1
«Оқуды бағалау» атты семинарына анықтама
Семинардың оздырылған орны: Ащысай ОЖББМ-б мен Амангелді негізгі мектебі
Мақсаты: Тыңдаушылар формативті бағалаудың жаңа түрлерімен танысады. Сабақ кезеңдеріне сәйкестендіре отырып пайдалануды үйренеді. Формативті бағалаудың маңызын түсінеді. Мектеп ұстаздарының кәсіби-педагогикалық, ұйымдастырушылық деңгейін арттыру, оқушылармен жұмыстану барысында түрлі проблемалар мен көптеген қиындықтарды бірігіп жеңу түсініктерін қалыптастыру және ұстаздардың шығармашылық белсенділігін арттыру, көшбасшылық қабілеттерін дамыту.
Семинарға Жаңатұрмыс, Амангелді, Ащысай мектептерінің ұстаздары қатынасты. Ең алғашқы күні Ащысай мектебінде болды, алдымен 1, 2, 6-сыныптарда ашық сабақтар топтамасы оздырылды. Түстен кейін «Формативті бағалау» атты семинар-практикум болды. Семинарға барлық ұстаздар белсене қатынасты. Екінші семинар барысы Амангелді негізгі мектебінде оздырылды. Ең алдымен 1-сыныпта Э.Ж.Султанова ашық сабақ оздырылды. 1-сыныпта 2 оқушы, сабақ барысында жаңартылған білім беру мазмұнына сай әдіс-тәсілдер қолданылған, сабақ өз мақсатына жетті.
Екінші ашық сабақты 5-сыныпта Қ.С.Ибрашева өткізді. Сыныпта 5 оқушы, барлығы да сабаққа белсене қатынасты. Сабақ өз мақсатына жетті. Семинардың келесі кезеңінде «Сабақ барысында формативті баңалауды тиімді қолдану» атты коучинг оздырылды. Коучингтің мақсатына сай тыңдаушылар формативті бағалаудың жаңа түрлерімен танысып, формативті бағалаудың маңызын түсінуге тырысты. Коучинг барысында ұстаздар бірлесе жұмыстанып, жаңартылған білім беру мазмұнына сай әдіс-тәсілермен таныса отырып, топта жұмыс жасады. Ең алдымен, шеңбер болып шығып, өткен сабақтарға формативті баға берді. Одан соң топқа бөлініп, «Айналалы бекет» әдісі арқылы жазу дағдыларын дамыта отырды, әр іс-әрекеттен соң бір-біріне формативті баға беріп отырды. Одан соң озырылған іс-әрекет интербелсенді әдіс «Мұнара» деп аталды. Бұл әдістің мақсаты бірлесе отырып ситуациядан шығу болатын, яғни әр қатысушының қолдары байланып, бірігіп мұнара жасау болатын. Қатысушылар өздерінің тебіреністері мен қуанышты сәттерін жасыра алмады, соңында тыңдаушылармен «Бағалау ағашы» атты кері байланыс орналды. Жалпы семинар барысында алған әсерлерімен бқлісе отырып, топтың көшбасшысын өздері белгілей білді. Жалпы коучинг өз мақсатына жетті, мектептер арасындағы байланыс орныға түсті.
Шығармашылық топ жетекшісі Жанакашева Г.А
Достарыңызбен бөлісу: |