Арман да, арман, шын арман



бет3/8
Дата05.11.2016
өлшемі4,7 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

1 Қолқа батыр - Созақтың ұлы, аты Дауыл екен. Қолбасылыққа қолқалап әкелгендіктен, Қолқа батыр атаныпты
Төлеге хатшы қылды Естанайды,

Ақынды ойлы адам деп ес санайды.

Әр жүздің өз алдына міндеті бар,

Барлығы бір орынға тоқтамайды.


Кезінде келелі іске ақыл қосып,

Жауабын біреуінің бірі тосып.

Басқарып берекемен бәрін Майқы,

Жұртшылық разы болды мақұл десіп.


Майқы би жария етті мұны жұртқа,

Еліне үш кемеңгер болған тұтқа.

Ой жұмсап, ақыл қосып, заң шығарсақ,

Пайдалы бірдей болса іш пен сыртқа.

Сондағы заңы мынау шыққан жазып,

Кетпеуге шетке адасып бұдан азып.

Білімді Төле бидей данышпан бар,

Майқы би барлығына алтын қазық.


Адам құны
Бірінші бітім жолы қалмақпенен,

Әр істі ой жүгіртіп талдап көрген.

Ереже шығарыпты жеті түрлі,

Ойласып жан-жақтылы салмақпенен.

Құн заңы бұрынғыдан жеңілдетіп,

Тармақтап жікке бөліп талдапты ерен.

Ұсыныс кәуірге арнап жазған екен,

Осындай қысылтаяң зардаппенен.


Жан болмас өлім десе налынбайтын,

Жауына күші жетсе жалынбайтын.

Бұрынғы ескі жосын күшінен қап,

Қанға қан болсын депті алынбайтын.

Ел құптап бітім жолы осы десті,

Мынау ақыл болды деп табылмайтын.

Шындықта екі жақта болу керек,

Жалған жала өтірік таңылмайтын.


Майданда өлген ерлерге бір жүз бесті,

Бұрынғы жол күшінен қалсын десті.

Аралас соғыста өлген екі жақтың,

Адамы түгел құнсыз болсын десті.


Төреге қарашадан қос құн берген,

Мысалға ап әр нәрседен көп күндерден.

Бек пен байға жарлыдай екі құн ап,

Шыдамай талай адам босқын көрген.

Қай мүше зақымдалса жоғарғыдай,

Бәріне нақты төлем болсын деген.

Бәріне салыстырып құн төленсін,

Сынған қол мен аяққа, шыққан көз бен.

Осындай ереже қып ұсыныпты,

Қалмақты көндіруге айтқан сөзбен.


Жесір туралы
Біреу егер біреудің қызын алса,

Яки тартып,яки бұзып алса.

Орнына сол орынға қыз төлейтін,

Деп ұйғарды күшінен мұны қалса.


Сондықтан, айып берсін атасына,

Өзінің мойындасын қатасына.

Жол ашып ынтымақ пен татулыққа,

Ықылас қол жеткізсін батасына.


Егер де қызы қашса ерікті боп,

Қыз бен жігіт ұнасса келісті боп.

Татуласып малменен бітім болсын,

Енжарласып қайтеді көп істі боп.


Неке бұзу туралы
Біреудің біреу бұзса некелісін,

Кім қолдайды бұзықтың бекер ісін.

Етпесін жаламенен босқа зәбір,

Біреудің еліктірген өсегі үшін.


Ауыр іс бұл туралы келген болса,

Арада сеніспестей тергеу болса.

Өші жоқ, есі дұрыс мүшесі сау,

Үш адам ең азында көрген болса, -


Соғылсын қырық қамшы азаматқа,

Жол бермеу – қатаң тәртіп жаманатқа.

Жүз қамшы бұрынғыдай ұрылмасын,

Осыны ұқтырған жөн жамағатқа.


Берілсін осы жаза жалғаншыға,

Өтірік ер-әйелге жала жапса.

Бәріне шындық пенен дәлел керек,

Жалған іс жазым етер араласса.


Егерде әйелді ері талақ десе,

Бұрынғы неке күшінен қалад десе.

Ақыл айтып көндіріп қосу керек,

Өзі көніп қалайық алад десе.


Бұрын біреу әйелді алатұғұн,

Ықтиярсыз әйелдер баратұғұн.

Ол адамға талақ қып шығарғызып,

Неке қиып қайтадан алатұғын.

Мұның бәрі күшінен қалдырылсын,

Болмас істі қиусыз тағатұғұн.

Күшті болса даугері әлсіздерің,

Аяқ-қолын талқандап шағатұғұн.

Әйелге қырық шелек су құйғызып,

Мұныдағы күнаға жазатұғұн.


Шын болса егер, шықпасын екінші ерге,

Айту керек ұқтырып мұны да елге.

Нәпсіге азған обал жоқ, қиянаткер,

Осыны қатал ұста ерік берме.


Жер туралы
Жарлықтың үшіншісі – жер туралы,

Жер үшін қан төгіскен ер туралы.

Жоқ екен жерге ереже бұдан бұрын,

Мөлшерлеп айыратын жөн-туралы.


Сондықтан былайша деп кесім айтқан,

Жол емес дәлін айтпай өсіре айтқан.

Кім бұрын иеленіп еңбек етсе,

Жер сонікі болсын деп шешім айтқан.


Жердің шөбі, суаты, аз-көптігі,

Жайылымда қонардың бар-жоқтығы.

Қыс пен жазда қанша мал асыралса,

Осыны өлшем етудің бар септігі.


Қанша малды шығарса қыстан бағып,

Құн төлесін қайтарсын бұған шағып.

Көкірекке қонымды билік айтса,

Тоқтамасын халайық бұған нағып.


Жер бөлігі
Ұлы тау, ұлы дәрия, ағынды өзен,

Немесе асқар таудан асқан кезең.

Даңғыл жол ел жүретін жұртқа әйгілі,

Осылар жер бөлігі болсын деген.

Екі жақ ақылдасып біріккен кеп,

Онан соң мекен қылып қонсын деген.


Ұрлық туралы
Бұрын егер кейбіреу ұрлық қылса,

Немесе тартып алып зорлық қылса.

Барған аяқ, ұстаған қолын кесіп,

Аямай қинау керек мойын бұрса.


Күшінен мына билік қалсын деді,

Сарайға нақ тексеріп салсын деді.

Мүшесін адамзаттың зақымдамай

Төлемін айыбымен алсын деді.


Өйткені ұрлағаны мал емес пе?

Қылмысы ұрлаушының бар емес пе?

Ақ малын артығымен алып берсе,

Осы үкім ойластырсақ дәл емес пе.

Тартып, талап алғаны рас болса.

Оған да, қырық қамшы бар емес пе?



Барымта туралы.
Біреудің малын алса барымталап,

Жұмысы тура болса барынша нақ.

Ыңғайымен тоқтам қып түзелген жөн

Жүйесі кім таласар табылса нақ.


Барымта алар бітім ала алмаған,

Келмес-ау деп ойланып залал маған.

Жалған болса сенімсіз о да ұрлық

Өз обалы өзіне, арандалған.


Куәлік туралы
Халықта әрбір түрлі дау болады,

Шешілсе даудың арты жау болады.

Әрбіреуі өз ісін тура дейді,

Таласқан қалай адам сау болады.

Наразы сөзде өлшейтін шындық керек,

Кейбіреу дауға шебер нау [1] болады.

Кейбіреу өшіктірмей шешпеген іс,

Үйіліп бара-бара тау болады.


Би керек осыларды шешетұғын.

Туралап әділ билік ететұғын.

Зұлымдықққа жол беріп кеңдік етсең,

Көзінің ноғаласы өсетұғын.

Зәр жұтқанын біле алмай,бал жұтқан деп,

Құрсағын бара-бара тесетұғын.

Білетін әрбір іске куә керек,

Жалынсыз даудың оты өшетұғын.

Бар екен бұдан бұрын жолсыз өкім,

Жалған айтса тіл ұшын кесетұғын.

Өтірік көрдім десе көзін ойып,

Өмір бойы мүгедек ететұғын.


Алдымен мынаны алып тастау керек,

Халықты шындық іске бастау керек

Нақ болсын, шындық болсын дәлелменен

Айта берсе бір үлкен дастан керек

Талапкер, дәугерменен куәсінің,

Әр сөзін салмақпенен растау керек.

Жауапкер малын берсін, алған болса,

Куәсі айып төлесін жалған болса.

Барлығы мал мен бітім тыным болсын

Бұйырсын кешірімге аздау болса.


Мал құны туралы

Жетінші бір тармағы – малдың құны

Барынша қажет етер халық мұны,

Бұған да нарық кесу тура келді,

Дәл онсыз болмаған соң тіршілігі.

Жылқы, сиыр, түйе мен - іріқара,

Бағасы мән жағынан дара-дара.

Барлығының бағасы бұрын ұқсас,

Емес-ті біреуінен біреуі ала.

----------------------------------------------------------------------------

1 Нау бұрынғы даукес адам.

Бағалы ел ішінде нарқын өлшеп,

Бағаны барлығына кесті жаңа.
Ең жорға ат, озған бәйге - тұлпарларды,

Қуса жетіп, қашқанды құтқарғанды.

Бұлардың ең үздігі жүз қой болсын,

Дегенде дәл-ақ десіп жұрт таң қалды.

Сабаз атан, нар түйе бірдей болсын,

Бұларға теңемейік еш малдарды.


Бұларға жиырма бес қой берілсін,

Пайдасына қарата үй берілсін.

Жер қайығы - әзіргі жұрт көлігі,

Ұнады халыққа да бұл келісім.


Үшінші, тоқ қара мен атан өгіз,

Барлығына бір баға болсын деңіз.

Бағасы осылардың он қой болсын,

Бір бесті үшін берілсін қойдан сегіз.


Қараның орта өлшемі бесті болсын,

Оншақты тоқтыменен ешкі болсын

Барлығы осыларға сындырылып,

Өлшемі барлығының ешкі болсын.

Осымен ел ішінде бітім болсып,

Сызылған тозбайтұғын кесте болсын.

Біз үшін осылайша бас қатырған,

Бұрынғыға қалайша үкім болсын!


Дейді екен жоғарғыны «Жеті бітім»,

Қолданды қазіргі шек халық бүтін.

Әр дәуір таразысын өзі құрған,

Кейі жөн , кейі қате дерсің бүгін.

Не артық атқарамыз немесе кем,

Үлкендер артып кетті бізге үмітін.


Басында жазған екен қалмақ үшін,

Қалмақтан тиісті үлес алмақ үшін.

Жасасты Кәуірменен Майқы бітім,

Кейінгі ел атқарды қалған ісін.


Осымен аз уақыт тыныш тұрып,

Орнықты өмір сүрді тыныш қылып.

Қазақты тағы қалмақ қырғындапты,

Қуғындап тұс-тұс жақтан ұрыс қылып.


Қазақтың осы кезі – толған кезі.

Бас алқа Майқы биі болған кезі.

Өмірдің толқынымен апат жайлап,

Тағы да болған екен солған кезі.


Өтіпті данышпан боп атам Майқы,

Кейбіреу түсіне алмай қылар сайқы.

Қойылған осы лақап бірнешеу бар,

Екенін ұғушым аз заты қайсы.

Дәуірін жасаған кез аңғармаса,

Ұғымы тыңдаушының болар қайшы.

Және көп Жәнібек атты Төле, Барақ,

Шаттанар аты аталса түгел қазақ.

Матайда аты ұйқас біреу-ақ [1] бар,

Жалғыз тұр ер Қабанбай мен мұндалап,

Айтқан сөзі аят пен хадистей боп.

Сөз атасы Майқы би, дейді қазақ.


Орнық қаласы
Майқы атам Орнық деген қала салған,

Орынын Азиядан тамаша алған.

Үмітпен орнықсын деп атын қойып,

Есімін өз тілінше жайша алған.


Бұл орын көпке дейін мекен болған,

Қаланың төңірегі екен қорған.

Кезекпен өзі өлген соң хандық құрып,

Бұл жерге қазақ тұр ғой шет ел қонған.

Шет елден келген жауын маңайлатпай,

Қорғаған төңірегін жасақ молдан.

Шыңғыстың лаңында талқандалып,

Шыққан күш, еткен еңбек бекер болған.


Қазақта сол бір кезде білім алған,

Біреу шын дер, бұл сөзді біреу жалған.

Күлін көкке ұшырып жоқ қылыпты,

Кейінгі жоқ сияқты бірі қалған.

---------------------------------------------------------

(1) Матайда аты ұқсас деп отырғаны Қызайдың Есенкелді батыры ұлына Қабекеңе ат қойғызғанда Қабекең: көтере алса Қабанбай болсын, көтере алмаса Жаманбай болсын деп өз атын берген. Бұл Қабанбайдың тұқымы негізінен Іле аймағының Нылқы ауданында тұрады.

Шыңғыспен алғашында қарсыласып,

Ұрқына түгел қазақ жалпыласып.

Типыл қып Орнық шаһарын тоздырыпты,

Қалдырмай орынында жарты лашық.


Арабтан сол бір кезде үлгі алыпты,

Екені осылайша бізге анықты.

Дүниеден Майқы да өтті, Төле де өтті.

Кім тұрған дүниеде бір қалыпты.

Бар болса қай орында ескі мұра.

Барлығын жоқ қылуды ұйғарыпты.

Қазақтың бар мұрасын күл қып өртеп,

Тарихтан кейінгілер құр қалыпты.

Ауызда естіген сөз, аңыз қалып,

Осыдан тарих қайта құралыпты.


Сондықтан, кейі анық, кейі жаңсақ,

Көтерді нақ болса деп, халық аңсап.

Ендігі қалған міндет ұрпаққа тән.

Халықтың бұл талабы емес алшақ.


Болыпты үлкен шахар Ғажамдағы [1]

Ұққанды естіген мен жазамдағы.

Жанымнан жалған сөйлеп жауап берсем,

Бұл менің аруақ үшін қазамдағы.


Аударыпты Ыбырайым рисалардан,

Баспаға бермек болып Қазандағы.

Бұзылды бірақ заман толқын болып,

Баспаға сол себепті бара алмады.

Ел ауып ақ патшаның лаңымен,

Сондықтан жұрт ішінде таралмады.


Баласы мен Кәрібай Таңатардың

Тыңдаушысы келіссе жарасар мұң

Әлі де ел жұрт ішінен орын алар.

Болса егер алла, қосып таң атар күн


Қазақтың Ислам дінін қабылдауы, Махмуд дананың

Қаз-ақ аталуы
Біз айттық қазақ тегі Түріктігін,

Ескеріп мұны бұрын ұғыпты кім.

---------------------------------------------------

1 Ғажам деп сол кезде орта Азияны айтады.

Әр түрлі шешім айтып келді емес пе?

Өзінің әркім айтып жүйріктігін.


Жоғары талдап айтқан дәлелдерден.

Бұл жөнді енді отырмыз біліп бүгін.

Таласты бұл жөндегі баяндадық.

Жұрт айтар бұрысы мен дұрыстығын.


Сынына көпшіліктің ұсынған іс.

Шешіліп кетпесе де бұл іс бүгін.

Біз айттық Махмудтың даналығын,

Кетіпсің тағы жаңсақ арада ұғым

Әр жүйрік өз тобынан бәйгені алып.

Өзінің көрсетеді ағалығын.

Аудардым кітап сөзін өлең қылып,

Емес бұл менің қосқан жаңалығым.

Жаймақпыз кейінгіге мұра қылып,

Бұрынғы ата бабам тәбәрігін.

Басынан бұл тарихты оқымаса,

Шала боп түсінісе алмай қалады ұғым.


Және айттық Махмуд пен Кәуір жайын,

Амурдан сырға ауған ауыр жайын.

Тыңдаушым, ықыласпен түсініңіз,

Сөзімді баяндайын жаңылмайын.


Бас қосып Мажиқыда жиын ашып,

Ел болып келеді істі ақылдасып.

Махмуд Мажиқыда би сайланып,

Шығарды жеті түрлі жарлық шашып.

Мәнісін жеті жарлық тыңдатқамыз,

Бұл жағдай баяндалған көпке ашық.

Және ел алты арысты жүзге бөліп,

Төле би Естанайман болған шерік.

Үш жүзден жасақ жиды бастық сайлап,

Қолына шығарғанын ақ ту беріп.

Алаш деп ұран салып аттанғанын,

Қол бұлғап тұрғандаймыз бәрін көріп.


Айтпақпыз енді басқа бір түйінді,

Жамағат, тыңдаңыздар көңіл бөліп.

Ел бетін енді түзеп дем алғанда,

Сөйлесті қалифадан елші келіп,

Бір дұға Дәрібайға оқымақпыз,

Кеткенге білімменен енші беріп.

Тимесе құлағына бұдан бұрын,

Таңырқар кейбір адам ерсі көріп.


Мысырдың патшасы Нурадин Камал,

Мынадай елші арқылы берді хабар.

Мүһмин боп иман айтып дінге кірсін,

Бұл жолға түскен пенде ақыл табар.

Бір – Алла, Пайғамбар – хақ, кәләм – рас,

Болсаңыз егер сөзді қабыл алар.


Басшысы Исмағұл деген молда,

Үкімі исламның тұрған қолда.

Белгісі мұсылманық мынау болмақ,

Десеңіз «Ла илаха иллалах-Мухаммадур –расул аллах»

Жіберді бұйрық пенен бізді мұнда,

Кірсін деп Ислам дінге осы жолда.

– Қан төкпей, қылыш шаппай дінге кірсең,

Құранның шариғатпен жолын білсең.

Халыққа ешбір зәбір келтірмейміз,

Талассыз ықтияры болып сөзге көнсең.

Ақылдас ел- жұрттың мен би-бегіңмен,

Күтеміз аял беріп бүгін-ертең.

Қан төкпей дінге кірсең үлкен сауап

Еткендей Байтуллаға барып тауап.

Қан төкпей ниетіміз дінге салу,

Асықпай үш күннен соң әкел жауап.


Көнбесең егер, бұған төгілер қан,

Мал-мүлкің ойран болар неше мың сан.

Салмаймыз сөзге көнсең әркез зиян,

Ия, пірім-ау, бұл қалай деп қалмаңдар таң.

Егерде тілге көнбей қарсылассаң

Қозғалар ақ ту алып Бағдат пен Шам.

Ақыры ислам дінін қабылдайcың.

Өзің біл Тәуекел дер соғыс қылсаң.


Қаhарды алып келдің Ханнан бұйрық,

Жарлықтан соғыс дайын мойын бұрсақ.

Халықсың тура жолдан жүрген азып,

Тоқтам қыл мақұл десең қағаз жазып.

Мәлімдеп халипаға хабарлаймыз

Хақ жолға егер жазса Алла нәсіп.

Алдымен үшке нанып иман айтып,

Үкімін шариғаттың сөйледі ашық.


Қара нұр қайыстырған қалың қолы,

Ақ туы-Пайғамбардың hақтың жолы.

Құранның үкімі мен шариғаты,

Үмметі Мұхаммадтың мирасқоры.


Тапсырды Махмудқа ханның хатын

Қағазға қол қойыпты атап атын.

Дінге кірген пендеге залал жоқ деп,

Көрсетті исламның шариғатын.

Үш күнде бір жауабын бермек болып,

Жиыпты Махмуд дана жамағатын.


Үш жүздің хабар тапты басшылары.

Беделді ел басқарған жақсыларды.

Бағынған өз заңына берекелі ел

Бірінен –бірінің жоқ жатсынары.


Кезі еді әлі өшпеген соғыс өрті,

Тым қатал хатқа жазған ханның серті.

Күйзелген шабындыдан халық еді,

Тыныштық ойлағаны есі-дерті.

Ақыры ислам дінін қабылдайды,

Депті егер, соғысса да өзінде еркі.


Барлық ел жазған хатты оқып көріп,

Қалың қол жер қайысып жатыр келіп.

Жарлыққа қарсылық қып белдесуге,

Тұрғандай елге және қатер төніп.

Кәуір мен аралықта жұрт күйзеліп,

Тоқтаған соғыс өрті әрең сөніп.

Талқандап елді ойрандап кететіндей,

Мақұл деп тындырмаса жауап беріп.

Арада бейбітшілік тоқтам жасап

Қол қойды мақұл болып ақыр көніп.


Белгілі бұрыннан жау тағы қалмақ,

Соғыста ел жаққа түсті салмақ.

Ұғынып Ислам дінінің шариғатын,

Болыпты түгел бәрі қабыл алмақ.


Осылай мақұл болып көнгендігін,

Алланың бірлігіне сенгендігін.

Естанай мынадай деп жырға қосқан,

Дінге сап Смағұлдың келгендігін.

Қазақта тұңғыш ақын жырау дейді,

Естиміз атақ-даңқын елден бүгін.


Қазақта тұңғыш өлең-жыр айтып ән,

Күй шертіп ақын деген атақ алған.

Төменде Естанайдың айтқан сөзін,

Кітаптан өз бетінше жазып алған.


– Жол салған өткен күнге Майқы атамыз,

Осыдан үлгі алған қайсы атамыз.

Біз едік одан бұрын басқа дінде,

Бұлтарып, оның несін тайсанамыз.


«Қазы-ақ» деп қазірет Ишан [1] есім берген,

Емес қой бұл оңай іс байқасаңыз.

«Қазы» деп атақ беру себебі не?

Мәнісін төменде ашып тарқатамыз.


Алыпты үш жүз жасақ алты арыстан,

Байқапты елін қорғап жауды алыстан.

Ақтабан шұбырынды жаугершілікпен,

Баласы алты арыстың Сырға ауысқан.

Жасағы қаhармандай қаhарлы боп,

Ысқырса қалмайды екен бір дауыстан


Елінен үш жүз жасақ жиған Майқы,

Бұзықты содырменен тиған Майқы.

Өзбек, қарақалпақ, қырғызбенен,

Аралас Азияда тұрған Майқы.

Бірлесіп түрікпенмен ақыл қосып,

Ұзақ шеп болашаққа құрған Майқы.

«Алла-бір, Пайғамбар hақ, Құран шын» деп

Құлшылық Алласына қылған Майқы.

Кәуірдің алты асықтық ережесін,

Орнықты сабырлықпен бұзған Майқы.


Шығарып Мажиқыда жеті жарлық

Салтанат заманында құрған Майқы.

Бітіріп жеңілдікпен ауыр істі,

Өнеге кейінгіге қылған Майқы.


--------------------------------------------------------------------

1 Қазірет Ишан деп Смағұл молланы айтып отыр.


Алашты дінге салған Қазірет ешен.

Данышпан адам екен сөзге шешен .

Қан төкпей қарапайым уағыз айтып

Салыпты Ислам дінге аман-есен.
Мысырдан дін уағыз келген Ешен,

Аралап он екі жыл жүрген Ешен.

Қазылық ел басқарған ақылына

«Қазы-ақ» деп Майқыға атақ берген.


Махмуд Мажиқыда Майқы аталды,

Халық өзі ұнатар қайсы атауды.


Данышпан ойға озық біргірлікпен,

«Қазы- ақ» деп мадақтаумен қайта аталды.


Қараған қол астына мұқым халық,

Қазақ деп сол себепті кетті аталып.

Жасаған Азиядағы барлық елден,

Сол кезде одақтасқан көмек алып,

Естанай бұл туралы былай дейді,

Қасында бәріміз жоқ, өткен тарих.


«Басынан қос орданың қарауылдап

Көз салса көрінеді бар ауыл нақ.

Сан майданда болысты туысындай,

Баласы өзбектің бала Қунақ [1]

Алаш десе алтауы қатар шауып,

Дұшпаны қолы тиген қалған қуалап,

Қазақтың тілегі бір Қырғызбенен,

Бар шығар кейбір әдет біз білмеген.

Қазақтың діні де бір, салты да бір,

Тілінде аз парық бар шүлдірлеген,.


Болысты сан Майданда Қарақалпақ,

Жеткенше Кеңқолтыққа - үлкен алқап,

Жеті өзен түгелімен сырға құйып,

Аяғы ұлы дария [2] басы талтақ.


Орта жүзді кәуір шапқанда, Естанайдың Келімбет еліне (Түрікпенге)

жіберген хабары
Ей Келімбет, Келімбет,

Келіп тұрмын елім деп.

Қан майданда туыс ел,

Қалмақ кетті телімдеп.

Қырылған ел, аққан қан,

Ойламаңдар тегін деп.

Соғысамыз қайтадан,

Дем алып аз ерулеп.


Қапыда тиді бас салып.

Халық қалды жасқанып.

Қалмақты арттан қуамыз,

------------------------------------

1 Қунақ -Өзбектің батыры.

2 Ұлы дария –Арал теңізі

Кең өткелден ат салып.
Батырлар кетті нарымен,

Бөлек-бөлек жүзімен.

Айырып малын алмақ боп,

Әкеткен ұлы-қызымен.

Жеті өзеннен тосамыз,

Аттаныңдар тезінен.

Келіп тұрмын хабарға,

Батырдың айтқан сөзімен.

Кек алмай аттан түспейміз,

Биылғы жаз-күзімен.


Қобыланды айқасар [1]

Шынайы қар баспаша.

Қалмақтың берер сазайын,

Ісін оңына бастаса,.

Кезігіп қунақ қырынан.

Төтесінен бас салып,

Дәулеткелді кезігіп.

Кең өткелден ат салса.

Жермен жексен қылмай ма?

Алты алаш түгел қаптаса.


Қолқа [2] тисе қосылып,

Қалмақтың қаны жосылып,

Тұс-тұсына қашса да,

Бас сауғалап ақшады.

Шылдай болып шошынып!»

Осының көмектескен бәрі жасақ,

Қан төгіп тер ағызып Бірке жасақ,

Барлығы қазақ болып кетті дейді,

Майқы би ту көтеріп бәрін бастап.

Қосылып араласып кетсе керек.

Өзінің еліменен жерін тастап.
Басқа елге қазақ та ұстып қосылыпты,

Болса егер, елі күшті қошы Майқы.

Қалатын жаудан қорғап салты менен?

Егерде болса әркімнің досы Майқы.

Жасасып бір-бріне тұмыстасып,

Елге айналып кетіпті отырықшы.

----------------------------------------------

1 Ел берместің Қобыландысы айтылып отыр.

2 Қолқа - батырдың аты.
Ғасырдың сегізінші ішіндегі,

Үңіліп ой бөлмеген түсінбейді.

Қазақ деп кімге қойған лақап ат деп,

Әрбіреу әрбір түрлі пышын дейді.

Десе егер, қазақ бұрын басқа дінде,

Жүрегі кей біреудің дүрсілдейді.


Бір кезде тұтынғаны шаман діні,

Байырғы кім түзетер болса міне.

Кезінде жоғарғы айтқан Махмудтың.

Тарады дейді халық ислам діні.

Оқытты иман шартты, әптиекті,

Ықыласпен халық қойды шын ниетті.

Атамай Ысмағұлдың нағыз атын,

Пір тұтты құрмет етіп қасиетті.

Салып жүру шариғатқа жылаптық деп.

Қазақтан бір қыз алып некам етті

Дейтұғын Нығыметолла бір ұл туып,

Нәсілі қожа болып бірге жетті.


Қазаққа мәдениет білім берген,

Үйренбей өзі намыс білімді елмен.

«рисалада» осылай жазылыпты,

Біз жоқпыз осылардың бірін көрген.


Шешеннің ел разы данасына.

Халықтың ғылым құйған санасына .

Қасына еріп келген қожаларды,

Үш жүздің бөлген екен арасына .

Әр жерде мешіт салып, медресе ашып,

Оқытып дәріс беріп баласына.


Түріктен дейді өзгеше қазақ тілі,

Сөзімнің түзеткендер болса міні.

Түріктен кітап әкеп дәріс беріп,

Кітап тілі деседі ел қазір мұны.

Ақихатқа жұртшылық мойындайды,

Мұнан көрі дәлірек болса шыны.

Салыстырып жігіттер, көріңіздер,

Ол күндегі жазудың мынау түрі:

«ғизатлу уа журматлу ийжамын хат.

Ышлауга біз ынтызар сізга хызмат.

Жолдаған жанабыңа үшбу хатым,

Айтамыз жан- тән билан сизга хурмат»


Жазылды бертінге шек осы тектес,

Көргенді, оқығанды айтсақ ешкім сөкпес.

Үйретті өзі білгенін халайыққа.

Болған соң берекемен бір ниеттес.


Дін жөнін көбінесе қарастырып,

Шариғатпен тұрысты жарастырып.

Бағдаттан оқыпты арабшаны,

Төле [1] мен Естанай талас қылып.

Жоғарыда айтқанымды қайта айтпайын.

Тыңдаушымды алармын адастырып.
Надан ел артта қалған шаруа қуып

Ғылымды көргені осы өзі туып.

Көшпенді бытыраңқы оқытушы аз,

Бірде қызу оқылса, бірде суып.

Оқып жеткен адам аз болғандықтан,

Озған елге келе алсын қайтып жуық.

Тыныштық аласыздың тапшы болып,

Бір күн малын кетеді қалмақ қуып.

Сөйтіп жүріп өнерден мақұрым қалып,

Қолыменен аяғын қабат буып.


Бір жағынан соқтықса орыс келіп,

Бөрі келіп үріккен қойдай болып,

Одан зорға құтылып қоныс беріп.

Азияның көп жерін ол да жалмап,

Зорлық пен зомбылық көп істеліп,

Дін таралып сондықтан орнықпаған,

Ғылым білмей, өнерсіз қалдық надан.

Мәдениет алыста, оқу қыин,

Көбінесе оқымай қол қысқа адам.

Кей жерде нақ орнығып кете алмапты,

Жағаласып сонымен келді шаман [2].

Шаман діні сиынып от пен күнге,

Онша парқы белгісіз моңғолиядан.
Кете алмай ислам діні кең таралып.

Алшақтап бытыраңқы елде аралық.

Кей жерде шаман діні сақталыпты,

Сезіліп ислам діні бір жаңалық.

------------------------------------------------------

1 Төле - бертінгі Төле би емес

2 Шаман – Шаман діні айтылып отыр
Ол кезде бытыраңқы - халық тарқақ,

Жайласқан Азияға түгел тарқап.

Батысы Кавказ,Орал, Алатауда,

Кетіпті тым бытырап арасы алшақ.

Арғынның дәл мекені әзіргі Алтай,

Тарихта дейді тура, емес жаңсақ.

Айтылар мұның жөні үш сапарда [1]

Бұл істі деп отырмыз кейін жазсақ.


Тарихта Қарпық қанды ел біледі,

Найманда Байтоқа хан ел биледі.

Байтоқа хан, Тоқты би, Қарпық, Алтай

Деседі ел осыларды тең біледі.


Мекені Қарпық ханның әзіргі Алтай,

Өтесің көлденеңдеп әзер жарты ай.

Баласы Алтай атты өте ер боп,

Айбаты болған екен өзіне сай.

Шығысын Азияның жаулап алып.

Жайылып дүниеге шыққан даңқы–ай!

Бір шеті Моңғолия болса керек,

Өңірін Тянь-Шанның Қарпық билеп,

Мекендеп Жетісуда Төлегетай

Бір шеті Есіл, Нұра болса керек,

Қарапты Байтоқаға Тарбағатай.

Тұсында Шыңғыс ханның қара болған,

Басында Қара кітат жатыр Нартай [2]
Кейінгі ұрпағына мұра қылып,

Мекеніне қоятын елдің салты-ай.


Бұл жерлер мекені екен орта жүздің,

Кітаптан көргенімді хатқа тіздім.

Орта жүз Азияның орталығы,

Мекені батыс жақта кіші жүздің.

Ғасырдың он да он бір кезіндегі,

Тарихымыз осылайша ұққан біздің.


Шыңғыстың басталғанда зобалаңы.

Қырғында қалай халық оңалады,

Неше жыл қанды қырғын соғыс болып,

---------------------------------------------------------------

1 Үшінші бөлімнің бір тарауы.

2 Нартай Байбұқа ханның немересі екен

Барлығы бұл хандықтың жоғалады.

Зор күшпен алдап-арбап Шыңғыс жеңіп,

Қазақтың сөйтіп шыққан тозалаңы.

Кешіріп екінші рет зор зобалаң

Кейіндеп қазақ елі оңалады.
Жалғасты Шыңғыс ханы сөз болады.

Бақ қайтса алтын азып жез болады,

Кәуірдің ылаңынан оңалғанда

Құралса тау бұлағы, көл болады.

Тамшылап кеткен жауын сел болады.

Қырғыннан екінші рет тұқым қалып,

Тағы да басын құрап ел болады.

Елге бақ орнарда бірлік болып,

Науқасқа шипа болар ем қонады,



Кәрібай таңатарұлы
Алаш ұраны туралы
Он бір ырымның түсінігі
Мұрын және байжігіт
Айтыстар әсетпен айтысы
Барақтың [2] қыбыладағы панасымен



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу