Аскар Тогмаганбетов Конак уйдин коркактары
Поездан түнгі сағат 1-де түстік те бес-алты кісі бірге жүрдік. Отырар орын жоқ, вокзал залынан қуып шы4ып, түнімен еденін жуып шықты, перрон да бос емес. Ендігі лаж —аяқ үстінде тұрып,қалғу.
— Қонақ үйі бар ма?
— Бар десе де болад, жоқ десе де болад. Келген қонақ осы жерге қонад.
— Бары қалай, жоғы несі?
— Бар дейтініміз — "қонақ үй" дейтін аты бар, жоқ дейтініміз қонақ тоқтар жері жоқ.
— Нартай ақын, жантаятын жер де жақын, жүрегіңіз қысылса, жүріңіз сәкін - сәкін! —деп Әбдікәрім тақпақтап күлдіріп қояды. Біз қонақ үйді іздеп келеміз алқынып тұрып Көкең жөн сілтейді:
— Ей, жігіттер, мен көрген қонақ үй: ет базардың аржағында, сүт базардың бер жағында, көшенің бұрышында, жерден жеті қарыс қана биіктігі бар үй еді ғой... Өтіп кеттік, асып кеттік! — деп жобалайды.
Әне-міне дегенше түн ортасы да болды іздей - іздей қонақ үйді таптық. Есік емес, үңірейген тесігі бар, тентек сықырлауықты қақпаны әрең ашып, қақтық. Дыбыс жоқ, тым -тырыс. "Товарищ" деп те жалынамыз, "жолдас" деп те жалбарынамыз, мүмкін өзбек болар деп, "ортақ" деп те сұраймыз. Бірақ п жауап жоқ.
— Түстерің нашарлау екен, — деді іштен сығалап қарап тұрған әйел. Түсіміздің нашар емесін, сүмірейтіп тұрған жаңбыр екенін дәлелдеп, өзімізді таныстырып екі сағаттай кейістік, ақырында келістік. Есік ашылды.
— Байқап басындар, біріңді бірің қолдарыңнан ұстаңдар, еденнің тесігі бар, су құйған бақ бар, тайып кетпендер, ағып кетіпті... қап, мына бір шелекті біреу қағып кетіпті..ХОППААА. — деп ол әйел сөйлеп келе жатыр.
Дежурный әйел бізді қараңғы үйге кіргізіп, жататын орынды болжаумен сілтеді.
— Сіздер алтау екенсіз, алтауыңа екі койка. Шуламаңдар, сиысып жатындар! — деп, қысқа-қысқа бұйрық берді де, шығып кетті.
Койканың аяқтары алшиып, төрт тағандап айғайын сала жөнелді ортасы ойылып, түсіп кетті көкең үйелеп қалды да, ұялған дауыспен өлеңдетіп:
Қайтеді үйелетіп мына шіркін.
Ойылып бара жатыр біртін-біртін?
Екі темір қабысып, ортасында
Қалмасы игі ем селтиіп екі мұртым! —
деп күлед
Кәкеңнің өкпесі сыр-сыр етіп:
Тар үй сығып алғанба үнімізді,
Есітпесін басқалар мұнымызды...—
дей беріп еді, дежурный әйел жетіп келді де:
— Алты адамға ақша төлеңдер, асығыспын! — деп алақанын жайып тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |