Арман да, арман, шын арман



бет5/8
Дата05.11.2016
өлшемі4,7 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Он бір ырымның түсінігі
Амурда екі халық қатар өскен,

Бір қонып араласып қатар көшкен,

Ол күнде дін жүйесі айырылмаған,

Барлығы жермен күткен бақ тілескен.

Құрметпен қазақ-қалмақ білімді деп,

Көп істі ол кездегі Майқы шешкен,

Бір қыздың лаңының салдарынан,

Жауласып қазақ тізіп сырға көшкен.


Көк төбеде қайтадан бас қосысып,

Табысты бір аяқтан ас болса ішіп.

Жеті жарғы үш тілге ел бағынып,

Майқыға тән болыпты бұл жөн-жосықты.


Қалмақтың алтын асық –алтын заңы,

Жаңарып ол да қайта жарқылдайды.

(Қара қазақ, сары бала тілеуі үшін,

Тірліктің жоқ қашанда сарқылмағы.)


Араға неше дүркін елші жүріп,

Алшақты жақындатты күшпен бұрып.

Бірде ауыр, бірде ептеп жеңіл айтып,

Қосты әйтеу ел арасын түсіндіріп.


Адамға бейбіт өмір, керек бақыт.

Мәлімсіз жауласқаны қанша уақыт.

Ақыры берекемен бірлікке кеп,

Солардан он бір ырым қалған сарқып:


Ту қадап, қойысқаны оқсыз садақ,

Дегені жауласпаймыз қалмақ-қазақ.

Ту түбіне құралып анттасқаны,

Құрғаны екен ашық, әділ сарап.

Басшыларды көтеру құрметі екен.

Көтергендер соған шын үмбет екен.

Алтын табақ ортада дау белгісі,

Тұз бенен сүт мағына алады екен.


Дәмге өздерін тең татып тапсырғаны.

Дәм ұрсын дегені екен серт бергені.

Болғанда тұз береке осы ырымда,

Ал, ана тіпті өзгеше ақтың мәні.

Татқаны елдің тегіс ілескені.

Аттамай ала жіпті бірлескені.


Ауысқан екі жақтың хатты үпкені,

Арада тастасқаны кекті үпкені.

Жасасын жермен бірге жер бөлігі.

Деп дұрыс-ақ қарағай ел еккені.


Қара нар, қалы кілем – құн алғаны,

Ауысу бітіскені – құп алғаны,

Кең бітім, ашу тарап, жамырасып,

Мәз болып елдің, ердің қуанғаны.


Қыздардың бөріктерін ауысқаны,

Ол дағы екі жақтың қауышқаны.

Жаулыққа қыз шатағы араласқан,

Сондықтан шешті осылай данышпаны.


Анау аз, мынау көп деп қылмай керіс,

Жасады екі жақта алыс-беріс.

Мал дауы бұдан кейін болмауы үшін,

Бітіспей болды зары халық тегіс.


Осыны он бір бітім дейді халық,

Жер түлеп кетсе де ел жаңаланып.

Уақыт озсадағы жылдар зулап,

Сақталып қала берді мұра-ғұып.


Сонымен бітім бопты құн алысып,

Жазылмай шипа болса тұра ма ұшық.

Заң болып жеті жарғы екі араға,

Көңілден өкіл, аразды шығарысып.


Қырғынды салыстырып екі жағы,

Өлшенді ақиқатпен істің нағы.

Бітіріп адам құнын болғаннан соң,

Және де анықтады барымтаны.


Бітірді бұл істі де алып-беріп,

Шындыққа жүгінісіп нарық беріп.

Онан соң қолға алды жесір дауын,

Бітіріп әлгі істі жиып-теріп.


Жесір дауы бітіпті жарғыменен.

Келісіп мал төлеуге талқыменен.

Қыз алу қыз орнына көшінен қап,

Болды зары екі жақ жалқыменен.


Қалың малын қос қыздың сарап алды.

Оған қосып айыбын санап алды.

Егер қылған екі елді оқиға деп,

Осылайша бітімді қазақ алды.


Амурсақтың үйіне Кәуір түсіп,

Қалы кілем, қамқа тон әкелді ішік.

Бет жылтудың осындай жолын тапты,

Өзі кесіп айыбын өзі пішіп.


Қайтарыпты Амур да мұны силап,

Кеңесіпті алдымен жұртын жинап.

Қазақтың жүйесімен қонақ қылып,

Ақ қой сойып, алдына тартып қоймақ.

Ат мінгізіп, иығына шапан жауып,

Татуласып екі жақ қалды жырғап.

Осылай татуласып бітісіпті,

Шешілмей келген түйін жұртты қинап.


Шешіпті одан кейін жердің дауын,

Күткен іс төрт көзімен мынау қауым.

Амурға қалмақ біткен тегіс көшіп,

Қазаққа босатыпты сырдың тауын.

Қазаққа беріліпті сыр үкімі,

Осылай орнығыпты жұрт көңілі.

Ұсақ істі екі жақ теріспеді.

Татулықпен өтсін деп ел өмірі.


Кәуір келіп Майқымен қол алысып,

Татуласып қайтадан ел танысып,

Қадірлес ел бұрынғы сыйласымды,

Тұрмады жаушылықпен қасарысып.


Қазақтың жеті-жарғы ажасы бар.

Күнәлығы тиісті жазасы бар,

Қалмақтың заңы қойған алтын асық,

Оған қанша басқаның таласы бар,


Алтын заңы бар екен елдесетін,

Жауласқанмен жауласып белдесетін.

Алты қырдың өзгеріп мағынасы,

Көршіменен болды енді селбесетін.

хххх
Екі жақ болысып ап жердің шегін,

Теңестіріп қоныстың аз бен көбін.

Кәуір Майқы кезінде тыныш бопты,

Заманның кім болжайды келешегін.


Қазақ онда қалмақты мәні депті,

Кәуір батыр қалмақтың жаны депті.

Дүниеге мәңгілік кім қалады?!

Майқы менен Кәуірдің бәрі де өтті.

Бұл екеуі кеткен соң ел бұзылды.

Берекелі өмірдің сәны кетті.


Өтіп кетті Майқы мен Кәуір кезі,

Жетеді тең әріден тарих сөзі.

Майқыдан соң Төле би елді билеп.

Сан қисықты түзетіп болған тезі.


Жер тарайып малменен адам үшін,

Мынадай деп қиын ғой айту кесіп.

Бір күнде мекеніміз болатын деп,

Қалмақтағы келіпті сырға көшіп.


Күші зордың ежелден көңілі де асқан,

Айтқан сөз уәденің бәрін тастап.

Сырдан қуып қазақты шығармақ боп,

Тағы да соқтығыпты жанжал бастап.


Міне бұл Шыңғыс ханның дәуірі еді,

Дәуірдің қан ағызған ауыры еді.

Қанша жыл тозған халық есін жиып,

Тыныштық Азияда туып еді.


Алатаудың сілемі ерентаумен,

Бір шеті Алтайға шек барып еді.

Орныққан Азияның өңіріне.

Ханы бар өз алдына халық еді.

Танылып дүниенің бір мезгілде,

Тамаша талай қала салып еді.


Жазылған бұл туралы талай дастан.

Жазуға шамам шағын мұны бастап.

Шыңғыстың елге әйгілі лаңында,

Ел тозып әр халықпен араласқан.


Алғанын Азияны Шыңғыс басып,

Халықтың қарсыласқан қанын шашып.

Айтамыз мұның жайын мұнан бұрын,

Қазақтың мән-жайының бәрін ашып.


Алғанда халық және есін жиып,

Хан сайлап, көзден аққан жасын тиып.

Қопарып қонысынан елін қуып,

Күш қылып жоңғар тағы көрсетті иық.


Мұнда да қырылысыпты талай халық,

Бұл бірақ бертінгі іс талайға анық.

Сөзді ұзатып отырмай тыңдаушылар,

Бұл сөзді осыменен тамамдалық.

1913 жыл Үйшілік

Қаракерей Қабанбай
1896 жылы шілдеде Көктұмада өткен Қаракерей түселінде (съезінде) Қабанбайдың төртінші ұрпағы Сүлеймен бастаған он екі бидің алдында түсел үйде айтқан өлеңі. 1951 жылы Құнапия Кәрібайұлынан көшіріліп алынған.

Билеген қазақ халқын хан Абылай,

Ешбірін жат көрмеген дара Абылай.

Ерлердің ел басқарған соңына еріп,

Ұйыған сары уыздай қазағым-ай!
Сайыста қажымаған серіктері,

Ұрқына мұра болған ер істері.

Жоңғардың шапқыншылық ылаңында,

Шайқасы Азияда өрістеді.


Қолбасы ер Қабанбай ту ұстаған,

Қайраты қаһарланса құрыштаған.

Үш жүздің бәр батырын ұйыстырып,

Маңына хас дұшпанын жуытпаған.

Жауға қатал, досына мейірлі боп,

Кейітіп халық көңілін суытпаған.


Қасына ер Бөгенбай, Барақты алып,

Болғаны елге қорған Алашқа анық.

Бердіқожа, Қасабай, Жантай батыр,

Қосылған ер Жәнібек талаптанып.


Ер Қасым, Баймұрат пен Райымбек,

Болғаны оған серік қазаққа анық.

Қосай, Тама, ер Шөрек, Малайсары,

Атын тізіп атайын санаққа алып.

Уәлі болар істі абайлайтын,

Ерекше атап өтем Бармақты алып.


Еспенбет, батыр Жаман, Орақбай ер,

Шын құрыш қайтпайтұғын болаттай ер.

Ақпантай, Еспенбет пен батыр Тентек,

Атойлап жауға шапқан құлаштап ер.


Шағалақ, ақын Сұртай, Бұхар жырау,

Тайсалмай хан алдында берген сынау.

Айламенен қамалды шыққан бұзып,

Майсара – Гауһар батыр көрінеу тұр-ау.


Ұраны болған екен алты Алашытң,

Жүлде алған бәйгесінде сан таластың.

Боранбай, Есенгелді, Қазыбек би,

Жүйесін тауып айтқан сан сараптың.


Сондықтан елі сүйген халық қалап,

Қолданған досына ақыл, жауға жарақ.

Даңқпен хан ұраны Қабанбай деп,

Айбынды ұран қылды барлық қазақ.


Хан, қара ақылынан асқан емес,

Салмағы жаттың жеңіп басқан емес.

Орта жүз сүттей ұйып дегеніне,

Беріп ед ақылменен жасқа кеңес.

Тағдыры бар жасақтың қолында боп,

Болыпты абыройы ханмен теңдес.

Хандығын ханның жасақ сақтайды екен,

Білгенді халық сөйтіп жақтайды екен.

Қабекең орта жүздің ұйытқысы боп,

Бар қазақ пірі тұтып мақтайды екен.


Қамалды талай бұзды дара шығып,

Сүйсінді батырлығын Алаш ұғып.

Өлтірді жекпе-жекте Арқауылды,

Келгенде қоймаймын деп аласұрып.


Қазақтың қасына ертіп бар батырын,

Қарады досқа түзу, жауға қырын.

Дарабоз қолбасылық атақ алып,

Қорғады жауды жеңіп ел өмірін.


Айқасты Доржыменен'>Доржыменен Алакөлде,

Шығарды жауды қуып Сарыбелге.

Ханды өлтіріп жеңісті қолына алды,

Қандыжап [1] қолға түсіп болды пенде.
Қазаққа баянды боп осы жеңіс,

Қуанды алақайлап қазақ тегіс.

Сөзімнің артық-кемі жері болса,

Сүлекем [2] разымын берсе сөгіс, –

деп тоқтағанда төбе би сияз басы Сүлеймен Қабекеңнің жаратылыстық белгілерін, батырлық сипатын әңгімелеп беріпті. Он екі бидің ақсақалы мұрын Бөкенші қария Шерубайдың Омары, Билеушін,

-------------------------------------------------------------------------

1 Доржы, Қандыжап – Жұңғарлардың басты атамандары.

2 Сұлеке – Сүлеймен сұлтан. Қабанбайдың төртінші ұрпағы.

Семіз Найман Бексұлтан би, Қоңыр төре, Мамырбек төре қатарлы білікті адамдардың ішінде Бексұлтан би Кәрібайға бата беріп, әрі қарай айтуын қолқалапты. Сонда:

Мәмбеттен туған екен Қожақұл ер,

Ерлікпен болған екен халқына бел.

Өскелең өнерімен көзге түсіп,

Тең біткен бір басына қайрат-жігер.

Туыпты ер Қабанбай Қожақұлдан,

Шын аты Қабекеңнің Ерасыл еді.

Үлкендер аңыз қылып кеңескенде,

Сипатын Қабекеңнің мынадай еді.

Адамнан тумысында өзгеше қып,

Жаратқан құдіретпен пәруардігер.

Бар екен маңдайында қоян тобық,

Мұны жұрт батырлықтың белгісі дер.


Қаңтарда туған екен шешесінен,

Ерліктің үлес ала есесінен.

Денесі бір жастағы баладай боп,

Байқалған ғаламаты мүшесінен.


Жан бопты еңгезердей алып дене,

Сайма-сай келген сымбат барлық дене.

Жасынан ер мүсіні байқалмаса,

Атайды «Нар бала» деп халық неге?!


Маңдайы кере қарыс жалпақ екен,

Танауы дөңес келген талпақ екен.

Бүркіттей тоят алған тұғырдағы,

Шығыңқы төс сүйегі шалқақ екен.

Жан екен биік қабақ, қою қасты,

Көнек пе дегендейсің көрсең басты.

Өмірін өзі туған еліне арнап,

Дұшпанмен қан майданда сан айқасты.

Ішінен қалың топтың танылатын,

Ақырса арыстандай дауысы қатты.

Кешегі Әзірет-Әлі қаһармандай,

Дұшпанның зәресі ұшып, құты қашты.

Қазақтың елін бастап, ерін ертіп,

Қорғады ел мен жерді, мал мен басты.


Бар екен қызыл қалы иегінде,

Бір мін жоқ жұмыр біткен сүйегінде.

Өмірі бір қысылып сасқан емес,

Тас бар ма десетін ел жүрегінде.

Бесті атты құйрықтан ап жерге ұратын,

Қайраты болғандықтан білегінде.

Сайыста дара айқасқан дұшпанының

Көрмеген сау жіберіп біреуін де.

Сапарын бақыт беріп Алла оңғар деп,

Болыпты қазақ халқы тілегінде.


Әр етті, әрі көркем, бойы биік,

Келісер үстіне алса сауыт киіп.

Денесі толымды екен арық емес.

Осындай ерге сымбат біткен сиық.

Қыранның ұшардағы топшысындай,

Тұратын көтеріңкі қос екі иық.


Ту алып, тұлпар мінген, қару асып,

Абырой бақ қонарда даруы ашық.

Дұшпанның туын жыққан жауды жеңіп,

Болысқан бұхараға жаны ашып.

Беталды бейбіт елді жайратпады,

Орынсыз матап қолын байлатпады.

Кенелді кеңшілікті мейірімге,

Қайтарып алған жаудан аймақтары.


Дұға қыл рухына естіген жұрт,

Сан ердің ауызға алдым аруақтарын.

Сөйлейін білгенімше әлі-дағы,

Қазіргі Қабекеңнің ұрпақтарын.


Қанжығалы Бөгенбай


Әуелі сөз сөйлейін өткендерден,

Артына із қалдырып кеткендерден.

Жау тосып, жанын беріп, елі үшін,

Біздерге мирас болып жеткендерден.


Өтіпті қазақ деген қалың халық,

Жүріпті сахарада малын бағып.

Бытырап, шілдей тарап жүрген кезде,

Алаш хан ел қылыпты жинап алып.


Сөз түбірі – ежелден Майқы биім,

Қазақтың жақсы білген жайы-күйін.

Бұхар, Төле, Қазыбек, Әйтеке би,

Қалдырған арт жағына сөзден түйін.

Әз Тәуке, Әз Жәнібек, хан Абылай,

Аз әңгіме үйрендім елден сұрай.

«Ақтабан-шұбырынды» заманында,

Хандық туын көтерген ер Бөгенбай.

Айтайын Бөгенбайдың батырлығын,

Жаратқан құдай артық күшке мығым.

Бес қаруын меңгерген әрі айлалы,

Қамалға қарсы шапқан батылдығын.


Кез еді мың жеті жүз отыз жеті,

Қалмақтың екінші рет қайтқан беті.

Айқасқан талай мәрте Бөгенбаймен,

Қалайда өлтірмекші есіл – депті.


Сондықтан тіленіп тұр жекпе-жекке,

Інісі Рабданның аса текті.

Қайтсем де өлтірем деп Бөгенбайды,

Ағасы Рабданға серт беріпті.


Сондықтан атын атап шақырып тұр,

Жартастағы аюдай ақырып тұр.

«Қан басып, құдай айдап келдің бе» деп,

Көзінен Бөгенбайдың жайнайды нұр.


Қабанбай, Шыңғожа мен Боранбай бар,

Баян мен ер Жәнібек, ер Қосай бар.

Қазақтың жоғын жоқтар өңшең нарлар,

Баймұрат, Көкжал Барақ, Олжабай бар.


Бірігіп қол бастады қара құрым,

Мұндай қол жиылған жоқ мұнан бұрын.

Хан туын ер Бөгенбай қолына алды,

Қаруын, сарбаз санын ашпай сырын.


Тайлақкер Бөгенбайдың мінген аты,

Ерлерге лайық туған ер қанаты.

Дұшпанын қуған кезде құтқармайтын,

Тұлпар ед ақалтеке [1] арғы заты.


«Туды ұста!» – деді Бөкең Олжабайға,

Қызынып әрең тұрды Қабанбай да.

Жүреді ту ұстаған хан орнына,

Екі жақ қанық еді мынау жайға.


Айқасқа бес қаруын сайлап алды,

Құдайым бере гөр деп ойлағанды.

Қалқанды сол білекке іле салып,

Асықпай ат әбзелін жайлап алды.

Соқтырған атап беріп наркескенді,

Бөгенбай айбаттанып қолына алды.

Басталды айқас деген хабар беріп,

Екі жақ дауылпазбен сырнай шалды.


Қалмақтан жәбір көрген қалың халық,

Дұшпанның озбырлығы Аллаға анық.

Жауыңнан мерейіңді үстем қылып,

Десті жұрт аман орал бағың жанып.


Абылай, Бұхар жырау қол көтерді,

«Әумин!» деп бата берді тұрған халық.

Шапқанда екі батыр екі жақтан,

Кеткендей сезінеді жер қозағалып.


Шақырды Мананбайдың аруағын,

Жерді ойған орта жүздің салмағын.

Қан түрткен сорлы қалмақ көрейін деп,

Ағызып жетіп барды кертайлағын.


Асықпай басып алшы ентігіңді,

Сенімен толтырамын кемтігімді.

Қан ішер, қанға тоймас Рабданға,

Сыйлаймын тарту етіп жемтігімді.

--------------------------------------------------------------

1 Ақалтеке – Түрікмен жылқысы

Бөгенбай, келдің жетіп мінгенің кер,

Мен – ханмын, сен – қарасың, кезегім бер.

Кәпір деп бізге кезек береді екен,

Бұрынғы ата-бабаң – соғысқан ер.


Ал, кәне, кезегіңді сұрадың ғой,

Бұрынғы жолды бұзбас мұратым ғой.

Аянба, арман қылма, қапы кетіп,

Мүлт кетсең өз басыңа саламын той.


Атының басын бұрып шауып кетті,

Мөлшері бес жүз қадам жерге жетті.

Бұрылып садақ тартты күшін жиып,

Өгіздей атқан оғын мөңіретті.


Бөгенбай байқап қалды тұрған бағып,

Сұр жебе келе жатыр зуыл қағып.

Оқ өтпес, қылыш батпас болат қалқан,

Қалқанды тоса қойды қиғаш салып.


Жебесі тиген жерді майырылды,

Теседей тасқа соққан қайырылды.

Алла сақтап, аруақ жебегенін,

Бөкеңнің шыдап тұрған іші білді.


Бөгенбай садақ қолға алды,

Тартуға шіреп оңдалды.

Сол жақ жеңнің ұшы деп,

Ілгектің түйме тұсы деп,

Шірене тартты садақты.

Болат басты жебені

Көздеген жерге қадатты.

Екі қабат сауытан

Жарып оғы өтіпті.

Терісін тіліп білектің,

Арқадан шығып кетіпті.
Қан ағады қызыл ды,

Көңілі Шона бұзылды.

Сол қолы ұйып тұрған соң,

Садақтан үміт үзілді.


Айбаттанды, зорланды,

Дыбысы шықпай долданды.

Қаныңды қазір төгем деп,

Құрышты найза қолға алды.


Қамшы басты атына,

Найза салды ақыра.

Бес қабат киген сауытқа,

Алмады қалмақ батыра.

Межелі жерге барысты,

Үш қайтара салысты.

Шарайналар сөгілді,

Түймесі жерге төгілді.

Тұлпарлары тізерлеп,

Аш күзендей бүгілді.

Шүмектеп тері төгілді,

Ұмытты тірлік өмірді.


Күннің көзі көрінбей,

Шаң-тозаңға көмілді.

Біріне-бірі ұмтылды,

Жібермен осы кезімді.

Найзалар сабы шарт етті,

Білектерден әл кетті.

Болдырды әбден теңселіп,

Түсіре алмай еңсеріп.


Қалқан мен найзаларын ұрды жерге,

Құдайым кезіктірді ерді-ерге.

Шона да елден ерен батыр екен,

Малшынып жүрсе-дағы қан мен терге.


Бос мойын шойын шоқпар көтерісті,

Кімнің ойы болжайды өтер істі.

Бар қазақ қолын жайып қойдай шулап,

Бөкеңді қолдай гөр деп шу етісті.

Қалмақтар өз тілінде ұран тастап,

Қайтадан алға ұмтылды ұрыс бастап.

Батырлар бірін-бірі ұрған кезде,

Тұлпарлар шоңқаяды шатқаяқтап.


Бос мойын темір шоқпар отыз батпан,

Орнына бүлдіргенің шынжыр таққан.

Батырлар дәлдеп ұрды бірін-бірі,

Төңкеріліп түскендей болды аспан.


Шона да «ағлаби» деп күңір етті,

Бөкең де өз ішінен Алла депті.

Біріне-бірі төніп екі шоқпар,

Үзіліп қыл мойыннан ұшып кетті.


Бос мойын шоқпар кетті сынып басы,

Екі жақ аллалап тұр кәрі – жасы.

Тұлпардың тұяғымен уатылған,

Бұршақтай аспанға ұшты қара тасы.


Терісі алақанның ойылады,

Шоқпарлар сынған жерге қойылады.

Тұлпарлар шапқан жердің топырағы,

Шаң болып қара саннан ойылады.


Кезегі келді міне, қылыштарға,

Азырақ уақыт таппай тыныстарға.

Ақырып қайта ұмтылды екі батыр,

Мүсіркеп бірін-бірі тұрыс бар ма?


Қылыштар шайнасады жүзіменен,

Ұрғандай дыбыс шықты гүрзіменен.

Шабады қылыш сермеп Шона даба,

Сыйынып құдайына Кеген деген.


Бөкең де аруақ деп айғай салды,

Дауысына ақырғанда жер қозғалды.

Кетіпті қақ бөлініп екі қылыш,

Қайратына екеуінің жұрт таңқалды.


Атынан қарғып түсті Шона даба,

Семсерін қынындағы қолына ала.

Бөкең де мұны көріп түсті жерге,

Сүйсініп өзі теңдес мынау ерге.


Семсерін қолына алып айғай салды,

Түктері қарс шығып айбаттанды.

Шаппа-шап, қоян қолтық екі батыр,

Аянбай бір-біріне қанжар салды.

Сауыттан үстіндегі алты қабат,

Қақ бөліп қанжарменен осқылады.

Қан толып екі көзге қарауытып,

Тұлпардың көрінбейді қос құлағы.

Қанжарлар тесе болып майырылды,

Батырлар әл-қуаттан айырылды.


Ел де тұр иә, құдайлап зәресі ұшып,

Қос батыр қарсы жүрді аттан түсіп.

Тастады бәрін шешіп сауыттарын,

Беріспей бір-біріне елдің арын.

Бұхар жырау мойнына бұршақ салды,

Иә, құдай сақтай гөр Бөкең нарын,

Таптатпас Бөгенбай да елдің арын.

Белдеске шықты тастап қаруларын.

Айқасты қолды жауып бастау үшін,

Абылай суырып тұр зұлпықарын.


Қарусыз белдеседі екі батыр,

Орнатып бір-біріне заманақыр.

Белдесті, іштен шалды, көтере ұрды,

Төбелеп басы-көзге ұрып жатыр.


Жығылған бірін-бірі баса алмады,

Күштері тепе-тең кеп аса алмады.

Шүмектеп қара тер боп әлі құрып,

Теңселіп аяқтарын аша алмады.


Екеуі екі бетке құлай кетті,

Асықпай ажал шіркін сабыр етті.

Дем алып, есін жиып Шона даба,

Артына қайырылып былай депті.


Бөгенбай, бұл айқаста арым таза,

Келмеді екеуімізге бейнет-қаза.

Абайсызда ажалың кеп жүрмесін,

Өкініп қалып жүрме басып жаза.


Сен-дағы сақтанғайсың Шона батыр,

Тең түсіп, айырылыстың міне ақыр.

Тек жүрсең сау боласың деген сөз бар,

Бұрынғы өткендерден қалған нақыл.


Қос батыр осыны айтып өре тұрды,

Беттерін екеуі де артқа бұрды.

Екеуі осылайша серттесіп ап,

Шығыс пен терістікке бетін бұрды.


Ниеттері болмады соғыс ашпақ,

Екеуі қайтты еліне қолын бастап.

Қан төгіс осы жолы болмай қалды,

Бейнетсіз, ажалсызды құдай сақтап.


Бір жылдай уақыт өтті екі арада,

Бірнеше соғыс болды сахарада.

Бірде жеңіп қалмақты, бір жеңіліп,

Тыныштық орнамады бұхараға.


Арыс пен Бадам өзені арасында,

Биік тау Ордабасы сағасында.

Жиылды бар қазақтан қалың әскер,

Қарулы отыз мыңның шамасында.


Бастығы Шона даба қалмақ жақтың,

Келешек иесі еді алтын тақтың.

Денесі үйген оба секілденген,

Үстінде қара қасқа арғымақтың.


Қару сай, сауыт қалың киген үске,

Әскерін бөліп қойған ол да үшке.

Екі жақ дабыл қағып көтерілді,

Мезгілі бола берген сиыр түсте.


Айғайлап күмбірледі дабыл үні,

Шаң басып көрінбеді шыққан күні.

Қалың қол еһелесіп соғысқанда,

Қара түнек – белгісіз күндіз-түні.


Болмайды кім екенін ешкім біліп,

Тұмақтай лақтырады найза іліп.

Доптай боп бас ұшады, кесілген қол,

Тастаған қорқырайды қарнын тіліп.


Ертеден соғыс болды түс ауғанша,

Тау-тау боп өлік жатыр үйген бауша.

Қырып жүр ер Бөгенбай қалмақ қолын,

Секілді көк құрақтай жас балауса.


Шона даба жүр екен қылыштасып,

Ішінде басқалардан тұрпаты асып.

Бөгенбай тұра ұмтылды көре сала,

Найза алып, кер тұлпарға қамшы басып.


Толғады көк найзаны қолына алып,

Шона да бұрылғанша жақын барып.

Сауыттың жұқа жері осы еді деп,

Қолтықтан найза салды қатуланып.


Көк құрыш біздей өткір алқымданып,

Кептірген найза еді ырғай сапты.

Табандап, толғай ырғап бойлатқанда,

Еңкейіп Шона аттың жалын жапты.


Жау қашты деп сол заман айқайласты,

Күңірентіп сай-саланы, тау мен тасты,

Адамнан есті жануар – қасқа тұлпар,

Шонаны ел соңынан ала қашты.


Бадамға қарғып түсті тасып жатқан,

Секіріп сағасынан асып жатқан.

Суға түсіп азырақ есін жиды,

Қарсы алды Ғалден-Серен арғы жақтан.


Бағана ат айғаймен ала қашқан,

Бөгенбай көк желкеден көздеп атқан.

Қан жауып аттың жалын бояғанда,

Талықсып арындаған суға батқан.

Кектенген Бөгенбайды көрген кезде,

Шалқалап сырғи берді арғымақтан.

Қос қолдап күрзіменен ұрды бастан,

Немені дәмеленген алтын тақтан.


Быт-шыт боп мылжаланып Шона даба,

Ағынмен кете барды мөңкіп аққан.

Қанішер, қаныпезер, таққа құмар,

Су аяғы құрдымнан орын тапқан.

Өлтіріп Шона даба қанішерді,

Бөгенбай ел ішінде болды мақтан.


Солардан өткен екен дүние жалған,

Кім құтылып көріпті сұм ажалдан.

Отыз мыңнан он екі мың қырылыпты,

Абылай ертесінде есеп алған.


Қалмақтан қырылыпты он сегіз мың,

Ел тартқан зардаптарын қайғылы мұң.

«Отыз мың бала жетім қалды» деген,

Қалыпты халқымызда сол бір ұғым.


Қашанда қан құмарлар іздеп келген,

Сол жерден аман қайтпай бәрі де өлген.

«Көп асқанға бір тосқан шығар» деген,

Бұхардың сөзі екен көзі көрген.

Сонан кейін қатысты сан майданға,

Ерлік істер көрсетті қан майданда.

Тағы да батыр ісін жырлар ұрпақ,

Басылып қалмау үшін құм-қайраңға.


Сөйледім ер Бөкеңнен бір азырақ,

Сөйлеуге тілім жетпес ұзағырақ.

Жаннаттан орын бер деп ер Бөкеңе,

Тілеймін бір Алладан иман сұрап.


Осымен Бөгенбайды аяқтаймын,

Шона дабаны өлтірген ерлік жайын.

Сендерге естігенді баян қылған,

Ұрпағы Жолымбеттің Кәрібаймын.


Таңатардың баласымын елім – Сары,

Сөзден жүк теңдеп артқан қаранары.

Кезінде дес бермеген қара сөзден,

Найманның тіл мен көзі, зұлпықары.




Кәрібай таңатарұлы
Алаш ұраны туралы
Мұрын және байжігіт
Айтыстар әсетпен айтысы
Барақтың [2] қыбыладағы панасымен



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет