Арман да, арман, шын арман



бет4/8
Дата05.11.2016
өлшемі4,7 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Алаш ұраны туралы
Ел заңы сөзді ұқпаса таласатын,

Емес қой түсінбесе жарасатын.

Анықтап әл келгенінше ұқтырған жөн.

Шындыққа болсын сөзің жарасатын.

Басқамен тең тұрғызып өлшемесе,

Өзінің кім мойындар Алашасын

Кетейін ұққанымды түсіндіріп,

Қалай шықты дейді жұрт Алаш атын.


«Алаш» деген атау Қалмақ тілі,

Қателік түзетсін жұрт болса міні,

Көпке оқиға ғой түсінікті,

Амурдан қазақ қашып шыққандығы.


Шығуы бұл лақаптың емес тегін,

Айтпаса түсінбестік мұны көбің.

Өшігіп қалған жер-су, мал-мүлкіңе,

Қалмақ та қайта шауып алған кегін.

Соқтығып жан аямай өшіккен соң.

Ұшырып зәре құтын батқан тебін.


Өшіккен арадағы таласы көп,

Немесе жапқан нақақ қаласы көп.

Бұрын дос ел қан төгіп жауласқанда.

Айтыпты Қалмақ жағы «Алаш» деп.


Арада жанжал шықса туады дау.

Дейсіңдер бұл қылықтан қайсы жақ сау.

Қалмақ сөзін қазақша аударғаны.

Дегенің бұл: жан алғыш жат бауыр жау.


Еліне осы лақап түгел тарап,

Бұрын досты өзінше жауға санап.

Ақыры бізді осылай атады деп.

«Алашлап» Қалмаққа шапты қазақ.


Ел жауласты арада талас болып,

Дау бітпейді шешілмей талас болып.

Осы сөзді ұран қып шапқандықтан.

Шығады екен көп дауыс алаш болып.


Елінің Майқы бабаң қормалы екен.

Кемеңгер ақыл тапқыш қорғаны екен.

Халықтың дағдысына айналған соң,

Қазаққа Алаш ұран болған екен.


Көпшілік бұл ұранды жөн алыпты.

Білгендер түзеткендер қателікті.

Үш Арыстың әйгілі алты руы.

«Алты алаш» деп сондықтан аталыпты.

Қосылған одақтасып баста халық,

Барлығы бұл ұранды қатар ұқты.

Барлығы қарсыласып жауға аттанып,

«Алты алаш » деп атайды алты арысты,


Қазақ жоқ ұран шықса қызбайтұғын.

Қатуланып ажарын бұзбайтұғын.

Жау көргенді халықты жұмылдырып.

Сабыр-тақап естісе қалмайтұғын.

Ер жігіт ұран шықса алақызып,

Қайран кернеп жігерін шыңдайтұғын.

Ұран шықса орнынан бір қозғалар.

Не майталман дейтіндер жалмайтұғын.

Біледі «Алаш» десе талай халық.

Осыған қанша ғасыр өтті тарих,

Кейбіреу «Алаш» деген адам дейді,

Бұл туралы ұғымда көп қой бірақ.

Жалғасып кейінгіге келе жатыр.

Табарык бұрынғыдан мұра қылыр.

Дейді екен бұо\рынғылар жалғаны жоқ,

Жалғыз-ақ хақ кітабы Кәлем-шарип,

Кейіннен Алаш ұраны өзгеріпті.

Әр ру өз алдына ұран салып

Кейіннен ел ішінде салтқа айналды,

Түсінеді айтпасақ та мұны халық .


Ұққанша баяндадық қазақ тегін,

Естідік оқығандар мұны кейін.

Барлығы көрген емес естіген сөз.

---------------------------------------


Шындығы –қазақ деген лақап емес,

Бұлай деп өте қиын айту кесім.

Лағып сахарада жүргенімде,

Бастаған атам Майқы қазақ көшін.

Орныққан Азияның өңіріне.

Ойласын тарих зерттеп жүрген ұрпақ,

Шыңғыстың аз қосалық әңгімесін.

Айтамын өз ойыма келген істі,

Мейлі оң, мейлі қате дерсің,
Шыңғыстың бұрынғы аты Түйеші еді,

Темошин деген сөздің жүйесі еді.

Тұңғыш деп халық сайлап берген атақ,

Ат болды жанға лайық түбесілі.

Тарихты талғампаздар талай сынап,

Десті жұрт шындыққа бұл үйлеседі.

Ішінде ол күнгінің болмаса да,

Тарихқа фәкітпенен тілдеседі.


Темуджин хан үстінен хан сайланады.

Бас қосып Азияның жалпы аймағы.

Арғыннан қара кесек Майқы ішінде,

Үйсіннің қатынасқан ақпармағы.

Найманнан қаракерей батыр барып,

Хан сайлап мерекені жұрт тойлады.

Мұқалы қатынасқан жалайырдан,

Тарихты әркім керек жақсы ойлауы.

Темужин бұл жиында болған Шыңғыс,

Хан екен әрі батыр әрі білгіш.


14- ғасырдың басындағы,

Әйгілі іс тарих көрген ғасырдағы.

Факт бар жоғарғыдай келе жатқан,

Еш адам болмағанмен қасындағы .

Тарихтан азын-аулақ хабар алып,

Халықтан есіткенім жасымдағы,


Маусымбай менің атым Сабанұлы [1]

Шелегін сүт сұраған жасырмайды.

Кейбіреу қаса-қана білгішсініп,

Шешенсіп басынан сөз асырмайды.

Сөз білетін егерде болса азамат,

Аққа әкеліп қараны жапсырмайды.

Бізде бар көп оқыған төресымақ,

Көтерсең қарсы бекер жақтырмайды.


Қазақ кім, қазақ бол деп сайлаған кім?

Осыны ой жүгіртіп ойлаған кім?

Біресе құс, біресе затқа теңеп,

Ауыртып босқа ауызын ойнаған кім.

Қай жерде кімдер екен қатынасқан,

Фактті сөзі болса ойлы адамның,

Фактіңе жүгінемін, қосыламын.

Барлығын ортаға сал үйде бардың.


Мен бүгін осы арада шеш демеймін,

Білгішсініп жалған айтып бөс демеймін.

Орынсыз оқығансып айтсаң жоқты,

Өз басым міне,осыған өкпелеймін

Мейлі ғой өкпелесем бір адамнан,

Көп жерден мен де өзімше сұрағанмын

Қазақтың теңі алапес дейді - біреу,

Шыдайды жұртшылығын сынаған кім.


Орынсыз дәлелі жоқ қиялға еріп,

Осыны оқығансып өнер көріп.

Жартастың жаңғырығы секілдінің,

Бықсытып тере берген бәрін теріп,

Жазыпты Құрманғали көп шежіре ,

Оқыған шығарсыңдар бәрін көріп.

Бір іске талғау-талдау керек шығар,

Шын айтса келмес міне, әркімде ерік.

Біресе оны, біресе мынаны айтып,

Шыдайды орынсызға дәтің қайтіп?

Ұрпақтар ұнағанын өзі таңдар,

Ұзартып отырмайын көп молайтып



--------------------------------------------------------------------

1 Қиссаның осы бөлігін Маусымбай жазып қосқан тәрізді



2- бөлім
Үш сапар тарихының бірінші кезеңі

1 Мәниғұлын қақында шолу
Қалмақтың түпкі атасы, тегі-мәні,

Бір кезде Кәуір батыр екен ханы.

Мекендеп Амурдария алқабында,

Хан бопты бақытты зор мәртебелі.

Қолында Асур атты елі жасап,

Билепті маңындағы Сахараны

Қазақша мұңғол тілін аударғанда,

Ғұлын деп атайды екен Дарияны.

Сырттағы ел дейді екен мәні ғұлын,

Көп жерге Кәуір патша созған қолын.

«Мәніге» жердің атын қосып атап,

Өзгерген мазмұны екен әзір оның


Екеуін қосып атап моңғұл дейміз,

Кейбіреуі осы жайытты дәл білмейміз.

Дәуірдің сан ғасырлық ықпалымен

«Мәні- ғұлынды» қысқартып Мұңғыл дейміз,

«Ғұлын» сонда ежелгі дария аты.

Мәні деген адамның анық аты.

Дарияда жасаған халық бұл деп,

Рисаллада айқын тұр жазған хаты.


Мәніннің бұл кітапта тегі түрік,

Етпейді бұл туралы ешкім күдік.

Осылай бұрынғылар айтқан екен

Қазірде отырған жоқ ешкім біліп,

Кәсібі мал өсіру болғандықтан

Сахарада өсіпті көшіп жүріп.

Бір кезде өте күшті халық бопты,

Амурда көп жыл жасап қып тіршілік.


Нәсілі қазақтың да түрік еді.

Мәнімен түпкі теңі бірігеді.

Қазақ-қалмақ туысқан деген лақап,

Осы арадан жалғанып кірігеді.


Екеуі де көшпенді халық еді,

Сахараны кезгені анық еді.

Кәсібі бір, киіз үй баспанасы,

Сол дәуірден жалғасып қалып еді.

Аннас рухы тайыптан көшіп шығып,

О да Амурға біркезде барып еді.

Қарсы алып алдынан мәні халқы,

Қонағындай құрметтеп алып еді.


Қазақпенен тең жасап мәні халқы,

Бірдей еді ол кезде тұрмыс салты.

Шаман діні болатын сенетіні,

Келе жатыр жалғасып әзір де арты.


Хан шыққан талай-талай дүниені алған.

Бұл-тарих жұртқа әйгілі емес жалған.

Жауласып бір қыз үшін екі халық,

Бойында Мажиқының бітім болған.


...Қысқаша баяндадық Кәуір жайын,

Халықтың бастан кешкен ауыр жайын.

Майқының дастанының үшіншісін,

Тағы да баяндайын жаңылмайын.

Тұқымы Аннас, Еснас, Әбусақтың,

Асылы адамы еді тайыб жақтан.

Елінің күшін бастап сырға келді,

Баласы Махмуд дана сақ Ғақайыптың.


Көп істі Мажиқыда ол басқарды,

Тізімін жеті жарғы атқарады.

Бірлесіп Ғажамдағы ол елдермен,

Осыдан елге бірлік басталады.

Кәуір мен бітім үшін ажа жасап,

Араға елші атымен кісі салды.


Түлен мен Түсел еді келген елші,

Баласы Тіней батыр қарараспанның.

Ел бермес Қобыланды, Қолқа батыр,

Қомдаған өңкей қыран қанаттарын,

Амурдың сырға жалғас иенінде,

Кәуір хан күтіп алды қонақтарын.


Елшіні елдің заты күтетұғын,

Ұйғарған орынға кеп түсетұғын.

Тіл тапса елші арасы, ел жарасып,

Солықпай істің арты бітетұғын.


Оқиды бұл жарғыны Кәуір алып,

Түйінін талдап ұқты тауып алып.

Сезген соң Ғажамдағы ел бірлескенін,

Ойына қорқу кірді қауіп алып.


Ұғынды бастан-аяқ Кәуір көріп,

Ұнатты кей бөлімін тәуір көріп.

Беретін бізге бұйрық жөні жоқ деп,

Кей жерін ашуланды оқып көріп.

Жиып ап ақыл тиер адамдарын,

Талдады айтар істің бәрін көріп.

Білген соң ақыл күші теңелгенін,

Көп болып сезінді олар қасарысса,

Қопарып кететіндей дауыл келіп.
...Елшілер жатты Амурда қонып-түнеп,

Қорқама марқаланған батыр жүрек,

Болған соң Кәуір хатты әбден оқып,

Айтарың бар ма?- деді тағы тілеп.



Үш түрлі тіл
Бастады сонда сөзін Түрлен батыр,

Қасына ерткендері кілең батыр.

Бізде бар үш түрлі тіл, ел ұғатын,

Толғанып соның бірін қалау мақұл.


Сөйлеймін бұл жөнінен білгенімді,

Қоймассың түсінбесең бізге мінді.

Шешуі оңай емес тапсаң шыны,

Мұнымен толтырасың бір кеміңді.


Таңдап ал, зорлығым жоқ қалауыңды,

Тосамыз не десеңде жауабыңды.

Елшіміз елдескелі келіп тұрған,

Толғанар мұндай кезде хан алымды.


Елшіміз әдейі келген елдескелі,

Арада алшақтықты жөндескелі.

Айтамыз еліміздің жөні еді деп,

Тең қонып, бұрынғыдай тең көшкені.


Осыған алып барар үш түрлі тіл,

Қалайсың қаламайсың оны өзің біл.

Мәні не? Ой жүгіртіп жұмсасаң ми,

Шығады үшеуінен үш түрлі сыр.


Бірінші айтатыным май тіл дері,

Сезілер тыңдағанға жарқын лебі.

Салауат бұрынғы іс қалсын деді,

Әр орданың өзінше бар дүр емі.


Екінші айтатыным шаң тіл-деді,

Келмейді оқиғаның айтуға ебі.

Болса да айтуға қиын, айтпай болмас,

Үшіншім-сараптағы қан тіл-деді.


Бұл сөздер бітім еді, талап еді,

Береке ел көңілі қалап еді.

Бір елші біз жақтан да барады деп,

Кәуір хан ордада үнсіз қала берді.



Кәуірдің елшісі

Жіберді қазақ жаққа бұлар да елші,

Жай жату жауап бермей емес пе ерсі?

Жараспау жауласудан шықты, өрбіді,

Тап-тату екі халық еді көрші.
Алты адам жетіп келді елшіміз деп,

(Белгілі атар оғы нені көздеп)

Бұлар да сый-құрметпен күтіп алды.

Бөлмеген қонақасы еншіміз деп,

Осындай хат қағаз жоқ жалғыз асық,

Кім мұның шеше алады мәнін ашып?

«Білмеске асық сыры оңай емес»

Деп-елші көтеріле сөйледі асып:


Көріңдер, – деді - елші мұны ойласып,

Біз үшін алтын заңды құрайды асық.

Егерде мәні қалай аша алмасаң,

Қалам деп ойлау қиын райласып.


Елшілер айбаттанды осыны айтып,

Еліне дәмін татып кетті қайтып.

Қонақ қып сый-сипатпен атандырды,

Жолға сап жылы жүзбен қошын айтып.


Үш тіл туралы кеңес
Шақырып алды Кәуір жақсыларын,

Өзінің ақыл тиер басшыларын.

Ғақыптан келген елші айтыпты деп,

Жидырды әрбір ақын бақсыларын.


Ұсынып кетті,-деді, үш түрлі тіл,

Қайсысын қаласаң да,- дейді, - өзің біл.

Жауабы үстемірек көрінеді,

Бұлардың күш алғаны көрініп тұр.


Берейік жауабына жауап ойлап ,

Жүрген жоқ аяғынан олар ойлап.

Отырған жақсыларым, тыңдаңыздар,

Отырмын менің өзім мынаны ойлап.


Өйткені менің басты хан атым бар.

Айтқаным төре болса аларсыңдар.

Симаса жол, жөніңе сөзім осы,

Тең ақыл үйлесімді жаратыңдар.

Егерде айтқан сөзімжұртқа ұнаса,

Айтайын оған қанша таласың бар!


Көрейік нақтап ұғып жарғыларын,

Естідік бәріңнің де бар құлағың.

Ұсынып үш түрлі тіл отыр олар.

Түсін деп-өзің ойлап арғы жағын.


Бірінші ойлағаны татуласу.

Ел болып, берекелі жақындасу.

Қалдырып арадағы араздықты,

Ниеті жауласуды ақырлату.

Осы ісі көкейіме қонатындай,

Сендермен тура келді ақылдасу.

Мәнісі «май тіл» деудің осы болар,

Мазмұны кекті қумай ашу басу.


Шаң тілі екінші айтқан кінәласу,

Жөн келер бұған дағы құлақ ашу,

Белгісі, сабырсыздық болар, сірә,

Түсінбей күш көрсетіп ашып-тасу.

Екенін кінә кімде талдап қойып.

Жөн дейді қатаң сөйлеп тураласу.

Шаң тіл деп бұған баға берген екен,

Қылуға сірә болмас бұған ашу,


Тоқтатпақ жүйе тауып, сөзбен буып,

Жақсы іспен жаман істің бәрін теріп,

Көңілдің арылтпақшы кірін жуып.

Күткені бұл сөздің де береке екен,

Сен әрі кет деместей, лебі жуық.
Үшінші деп айтқанының мәні бөлек,

Қан төгіп жауласудан беред дерек,

Көнбесек анау екі айтқаныма

Келсең кел мен дайынмын десе керек.


Болар деп өрісім тар, қоныс тапшы,

Бүкіл ғажам тиіссек, болыспақшы.

Алты елмен ғажамдағы одағы бар,

Сайланған сары қолы,садағы бар.

Аяй ма ашынған қол, қылады дәл.
Қуғындап байтақ Амур өңірінен,

Тоздырдық жеңген жасақ тебінімен.

Қызын да Амур сақтың тартып алдық,

Кетпейді осы кегі көңілімнен.

Басына тағы барып ат ойнатпақ,

Тынбай ма ақыры істің жеңілумен.


Бой қосқан оңай емес алты халық,

Өшігер жалмаушыға жалпы халық.

Санаспай бұл жағдаймен ұрынғанмен,

Соғады әлде неге арты барып.


Өзбек пен қарақалпақ, қырғыз елі.

Түрікпен, татар, қазақ жиыны алты,

Бере ме оңайлықпен бүлдіргені.

Ойланып осыларды миға салып,

Отырмын өздеріңе жүгінгелі.
Жасағын осы алты ел үшке бөліп,

Дайын тұр бір айбатты тұсқа келіп.

Барлығы «Алашылап» ат қоймақшы,

Тоқтасақ бұрынғыдай күшке келіп.

Үш жүздің басшыларын, сайлап алған,

Құр емес әрбіреуі айла-амалдан.

Шақырып берекеге тұрғанындай,

Жөн болар осы орайды пайдаланған.


Осы жол болар елге тиімдірек,

Жығылсақ тұра алады кімің тіреп?!

Кескеннен шола ойламай шолақ ойлап,

Тұрған жөн берекеге бейімдірек.


Соқтығып әлсіз көрсең ойрандаған-

Халықпыз сынға келсек жығындырақ.

Алдымен алды-артымды ашып сөйлеп,

Мән-жәйді маған міндет ұғындырмақ.


Сендер біл ендігісін, серіктерім,

Қалай деп ойларсыңдар еркінірек.

Адассам көппен бірге армансызбын,

Не көрсем бір көрмекке берік белім.


... Таң қалды отырғандар басын шайқап,

Сөзімнің жүйелі айтқан артын бағып.

Қайтеміз арам тер боп әл келмес,- деп,

Барлығы соғысудан шықты тайқып.


Бір елші біз де оларға жіберелік,

Жөн сөзін біз де олардың жөн көрелік.

Бойында алтын асық, алтын заң тұр,

Апарын сонымызды бұл не делік.


Асықтың олар ұқса алты қырын,

Бұлжытпай нақ түсінсе барлық сырын,

Қағазбен Майқыменен тілдеселік,

Бермелік ашық жауап одан бұрын.

Егер де жақсылыққа айналса іс,

Бар,-деді отырғандар,- жасар ырым.


Келісті осы сөзге дуылдасып,

Қағазға Кәуір берді мөрін басып.

Аттанды алты елші тілдескелі,

Майқының еліменен жауаптасып.


Алтын асық туралы кеңес
Асықты алты адам алып келді,

Ортасын тамам елдің жарып келді.

«Көпке қандай сыр бар мынада» деп,

Көрген жөн ақылына салып көрді.


Асықтың құрамында құйған алтын,

Осымен сынамақшы қазақ халқын.

Елінде бойұсынар заң дейді оны,

Жасағы соғыстағы қолданатын.


Басынан көп кешіріп жақсы-жаман

Айлағы Кәуір батыр екен маман.

Бір асықпен сан қолды басқарғанда,

Деп тең қалған бұл істі көрген адам.


Дейді екен тыныштықтың алтын заңы.

Кәуірдің ойлағаны елдің қамы.

Түлен бастап барлығы көп кеңесті,

Білмегенді ұғудың жоқ қой шамы.


Әрбіреу қолына алып бағып көріп

Толғанып ақылына салып көріп

Нақ бірлікке келе алмай, көп таласып,

Майқы бидің алдына алып келді,

Майқы би бұл асықты қолына алып

Мынаның сөйлегені нақ іс деді.


Бірінші асықта тұр ай менен күн,

Суреті мал мен жеміс әшекей тым.

Мынасы қару –жарақ: қылыш, найза.

Сызылған өрнектері таппастай мін.


Майқы би сәл жымиды мұны көріп,

Асыққа ойлы түспен көз жіберіп

Тыңдаңдар мен сөйлейін білгенімше,

Істесе қалағанын әркімде ерік.


Айтқаны мұның дағы үш іс деді,

Ниеті қаламайды күш істеуді,

Үш қызын үш қырымен сөйлестірсе,

Жауабы сонда болмақ дұрыс деді,


Ай мен күн бұл әлемге тең дегені,

Шарапат жақсылықта кең дегені,

Қатар өскен екі ата ел едік деп,

Бірінен біреуі кем емес дегені


Мал-жеміс тыныш өмір іздегені,

Осылай істелгені жөн дегені.

Бұл екеуін дегенін қаламасақ,

Елге бәле табасың серде мені,


Онан соңғы қалғаны қылыш, найза,

Жауласудан келмейді жұртқа пайда.

Мұны бізге бергені сенгендігі,

Ақылға сал, ғақыл қылма!


Үш қарсы бір-біріне сұрақ-жауап,

Дұрыс шешсек табасың үлкен сауап.

Таба алмасаң қырсыққа айналғаны,

Біріңді-бірің жейсің қылып кәуап.


Алты қыры асықтың сұрақ деді,

Бізге әкепті алтауын құрап деді.

Алшыға тәйке, бүке шіге, омпаға сомпа болып

Жауап берсек бас изеп тұрад деді.


Алшымын бүгемін деу асқандығы,

Омпа деуі құдайсыз асқандығы.

Тәйке, шіке, сұмпа боп жауап берсек,

Ашылар ту бастағы қастандығы.


Біз қазір аспайық та, саспайық та,

Аптықсын деп қоспайық әсте айыпқа,

Астам сөзге жіңішке жауап беріп,

Айыпты етіп кетейік тарихқа.


...Осы сөздер ұнады көпке жағып,

Айтар жауап болмады кінә тағып.

Алты қырын асықтың салыстырып,

Тура келді біреуге беруге жауап тауып.


Алтын асықтың тілі

00р0аааааааааааарр

Алшы айтады : күш, адам, малға баймын,

Күшке келсем мен сені сан ораймын.

Қамап алсам ешқайда құтылмайсың,

Кертіп жеймін еркімше жазалаймын.
Аранымен ағызам судай тасып.

Құтылмайсың ешқайда менен қашып.

Мен алыппын, сен әлсіз қарғадайсың,

Салмағыммен жантайсам кетем басып.


Тәйке: сен демей болмай ма? Сіз десеңіз,

Алдыңдамыз жауапқа іздесеңіз.

Алшымын деп астамсып ашаңдама,

Қайтаратын біздің ұқ кімде есеміз.


Ұғындық албырттанған арыныңды,

Көтерме қутыңдатып қаруыңды!

Қарауылдап көргенмін күні бүгін.

Өсіруге дайынмын жалыныңды.

Шыны сөйлеп, сыпайы сөзге келсек.

Өз мойныңа қоямын жазығыңды.

Әспенсіген [1] талайдың мойны үзілген,

Қағып алар кез келді азуыңды,


Өзіңді алшы санайсың бізді тәйкі,

Мазақ етіп қылмақсың кімді сайқы?!

Ел тыңдасын айтайын істі бастап,

Әділеттік істеген жерің қайсы?


Жүгінейік шындыққа мінің таста?

Кім соғысып қан төкті әуел баста.

Көзің жетті қанжармен жоя алмайсың,

Сөйлесейік одан да қарындасша.


Бір ұлы Еснастың Тайып Сақ-ты,

Бір күнде мекенденген тайып жақты.

Айыбы сол кішінің жүкті болып

Амурға келгенінде бір ұл тапты.


Қойыпты оның атын Амурсақ деп,

(Рисалар да айтады мұны нақ деп.)

Әмирсақтан туыпты әділ сарап.

Әр нәрсеге бір нұқсан болды сәбәп.

Шараптың болып еді жалғыз қызы,

Қызының атып қойған әділ жанаб.

Болған соң кіндігінен жалғыз бала,

Жүріпті қызы болса ұлға балап.

Болған соң өзі ақылды, өзі көркем.

Қойыпты талай жігіт болған талап.

Сұрапты Кәуір мұны інісіне,

Талайдан ғашық екен інісі де.

Жасақпен бір күн келіп тартып алып,

Ауаша ауылынан түн ішінде.

Сараптың жалғыз қызын тартып алып.

Кеткенін Амурдағы көрді халық,

Ал Кәуір дауагерді жазалауды,

Айналды жаушылыққа арты барып.

.........................................................................

1Әспенсіген - менменсу

Амурдан елді қудың күшің асып,

Жерімді қара орманды қалдың басып.

Сырғыдым, сырға келдім, есті жидым.

Отырмын міне бүгін қарсыласып.
Болса да сенен іргем алыстаған

Туыс таптым ғажамнан таныспаған.

Қайтпасаң ниетіңнен тілге көніп,

Қолың күйер жалаңаш шала ұстаған.


Отырмын міне бүгін қарсыласып.

Дүние кең, бұлтсыз аспан ашық.

Алшы болып алшаңдап, өркеудесіп.

Шамаң келсе кетпексің тағы жаншып.


Бүгемін деп тағы да қайталадың,

Орынды болып отыр қай талабың?!

Өзіңді артық санайсың бізді төмен,

Саған жау бірақ бүгін бар тарабың.


Бүге болдың алшыдан төмендедің,

Күшің барда әлсізді көгендедің!

Жалғыз емес алтаумыз ағайынды,

Бола бермес ендігі дегендерің.


Тағы да қырамын, жоям дейсің.

Баяғыша мені әлі ноян дейсің.

Қанды ауыз қасқырша қойға шапқан,

Бұйырса қанға тағы тоям дейсің.


Саған жауап берейін ішке бөліп,

Амурдан неге кеттім іргі бөліп!

Бәрі аян…

Мені құртып өзің жасап.

Ниетің тұрам деу де мен көгеріп.
Көзіңе менен сенің көрінді?

Шабасың ірге жау деп неге елімді?!

Құлатып шаңырағымды елді үркітіп,

Не жаздым қиятындай көгенімді?!


Не жаздым құртатындай айпап-жайпап,

Кең өлке жетпейді ме ұлан-байтақ?

Тепсе де күшке басқан әділетті,

Қашанда жұрт біледі «қасқыр жалтақ»


Берейін Бүге батыр шынымды айтып,

Басайын қылмысыңды бадырайтып.

Тұрғанда Ғажам елі сүйеніш боп,

Біздерге қуаныш жоқ бұдан артық.

Басыңнан дәурен өтті қоқаңдайтын,

Атыңның енді ойлан басын тартып


Жөнге кел, одандағы сөзге тоқта,

Ақылың Кәуір батыр бар ма, жоқ па?

Елге жөні ашымас неткен жансың,

Өзің аман болғанмен ел қан соқта


Ал омпа мен сомпада бар ма парық?

Омпа болсаң боласың қанша қарық?

Кім шоңқайып шопма боп жығыларын.

Әркімге көрсетеді тең тарих!


Ұсындым жеті жарғы тармағымен.

Ойлаған бұдан бөтен бар ма мүддең?

Пайдалы одан артық тапсаң ақыл.

Қолымды қусырайын аумағыммен.


Таңдауға қойдым тағы үш түрлі тіл,

Жеті жарғы үшін тілдің мәнісі бір.

Осы хатты жібердім, оқып ұғып,

Мақұлдайсың қайсысын оны өзің біл.


Жеті жарғы үш тілге емес қайшы.

Құрал жоқ жұмсалатын бұған қарсы.

Зіл –зала боп дүниеге қан төгілсе,

Осы сөзбен бітеді ақыр арты...

Алты алаштың ұлының елшісі боп,

Аяғына қол қойдым (атым-Майқы)

ххх

Жақсылықтың десетін алды ырым,



Түленмен түселді жұрт шығарды.

Ұғынып бастан-аяғы істер істі,

Бұларға қосылды кеп Қобыланды.

Жат беріп істейтұғын ырымды айтып,

Жіберді ілеу айтып жұрт бұларды.
Шығарды адамдарын қалмақ тағы,

Бөктерден ту көрінді тау жақтағы.

Ырымның осы істелген жобасымен.

Бітіспек екі жақтың жауласқаны,

Олар да ақылдарын сайлап алған,

Ырымды істейтұғұн алғаштағы.


Келеді елші болып дауыл Бөрке,

Секілді ел көсемі озған серке.

Шығарған көрінеді әтей арнап,

Қадірлі болғандықтан еліне ерке,


Алдымен жаяулатады жақындасып,

Ырымның жөн-жосығын ақылдасып.

Ырымын жақсылықтың бүрке істеп,

Бітпекші берекемен татуласып.


Жаяулай қарсы жүрді түселдерде,

Оларды күтіп алды түсер жерде.

Екі жақ тізе бүгіп тағзым етіп.

Адалдық білдірісті көшер жөнге.


Бұл істі ақылдасып бұрындағы,

Пайдасы тимек кейін мұның дағы.

Қалсын деп кейінгіге өрелгі боп,

Істеген мынау екен ырымдары:


Үстіне көк төбенің тулар қадап.

Қасына әкеп қойған оқсыз садақ.

Жауласпаудың бұл үлкен белгісі екен,

Солардан кейінгіге қалған санат.


Төбеге екі жақта кілем жайып,

Жаяулап жақындасты қазақ-қалмақ.

Ел бастығын жаяулап көтеретін,

Мұра болды соңғыға бұл бір сабақ.

Майқы менен Кәуірдің ортасына,

Алып келіп қойылды алтын табақ.

Табақта тұзға қоса сүт тамызды.

Екеуі оң қолымен татты жалап.

Екі жақ сол табақтан тегіс татты,

Біреуіне алаймай бір қарап.

Бұл мұрасым дәстүрлі тараған соң,

Отырысты көпшілік қайта тарап.


Алып келді ортаға ала жіпті,

Екі жақта оны ұстап тізе бүкті.

Қастаспаудың бұл қайта белгісі екен,

Бұл ырым қуандырды көрген жұртты.


Тамаша тағы болды жетінші рет,

Жазған хатты екі жақ алды тілеп.

Екеуі де қағазды қатар өпті,

Қосылған белгісі боп екі жүрек.


Қара нар, қалы кілем алып келді.

Дүйім ел-мұны отырған халық көрді.

Екі жақта ауысып алғанында,

Бұл іске халық айтты бәрекелді!


Тағы да ашылды бір тамаша жол.

Мүйістің тал-қарағай ағашы мол.

Шанышты қос қарағай осы араға,

Десті жұрт шекераның белгісі бұл.


Одан соң екі жақтан екі қызды.

Алып келіп тізерлетіп отырғызды.

Қыздардың ауыстырып бөріктерін,

Көргенді кйгізгені бір күлгізіп.


Екі жақ тағы әкелді екі түйе,

Қалдырды жұртты аң-таң мынау жүйе.

Екі жақ айырбастап алып кетті,

Малындай тиесілі болып ие.


Мұны жұрт деседі екен он бір ырым,

Мұндай іс болған десем бұдан бұрын.

Белгісі жақсылықтың жоралғы боп,

Соңғыға дәстүр екен бұрынғының,

Болмасын түсініксіз оқығанға.

Берейік нақты шешіп жайын мұның.




Кәрібай таңатарұлы
Он бір ырымның түсінігі
Мұрын және байжігіт
Айтыстар әсетпен айтысы
Барақтың [2] қыбыладағы панасымен



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу