Егер балада музыкалық қабілеті анық көрінсе, онда ол:
– Музыка тыңдағанды ұнатады, оны тыңдау үшін бірнеше сағат бөледі, музыкалық жазбаларды сатып алады;
– Концерттерге барғанды ұнатады;
– Ән әуені мен ырғағын тез еске сақтайды;
– Музыкалық аспаптарды ойнағанды, ән айтқанды ұнатады;
– Өзінің ән әуенің шығарғанын ұнатады;
– Музыкалық мәдениеттің әр саласын жетік біледі.
Егер балада ғылыми қызметке қабілеті көрінсе, онда ол:
– Абстрактілі ұғымдарды түсіну қабілеті байқалады;
– Басқанын ойын немесе байқауын сөзбен жеткізу қабілеті бар,керек кезде жазбалар жүргізеді;
– Ғылыми- әдістемелік жұмыстарды, сөздіктерді, кітаптарды оқығанды ұнатады;
– Әлемдегі құбылыстар мен процестерге байланысты сұрақтар қойғанды ұнатады;
– Айналаны қоршаған әлемдегі құбылыстар мен процестерге өзінің түсіндірмесін бергенді ұнатады;
– Өз қызығушылығына байланысты ізденіс жұмыстарымен айналысуды, жобаларды жасауды ұнатады.
Егер балада артистік қабілеті анық байқалса, онда ол:
– Егер сөзі жетпесе, онда ол өз сезімін қимыл- қозғалыс , қолмен сермеу арқылы білдіреді;
– Өз қабілеті арқылы тыңдармандарды, аудиторияны өзіне қаратып алады;
– Дауыс ырғағын өзгертіп, адамның іс- әрекетін қайталап көрсетеді;
– Аудитория алдында сөйлегенді ұнатады;
– Басқа кейіпкер образына енуді жақсы көреді.
Егер балада интеллектісі жетік дамыса, онда ол:
– Өз ойын жақсы пайымдап айтады;
– Еске сақтау қабілеті жоғары дамыған;
– Оқу материалын тез меңгереді, қызықты сұрақтар қояды;
– Мектептен тыс әдебиеттерді оқығанды ұнатады;
– Өз сыныптартарынан оқуда алда жүреді;
– Өз жасынан артық әр түрлі облыстағы кеңейтілген білімді меңгереді;
Егер сіздің балаңызда спорттық талант анықталса, онда ол:
– Үнемі қозғалыста болғанды ұнатады;
– Спорттық ойындарды және одан ұтқанды ұнатады;
– Дене шынықтыру қабілеті жоғары, дене бітімі иілгіш;
– Спорттық идеалы бар және оны үлгі етеді;
– Коньки, шаңғытебуді, доппен ойнағанды және т.б спорттық құралдарды меңгергенді ұнатады.
Егер балаңызда көркемдік қабілеті дамыса, онда ол:
– Сурет және жапсыру арқылы өз сезімін көрсеткенді ұнатады;
– Өнердің көркемдік шығармаларымен айналысқанды ұнатады;
– Айналадан көркем мен сұлулықты көре біледі;
– Бос уақытында сурет салуды, сызумен , жапсырумен айналысқанды ұнатады;
– Үйде өте қызықты және танымдық жағдаяттарды қалыптастыруды ұнатады.
Достарыңызбен бөлісу: |