Ашекеева Ќ



бет3/77
Дата08.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#121021
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
Байланысты:
Саясаттану пәнінен дәріс жинағы 2021-2022(1) (1)

сұрақты қорыта айтқанда, саясаттанудан басқа қоғамның саяси саласын, саясатты зерттейтін бірнеше гуманитарлық, әлеуметтік пәндер бар, мысалы философия, әлеуметтану, мемлекет және құқық теориясы, тарих т.б. Осыған байланысты саясаттануға тән оның зерттейтін ерекше мәселесі (пәні) қандай деген сұрақ туады.

2. Саясаттану саясат туралы, билік, саяси жүйелер, үрдістер жөніндегі ғылым.
Саясат қоғамның дұрыс қызметі және оның өмірін қамтамасыз ету үшін қажет және сол үшін дүниеге келген. Сондықтан саясат қоғамның қажетті әрі маңызды әлементі болып табылады.
Саясаттың қоғамдағы рөлі мен маңызы, оның атқаратын қызметінен келіп шығады:

  • қоғамның жалпы мақсатын анықтау

  • қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын сақтау

  • қоғамдығы қатынастарды реттеу мен бөлу

  • шешімдер қабылдау

Саясаттың ерекшелігі оның мемлекеттік билік мәселесіне байланысты болуында. Саясат биліктің түрін, мақсатын, мазмұнын анықтауға және билікті қолдану әдісіне ықпал етіп отырады. Саясаттың өзекті мәселесі – белгілі идеология негізінде құрылған мемлекеттік билік жүйесі. Мәселен: орта ғасырдағы монархиялық режим абсолютизм идеологиясы негізделген саяси режим пайда болды. Саясат қоғамның әртүрлі салаларына байланысты мынандай бағыттарға бөлінеді: экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, аграрлық, финанс, инвестициялық, кадр т.б. саясаттар. Саясат әртүрлі деңгейде, ауқымда, формада, мерзімде жүріп отырады. Саясат қоғамда үлкен өзгертуші, айқындаушы күшке айналуы үшін ол қоғам дамуының негізгі заңдылықтарына сүйенуі қажет. Ол зандылықтар ғылым арқылы айқындалары. Сондықтан саясат ғылымға негізделуі керек, яғни саясат ғылыми саясат болуы тиіс. Саясатты ғылым ретінде қарастыратын болсақ, ол-ғылым. Өйткені саясат қоғамдық даму зандылықтарына негізделеді. Саясат таппен бірге пайда болғанымен ғылым болып кешірек қалыптасты. Яғни қоғам дамуының зандылықтары ашылғаннан кейін ғана және ірі қоғам қайраткерлері, ойшылдар ғылым негізінде әлеуметтік процестерге ықпал ете бастағаннан бастап саясат ғылымға айналды деп айта аламыз. Әрекетсіз – заңдылық жоқ. Егер адам әрекеті қоғамның даму заңы мен манаспаса онда ол нәтижесіз болады.
Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән-мағынасын түсініп білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т. б. әдістер жатады.
Саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуде білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялықпайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. Парадигма жасау арқылы зерттеушіде белгілі бір саяси құбылысты зерделеудің негізгі өлшемі, қалпы қалыптасады. Саясаттану парадигмаларын жинақтай келе оларды теологиялық, натуралистік, әлеуметтік және тиімді – сыни деп бөлеміз. Сонымен саясаттың мақсаты тек қана объективтік факторларды ғана жасауда емес, сонымен бірге ол субъективтік факторларды да қарыптастыру керек.
3. Саясаттанудың пәнін анықтаудағы негізгі амалдар.
Барлық уақытта, әсіресе бүгінгі күні саясаттың маңызы артып отыр, себебі саясат барлық уақытта жеке адамдардың, тіпті бүкіл халықтардың өміріне, тағдырына шешуші ықпал етеді. Антикалық заманның ұлы ойшылы – Аристотель б.з.д. V ғасырда-ақ айтқандай, саясат – адамның табиғатынан туындайды, себебі адам - әлеуметтік жәндік, ол тек қана ұжымда, қоғамда, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы ғана толыққанды өмір сүре алады.
Саяси білім мен мәдениет бүгінгі күні кәсібіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әрбір адамға керек, себебі ол қоғамда өмір сүріп, тіршілік етіп басқа
адамдармен және мемлекетпен міндетті түрде бірлесіп әрекет етеді. Ал саяси
білімі мен мәдениеті жоқ адам саяси істерде амал-айла, қулықтың арбауына түсіп, оны саяси белсенді күштер өз мақсаттарында пайдаланып кетуі мүмкін.
Адамдардың көпшілігінің саяси сауаттылығы қоғам үшін де қажет. Саяси
сауаттылық қоғамды бір адамның дара әкімшілігіне негізделген үкімет жүйесінен, деспоттық басқарудан, адамгершілікке қарсы, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдастырудың экономикалық тиімсіз түрлерінен сақтандырады. Сондықтан мемлекетте адамдардың өркениетті ӛмір сүруіне тек жеке адам ғана емес, бүкіл қоғам мүдделі, ӛркениетті өмір сүру өнері ретіндегі саяси мәдениетті саналы түрде қалыптастыру қазіргі заманғы қоғамның міндеті, оның дұрыс дамуының маңызды шарты болып табылады.
Қазақстан Республикасы – қоғамдық өмірдің барлық салаларында сапалық түбегейлі өзгерістерді басынан кешіп отырған мемлекеттердің бірі болып табылады. Қазақстандағы саяси және қоғамдық қайта құрулардың табыстарға жету шарттарының бірі – азаматтардың саяси ғылым мен демократиялық мәдениет негіздерін меңгеруі болып табылады. Кез келген әлеуметік өзгерістердің, ең алдымен, адамдардың сана-сезімінде басталатыны белгілі.
Демократиялық құрылыс тұрғындардың саяси мәдениетінсіз қалыптаса
алмайды. Демократия – халық билігі, ал халық жеке адамнан басталады,
демократия адамды биліктің кӛзі етіп, оны ӛз елінің тағдырын жасаушы,
халықаралық саясатты жасаушы етеді. Демократиялық мемлекет жағдайында
әрбір адам саяси шешім қабылдауға нақты әсер етпегенімен, мемлекеттік саясатта тұрғындардың түрлі топтарының мақсат-мүдделелінің ескерілуі, басқарушы элитаның құзіреттілгі мен жауапкершілігі адамдардың кӛпшілігінің саналы түрдегі таңдауы мен белсенділігіне байланысты болады.
Демократиялық саяси білім – негізгі әлеуметтік құндылықтарды, ең алдымен жеке адамның еркіндігі мен абыройын, табиғи, ажырамас құқықтарын мойындауға сүйенеді. Ол азаматқа қоғамдық құрылысты дұрыс бағалауға, мемлекеттегі өзінің орны мен ролін, құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Демократиялық саяси білімнің негізгі мақсаты – қазіргі заманғы күрделі, қайшылықты дүниеде адамды дұрыс бағыт-бағдар жасауға, ӛз мүдделерін ұсынып, оны қорғай білуге, басқа адамдардың мүдделерін, құқықтарын сыйлай отырып, жалпы мәселелерді ұжымды түрде шешуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге демократиялық білім беру – азаматтардың демократиялық құрылыс пен оны қамтамасыз ететін мемлекеттік және қоғамдық институттарды құрметтеуін қалыптастыруға бағытталады, ӛйткені тұрақты саяси тәртіпсіз тұлғаның, жеке адамның шын мәніндегі еркіндігінің болуы мүмкін емес. Экономиканы әміршіл-әкімшіл әдістер арқылы басқарудан нарықтық шаруашылыққа кӛшу, тоталитарлық саяси жүйеден құқықтық мемлекетке, демократиялық жүйеге, азаматтық қоғамға кӛшу тұрғындардың саяси мәдениетінде түбірлі өзгерістерді талап етеді, нарықтық экономика мен
плюралистік демократияға сәйкес бұқаралық менталитетті қалыптастыруды талап етеді. Демократиялық саяси білім – бұл процестердің тез жүзеге асуына септігін тигізеді. Саяси білім беру – қазіргі заманғы жеке адамның әлеуметтенуі мен саяси мәдениетін қалыптастырудың, демократиялық құндылықтарға жақындастырудың әдісі болып табылады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алып, шын мәнінде демократиялық
жолға түсіп жатқан кезде азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет орнату үшін
саясаттану пәнін оқып-үйрену болашақ мамандарға ӛте қажет. Саясаттану пәнінің мақсаты – студенттерге саяси институтардың, құбылыстардың, қазіргі қоғам дамуындағы саяси мәселелердің мәнін түсінуге кӛмектесу. Соның барысында олардың саяси санасын қалыптастыру, адамзат дамуының баламалы даму жолдары бар екендігін түсіндіру, демократиялық саяси мәдениеттің құндылықтары мен ережелерін бойларына сіңіру. Сонымен, 3- сұрақты қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін баянды етуге, билік құрылымдарын қалыптастыруға, қоғамдық өмірді демократияландыру, саяси мәдениетті қалыптастырудағы, өсіп келе жатқан ұрпақты саяси әлеуметтендіруде саясаттану курсын оқып-үйренудің маңызы зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет