Астық өнімдері және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы



бет4/6
Дата19.10.2023
өлшемі137,67 Kb.
#186798
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жарманың түрлері мен сапалық көрсеткіштері (копия)

Қауыздылығыжарма дақылдарында негізгі анықталатын сапалық белгісі. Жарма дақылының қауыздылығы дегеніміз – дән қауызының талдауға алынған үлгі салмағына пайыздық қатынасы. Бұл сапалық белгі жарма өндірісінде жарманың шығымын анықтауда қолданылады. Мысалы, жарма өндіру мақсатында астықты қабылдау барысында ядроның мөлшері тарыда 74, сұлыда 63, ал қарақұмықта 71%-дан кем болмауы тиіс. Қауыздың мөлшері сұлыда 18-46%, арпада 7-15%, тарыда 18-25% аралығында болады.
Әдетте, жарма дақылдарының оның ішінде тары, күріш, арпа, сұлы қабығынан арнайы құралдың көмегімен немесе қолмен ажырату арқылы анықтайды.
Ол үшін орташа үлгіден 50 гр өлшем алып, лас және дән қоспаларын ажыратып, одан екі қайталап дақыл түріне байланысты (сұлыда болмаса 5 г (күріштен) дән аламыз. Дәнді қауыздан ажырату үшін фарфор ыдысының түбіне ұсақ металл тор төсеп, дәнді салады да, оның басына дәл осындай тор байланған үйкегішпен ысқылайды. Бұл кезде дәннің сыны үгітіліп кетпеуін қадағалау керек.
Қауыздан ажырату процесі аяқталған соң өлшемді тесігі ұзынша келген (1,8-20 мм болмаса 2,2-20мм) елегішке салып елеу арқылы тазалайды. Егер үлгіде қауыздан ажыратылмаған дін қалса, оны қайтара фарфор ыдысқа салып үйкеу арқылы ажыратады.
Сұлы дәнінің қауыздылығын қолмен ажырату арқылы анықтайды.
Қауыздан толық ажыратқан соң дән ядросын таразыда өлшеп, алынған үлгінің салмағы мен одан бөлінген қауыз салмағының қатынасы арқылы сол дақылдың пайызбен берілген қауыздылығын есептейді.
Тары, қарақұмық және күріш дәндері ядросының мөлшері оның қауыздылығы мен ластығы анықталған соң төмендегі формуланы пайдалану арқылы есептеледі.
ТЯ=
ТЯ - таза ядроның мөлшері, %;
А - лас және дән қоспасынан бөлек қалыпты дән мөлшері;
О - үгітілген дән пайызы;
Б - дән қоспасының мөлшері,%;
П - қауыз мөлшері,%.
Сұлы дәніндегі таза ядроның мөлшерін анықтауда келесі формуланы пайдаланады:
Қ =
Қ - сұлының қауыздылығы,%;
С - лас қоспа мөлшері,%;
З - дән қоспасының мөлшері,%;
М - тесігі 1,8-20 мм болатын електен өткен ұсақ дәндерінің мөлшері,%;
О - тесігі 1,8-20 мм болатын електе қалған дән мөлшері,%;
К - негізгі дәнге жататын бидай, қара бидай немесе арпа дәндері,%.
Жарылған ядролар жарманың сыртқы түрлерін нашарлатады, негізгі жарма массасымен бір мезгілде піспейді. Жарылған дәндердің мөлшеріне шек қойылады және жарманың түрі мен сортына байланысты 0,1-0,13% шамасында. Мұндай дәндер шектелген мөлшерден асып етсе, онда оларды қоспаларға жатқызылады. Ұншыққа маталды сым елеуіштерден, немесе диаматрі 1,5 мм дөңгелек саңылауды елеуіштерден өтетін ядроның ұсақ дәндері жатады. Ол жарманың сыртқы түрін нашарлатады және оның тез бұзылуына ықпал етеді, 0,3-0,5%-дан аспағаны жөн.
№ 056 сымды елеуіштертен өткенді ұн тозаңына (мугель) жатқызады. Ұндағы оның мөлшері 0,3-0,5%-дан аспауы керек.
Мәннейден басқа барлық жармаларда қоспалар анықталады. Ол үшін орташа үлгіден массасы 10-нан 100г дейін (жарма мен қоспалардың түрлеріне қарай) шөкім бөлінеді, МСТ-пен қарастырылған елеуіштерде ұнтақ пен ұрылған ядроларды бөлу үшін елейді, соңынан елеуіште қалған қоспаларға төменгі елеуіштен өткен қоспаларды қолмен алып біріктіреді, 0,01 гр дәлдікпен өлшейді және алынған шөкімге пайыз мөлшерін есептейді.
Жармада зиянды қоспалардың барлығы белгілі болғанда анықтау үшін қосымша шөкім өлшенеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет