Ақтөбе облысы



бет2/2
Дата08.02.2022
өлшемі19,92 Mb.
#124639
1   2
Байланысты:
апталык

«Бақытты күн»
Ұраны: «Әрбір адам, өз бақытының жаршысы»

1.«Бойжеткен әдемі жүр, сыпайы күл!» фотосуреттер көрмесі.
2.«Көңілді, тапқыр достар» психологиялық сайыс

8 - 11 сыныптар аралығында

3 сыныптар



13.03.2013 ж.

«Ата – аналар күні»
Ұраны: «Тәрбие отбасынан басталады»

1.«Ананың алақаны балаға айдынды қоныс» тренинг

  1. 2.Баяндама: «Мектеп пен отбасы арасындағы байланыс – заман талабы»

  2. 3.Ата – анаға жадынама тарату.

4 сынып ата - аналары
Ата – аналар
Ата – агалар

14.03.2013 ж.

«Қарым – қатынас күні»
Ұраны: Қарым – қатынас, өмір атты тағамның ең қажетті тұздығы»

1.«Ізшілер күні» мектепішілік жарыс 2.Акция«Забор»
3.«Реніш» тақырыбындағы психологиялық сабақ.

Барлық сыныптар

Барлық сыныптар


10 сынып



15. 03. 2013 ж.

«Жарқын болашақ күні»
Ұраны: «Болашақ бүгіннен басталады!»

1.«Мамандық білгірлері» кәсіби бағдарлау сайысы.
2. «Алынбайтын асу жоқ» мақсатқа бағыттау тренингі

9 – шы сыныптар
ҰБТ – ға қатысушы түлектер.

16.03.2013 ж.

«Ынтымақтастық күні»
Ұраны: «Алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер»

1.Акция: «Мектеп – ортақ үйіміз» мектептің жалпы суреті.
2. «Симфониялық оркестр» үлкен психологиялық ойын
3.Қайта байланыс анкетасы

Барлық сыныптар
Барлық мұғалімдер

Барлық оқушылар мен мұғалімдер



Құрастырушы:
Мектеп психологы: Г.М.Курманова


А пталықтың ашылуы:
Апталық дүйсенбі күннің таңертеңгі жиыныңда басталды. Бұл күнге флеш – моб, яғни топтық би ұйымдастырылды. Сағат 7.45 – те оқушыларға апталықтың басталғаның жариялап, ортаға нұсқаушы қыздар шақырылып, апталық топтық бимен басалды. Әрине ұялып билемей қалғандар да болды, бірақ көңілді әуен, қарапайым қимыл арқылы оқушылардың басым көпшілігінің көңіл күйі көтерілді.
Алғашқы күн:
«Түрлі түсті күн» деп аталды, бұл күннің ұраны: «Әрбір бұлтты күннен кейін, міндетті түрде күн шығады!» Үлкен үзілісте мұғалімдер мен оқушыларға өзіне ұнаған түсті таңдау ұсынылды, бұл шара екі ауысымда да ұйымдастырылды. Қолданылған түстер 7 түсті Люшер тестінің түстері, кешке оқушылар мен мұғалімдер жасалған таңдау саналып, қорытындысы төменгі ілінді. Ол жерге әрбір түстің мағынасы мен қандай көңіл – күйді көрсететінітуралы мәлімет берілді. Сонымен қатар «түс таңдауы» арқылы диаграмма жасалды.



С онымен қатар 5 сыныптарда «Мен өмірге қажетпін...» атты арт - терапиялық тренинг өтті. Тренингтің мақсаты: Оқушылардың өзіндік сенімін арттыру, өзін - өзі тану, өмірдегі өз қажеттілігін сезіну.


Екінші күн:
«Бақытты күн» деп аталды. Ұраны: «Әрбір адам, өз бақытының жаршысы» Апталық басталмас бұрын оқушыларға фотосуреттер сайысы болатындығы ескертіліп, әдемі, күліп түскен суреттерге конкурс жарияланды. Жиналған суреттердің ішінен ең тартымды, эстетикалық талапқа сай суреттер таңдалып, .«Бойжеткен әдемі жүр, сыпайы күл!» фотосуреттер көрмесі жасалды. Біздер 9 оқушының суретін таңдап, олардың әрқайсысына номинациялар бердік. (Сұлу бойжеткен, сыпайы ару, инабатты ару, салмақты ару, көкем ару, сымбатты ару, сүйкімді ару, әдемі ару, нәзік ару) .
С онымен қатар 3 сыныптар арасында «Көңілді, тапқыр достар» атты психологиялық сайыс өткізілді. Сайыстың шартарында арнайы көңіл – күйді көтеруге арналған жаттығулар еңгілді.
Үшінші күн:
« Ата – аналар күні» деп аталып, күннің ұраны: «Тәрбие отбасынан басталады» болды. 4 сынып ата – аналарына сынып жетекшімен бірігіп «Ананың алақаны балаға айдынды қоныс» атты психологиялық тренинг өтті.
Жалпы ата – аналар жиналысы ұйымдастырылып, жиналыста «Мектеп пен отбасы арасындағы байланыс – заман талабы» атты баяндама оқылды. (қосымша 2) Жиналысқа қатысуға келген ата – аналарға «Ата – анаға 16 психологиялық кеңес» атты жадынама таратылды.


Т өртінші күн:
« Қарым – қатынас күні» болып жарияланды, күннің ұраны: Қарым – қатынас, өмір атты тағамның ең қажетті тұздығы». Күн «Ізшілер күні» мектепішілік жарыстан басталды, барлық класстарға 25 сұрақтан тұратын тізім берілді. Сайыстың шарттары бойынша ауысым аяғына дейін сұрақтарға дұрыс, әрі тез жауап беру болатын. Сұрақтар арнайы, топтың ауызбіршілігін, ұйымдасуын қажет ететін болып құрылды. Яғни, бір оқушы жүрсе, ұзақ уақытқа созылатын тапсырмалар, сынып бөлініп алса, тез әрі оңай орындалатын. Мысалы: мектепте басқалдақ бар? Мектепте неше терезе бар? Сонымен қатар сұрақтар оқушылардың барлық ұжым мүшелерімен сөйлесуге және көңіл бөлуге бағытталды. Мысалы: мектеп завучының мектепте сүйіп оқыған пәні? Мектеп әдіскерінің жатақханадағы жатқан бөлмесінің номері? Мектеп туралы мәлімет алуға бағытталған, мысалы: мектеп нешінші жылы салынған? Кітапханадағы кітап қоры қанша? т.б. (қосымша 1)
С онымен қатар «Забор» атты акция жүргізілді. Ол үшін мектептің төменгі қабатына екі ақ ватманнан тұратын «забор» жасалды, оның қасына қара маркер қойылды, мектептің оқушыларына сол ватманға өз ойын, сезімін жазуға болатындығы айтылды. Алғашқыда оқушылар ақ ватманға жазған жоқ, сол себепті психологтар қулыққа барды, ватманның ортасына «Айнұр + Серік» , 5 «б» сынып черт деген сөздер жазылды. Сонан соң оқушылар да жазды, ауысым аяғында ватманның жазатын орны болған жоқ.
10 сыныптарға «Реніш» тақырыбындағы психологиялық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Реніш сезімінің механизмін түсіндіру, кешірімді болуғаүйрету, орынсыз талаптардан бас тартуға үйрету.


Бесінші күн:
« Жарқын болашақ күні» деп аталды. Ұраны: «Болашақ бүгіннен басталады!» Осы күннің аясында кәсіби бағдарлау мақсатында «Мамандық білгірлері» сайысы өтті. Сайыс 9 сыныптар арасында жүргізілді. Сонымен қатар, 11 сыныптың ҰБТ – ге қатысатын түлектерімен мұғалімдерге арналған «Алынбайтын асу жоқ» мақсатқа бағыттау тренингі жүргізілді.


Алтыншы күн:
« Ынтымақтастық күні» болып аталды. Ұраны: «Алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер» Акция: «Мектеп – ортақ үйіміз» мектептің жалпы суреті, бұл күнді ұйымдастыру үшін барлық сыныптарға 2 -3 күн бұрын тапсырма берілді. Схема арқылы тапсырмалар бөлінді, әрбір сынып жалпы мектептің суретінің бір бөлігін салды. Ал апталықтың қорытынды күні, екінші қабаттағы кіре беріске суреттер құрастырылды.
Мұғалімдерге арналған «Симфониялық оркестр» үлкен психологиялық ойын өткізілді. Ойынның мақсаты: Топтық ауызбіршілік пен ынтымақтастық қалыптастыру.
Сонымен қатар апталықтың қорытындысын шығару мақсатында «қайта байланыс анкетасы» жүргізілді. Осы сауалнаманың қорытындысы арқылы апталықтың қорытындысы шығарылды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет