3. Науқасты .объективті қарағанда анықталған өзгерістерді қалай түсіндіруге болады?
Сарғаю механизмі- билирубиннің биохимиялық айналымың бұзылу салдарынан дамиды. Цирроз кезінде қалыптыдағыдай бауыр жасушалары билирубинді ұстап, коньюгацияға ұшырата алмайды, сонымен қатар оның қаннан өт жолдарына түсуіне шамасы жетпейді.
4. Лабораториялық зертеулер нәтижесінде анықталған өзгерістерді талдаңыз және себебін түсіндіріңіз.
ЭТЖ- қабыну процессіне байланысты жоғарылайды.
Тимол калыптыда 4 Б,бауырдың ауруларында альбумин фракциясының төмендеуіне,синтезінің бұзылып, гамма фракциясының- және бета-глобулиннің жоғарылауына әкеледі.Альбумин бауыр клеткаларында синтезделіп,паренхима зақымдалғанда альбуминнің қалыпты мөлшерін сақтай алмайды.Бірдей глобулин фракциясының төмендеуі бұл белоктардың продукциясына компоненттерінің төмендеуіне жауап береді.
Билирубин жоғарылауы-гепатоциттердің функциональді жеткіліксіздігінен дамып отыр.Жалпы билирубин - 90 мкмоль/л- қан сарысуында билирубин деңгейінің 40 мкмоль/л жоғарылауы, ағзада шырышты қабаттың, терінің, склераның сарғаюын шақырады және цирроздың 3 сатысын көрсетеді -90мкмоль/л. Тікелей-65 мкмоль/л.Билирубин ағзада барлық сұйықтықтарға еніп, сарғаюға алып келеді.
Холангиографияда 12-елі ішектің үлкен (Фатеров) емізікшесінің аймағында жүргізу ісікке қауіп бар кезде жасалады.
40 Клиникаға 68 жастағы науқас, өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кетумен түсті. Бір апта бұрын оң қабырға астында ауру сезімі мазалап, сарғаю дамыған. Созылмалы алкоголизммен ауырады. Объективті: терісі мен көзінің ақ қабығы сарғайған, телеангиэктазиялар бар. Іші іскен. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, тығыз, сезімтал. Көкбауыры 4 см ұлғайған, тығыз. Қанда: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ - 44 мм/сағ, жалпы билирубин (тікелей фракциясы есебінен) - 58 мкмоль/л.
Достарыңызбен бөлісу: |