Астық өнімінің сапасын анықтау практикумы



Pdf көрінісі
бет64/74
Дата29.09.2023
өлшемі0,91 Mb.
#183023
түріПрактикум
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   74
Байланысты:
Астық өнімінің сапасын анықтау практикум

Бақылау сұрақтары: 
1.
Ұн сапасына қандай талап қойылады? 
2.
Ұн сапасының көрсеткіштерінің классификациясы 
3.
Шикі дән ұлпасының мөлшерін анықтау әдісі 
4.
Шикі дән ұлпасының сапасын анықтау 
5.
Күлділікті анықтау әдісі 
6.
ИДК – 1 құралының құрылысы 
7.
Ұнды сортқа бөлу көрсеткіштерін атаңыз
8.
Бидай нанын пісіру үшін ұнды сортқа бөлу талаптары 
9.
Шөкім, орташа, нүктелік, біріктірілген үлгіге анықтама беріңіз 
10.
Ұн партиясынан нүктелік үлгі алу ережесі 
11.
Ұнның орташа үлгісі қалай есептеледі, орта үлгі массасы 
12.
Орташа үлгі бойынша нан пісіретін бидай ұнына талдау жасау 
13.
Әрбір ұн сапасының көрсеткіштерінің маңызы және әдістемесі 


75 
25 Қарақұмық және арпа жармасының сапасын талдау 
Қарақұмық ядросының сапасын анықтау 
 
Жұмыс мақсаты:
Қарақұмық ядросының жармасының сорттарымен танысу
стандартқа сай оның сапасын анықтауды үйрену. 
Әдебиет 
МЕСТ 5550 
Құрал жабдықтар:
бөлгіш, техникалық таразы, қалақша, шпатель, 1,6 х 20 елеуiш 
Жұмыс тәртібі 
Жармада болатын қоспаны анықтау 
 
Қарақұмық. Одан жарма және диеталық ұн алады. Қарақұмық құрылысының 
ерекшелігі – оның тұқым бүршігі дәнінің ортасында орналасқан. Жармаға арналған 
қарақұмық таза ядросының мөлшеріне қарай 3 классқа бөлінеді: І - класс 77 %; ІІ – класс 
74 %; ІІІ – класс 71 %. 
Жарма – ұннан кейінгі екінші маңызды азық өнімі. Оларды астық тұқымдастырынан, 
сонымен қатар қарақұмық және асбұршақтан өңдейді. Дәнді жармаға өңдеумен 
мемлекеттік ірі зауыт, цех, кәсіпорын, шаруашылықтар айналысады.
Жарманың сапасы химиялық құрамға ғана тәуелді емес, сонымен қатар дәннің 
физикалық қабілетіне тәуелді болады. 
Қарақұмықтың жармасының ең күштісі – ядрошық, яғни қарақұмықтың толық 
ядросы, бірақ дәндердің бір бөлігі ұсатылып, одан ұсатылған жарма пайда болады, ал 
тағам пісірген кезде ботқа болады. 
Жармада қоспаларды анықтау үшін, қарақұмық ядро жармасынан 50 г шөкім алып, 
одан қолмен келесі қоспаларды бөледі:
1.
Шөпшар қоспасы:
-
минералды (құм, жер) 
-
органикалық (жеміс сырты, сабақ қалдығы) 
-
арамшөп тұқымдары (жабайы өсімдіктер тұқымдары) 
-
Мәдени дақылдар дәндері 
2.
Қарақұмның бұзылған ядролары ( көгерген, шіріген – барлығынын 
эндоспермдары бүлінгендер) 
3.
Ақталмаған дәндер 
4.
Ұрылған ядролар 
5.
Ұнтақ (ұншық) 
Бөлінген фракциялар өлшеніп, нәтижесі алынған шөкімге қатысты % есептеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет