«Қаржы және есеп» кафедрасы «Қаржы теориясы»



бет9/12
Дата16.02.2020
өлшемі235,02 Kb.
#58132
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
8 УМКД )АРЖЫ ТЕОРИЯСЫ E


5 Тақырып. Қаржы жүйесі

1. Қаржы жүйесі «Қаржы» экономикалық категориясы механизмінің жұмыс істеу нысаны ретінде

2. «Тар» және қаржы түсініктері, қаржы жүйесі. Мемлекеттің жиынтық ақша-қаржы жүйесі

3. Қазақстан қаржы жуйесінің жалпы сипаттамасы

4. Қаржы жуйесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары

5. Нарықтық тұрақты экономиканы құрудағы қаржы жүйесінің рөлі

6. ҚР қаржы жуйесі және дағдарыс жағдайларындағы оның рөлі
Тақырыптын мақсаты - Қазақстан қаржы жуйесінің жалпы сипаттамасы мен танысу.

Сұрақтардың мазмұны:
Қаржы және коғамдық ұдайы өндіріс. Қоғамдық өңдіріс ауқымдарын өлшеу. Ұдайы өндірістік үдерісті камтамасыз ететін экономикалық категорияның өзара байланысы мен өзара іс-әрекеті. Қоғамның экономикалық ресурстарының күрамды бөлігі ретінде қаржылық ресурстардың үдайы өсуі. «Қаржы» экономикалық категориясы механизмінің жүмыс істеуінің нысаны ретіндегі қаржы жүйесі. ҚР-дың қаржы жүйесі және бәсекеге қабілетгі экономиканың дамуы жағдайында оны жетілдірудің проблемалары. Қаржы жүйесін үйымдастырудың негізгі қағидаттары. Нарықгық түрпаттағы экономиканы күрудагы қаржы жүйесінің рөлі. Қаржы жүйесінің қүрылымына нарьпстық өзгерістердің әсері.

«Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана түсуі болып табылады.

Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды.

Сонымен бірге жалпы институционалдық түрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан - ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы

Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен - мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бүрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын - мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.

Қаржы жүйесі терминінің жоғарыда келтірілген анықтамасында қаржының мәнділік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық процестегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы үлгісі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды:



  1. қаржы қатынастарының жиынтығы;

  2. ақша қорларының жиынтығы;

  3. басқарудың қаржы аппараты.

Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.

Қаржы қатынастарының буындарына тән болып келетін тиісті орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығы қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды.

Мемлекеттің қаржысы - қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекет пен оның шаруашылық субъектілерінің қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен және мемлекеттің қаражаттарын олардың жұмыс істеуімен байланысты шығындарға жұмсаумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттің қаржысы өзіне мемлекеттік бюджетті, мемлекеттік бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті кіріктіреді.

Мемлекеттік бюджет - экономиканы, әлеуметтік-мәдени мұқтаждарды, қорғаныс пен мемлекеттік басқарудың мұқтаждарын қаржыландыруға арналған елдің орталықтандырылған қорын жасаумен және пайдаланумен байланысты ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен пайда болатын ақша қатынастарымен көрінетін экономикалық ка­тегория. Мемлекеттік бюджет орталық (Қазақстанда - республикалық) және жергілікті бюджеттерді (облыстардың, қалалардың, аудандардың бюджеттерін) кіріктіреді.

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар - қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді пайдаланылатын бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың айрықшалықты нысаны.

Қалыптасу көздері: арнаулы мақсатты салықтар, қарыздар, бюджеттен берілген субсидиялар, қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары, ерікті жарналар және қайырымдылықтар болып келеді.

Мемлекеттік кредит - мемлекеттік билік органдарының қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдырумен байланысты мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен, соның ішінде шетелдіктермен және оларды мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруға пайдаланумен байланысты пайда болатын кредит қатынастарының жиынтығы.

Материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржысы қаржылардың негізін құрайды.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының құрамына мыналар кіреді.

Материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және нарықтық экономика жағдайында өзінің қызметін коммерциялық есеп негізінде жүзеге асыратын өндірістік емес сфераның бір бөлігінің қаржысы. Коммерциялық есеп - шаруашылықты жүргізу әдісі, оның мақсаты рентабелділік деңгейде шаруашылық жүргізуді жалғастыруға жеткілікті ең аз шығындармен ең көп табыс алу болып табылады.

Коммерциялық емес сфераның қаржысы. Коммерциялық емес қызмет белгілі бір табыс алуды мақсат етпейді. Бұл сфераны қаржыландыру үшін пайдаланылатын қаржы ресурстары.

Қаржы жүйесіндегі өндірістік емес сфера қаржысының орны мен рөлі оның ұлттық табысты бөлу және пайдалану жөніндегі байланысымен айқындалады.

Қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Халық (азаматтар) өзінің ақша қаражаттарымен жалпымемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірістік және өндірістік емес сфералармен қарым-қатынас жасайды. Бұл сан алуан қатынастар халыққа еңбекке ақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы жүйесінен ақша қаражаттарын төлеумен, материалдық және материалдық емес игіліктерді алумен байланысты; басқа жағынан, халық өзінің ақшалай табысынан салық төлейді, өндірістік және өндірістік емес сфералардың мемлекеттік және басқа мекемелер мен ұйымдардың қызметін төлейді. Мұндай қатынастар айырбасқа жататын сауда органдарында, рыноктарда, халыққа қызмет көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдарда (көлік, байланыс, тұрмыстық сектор жене т.б.) тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға байланысты болатын ақша қатынастарын қоспағанда, қаржы қатынастары болып табылады.

Сақтандыру - шаруашылық жүргізуші субъектілерге келтірілген мүмкін болған зиянды немесе болған сақтық жағдайларының салдарына байланысты отбасыларының кірістеріндегі ысыраптарды өтеуге арналған ақша жарналары есебінен мақсатты сақтық қорларын құру туралы оның қатысушылары арасындағы тұйық қайта бөлгіштік қатынастардың жиынтығы.

Қаржы қатынастарының нысандары мен ақша қорлары басқарылатын материалдық объектіні құрайды. Басқарушы субъект қаржыны басқарудың мемлекеттік және қоғамдық аппараттарының жүйесі - қаржы аппараты болып келеді, бұл қаржы жүйесінің үшінші бөлігі болып табылады.

Бүгінде Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:

- мемлекеттің бюджет жүйесі;

- арнаулы бюджеттен тыс қорлар;

- мемлекеттік кредит;

- жергілікті қаржы;

- шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;

- халықтың қаржысы.

Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жалпымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларга жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.

Қаржы жүйесін құрудың негізіне мынадай қағидалары бар:

1. Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субектілерге кең құқық пен дербестік берілген. Бұл қағида жергілікті қаржы органдарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғары қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындайды.

2. Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау. Аймақтарды дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сияқты бұл қағиданың талаптары қаржы қатынастарында ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады. Қаржы жүйесін құрудағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары құрылымның ұлттық мемлекеттік және әкімшілік аймақтық құрылымына сай келеді.

3. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидалары. Орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттары мен алдын ала айқындалып отырады. Қаржының барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржы ресурстарының басты көздерінің ортақтастығында, олардың қозғалысының өзара байланыстығында, қажетті қаржылық көмек көрсету үшін қаражаттарды аймақтар, салалар арасында қайта бөлуде болып отырады.

4.Қаржы жүйесінің жеке құрамды элементтерінің функциялдық арналымының қағидасы. Қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді. Оған айрықша қаржы аппараты сәйкес келеді. Мемлекеттік бюджеттің ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды республиканың Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.


Әдебиеттер тізімі

[1,2,3] [4,5], [6. 7]




6- тақырып Қаржылық қатынастардың ұйымдық-құқықтық аспектілері

1. Қаржылық саясат және оны іске асырудың механизмі

2. Қаржыны басқару

3. Қаржылық жоспарлау мен болжаудың негіздері

4. Қаржылық қатынастарды құқықтық қамтамасыз ету

5. Қаржылық бақылау


Тақырыптын мақсаты - Қаржылық қатынастардың ұйымдық-құқықгық негіздері мен танысу.

Сұрақтардың мазмұны:

Қаржылық саясат үғымы, мемлекетгің экономикалық және әлеуметгік саясатындағы оның орны. Фискалдық саясат.

Қаржылық саясаттың міндеттері, мақсатгары және қағидаттары. Қаржылық стратегня және қаржылық тактика. Қазақстан Республикасы қаржы саясатының кезендері. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орта мерзімді фискалдық саясатын әзірлеу.

Экономикалық механизм жүйесіндегі қаржылық механизм, оның мазмүны мен қүрылымы. Қаржы механизміне қойылатын талаптар. Қаржылық механизмнің динамизмі.

Қоғамның экономикалық және әлеуметгік мақсаттарьш жүзеге асыруға арналған мемлекеттің қаржылық саясатын әзірлеу.

Акшалай-кредиптік және салықгық- бюджет саясатты үйлестіру аспектілері. Өтпелі кезеңнің қаржылық саясатының ерекшелік- тері. Экономикалық ғаламдану үдерістері және индустриялық-инновациялық стратегияны жүзеге асыру жағдайында. Қазақстанның қаржылық саясатына олардың әсері. Мемлекеттік мақ- сатты және бюджетгік бағдарламаларда қаржылық саясатты көкейтесті ету. Өңірлік қаржы саясаты. Қаржылық механизмнің қүрамы мен қүрылымы. Қаржылық механизмнің динамизмі, түрақгы даму жағдайында оның қаржы жүйесін басқару мен қаржылық жоспарлаудың нысандары мен әдістерінің диалектикасы.

Қаржылық механизмнің етене қосалқы жүйесі ретіндегі қаржыны басқаруды үйымдастыру. Қаржылық механизмнің аса маңызды қосалқы жүйесі ретіндегі қаржылық жоспарлау. Қаржы үдерістерін күқықгық қамтамасыз ету және нормативтік реттеудің қажетгігі. Қаржы жүйесіндегі контроллинг пен мониторинг.

Қаржылық жоспарлаудың мазмүны, оның ерекшеліктері және әлеуметтік экономикалық жоспарлаумен байланысы. Қаржылық болжаудың дамуы.

Қаржылық жоспарлаудың қағидаттары, әдістері кезеңдері. Қаржы жоспарларының жүйесі. Аумақгық қаржылык жоспарлау. Нарықгық ортада қаржылық жоспарлау мен болжауды жетілдірудін негізгі бағыттары. Нәтижеге бағытталған қаржылық жоспарлау.

Қаржылық қатынастарды күқықгық реттеу. Қаржылық қүқық және оның қүрамдас бөліктері. Қаржылық-қүқықтық нормалар, олардың түрлері. Қаржылық-қүқықтық реттеудің әдістері. Мемлекеттің қаржылық қызметі, оны жүзеге асырудың әдістері. Қаржылық-қүқықгық акгілер, олардың түрлері.

Қаржылық бақылау үғымы, оның объективтік шарттастығы, жүргізу алгышарттары. Қаржылық бақылау іс-әрекетінің айрыкша өзгешелігі және сферасы. Қаржьшық бақылаудың қағидаттары мен міндеттері. Нарықгық экономикадағы каржылық бақьшау және оның сыныптамасы. Аудит, оның ерекшеліктері, міндеттері, үйымдастырылуы, тиімділігі.

Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың сферасына қарай экономикалық немесе әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе кредит, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады.

Қаржы саясаты - бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады.

Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын қамтиды. Өз кезегіндегі мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рольді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттарын - ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды. Осы бес бағыттың жиынтығы мемлекеттік саясатты жүргізудің негізгі құралы болып табылатын қаржы саясатын анықтайды.

Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық ерекшеліктеріне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы саясатының басты бағыттарын анықтайды. Үкімет экономиканы дамытудың басты бағыттарын жүзеге асыру және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен осы Жолдаудың шеңберінде іс-қимыл жасауы тиіс. Осыған орай биліктің атқарушы тармағының бір бөлігі ретінде Үкімет қаржы саясатын іске асыруға қажетті заңдардың жобаларын жасайды және оларды қарап, қабылдау үшін Президентке тапсырады.

Мезгілінің ұзақтығына және шешілетін мәселердің сипатына қарай мемлекеттің қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы болып бөлінеді.

Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегиямен анықталып, перспективаға есептелген және ipi ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы.

Қаржы тактикасы қаржы байланыстарын ұйымдастыруды дер кезінде өзгертіп отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған.

Қазіргі кезеңде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттер:

- елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын қамтамасыз етуң

- қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық шаруашылық секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау;

- экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.

Қазақстан жағдайында қаржы саясатының міндеті- экономиканы экономикалық өсудің траекториясына көшіру, ұлттық шаруашылықтың құрылымын одан әрі жетілдіру негізінде шаруашылық өмірді тұрақтандыру, кәсіпкерлік қызметті дамыту, мемлекеттік биліктің үлесін оңтайландыра отырып, меншікті реформалау, сыртқы экономикалық қызметті ұлғайтып, жандандыру, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру жөнінде шаралар жасап, оларды қаржы механизмі арқылы іске асыру болып табылады.

Қаржы саясатының мақсаты- қоғам дамуының аса манызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру. Осыған байланысты қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар жасауға шақырады.

Қаржы саясатын жүргізгенде оның мына қағидаларын жүзеге асырады.


  1. қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

  2. қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі;

  3. қаржы резевтерін жасау (бюджет жүйесінде кірістердің шығыстардан және салалық қаржыларда қаржы резевтерінің асып түсуі);

  4. Мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы қаржы ресурстарын оңтайлы бөлу;

Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы іске асырылады, ол қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің, нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады.

Қаржы механизмінің құрылымы қоғамдық шаруашылықтың жеке бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және қаржы қатынастарының сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы механизмі шаруашылық жүргізуші субъектілердіц қаржы механизмі, сондай-ақ мемлекет қаржысының механизмі болып бөлінеді. Мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді. Аумақтық бөлініске сәйкес республиканың, биліктің жергілікті органдарының қаржы механизмі деп бөлуге болады

Қаржы механизмінің қосалқы жүйесі (бөлігі) оның неғұрлым маңызды қорғаушы күші болып табылады, олар: қаржылық жоспарлау, қаржы тұтқалары мен ынталандырмалары, ұйымдық құрылым және қаржы жүйесінің құқықтық режімі, қаржыны ұйымдастыру.

Қаржыны басқару - бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Қаржыны басқару - бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты. Қаржы механизмі - бұл мақсатқа жетудің құралы. Қаржы саясаты - қаржыны басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістерімен тәсілдері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.

Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерілімдікте, бюджет профицитінде, мемлекеттік борыштың азаюында, ұлттық валютаның беріктігінде, ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің үйлесуінде (үштасуында) көрінетін қаржының тұрақтылығы мен қаржының тәуелсіздігі болып табылады.

Қаржыны басқарудың екі аспектісі бар: біріншіден, мемлекет қаржыны оның нысандарын экономика мен әлеуметтік сфераны басқарудың тетігі, тұтқасы ретінде пайдаланады және сөйтіп, қоғамдық өндірістің бүкіл процесіне ықпал жасайды; екіншіден, қаржының өзі басқарудың объектісі, қаржы қатынастарының нысандары, ақша қорлары, қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелерінің жүйесі басқарылады.

Қаржылық жоспарлау мен болжау - бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған.

Қаржылық жоспарлау - бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады.

Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.

Қаржылық болжау мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу). Болжамдар орташа мерзімді (5-10 жыл) және ұзақ мерзімді (10 жылдан астам) болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатының тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты - болжанған кезендегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады.

Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы мемлекеттің ақшалай табыстары (кірістері) мен қорланымдарын құрудың және пайдаланудың жоспары бо­лып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурс­тарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топқа бөлінеді: жиынтық және бастапқы қаржы жоспарлары.

Жиынтық қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік қаржы ресурстарының қозғалысын негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі жүзеге асыратын қайта бөлу процестерін белгілейді.

Жиынтық қаржы балансы деп орта мерзімді (бесжылдық) кезеңге арналған дамудың жалпы мемлекеттік болжамының қаржылық бағдарламасын айтады. Оны жасаумен Қаржы министрлігінің, Ұлттық банктің белсенді қатысуымен экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі айналысады.

Қаржылық бақылау - қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызмет. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді.

Әдебиеттер тізімі

[1,2,3] [4,5], [6. 7]


7- тақырып Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының теориялық аспектілері

1. Шаруашылық жүргізіші субъектілер қаржысы: жұмыс істеу, ұйымдастыру және басқару негіздері

2. Меншікті қайта құру және оның қаржылық аспектілері

3. Қазақстандағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысын ұйымдастырудың жаңа нысандары

4. Мемлекеттік кәсіпорындардың ұлттық компаниялардың және холдингтердің қаржылары

Тақырыптын мақсаты - Шаруашылық жүргізіші субъектілер қаржысы мен танысу.

Сұрақтардың мазмұны:

Шаруашылық жүргізуші субъектілер каржысы қаржы жүйесінің бастапқы буыны ретінде, үдайы өндірістік үдерістегі олардың рөлі. Шаруашылық жүргізуші субъектілер каржысының функциялары және негізгі белгілері. Бастапқы шаруашьшық буынньщ қаржылық қатынастарын топтастыру. Меншіктің әртүрлі нысандарының шаруашылық органдар қызметінің үйымдық қүқықтық аспектілері. Меншікті өзгертудің қаржьшық аспектілері: мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру, қайта қүрьшымдау. Мемлекеттік кәсіпорындардың каржысы. Ұлтгық компаниялар мен холдингтер қаржысы. Коммерциялық негіздерде жүмыс істейтін шаруашьшық жүргізуші субъектілер қаржысын үйымдастыру қағидатгары. Коммерциялық (шаруашылық) есеп.

Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъекгілердің қаржы қорлары, оларды қалыптастыру мен пайдаланудың негіздері. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің шығындары. Жалпы табыс, таза табыс, оны бөлу. Компаниялардағы, фирмалардағы қаржылық менеджмент, оларды жүзеге асырудың шарттары. Коммерциялық емес қызметгің сипатгамасы, олардың түрлері.

Коммерциялық емес сферада шаруашылық жүргізу әдістері. Ұйымдар мен мекемелерді қаржыландырудың көздері. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының жүмыс істеуінің ерекшеліктері. Шаруашылық ясүргізуші субъекгілер қаржысының негізгі белгілері. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сыныптаудың критерийлері. Коммерциялық және коммерциялық емес қызмет, шаруашылық жүргізуші субьек- тілер қаржысын үйымдастыруға оның әсер етуі. Бірікгірілген корпоративтік қүрылымдардың және олардың қаржысының да- муы. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы менеджменті. Фирманың қаржылық стратегиясы мен тактикасы. Нарықт жағдайында қаржыны үйьгмдастыру кағидатгарының дамуы. Коммерциялық есеп.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жай-күйі мен қаржы орнықтылығының көрсеткіштері. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері, қаржьшандыру көзі ретіндегі бюджеттік қаражаттардың рөлі.

Шаруашылық жургізуші субъектілердің қаржысы - бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы өзіне қоғамдық пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылықаралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы жалпы қаржылар сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бөлу функциясының ерекшелігі қаражаттардың жеке-дара ауыспалы айналымының процесінде өндірілген өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер негізінде бөлінетігінде болып отыр, мұның өзі қаржының ұдайы өндіріс процесінде құнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды. Бөлу -өндіру мен тұтыну арасындағы баланыстырушы буын болып табылады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды рол атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілерімен, жоғарғы ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара қарым-қатынастарында да жүзеге асырылады.

Атауға болады:



  1. қаржы қатынастарының көпқырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;

  2. өндірістік құралдардың (капиталдардың) міндетті болуы және оларды қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байла­нысты қатынастардың пайда болуы;

  3. жоғары белсенділік шаруашылық қызметінің барлық жағына әсер ету мүмкіндігі;

  4. шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы бүкіл қаржы жүйесінің айқындаушы негізі болып табылады.

Шаруашылық жүргізуші субектілердің қаржысы деп- өнім (жұмыс, қызметтер көрсету) өндіріп, сату кезінде ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды айтады.

Меншік нысандарына қарай шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорларын қалыптастырудың ерекшеліктері болады. Мысалы: өндірістік кәсіпорындардың қаржы қорлары мына көздер есебінен құралады: меншікті көздер (амортизациялық аударымдар, табыс, және т.б); банк несиелері; бағалы қағаздар шығарудан түскен қаражаттар; мемлекеттік кәсіпорындарда қаражаттардың бұл көздері қажет жағдайда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтерде- кооператив мүшелерінің үлестік жарналарының қаражаттары.

Қазақстан Республикасы Президентінің "Шаруашылық серіктестіктері туралы" заң күші бар жарлығына сәйкес шаруашылық серіктестігі - жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және занды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым. Шаруашылық серіктестіктің мынадай нысандары белгіленген: 1) толық серіктестік; 2) сенім серіктестік; 3) жауапкершілігі шектеулі серіктестік; 4) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік; 5) акционерлік қоғам.

Кәсіпорынға қатысты уәкілді орган меншік иесінің және мемлекеттік басқару органдарының басқару функцияларын орындайды. Меншік иесі кәсіпорындарды құру, оның қызметінің предметі мен мақсаттары, қайта ұйымдастыру және тарату, мүліктің сақталуын бақылау мәселелерін шешеді. Меншік иесінің кәсіпорын мүлкін пайдаланудан түскен таза табыстың бір бөлігін алуға құқығы бар. Меншік иесіне аударуға жататын таза табыстың үлесі уәкілді органның Қаржы министрлігімен келісілген пайданы бөлудің жыл сайын анықталатын таза табысты бөлу нормативтеріне белгіленеді.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын қызметінің сан алуан сферасында құрылып, іс-әрекет етуі мүмкін. Ал жедел басқару құқығындағы мемлекеттік мүлікке ие кәсіпорын қазыналық болып табылады.

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп- өндірістік капиталдарды қалыптастыру, өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржы ресурстарын жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады.

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі бір қағидаларға негізделген:

- коммерциялық шаруашылық есеп (қаржылық қызмет саласындағы дербестік, өзін-өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру, қаржы шарушылық қызметінің қорытындысына ынталылық, оның нәтижелері үшін жауаптылық, кәсіпорынның қызметіне бақылау жасау болып табылады;



  • жоспарлылық;

  • меншіктің барлық нысандарының теңдігі;

  • қаржы резевтерінің болуы.

Шаруашылық қаржы қызметі процесінде кәсіпорын мен ұйымдар қаржы қорларын белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады. Қорлардағы ақша қаражаттары үнемі қозғалыста болады: түседі, қорланады, жұмсалады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істеуі үшін неғұрлым елеулілері мен маныздылары мына қорлар болып табылады: жарғылық, резервтік капиталдар, қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбекке ақы төлеу қоры, валюталық, жөндеу қорлары.

Жарғылық капитал- мемлекет басқа меншік иесі немесе құрылтайшы берген кәсіпорын мүлкінің мөлшерін сипаттап көрсетеді және алғашқыда шаруашылық жүргізуші субъектілерді құрғанда өндірістік капиталды, материалдық емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың көзі болып табылады.

Тұтыну қоры мыналарды кіргізеді- бүкіл қызметкердің (өндірістік және өндірістік емес) еңбегіне ақы төлеу шығындары; ақшалай төлемдер, соның ішінде жылдың қорытындысы бойынша сыйақылар; еңбегі үшін ынталандырудың басқа түрлеріне жіберілетін ақша және натуралдық нысандардағы қаражаттар; материалдық көмек; еңбек және әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге жұмсалатын қаражаттар; қызметкерлердің акциялары мен салымдары бойынша мүлікке төленетін табыстар; Қорлану қоры: кәсіпорынның қарамағында қалатын табыс; негізгі капиталды қалпына келтіруге жұмсалатын амортизациялық аударымдар; шығып қалған мүлікті өткізуден түсім-ақша; банктердің несиелері; басқа да көздер есебінен қалыптасады.

Жөндеу қоры: кәсіпорындарда негізгі капиталдарды жөндеудің барлық түрлерін: күрделі, орташа, ағымдағы түрлерін жүргізу үшін жасалады, олар өнімнің, жұмыстар мен қызметтер көрсетудің өзіндік құны есебінен қаржыландырылады.

Валюта қорлары: кәсіпорындар мен ұйымдардың валюта қаражаттарының есебінен мына көздерден қалыптасады: экспорттық валюталық түсім-ақшадан; жарғылық капиталға түсетін жарналардан; банктердің, солардың ішінде шетел, басқа қаржы мекемелерінің және шетелдік заңды тұлғалардың валюталық несиелерінен; ішкі валюта рыногында өкілетті банктер мен айырбастау пунктері арқылы валюта сатып алу; бейрезиденттер көрсететін қаржы көмегі.
Әдебиеттер тізімі

[1,2,3] [4,5], [6. 7]



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет