«Қаржы және есеп» кафедрасы «Қаржы теориясы»


- тақырып Рыноктық экономикадағы мемлекет қаржысы



бет10/12
Дата16.02.2020
өлшемі235,02 Kb.
#58132
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
8 УМКД )АРЖЫ ТЕОРИЯСЫ E
1 ӨЗІК ЖҰМЫС Документ Microsoft Office Word (3)

8- тақырып Рыноктық экономикадағы мемлекет қаржысы

1. Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы

2. Мемлекеттің табыстары мен шығыстары

3. Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру

4. Мемлекеттік бюджет және бюджет жүйесі

5. Жергілікті қаржыларды ұйымдастыру

Тақырыптын мақсаты - Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы мен танысу.
Сұрақтардың мазмұны:

Мемлекетгің қаржысы, қаржылық қатынастар жүйесіндегі олардың орны мен рөлі. Мемлекет қаржысының құрамы, олардың буындарының қысқаша сипатгамасы.

Мемлекеттің қаржысы және қоғамдық прогресс. Қаржының өндірістегі және коғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтерді қамтамасыз етудегі рөлі. Мемлекеттің фискалдық саясаты. Мемлекеттің табыстары, олардың диалектикасы. Мемлекеттің шыгыстары. Салықтар, олардың мәні, функциялары. Салық салудың қағи- даттары және салықгарды үтымды үйымдастырудың қағидаттары. Салық жүйесі. Салық қызметі.

Түрлі белгілері бойынша салықтардың сыныптамасы. Қазақстан Республикасындағы салыктардың түрлері. Мемлекеттік бюджеттің мәні, оның айырмашылық белгілері. Мемлекеттік бюджеттің күрылымы, кірістері мен шығыстары, олардың қүрамы мен қүрылымы. Бірыңғай бюджеттік сыныптама. Бюджетаралық қатынастар. Бюджеттік үдеріс, оның кезендері. Жергілікті қаржылардың мәні, қаржы жүйесі қүрамындағы оның орны. Жергілікгі бюджеттердің кірістері мен шығыстары. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың қажеттігі және мәні. Бюджеттен тыс қорлардың сыныптамасы. Әлеуметтік бюджетген тыс қорлар. Экономикалық арналымның бюджетген тыс қорлары. Үлтгық әлауқат қоры. Қазақстан Республикасының ұлттық қоры.

Мемлекеттік кредиттің мәні мен маңызы, функциялары; түрлері, нысандары, және, әдістері. Қазақстанда сырткы әконо- микалық қызметгің даму бағыттары.

Елдің төлем балансы. ҚР-ныңинновациялық-индустриалдықдамуынкаржыландыру. Халықгы әлеуметтік қорғауды қаржылық қамтамасыз ету. Бюджетгік және салықгық ретгеу. Қазақстан Республикасының бюджет және салық жүйелері, нарықгық экономика жағдайында оларды кұруға қойылатын негізгі талаптар. Мемлекеттік кредит пен мемлекеттік борышқа қатысты саясат. Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты және қаржылық реттеу.

Кез-келген қоғамда мемлекет бірқатар факторларға: қоғам дамуының таңдап алынған үлесіне, саяси құрылысына, қалыптасқан дәстүрлерге, сыртқы факторларға қарай экономикалық қызметке қатысады. Жалпы мемлекеттің қоғамдағы экономикалық қызметі оның мына функцияларында бөлінеді:


  1. экономикалық дамудың қалыпты дамуына құқықтық базаны анықтау;

  2. монополиялық қызметті шектеу және бәсекелестікті қорғау;

  3. табыстар мен байлықты қайта бөлу;

  4. экономиканы тұрақтандыру;

  5. ресурстарды қайта бөлу.

Аталған функциялардың іс-әрекеті тікелей немесе жанама түрде “қаржы” категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді. Анығырақ айтсақ табыстар мен байлықты қайта бөлу, экономиканы тұрақтандыру, ресурстарды қайта бөлу функцияларында көрінеді. Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру жөніндегі іс-қимылы экономикалық жағдайдың ауытқуларын туғызатын жұмыспен қамтылуы және инфляция денгейін бақылауды, сондай-ақ экономикалық өсуді ынталандыру жөніндегі шараларды қамтиды. Экономикалық ресурстарды қайта бөлу екі жағдайда нарықтық жүйенің жетілмегендігінен барып туады:

  1. бірқатар тауарларды өндірудің тепе-тендік көлемінің олардың оңтайлы көлемінен ауытқуы;

  2. ресурстарды бөлуден рыноктың бас тартуы немесе қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді ұлғайту мен өндіру үшін оларды жеткілікті бөлу.

Бұл жерде бірінші жағдайды талқылайтын болсақ, тауарлар мен қызметтер көрсетудің бірқатарын өндіру немесе тұтыну, бұл тауарларды тікелей өндіруші немесе тұтынушылар болып табылмайтын субъектілерде шығын тудырады немесе пайда келтіреді. Бұл құбылысты “жанама нәтижелер” немесе “құйылымдар” деп атайды және бұл шаруашылық процестердің қатысушылары емес адамдардың немесе топтардың пайдалары немесе шығындары болып табылады.

Құйылым шығындарына айналадағы ортаның ластанумен, шудың, тербелістердің, түрлі қолайсыздықтардың болуымен байланысты шығындар жатады. Бұл жағдайда өндірушілер өздерінің шығындарының бір бөлігін халыққа аударып салады және өндірушілердің шығындары азаяды. Нәтижесінде өндірушілерде өндірістің үлкен көлемі болуы мүмкін, демек, бұл тауарларды өндіру үшін ресурстар көбейтілген көлемде түсетін болады.

Құйылым шығындарын теңестіру үшін мемлекет ұсынымды мынадай реттеуші шараларды жүргізеді:


  • қызметті заңнамалық шектеу немесе оны зиянды әсер болмайтын жағдайларға жеткізу талабы; мұндай қызметтің нормалары мен стандарттарын сақтау шығындарды арттыруға және тепе-тең және оңтайлы көлемінің сәйкестігіне жеткізеді;

  • құйылым шығындарына тең немесе жақын арнаулы салықтарды енгізу, бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы шығындарын арттырады және тепе- теңдіктің жай-күйін қамтамасыз етеді.

Бұл жағдайларда өнімге немесе қызмет көрсетуге ресурстарды тым көп бөлу жойылатын болады.

Құйылым пайдалары: білім беру, санитарлық-профилактикалық шаралар, медициналық көмек, ауа райын болжау, өрттен қорғау және басқа бірқатар қызметтер көрсету жасайды, бұлардан пайданы бұл игіліктерді нақты пайдаланушылар ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғам да алады. Бұл қызметтер көрсетуді нақты пайдаланушылар тек нарықтық сұранымды қалыптастырады, ал құйылым пайдалары ақиқаттық мөлшерге дейін сұранымды толықтырады және қызмет көрсетудің қажетті көлемін белгілейді, яғни жеткіліксіздігін сипаттайды.

Құйылымдар пайдалары кезіндегі мемлекеттің реттеуші іс-қимылдары сұраным мен ұсынымды көбейтуге бағытталған. Сұраным тұтынушыларды құйылым пайдаларын тудыратын тауарлар немесе қызметтер көрсетуді сатып алу үшін қосымша сатып алуға жарамдылықпен қамтамасыз ету жолымен арттырылады. Ұсыным өндірушілерді қаражаттандыру жолымен арттырылады, бұл олардың шығындарын азайтады және өндірістегі кеңейтуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика мен социумдағы сан алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылымен байланысты. Мемлекет ( өзінің билік пен басқару органдары арқылы), бір жағынан, жеке кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар, басқа жағынан, бұл сферадағы ақша қатынастарының субъектілері болып табылады.

Ішкі ұлттық өнімнің өсуімен салыстырғанда мемлекеттің шығыстары көлемінің озыңқы қарқынмен өсуі мемлекеттің қаржыларына тән сипат болып табылады. Бұл құбылыс 19 ғасырлардағы неміс экономисі Вангердің заңы –“Өспелі мемлекеттік белсенділік заңы” ретінде белгілі.

Мемлекет қаржысының функциялары экономикалық категория болып келеді: бұл- бөлу мен бақылау функциялары.

Бөлгіштік функциядағы мемлекеттің қаржысын неғұрлым толық сипаттау үшін мемлекеттің реттеуші іс-қимылдарының қажеттігінен туындайтын құрамдас қосалқы функцияларды көрсетеді.


  1. орналастыру;

  2. қайта бөлгіштік;

  3. тұрақтандыру қосалқы функциялары.

Мемлекеттің қаржысы республикалық және жергілікті (муниципалдық) денгейде іс-әрекет етеді және мемлекеттік бюджетті, бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті, мемлекеттік және жергілікті кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларына қіріктіреді. Экономикалық және әлеуметтік сфераға мемлекеттік басшылықтың денгейіне қарай мемлекеттің қаржысы жалпымемлекеттік(республикалық) және жергілікті( муниципалдық ) қаржылар болып бөлінеді.

Мемлекет қаржысының құрамында республикалық және жергілікті денгейлерде қалыптасатын бюджеттік қатынастар мен өзара байланыстар маңызды рол атқарады. Бюджеттік қатынастар көмегімен мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржылық әдіспен қайта бөлінетін ұлттық табыстың едәуір бөлігі жұмылдырылады. Түрлі денгейдің бюджеттері республикалық, жергілікті бюджеттер тиісінше өкімет пен басқарудың республикалық және жергілікті органдары үшін тірліктің қаржы базасы болып табылады.

Қазақстан Республикасы аумағында жалпы функцияларды орындау үшін республикалық (орталық) бюджет қалыптастырылады. Оның ресурстары мемлекеттік мақсатты кешенді бағдарламаларды қаржыландыруға, республикалық функцияларды орындауға, сондай-ақ қарулы күштер мен басқару органдарын ұстауға байланысты мемлекет шығыстарын қамтамасыз етуге арналған.

Бюджеттік қатынастар жүйесінде жергілікті бюджеттерге маңызды орын беріледі. Жергілікті бюджеттер көбінесе экономикалық процестерді реттеу үшін пайдаланылады, өндіргіш күштерді орналастыруға ықпал етеді, жергілікті кәсіпорындар шығаратын өнімнің бәсікелестік қабілетін арттыруға, аумақтық инфрақұрылымды қаржыландыруға жәрдемдеседі. Жергілікті бюджеттер әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруда зор роль атқарады.

Мемлекеттік сектордың жұмыс істеуі мемлекеттік меншіктің болуына негізделген. Меншікті жіктеу тұрғысынан мемлекеттік заңды ұйымдардың мүлкі және мемлекеттік қазына болып бөлінеді.

Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкі заңмен бекітілген және мемлекттік кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысының жұмыс істеуінің негізін құрайды. Олардың қызметінің ерекшеліктері “Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы” бөлімінде баяндалған, өйткені мемлекеттік сектор кәсіпорындарының өзіндік қаржы жүйесінің бұл буынының барлық субъектілері үшін ұқсас және басқарудың біртұтас қағидасына бағынады.

Мемлекеттік қазына республикалық және жергілікті қазына болып бөлінеді. Республикалық қазына мыналарды қамтиды:


  • республикалық бюджеттің қаражаттары;

  • мемлекеттің алтын-валюта қаражаттары;

  • мемлекеттік меншіктің айрықша құқығының мүлкі (жер, оның қойнауы, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа табиғи ресурстар);

  • республикалық меншікке жататын оқшауландырылмаған мүлік.

Мүлік иесі талап етпеген иесіз мүлік, тәркіленген, мұралану құқығы бойынша мемлекетке берілген өлген адамнан қалған мүлік(иесіз мүлік), мемлекетке қазынаға өткізуге немесе беруге жатады.

Жергілікті қазына мыналарды қамтиды:

  • жергілікті бюджеттің қаражаттары;

  • коммуналдық меншікке жататын оқушауландырылмаған мүлік.

Мемлекет қаржысының іс-әрекеті кезінде өзара тығыз байланысты екі процесс пайда болады: мемлекеттік құрылымдардың қарамағында қаржы ресурстарын жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттің әртүрлі қызметтеріне пайдалану. Бұл процестердің алғашқысы өзінің көрінісін мемлекеттің кірістер ұғымында, екіншісі мемлекеттің шығыстарында табады.

Мемлекеттің кірістері деп- экономикалық қатынастардың жүйесін айтады, бұл қатынастардың процесінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы.

Жиынтық қоғамдық өнімді бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, жеке кәсіпорындардың, шаруашылық ұйымдардың және халықтың бастапқы табыстары жасалынады. Бастапқы табыстар бөлу мен қайта бөлудің күрделі процестеріне ұшырайды, мұнда маңызды ролді қаржы орындайды. Бұл процестердің нәтижесінде ақша қорлары, ең алдымен бюджет қоры жасалынады.

Мемлекеттің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен байланысты болатын қаржы қатынастарының бөлігі ретінде көрінеді. Сонымен бірге жұмылдырылатын мемлекеттің қаржы ресурстары орталықтандырылған кірістер қатарына, мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағына қалғандары орталықтандырылмаған кірістерге жатады.

Орталықтандырылған қаржы кірістері негізінен салық түсімдері, сыртқы экономикалық қызметтен алынатын кірістер, халық төлемдері есебінен қалыптасады.

Орталықтандырылмаған қаржы кірістері кәсіпорындардың өздерінің ақшалай табыстары мен қорланымдарынан құрылады. Мемлекеттің орталықтандырылған кірістерінің құрамында басты орынды бюджеттің кірісі алады, оның есебінен қоғамды дамытудың экономикалық және әлеуметтік міндеттерін шешу қамтамасыз етіледі.



Әдебиеттер тізімі

[1,2,3] [4,5], [6. 7]


9- тақырып Үй шаруашылықтарының қаржысы
1.Халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржысы - қаржы жүйесі элементтерінің бірі

2.Үй шаруашылықтарының қатысуымен ресурстардың толық айналымы

3.Үй шаруашылықтарының қаржысының функциялары

4.Үй шаруашылықтарының қаржылық ресурстары


Тақырыптын мақсаты - Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы мен танысу.

Сұрақтардың мазмұны:

Үй шаруашылықтарының қаржысының мәні, олардың функ- цияларының мазмұны.

Үй шаруашылықтарының қаржы ресурстарының ұғымы, олардың құрылымы мен құрамы. Үй шаруашылықтарының бюджеті. Үй шаруашылықтарының табыстары және оларды сыныптау.

Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі, оның түрлері. Халықтың түрмыс деңгейін мемлекеттік ретгеу. Күнкөріс минимумы және түтыну себебінің қүны, оларды анықтаудың амалдары. Кедейлік, кедейлік индикаторлары. Мемлекеттік әлеуметгік трансферттер. Зейнетақымен қамсыздандьтру. Мемлекеттік жәрдемақьшар.

Халықтың әлеуметтік топтарының табыстарын салықтық- бюджетгік реттеу. Лоренстің ауытқымасы.

Үй шаруашылықтарынын шығыстары, олардың сыныптамасы және қүрылымы. Ақшалай шығыстар. Түпкі түтыну мен қорлануға жүмсалатын үй шаруашылықтарының шығыстары.



Үй шаруашылықтары экономикалық қызметтің маңызды субъектілерінің бірі болып келеді, олардың нәтижелерінен жеке шаруашылық бірлігінің ғана емес, жалпы елдің бүкіл халқының әл-ауқаты тәуелді болады. Экономиканың аса ірі субъекті бола отырып коммерциялық кәсіпорындармен және мемлекетпен бірге үй шаруашылықтары барлық макрореттеуші үдерістерге қатынасады. XXI ғасырдың басында экономиканың жандана түсуі үй шаруашылықтарын белсенді тіршілік етуге жеткізді:

Үй шаруашылықтары экономикалық агенттер ретінде негізінен отбасы мүшелерінің тіршілік әрекетін қолдауға қажетті игіліктерді тұтыну туралы шешімдер қабылдайды. Ақыр аяғында барлық экономикалық ресурстар үй шаруашылықтарына жатады, бірақ бұл ресурстар олардың арасында өте әркелкі бөлінген. Үй шаруашылықтарының басым көпшілігі жұмыс күшін иеленіп, басқарады. Рыноктық экономикада жұмыс күші үй шаруашылығы шеңберінде жасалатын және өндіріс факторлары рыногында ұсынылатын негізгі тауар болып табылады. Өзінің ресурстарын сатудан табыс ала отырып, үй шаруашылықтары әр түрлі тұтыну игіліктерін сатып алу үшін шектелімді табыстарды бөлу туралы шешімдер қабылдайды. Үй шаруашылықтарының басты экономикалық мүддесі сатып алынатын игіліктердің пайдалылығын барынша көбейтуде болып келеді. Үй шаруашылықтарының тұтыну игіліктерін таңдауы рыноктық экономикада сұранымды қалыптастырады.

Экономикада үй шаруашылықтары мен кәсіпорындардың (фирмалардың) арасында айырбас болып жатады. Үй шаруашылықтары ресурстарға иелік етеді және оларды ресурстар рыноктары арқылы фирмаларға береді. Фирмалар ресурстарды пайдаланады, өнімдер өндіреді және тауарлар мен қызметтер рыноктарына жеткізеді. Үй шаруашылықтары мен басқа субъектілер арасындағы өзара іс-қимылдар нәтижесінде экономикада өндірістің жалпы көлемі қалыптасады.

Үй шаруашылықтарының қаржысы, тұтас алғанда қоғам қаржысы сияқты, шаруашылық мүшелерінің материалдық және әлеуметтік жағдайларын және олардың ұдайы өндірісін қамтамасыз ету мақсатында ақшалай қорларды қалыптастыру және пайдалану жөніндегі экономикалық ақшалай қатынастар болып табылады. Жеке отбасы деңгейінде қаржы жүйесінде буын бола отырып, ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының бастапқы әлементі болып келеді. Ішкі жалпы өнім мен ұлттық табыстың құнын жасауда, алғашқы бөлуде және пайдалануда шешуші маңызы болатын коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысынан айырмашылығы үй шаруашылықтарының қаржысы қаржы жүйесінің басым буыны болған емес және қаржылық қатынастардың жалпы жиынтығында маңызды болғанымен бағынышты рөл атқарады.

Үй шаруашылықтары қаржысын «адами капиталдың» дамуы тұрғысынан қарастырған маңызды. «Адами капитал» тұжырымдамасы өткен жүз жылдықтың 60-жылдарының басында тұңғыш рет Т.Шульц ұсынды. «Адами капитал» деп жұмыскерлердің қабілеттілігін, білімін және іскерлігі түсініледі, олар жұмыскерлерге әлеуметтік және экономикалық салаларда белсенді іс-әрекет етуге мүмкіндік береді. Бұл сапалар, бірінші кезекте, ұлттың білім және денсаулық деңгейімен айқындалады. Адами капиталдың негізгі әлементтеріне, Г.Беккердің ұсынылымына сәйкес мыналар жатады:

  • білім капиталы (жалпы және арнаулы білімдер);

  • өндірістегі даярлық капиталы (біліктік, машық, өндірістік тәжірибе);

  • денсаулық капиталы;

  • экономикалық мәнді ақпараттарға ие болу (бағалар мен табыстар туралы ақпараттылығы);

  • көші-қон капиталы (жұмыскерлердің жұмылдырылғыштығын қамтамасыз етуші);

  • экономикалық қызметтің уәждемесі.

Осыдан «адами капитал жұмсалатын инвестиция» яғни адам дамуына қаражаттар жұмсау, қызметтің таңдамалы сферасында шеберлікті арттыру, адами тұрмысының рухани және табиғи жақтарын жетілдіру ұғымы дамыды. Адами капиталға жұмсалатын инвестициялардың жалпы экономикалық сипаттамасы олардың рентабелділігі нақты капиталдағы пайдалылықтан әлдеқайда көп болып табылатындығына. Бұл тұжырымдар дамыған капиталистік елдерде ағарту және кадрлар даярлау сферасынын теңдесті дамуы үшін теориялық негіздеу болды. Адами капиталдың бірнеше қағидатты маңызды қағидаларын бөліп көрсетуге болады:

  • адами ресурстарды сақтау және дамыту қоғамның ұзақ мерзімді экономикалық дамуы үшін негіз болып табылады;

  • адами капиталдың сапасы Ұлттық білім, ғылым, мәдениет және денсаулық денгейімен айқындалады;

  • адами капитал ұдайы өндірілетін капиталдың кез келген басқа нысаны сияқты, тозуы мүмкін және тұрақты қолдауды талап етеді;

  • адами капитал құнсызданады, егер оның сапасына (білім, денсаулық, ғылым және басқалары) әсер ететін факторлар нашарласа.

Ішкі мүмкіндіктермен қамтамасыз етілетін үй шаруашылықтарының едәуір әлеуеті жөнінде ІЖӨ-дегі үй шаруашылықтары жасайтын өнім мен қызметтердің салыстырмалы жоғары және әрдайым көбейіп отырған үлесі растайды (17,6 %, соның ішінде: 16,9 % үй шаруашылықтарының секторы бойынша және 0,7 % үй шаруашылығына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдарының секторы бойынша). ІЖӨ-ні нақты түпкілікті тұтынуға пайдалануда үй шаруашылықтарының секторы 50,7 %-ды алады.

Үй шаруашылықтары қаржысының мәні өзінің көрінісін функцияларда табады. Г. Б. Поляктың пікірі бойынша ол екі негізгі функцияларды орындайды: отбасының қажеттіліктерін ақшалай қаражаттармен қамтамасыз ету; бөлу.

Бірінші функция бұл отбасы мүшенің өмір сүруінің нақтылы жағдайларын жасайды. Рыноктық қатынастардың дамуы бұл функцияның көріну нысанына айтарлықтай әсер етті. Тауар-ақшалай қатынастардың, рыноктың пайда болуының, онан кейін оның ұлғаюының нәтижесінде мыналар болды:

1) отбасының материалдық, әлеуметтік, мәдени және өзге қажеттіліктерінің көбеюі;

2) үй шаруашылығының ақшалай қаражаттарының жасалуы және өсуі;

3) ақшалай қордың - материалдық игіліктермен қамтамасыз етуге арналған отбасы бюджетінің пайда болуы.

Үй шаруашылықтары қаржысының бөлгіштік функциясы ұлттық табысты алғашқы бөлуді және отбасының алғашқы табысының қалыптасуын қамтиды. Үй шаруашылығының қаржылық қатынастары мынадай екі топты кіріктіреді:

1) осы шаруашылық бірлігімен қаржы жүйесінің буындары арасындағы мемлекеттің қаржысымен - бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен және коммерциялық ұйымдар мен кәсіпорындар қаржысы арасындағы қатынастар, нәтижесінде жалақы, зейнетақылар, жәрдемақылар және т.б. түріндегі алғашқы табыстар жасалады.

2) үй шаруашылығы мүшелерінің арасындағы қатынастар, бұл кезде оқшауланған ақшалай қорларды жасай отырып, қаражаттар бөлінеді және оқшауланады. Үй шаруашылығы ішінде қаражаттардың оқшаулануы әр түрлі баламалылықты жоққа шығара отырып, меншік иесін өзгертпейді.

Бұл функция үш дәйекті баспалдақты кіріктіреді: ақшалай қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдалану. Үй шаруашылығы қаржысының екі функциясы өзара байланысты және бірін-бірі толықтыра отырып бір уақытта іс-әрекет етеді.
Әдебиеттер тізімі

[1,2,3] [4,5], [6. 7]




6. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсынысы

Оқу-әдістемелік кешенде студенттің курс бойынша материалдарды игеруі үшін қажетті материалдар толық қамтылған. Өзіндік жұмыс тапсырмалары үшін әдебиеттер тізімі де ұсынылған. Курс бойынша жақсы балл алу күнделікті сабаққа қатысымынсыз мүмкін емес. Сондықтан студенттер сабақ кезінде сабаққа белсенді қатысуға қызығушылық білдіруі керек. Себебі, қорытынды бағаны көтеру үшін белгілі бір пайыз көлемін иеленеді. Барлық тапсырмалар берілген уақытында орындалуы керек және материалдарды талқылау үшін дайындықпен келуі керек. Сонымен бірге студент сабақ барысында қажетті ақпараттарды ала алады. Аралық бақылауды және қорытынды емтиханды кешігіп тапсыруға және қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. Магистранттардың білімі практикалық және МОӨЖ сабақтарында бағаланады.



Практикалық сабақта студенттер дәріс сабағында алған білімдерін қаншалықты терең түсінгендігін дәлелдейді және қосымша материалдар бойынша сабақ айтады. Уақыт шектеулігіне, студенттер санының көптігіне байланысты сабақта тақырып бойынша тест тапсырмаларына жауап беруге болады.

Магистранттардың Студенттердің оқытушының жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмыстары (МОӨЖ) бойынша өткізілетін сабақтарда келесідей нысанда өткізіледі: тақырып бойынша сұрақтарды талқылау, баяндама мен мәнжазбаларды талқылау, студенттің тақырыпқа қатысты сұрақтарына жауап беру.Талқылауға арналған сұрақтар – студенттің дәріс сабағында алған теориялық білімін бекітуге мүмкіндік беретін МОӨЖ-да орындалатын тапсырмалардың бірі. Оған студенттер алдын-ала берілген сұрақтарға үйден дайындалып, сабақ барысында оны ортаға талқылауға салады. Сұраққа қатысты әрбір студент өз ойын білдіруге мүмкіндік алады және олардың талқылау нәтижесінде мол ақпарат алуына жол ашылады.

МӨЖ тапсырмалары студенттің өз бетімен орындайтын келесідей тапсырмаларды қамтиды: өз бетімен қосымша ізденуге мүмкіндік беретін сұрақтар тізімі, мәнжазба және баяндама тақырыптары, аралық бақылау тапсырмалары (коллоквиум сұрақтары) және емтихан сұрақтары.

Мәнжазба – магистранттардың өзіндік жұмыстары үшін берілетін тапсырманың кең тараған және маңызды түрі.

Мәнжазба жазу төмендегідей тәртіпте жүзеге асырылады:



  1. Мәнжазба тақырыбы оқу жылының басында студенттерге таратылады;

  2. Мәнжазба тақырыбын таңдау «таңдау еркіндігі» принципіне негізделе отырып жүргізіледі;

  3. Мәнжазба жазуға студенттің қабілетіне және тақырыптың күрделілігіне байланысты 1 ай, 1 семестр уақыт беріледі;

  4. Мәнжазба жазбаша формада аттестация уақытына дейін қорғалады.

Мәнжазба төмендегідей бөлімдерден құрылуы керек:

  • кіріспеден;

  • негізгі мәтіннен;

  • қорытындыдан;

  • пайдаланылған әдебиеттен.

Мәнжазбаны орындауды 6 кезеңге бөлуге болады:

  • тақырып таңдау;

  • әдебиет таңдау және оқу;

  • мәнжазба жоспарын құру;

  • нақты және статистикалық материалдарды жинау және өңдеу;

  • мәнжазба жазу;

  • мәнжазбаны қорғау.

Мәнжазба тақырыбы ұсынылатын тақырыптардың ішінен өз бетінше таңдалады. Кей жағдайда тізімде болмаған тақырыпты студент өзі ұсына алады. Тақырыбы таңдалғаннан кейін каталог бойынша қажет әдебиет тізімі қаралып, таңдап оқылады. Студенттің басты міндеті – қазақстандық, ресейлік және шетелдік әдебиеттің ішінен тек мәнжазбаның таңдалған тақырыбына қатысты сұрақтарды мазмұндайтын оқулықтар, журналдар мен мақалаларды ғана таңдау. Әдебиетті таңдап оқығаннан кейін студент мәнжазбаның мұқият ойластырылған жоспарын құруы керек, ол оның негізгі сұрақтарын неғұрлым толық ашуға мүмкіндік береді. Жоспар – бұл мәнжазбаның негізі, оның қалай құрылғанынан барлық жазбаша жұмыстың деңгейі тәуелді болады.

Әдебиет таңдалып, жоспар құрылып, нақты материалдар алынып және сәйкесінше өңделгеннен кейін мәнжазба жазуға көшуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет