халық!..

- Даналық боп көрінген даңғазадан,

Мың есе артық залалсыз миғұлалық!
2397

Болған соң ақын жаны дара, қазба,

Төгілер жырдың жиі дәні аңызға...

Алғашқы ақын жігіт Адам дейді,

Жан сырын жырмен айтқан Хауа қызға.
2398

Патша ма, әлде байғұс жан ба ғаріп,

Бәрі де орын алар онда барып...

Ешбірін бірақ заман жәй жібермес,

Бәрі де кетер одан таңбаланып...
2399

- Кездесіп, сәлем беріп, тіл қатсаң, әй,

Болғаны – тұра алмайсың бір қақсамай!

Сондағың – қу саясат!.. Қайда, қайда,

Көңілді ой һәм көрікті гүл-бақшадай?!
2400

- Бүгінде талтаң басар тасаланбай,

Байлығын елдікінен жасаған бай!

- Қойшы өзін!.. Қара тоқал, ұлдарына,

Жас қанға мас боп тұрған масалардай!
2401

- Қорықпан қызғаныштың күйесінен:

тасыған ен байлықтың иесі – мен!..

- Демеспін... ақылың аз, кемшін ісің,

Ал бірақ... сен – байлықтың меншігісің!
2402

Геродот дейтін дана десе керек:

- Жалақорлық - өте бір есеп ерек.

Өсек айтқан екеуі – қылмыскер де,

Ал үшінші – құрбандық түрлі істерде!
2403

Сол Геродот тағы да былай деген:

- Жумау керек ылайды ылайменен... –

Ал мен: - Пенде пәктікті білуі үшін,

Ылайды да жұқтырған Құдай, - дер ем.
2404

- Әрине, қалмау керек оқшауланып.

Әйтсе де жат емшекті көп саумалық!

- Оның жөн. Бөтен сүтке бойы үйренген

елдерде ез болудан жоқ сау халық!
2405

- Демеймін ғой... сізге... кемдік еттің...

Бірақ қайда, ағатай, сол бір екпін?..

- Сен де аздап, ардақтым, өзгеріпсің...

Тұра берер, дүние-ай, мөлдіреп кім?!
2406

- Қызмет, ақша... жетеді мал саны да,

Ел құрметі-ақ айналды аңсарыма!..

- Жан-жүректі бермесең басы бүтін,

Ел бермейді беделді мансабыңа.
2407

- Біреуді ұлы аруақ деп таныпты елден...

Қане, кім бар аруаққа барып келген?!

- Бармайды ешкім. Сыйласаң – сол деп ұққын,

Ой кеңітіп, жігерді жанып берген!
2408

- Жаймаға салса күнә, кінәларды,

Көрер ек кім қарайып, кім ағарды!.. –

Деп қап ем, бір келіншек қып-қызыл боп,

Қасымда қарап тұрып жылап алды...
2409

Ыстықкөл... жағада Үйсін қорғандары...

Мезгілден жота-жота болған бәрі...

Менің де түпкі бабам жатыр ма ұйықтап,

Мәңгілік мекенінде сол маңдағы?..
2410

- Мына түн болды неге қысқа ғана?!

Бозарған терезе жақ тұсқа қара...

Уақыт дейтін шіркін тәтті сәтті,

Қынжылмай қиып түсер ұстара ма?
2411

Құстар у-шу, Таластың тоғайында...

Жел дегендей «ысқыра соғайын ба?...»

Бұлт келеді түнеріп будақ-будақ...

Өткізіппін... бұл жылдың он айын да...
2412

- Қарасуым, неліктен сұлық қалдың?

Шалқар едің... Құдай-ау, ұмытқан кім?..

Шалқу бар да шаршау бар... Шыда, жаным,

Қайткенде де мен сені ұлықтармын!
2413

- Келсе, құрдас, аулымның досы атанғың,

Аруағын сыйлай гөр Қосы атамның.

Ал Қосының ауылы – ең қымбаттым,

Бір пұшпағы – мен үшін осы Отанның!
2414

- Биылғы жаз керемет еді-ау, ажарлы еді-ау,

Сурет еді-ау ғажайып, базарлы еді-ау!..

- Жарлығы ма Құдайдың, күзің батыл

сол суретті быт-шыт қып бұзып жатыр...
2415

«Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман...»

Енді Өмір қай қызығын бұлдайды алдан?..

Қалғаны қазан ұрып, қар жауу ма?..

О, онда!.. Жә, бар болсын... мұндай Жалған...
2416

Қарасуда кәдімгі, елде менің,

Ай дидарлы көп еді-ау жеңгелерім...

Ойлаппын ба деп олар ерте кетер,

Кім бар енді, о, Тәңір, еркелетер?!..
2417

- Қарағым, кім едің сен түске кірген?..

Әлде арман, аңсаумысың іште жүрген?..

Мүмкін, сен – хор қызысың?.. Құдай кешсін,

әйтеуір құштар болдық түсте мүлдем...
2418

Желтоқсанда алғанда жел беттен де,

Ойға баттық: Бұ Заман кер кеткен бе?..

Жетер ме едік шындыққа өзін емес,

Асқаровқа Мәскеуді тергеткенде?..
2419

- Қараңыз, қандай сұлу!.. Күліп еді,

Кетті ғой, тіпті, жайнап гүл реңі!..

- Жассың ғой... Жас жанары түрге түссе,

Егденің көзі... жанға үңіледі...
2420

- Кей кезде қарсы тұрар тажалға да,

Уақыт – емші, жүргін назарға ала.

- Уақыт емдейді рас, бірақ толық,

Жазатын жан жарасын Ажал ғана!
2421

Талас бүгін жуастау көрінеді,

Жуас толқын бұрала өріледі...

Жан толқыным осындай болса нетті!

Азаптайды, қинайды көбі мені...
2422

- Бір тасада өсіпсің, күздің гүлі,

Назар салса салар-ау жүздің бірі...

Жабырқама, жарқыным, жалғызсырап,

Бәлкім, біреу бір сен деп үздігулі?
2423

Әулиеата, Шаһ Мансұр төңірегі,

Жақсы-жайсаң жерленген өңір еді...

Соны бұзған сойқандар өлген шығар,

Өлмесе өлер... Ал, қайда көміледі?
2424

- Бір ән айтса болды - өзін «жұлдыз» дейді!..

Біле ме екен: мына жұрт кімді іздейді?!

- Десе десін, қайтесің, нелер еспе,

Аспан дейтін әлі де кең емес пе...
2425

- Алмадың емшілердің бекер емін...

Қайтадан топтап өлең жетеледің...

- Өлең боп жан кернеген шер шықпаса,

өртеніп баяғыда-ақ кетер едім!
2426

Барласам өзімдегі жанды анада:

Ұқсап тұр сал боп жатқан сардалаға!

Неге жоқ қазір күйіп-жану онда?..

Сезім де бір мерзімге арнала ма?
2427

- Армансыз сорғандардан бақ шырынын,

Қанеки, бақыттыны тапшы бүгін?..

Жоқ ондай! Болмайды да... Байғұстарға

бұйыртсын О Дүниенің жақсылығын.
2428

- Сен осынша, құдай-ау, төзімді ме ең:

Қайталайсың мықтыңның сөзін кілең?!

- Айт дегенін айту... ол – міндетім ғой,

Ал айтқанға сенем бе?.. Өзім білем!
2429

Дүниеде кімдер келіп, кім кетпеген,

Кейбірін кеткендердің құрметтеген.

Оларды ел жүз жылдан соң сағына ма?..

Өйтпесе – құрметтеуге міндеттеген!
2430

- Қалдырған құлдықты өткен ғасырларға,

Біздің ел енді көнбес басынғанға!..

Қазақты қай-қайсың да ашындырма,

Пейіш те, тозақ та бір ашынғанда.
2431

Суреті... төрде ағам отыр әлі...

Сарғайған хаты әрең оқылады...

Сұм соғыс!.. Бұйырмады-ау боздағына,

Бір уыс Әулиеата топырағы...
2432

- Екі сағат сөйледі!.. Талдар мәнін

бір де бір сөз таппадым, аңғармадым!

- Сені ешқашан топас деп санағам жоқ,

Қысқа ақылдың сөзі ұзын. Таң қалмағын.
2433

«Өткінші өмір... қанша енді жүрер дейсің...»

Дейсіңдағы бар-жоқты түгендейсің.

Жаһан ортақ маған да!.. Неге, Тараз,

Жүрегімді жүгендеп жібермейсің?!
2434

Тұрғанымен дүрдей боп айдынданып,

Жабайылық таратты қайбір халық!

Адам шыққан маймылдан деген – былшыл,

Қайта адамдар барады маймылданып...
2435

- «Құлдық!» деп «Ата» деген атағына,

Бас иген сауапқа да батады да...

- Обал да болар, бәлкім, тағзым ету –

Ұятсыз бетке біткен сақалына?..
2436

- Тастайтын-ақ тірлікті бүгін істеп,

Істеместен, не тұрыс кідірістеп?

- Қызықтайын, мені көп айналдырған,

Шайтан менен періште жүгініспек!..
2437

Ой өртеп, кейде өтеді түн алаумен,

Шарпысқан обал, сауап, күнә, даумен...

Өзіңді өзің қорғап, өзің соттап,

Жүрумен ақтық рет шығар-ау дем...
2438

- Болсыншы қартайғанда бала тірек,

Басыма орнатпасын қара түнек! –

Өзіңнен өте көп қой сұрарымыз,

Ал мынау, уа, Жаратқан, дара тілек.
2439

Жердің зырлап ғарышта әңгелегі,

Таң келеді, тағы да таң келеді!..

Пәк көңілмен әр таңды қарсы ал, жаным,

Алла осыған ерекше мән береді.
2440

Бақ еді-ау, гүлі өсетін жамырап бір!..

Бәрі жоқ, бәрі оталған, қаңырап тұр...

Орнына жынойнақ пен масхана сап,

Мастанып жүр дейді бір тәңіратқыр...
2441

Ертеде бір қайраткер пайымды аса,

Сөз ғыпты мемлекеттік жайын баса:

- Ол түбі зор апатқа ұшырайды,

Адамын жақсы, жаман айырмаса!
2442

- Қалталының төрге озды текешігі! -

Деді біреу (бұл бәлкім, кекесіні).

- Соны көріп қайранмын: біз қоймыз ба?..

Ал қойлардың қойлығы өте сірі.
2443

Ойсыздықтан ілесіп оңбағанға,

Жолсыздықтан жолы ылғи болмағанда,

«Құдай қылса, амал не» дейді бір ез...

- Құдай сенің, антұрған, қолбалаң ба?!
2444

- Қорқақ үшін батыл іс жорық-қайғы!

Ерліктің не екенін ол ұқпайды...

- Ұқпаса да қорқақта батырлық бар:

масқара болудан... еш қорықпайды!
2445

Аярлық... О, сол – заман бүгін ері!..

Икемді-ақ, аш күзендей бүгіледі.

Көзіңе күл шашқысы кеп тұрып-ақ,

«Достығын» өзі ала жүгіреді!
2446

- Біреу өсек айтады, біреу – кеңес...

Жалықтырды! Жанымды бірі емдемес...

- Өз өзіңмен сырласқын шыншылдықпен,

Содан тірек табасың түгендеп ес.
2447

Бір заманда есті не есер адам:

- Мына Өмірден не таптың? – десе маған,

- Тәтті азап! – дер едім... Жалған болса,

Өз тілімді өкінбей кесе де алам.
2448

Қала түні. Күзгі түн ұзақ әлі...

Сансыз шамның бірі әлсіз қызарады.

Ол пәтерде қыбырлап жүр – байғұс шал,

Мына өмірге өкпелі. Ызалы әрі...
2449

Қала түні. Күзгі түн ұзақ әлі...

Ақ сарайдан ақ сәуле ұзарады.

Қарқылдайды қарынды кіл жас мырза,

Алдарында жалаңаш қызы, арағы...
2450

- Құстар, қайда топ-топ боп барасыңдар?

Күзгі аспаннан не деп жар саласыңдар?..

Сау қайтыңдар, қанатты қарақтарым,

Мұнда біз бар тосатын, Таласың бар!
2451

Базар толы: алтын да, қырмызы бар,

Түрік тоны, қытайдың құндызы да...

Ғарыш жаққа көпес көз сап қояды,

Баға қойып оның әр жұлдызына...
2452

Бүгіндегі болып-толған кей кісің,

Сол қалпымен кете берер деймісің...

«Соны алғаш өзге емес, білсе өзі –

Жарар еді-ау! Бірақ, қайдам...» дейді ішім.
2453

Мұхиттарды кемемен кезсем дедім,

Аспан шарлап кеңдікті сезсем дедім.

Адыра қалды ол арман! Басқасы да...

Ал Жалғаннан келмей жүр безсем дегім...
2454

Десем де өз өзіме жайым мықты,

Шуағы аз, тұнжыр көңіл дәйім күпті.

Жасу бар, жалығу бар... Соңғы жолға

осылай бастай ма адам дайындықты?
2455

Келсе кейде ұғынғым қыздар жанын,

Елестетем даланың қызғалдағын.

Үлбіреген сұлулық! Тең келер не?!

Әттең!.. Жүрек, сабыр тап... қызғанбағын.
2456

Көнбей жүріп дегенге «жәй, тына қал!»,

Жаққамын жоқ сөзді де айтып адал.

Кәрленгенде бұл тағдыр немді алады?!..

Азар болса, бергенін қайтып алар...
2457

- Зейнеттемін. Асықпа, желөкпе сен!..

Уақыт көп менде енді не көп десең.

- Уақтың көп?.. Кететін соқа басы

кез алыс па?!.. Ойланшы, отағасы?
2458

- Әр сөзі әуезіндей періштенің,

Әр әні ашар жүрек кеніштерін,

Қыз ең ғой!.. Сені ерің «кемпір» деді...

Жоқ!.. Бұған іштей налып, келіспедім...
2459

Жалпы, мен сөз бен ісім үйлеспеген,

Ешқашан екіжүзді күй кешпеп ем.

Ол – азап екен!.. тіпті, сол үшін-ақ,

Ей, Өмір, жоқ па берер сыйға ештемең?
2460

Бұл Өмір көрсетті ғой жалғандығын!..

Шыны тек – алдыңды орар арман бүгін.

Көз жұмып құлаш ұрсам баяғыдай,

Жетеді неменеге қалған күнім?
2461

- Дат, тақсырым! Тасжүрек тойды жебір,

Жүрек төзбей жөнелді ойлы небір!

Арқаға артсаң әлі де көтерермін,

Жүк салуды жүрекке қойғын, Өмір!?
2462

- Жастық-жаз өрлер көкке қыз беделі,

Тек, әттең, гүл тажалы – күз келеді.

Жазыңда жасқанып ем, жарқыным-ай,

Күзіңде тым болмаса... ізде мені?..
2463

- Сен оған ендігәрі жақындама,

Мынаны айт алысқа да, жақынға да:

ол кәпір елдің етін ойып жеп ап,

Енді сол елге болмақ ақыл-дана!
2464

- Самалдайды тауып ап дала тыным,

Алтын шашқан қайыңның қара түрін...

Дарханысың жылдың, Күз!.. Тек не керек,

Егделікті есіме салатының?..
2465

- Болған ел басқалардың құлы бұрын,

Өзгермес шапшаң... Қалай бұл ұғымым?

- Ол солай болмақ егер еске алмаса,

Өзінің өткендегі ұлылығын!
2466

- Күн-түнін өткізетін ойнаспенен,

Бұл бикеш бұл қылығын қоймас деп ем...

- Қояды!. Уақыт дейтін барда құрық,

Сандалып қалар ит боп салдақылық!
2467

- Даңқ дегенің, білмеймін, көр ме мүлде,

Тиді сұмға анада көргенімде!..

- Ол шіркіннің көп қой, көп шайтандығы:

кей лайықтың күтеді өлгенін де!
2468

Баяғы баққа бардым... Іздедім не?

Сидиған тал-дарақты күзде мүлде?..

Қар басқан, жаңбыр шайған, жел ұшырған,

Жастықтың ізім-қайым іздерін бе?..
2469

- Емес мұным заманды жамандаған:

қай жақсың бар жүрегі қажалмаған?!

- Мына Өмірді пейіш дер тек есуас,

Сау өтсе одан – емес ол ажалды адам!
2470

- Жаңа ғалам ашса да алтын басың,

Сәл сабыр қыл! Миың да салқындасын...

Енді қара: көрдің бе, ойдағы отта,

Шоқтан гөрі алдамшы жарқыл басым?
2471

«Болу үшін мен пақыр «толық адам»,

Әлі көп жыл керек!» деп жорып алам.

Соны сұрап жатып кеп жалбарынсам?..

Қайдан берсін, әй, енді оны маған.
2472

- Ей, Жүрек! Қоя тұршы шаншымастан,

Онсыз да жанда дерт бар қамшы басқан...

Құдай-ау, қайтіп кетем Қиянаттың

тым құрса бір қабығын аршымастан?
2473

Тынарын қу тірліктің бәрі немен,

Білместен әрекетпен әлі келем.

Білерім – ісім адал!.. Ұлы Иемнің,

Шамасы, жолықпасын кәріне мен.
2474

- Тұрғанменен тіркеліп бір есімге

Өзіңді өзің, дос, тыңдай білесің бе?..

Періштенің мүмкін ол сөзін айтар,

Өзім ғой деп әуелі өзіңе айтар?..
2475

Тәнді өлтірген – қылмыскер! Алла заңын

бұзған алсын ауырын бар жазаның.

Жанды өлтіру – қылмыс боп бадырайып

тұрса да оған неге жоқ тағу айып?..
2476

Адамдық? О, ол біздің соқпағымыз.

Жыртқыштық? Аң мен құс па? Жоқ, тағы біз!..

Екеуі бір санада салғыласқан,

Нәпсі мен ар-ұяттың көкпарымыз!
2477

- Бер тағлым ұлға өмірлік сәулесі ғып,

Қазына қалдырсам деу - әурешілік!

Ақылды ұл дүниесіз-ақ жарқырайды,

Алтынмен алтынданбас кеуде шірік.
2478

- Қосылу болғандай-ақ тап керегі,

Қосыла салса ол қандай бақ береді?

- Сүйместен некелесу түптің түбі,

Некесіз махаббатқа ап келеді...
2479

- ... Деп жүрсем сүйрендеуден именеді...

Түсірді енді қандай күйге мені?!

- Қызыңды үйретпеп пе ең үндемеуге?..

Сөйлеуді ол сенсіз-ақ үйренеді.
2480

- Түсімде атасаң да атымды әрең,

Бітірдің жүрекке нұр, ақылға рең!..

Екеуміз екі дүниеде емес пе едік?..

Қалқам-ау, сен осынша жақында ма ең?
2481

- Кім мынау екі иығын жұлып жеген?..

Бұл өзі... айналысқан бұрын немен?

- Отырып шыққан. Қазір ең бай осы!..

«Е, не бар,- дейсің кейде, - бүлінбеген...»
2482

- Көп айтқан достық жайлы даналар да,

Соларды түйіндейтін баға бар ма?

- Достықтың тәрбиелік жағы басым:

Танытар адалдықтың мағынасын.
2483

Қып-қызыл! Туғандай ғой от алып Ай!..

Қызылмен бөледі әне жотаны жай...

Адам да қызылшақа боп туады-ау...

Дүниені бір текті еткен... о, Тәңір-ай!..
2484


  • Ұлы Омар! Сұрағым бар, қасиеттім:

Сен қалай рубайыңды асыл еттің?

Басқалар жым болғанда жылдармен-ақ,

Сен қалай ғасырларды басып өттің?
2485

Ғашықтық!.. Кейде мысты алтын етер,

Алтынды – мыс, күңгіртті жарқын етер...

Шын жауһар сезімнің бұл жиі-жиі,

Неліктен боп жатады нарқы бекер?
2486

- Жүрегі аналардың бір тұңғиық,

Мейрімнің алған бүкіл ғұрпын жиып.

- Баласы жаза басты не сүрінді -

әрқашан табады одан кешірімді!
2487


  • Сезем, дос! Сен де, мен де қапалымыз,

Ерімей арамызда жатады мұз.

Құдайға жөн бе осы?.. Кел, ойлайық...

Қарашы, қалды сиреп қатарымыз...
2488

Өлгенге бүкіл ғалам бірдей бөтен...

Сонда да даңқ іздеу не пілдей бекем?

Әлде... әлде байғұс пенде атақ-даңқты

мүрдеге нұр құятын Күн дей ме екен?
2489

- Күстәналап жүргенің күнде Өмірді,

Өмір саған шашқандай күл-көмірді!..

Бір сұрақ бар. Оны сен айыпсынба,

Көрші ойлап: Өмірге лайықсыңба?..
2490

Шыдаумен қылыш кескен жарасына,

Қас жауды Аңырақайдан ары асыра

қуғанда Қосы атам шыдамапты-ау,

Жалт еткен қалмақ қыз көз қарасына!

2491


Күмән жоқ, күллі Әлемнің басы Алладан,

Алла ісі – саз балшықтан жасалды Адам.

Не сиқыр: ешбір пенде өлгенінше,

Өз жанын өзі толық аша алмаған?


2492

Мына қысты-ай!.. қарлы боран, борасын,

Таппай қойды-ау апта бойы толасын...

Алды ма деп қымтап үйін, қорасын,

Ауыл жаққа жолға шықсаң – о да сын..
2493

Қысқы жолдар... Тағдырыңа таразы

болғандай ғой! Жұрттың бәрі наразы:

көк тайғақта көлік нөпір... қақтығыс...

Мертіккендер... Бұлар-көбі, ал, азы...
2494

- Қысқы түстер. Шым-шытырық, белгісіз...

Ал кейбірі – бар ғаламға бергісіз!

Олар – Анам жүзін көру, сырласу...

Мен жориын, айтыңызшы енді Сіз?..
2495

- Күнәға жүргеніңмен өзге батып,

Аярлық – сен айтқан әр сөзге қатық.

Келешек келістіріп соқпағанмен,

Не дер ең кетіп жүрсе көзбен атып?
2496

- Астарлама сөзіңді, астарлама.

Өйте алмасаң бұра сал басқа арнаға...

Сөз астарын ашам деп қанша адамның,

Жалыққанмын, жарқыным! Шаршағанмын.
2497

Бар болсаң іші күйіп көре алмаған,

Жоқ болсаң барын қиып бере алмаған,

Ағайын бар дегенге көнбей кеп ем...

Құдай-ау, сөйтіп кімді, нені алдағам?
2498

- Басталды ана сұмның «жыры» тағы!..

Көңілдің енді ғайып нұры, таңы.

Жаным да қатар ма еді мәңгі мұз боп,

Мың тәубе! Сенің көзің жылытады!
2499

- Өз атың, айтшы, өзіңе ұнайды ма?

Біртүрлі естіледі былайғыға...

- Оны мен дұрыс демен, теріс демен:

өйткені өзімменен келіспеген.
2500

- Бұл қалай?.. Қонсындың ба Заманыңды,

Жырыңда көп айтыпсың нала, мұңды?

- Жыр емес, оның бәрі – жалыну ғой

Аллаға Адам қыл деп адамыңды!..

* * *
Ақынның өлең – соры, өлең – бағы,

Өйткені сынға түсер өлеңде ары.

Сол армен әлі Фәни драмасын

жазам ба?.. Тірі болсам көремдағы…

Тараз – Алматы – Колорадо (АҚШ) –

Алматы – Астана – Тараз

1995 – 2008 жылдар

МАЗМҰНЫ:


АЛҒЫСӨЗ ОРНЫНА..............................................................................................3
БІРІНШІ ДӘПТЕР...................................................................................................9
ЕКІНШІ ДӘПТЕР..................................................................................................76
ҮШІНШІ ДӘПТЕР..............................................................................................143
ТӨРТІНШІ ДӘПТЕР...........................................................................................211
БЕСІНШІ ДӘПТЕР..............................................................................................278
Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі
files -> Көсемәлі СӘттібай¥лы шарбақтының жалғызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет