Атты Республикалық ғылыми конференция материалдарының жинағы 4 сәуір 2022 жыл



Pdf көрінісі
бет238/414
Дата27.04.2022
өлшемі12,12 Mb.
#141094
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   414
Байланысты:
collection-of-the-conference-chemistry

Оқыту әдістерінің жіктелуі. 
Оқыту әрекетінің бір белігі болғанымен, оқыту әдістерінің 
өздері күрделі жүйе құрайды. Олар жалпы әдістер тобы және жеке әдістер болып жіктеледі. Жалпы 
әдіс одан әрі оқушының таным әрекетінің сипаты бойынша түсіндірме -иллюстративті, іздестіру 
(эвристикалық) және зерттеу әдістеріне тармадалады. Бұлардың әрқайсысы білімнің бастауларына 
(қайнар көзіне), басқаша айтқанда оқыту құралдарына қарай сөз әдістерінің тобы, сөз - көрнекі 
сарамандық әдістер тобына бөлінеді. Әдістер тобы одан әрі жеке әдістерге жіктеледі. 
1.
Сөз - көрнекі әдістер тобына жататын жеке әдістер:
а) көрнекі құралдарды көрнекі көрсете отырып баяндау;
ә) көрнекі құралдарды көрнекі көрсете отырып әңгімелесу;
б) текст және көрнекі құралдармен өздігінен жұмыс. 
2.
Сөз - көрнекі - сарамандық әдістер тобына: 
а) оқушылардың үлестіріп берілген материалдармен жұмысы; 
ә) 
химиялық тәжірбиелер орындау; 
б) құралдар құрастыру, модельдер жасау;
в) жазбаша және графикалық жұмыстар орындау жатады.Іздестіру (эвристикалық) жалпы 
әдісінің мынандай әдістері бар. 
Сонымен оқушылардың білімін, білігін тексеру мен бағалау бақылау, оқыту, 
тәрбиелеу міндеттерін атқаруды қамтиды және дағдысын тексеру дидактикалық жағынан 
алганда бақылау, үйрету, бағдарлау және тәрбиелеу міндеттерін атқарады. Мұғалім 
оқытудың әр кезеңінде оқушылардың өтілген материалды қалай меңгергенін бақылайды. 
Бақылау нәтижесін талдау арқылы оқушыға бағыт-бағдар нұсқайды, білім алу жолындағы 
мақсатын орындауда қажырлы, адал және шыншыл болуға тәрбиелейді. 
Тексерудің үйрету міндеті дамылсыз жүзеге асады. Жаңа материалды түсіндіру үшін 
мұғалім оқушылардың бұрыннан білетіндерін есепке алады. Түсіндіріп болғаннан кейін жаңа 
материалдың негізгі мэселелерін оқушылардың қалай игергенін қадағалайды. Білімді 
тексеру кезінде оқушылардың еске сақтауын, қисынды ойлауын, сөйлеу мәдениетін 
дамытуға, тірек хабарларын, сызба-нұсқалар сыздыру арқылы ой еңбегінің техникалық 
тэсілдерін қалыптастыруға, есептер шығару арқылы алған білімді қолдана білуге 
дағдыландырады. 
Бақылау, бағдарлау, үйрету жәнетәрбие беру міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыру 
үшін білім мен білікті тексеруге бірнеше талап қойылады.Тексеру оқушылардың барлығын 
толық қамтитын болуы керек. Сонда өтілген жеке тақырып бойынша әр оқушының білімі 
нақтылы анықталады. 
Тексеру жүйелі және жоспарлы түрде жүзеге асырылуы тиіс. Тексеру үшін қажетті 
дидактикалық және техникалық құралдар, тексеру әдістері мен түрлері материалдың 
мазмұнына сэйкес алдын ала әзірленеді.Тексерудің оқушыларды ынталандыратын, өз күшіне 
сенімін арттыратын сипаты болу керек. Оқушылар тексерудің қажеттігі мен иайдасын 
мойындайтын дэрежеге дейін көтеріліп, өзін-өзі бақылайтын, өз ісіне сын көзімен қарайтын 
күйге келуі тиіс. Ізгілік иен демократияландыру тұрғысыннан алғанда бұл аса маңызды 
талаптардың бірі.Тексерудің түрлері мен әдістері эр мұғалім жүзеге асыра алатындай 
қарапайым және оңтайлы болуы керек. Сонымен бірге білімді
 
тексеру мен бағалау кезінде 
ақиқаттан алыстамаудың, әділеттік пен парасаттылықтан айнымаудың тәрбиелік маңызы зор 
екенін айрықша айтпаса болмайды. 
Оқушылардың білімі мен білігін тексеру дидактикалық мақсаттарына қарай 
күнделікті, дүркінді және қорытынды тексеру деп жіктеледі. Күнделікті тексеруді жеке 
сабақтарда, дүркінді тексеруді бір тақырыпты өткен соң, қорытынды тексеруді тоқсаның 
соңында, жыл аяғында жүзеге асырады. Бұлардың әрқайсысы өткізу немесе білімнің алыну 
формасы бойынша ауызша сұрауға, жазба жұмыстарға және экспериментік тапсырмаларға 
бөлінеді. Бүлардың өзі одан әрі жекелеп сұрау, топтық сұрау және жапай сұрау, химиялық 
диктант, қысқа мерзімді бақылау жүмыстары, үзақ мерзімді бақылау жүмыстары, жазбаша 
үй тапсырмасы, жек-дара көрнекті көрсету, эксперимент, зертханалық жұмыс, сарамандық 
бақылау жүмыстары, үй эксперименті болып тамамдалады. Білім мен білікті тексеру 
құралдарына қарай машиналармен және машинасыз тексеру деп те жіктеледі, соңғысына 


214
жататындар: карточкалар, перфокарталар, сүрақтар тізбесі, билеттер, электрленген кестелер, 
кодепленкалар, диафильмдер, үлестірілетін заттар, құралдар, модельдер, сызбанүсқалар, т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   414




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет