Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі



бет4/4
Дата17.06.2018
өлшемі0,58 Mb.
#42564
1   2   3   4

2-жүргізуші: М.Мақатаев - адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жастық пен келісімнің жаршысы.

Оның өлеңдері шын шабыттан, қиын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған. Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кең суреттеген.

О, Махаббат!

Сен әлі тірі ме едің?

Көзімнен ғайып болған күнім менің,

Гүлім едің...

Елтіген түнім едің.

О, Махаббат, сен әлі тірі ме едің!?

Мен сені ұмытқанмын.

Жылатқаның есте жоқ, суытқаның.

Суып қаным,

Құлағам құрып халім

Жығылған отауымның уықтарын.

Содан бері мен сені ұмытқанмын.

О, Махаббат!

Сен әлі тірі ме едің!?

Тірі ме едің...

Мен де енді тірілемін!

Ақ періште алдыңа жүгінемін.

...Қолдай гөр, ғашықтардың

Пірі мені!

2-жүргізуші:

Жігітінен қазақтың дос таба алмай,

Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын,- деп Мұқағали Ф.Оңғарсыноваға жанын жеген қайғыны жырмен жеткізген.

Фариза Оңғарсынова туралы слайд.

"Фаризаға" өлеңі оқылады

1-жүргізуші: Ақынның ақындығы атақта емес, ақынның ақындығы арда ғана,- деп арым - өлеңім деген мұратпен ғұмыр кешкен ақиық ақын Мұқағали халқына "бірге туған жан дүниесі" өлеңдерін қалдырды. Ол табиғатпен, тағдырмен, бәрімен дала сырласты. Оның өлеңдері бүгін де шаршағанға әл, шөлдегенде нәр, сүйгенге сырлас, мұңайғанға мұңдас боп адалдық, татулық белгісін тербеп тұр.

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңде ешкім,- деп ақынның өзі айтқандай, Мұқағали мұралары ешқашан да өлмек емес.

2-жүргізуші: Құрметті өлең сүйер қауым кешімізді Мінуар Әнімхановтың «Мұқағалиға» деген арнау өлеңімен аяқтағым келіп тұр

Есімде әлі тұңғыш көрген бет-бейнең

Тұрдым біраз олай-бұлай кетпей мен.

Үнсіз ғана бас изедім сөзіңе,

Қалғандай-ақ көкіоегіме жетпей дем.

Әуелгі бір әңгімені кілт бұрып,

Өлең жайлы ой ағыттың тік тұрып,

Жасқаншақтап қарағаным есімде

Нұрға толы көздеріңу тұп-тұнық.

Көкірегіңе жинап алып ұшқыр сөз,

Жыр қанатпен биіктерге ұштың тез.

Сені шалып жыға алмады бірақта,

Ту сыртыңнан сыпсыңдаған мысқыл сөз.

Тауда туып,шалғын басқан текті ұл ең,

Медет тұттың оқырманды тук кілең.

Мен өзіңді Абай,Қасым секілді,

Бар қазақтың бас ақыны деп білем!

Сөз соңында, әрқашан ақынды еске алып, жырларын оқи жүрейік дей отырып, әдемі бір күймен кешімізді аяқтайық. (оркестрлік топ)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет