Аударма айшыќтары



бет37/39
Дата18.10.2023
өлшемі1,14 Mb.
#186327
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Хрестоматия 2009

Түпнұсқада
- Қайта ұйқысы бұзылмаған жігіттеріңіз көптен алақандарына түкіріп, кіжініп жүр, - деп әлде кекете, әлде масаттана жымиған Нақыпбек...[3; 23]



Аудармада
-Но не кажется ли вам, что джигити сердятся на нас от безделья? Что им надоело спать? [4; 22]



1. Кеңесбаевтің “Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде”: алақанына түкірді – “қару-жарағын сайлап, дайын тұрды; іске, тірлікке құлшынып тұрды”, - деп берілген. Ал аудармада от безделья, яғни “іштері пісіп, не істерін білмей, тірлігі жоқ” деген мағынасымен аударылды. [1; 31].
Фразеологизмнің сөзбе-сөз беріліп, мағынасы жағынан сәйкес келгенін көрейік:

Түпнұсқада
Алақандарына түкіріп жүрген екі-үш жігіт кәдімгідей өкініш білдірді [3; 24].

Аудармада
Несколько отчаянных джигитов, уже поплевавших на ладони в ожидании славной схватки и предвкушавших добычу, понастоящему очаровались [4; 23].

Фразеологиялық аударма деп – аударма тілінен түпнұсқа тілдері тұрақты сөз тіркестерінің арасындағы мағыналық жақындықты іздеп, бір біріне жақын фразеологиялық эквивалент табу.
Салғастырмалы тіл білімінде алдыңғы қатарлы орыс ғалымдар Я.И. Рецкер, А.В.Феодоров, В.Н. Комиссаров, С.Влахов, С.Флорин және т.б. фразеологизмдерді аудару мәселесі туралы ойлы пікірлер айтқан еді. Олардың пікірлеріне сүйеніп, С.Влахов пен С.Флорин фразеологизмдерді түпнұсқа тілден аударма тілге аударудың мынандай жолдар бар екендігін көрсетеді:
1. Фразеологизмнің аударма тілде кездескен эквивалентін (баламасын) беру арқылы аудару;
2. Аударма тілдегі вариантын (аналогын) беру арқылы;
3. Аударма тілде түпнұсқа тілдегі фразеологиялық тіркестің баламасы да, варианты да болмағандықтан, фразеологиялық емес тіл құралдарымен беру арқылы [2; 232].
Бірақ тұрақты сөз тіркестерінің өзіне тән белгілері мен түрлеріне байланысты амал-тәсілдерді пайдалануға тиістіміз. Сондықтан жоғарыда аты аталған ғалымдардың фразеологизмдерді аударудың бірнеше жолдарына сүйене отырып, төмендегідей түрлерге бөлеміз:
I. Фразеологиялық аударма және фразеологиялық емес аударма.
Фразеологиялық аударма ішінен толық фразеологиялық эквивалент, жартылай фразеологиялық эквивалент, қатыстық фразеологиялық эквивалент, фразеологиялық аналог (үйлестік) деп бөлінеді. Ал фразеологиялық емес аудармаға ішінен сипаттама аударма (лексикалық бірліктермен аудару) және калькалау аударма түрлері жатады.
1. Толық фразеологиялық эквивалент – барлық белгісі жағынан, яғни образдылығы толық сақталған, түпнұсқа тілінен дәлме-дәл келетін, мағынасы жағынан да, стильдік, метафоралық, эмоционалдық-экспрессивтік бояуы жағынан да сәйкес, компоненттік құрамы мен лексика-грамматикалық көрсеткіштері бірдей, бірдей грамматикалық категорияға жататын тұрақты сөз тіркестердің аударылуы. Түпнұсқа тіліндегі фразеологизмдерді аударма тіліндегі фразеологизмдермен аудару, яғни фразеологизмді фразеологизммен аударылуын айтамыз. Мұндай сәйкестік көп кездесе бермейді.
Мысалы:



- Мойнын бұрап тастайын ба?!
[3; 19].Сәдірбектің денесі түршікті [3; 21].
- Онда өз обалың өзіңе! Аямаймын! [3; 69].
- Ә, жаны тәтті екен-ау. Тұзағымды қамдамап едім көптен, жақсы болды-ау [3; 69].
- Алдымызда алты-ақ үйлі ауыл отыр. Нашар ауыл. Қол көтерер пысығы түгіл пұшығы да табылмайды [3; 24].
-Жоқ, босқа уайымдамаңыз. Осы жолы, құдай бұйыртса, келініңізді әкелемін, - деп Садырбекті ертіп төмен түсіп кетті [3; 23].
...қиянпұрыс ойларға сүңги малтығып, қызыл еріннің алқызыл томпағынан көз айырмайды [3; 34].



- Свернем ему шею, чтоб другим было неповадно [4; 18].
По телу Садырбека пробежал озноб [4; 21].
- Ну, тогда пеняй на себя! Не жди
пощяды! [4; 71].
-А-а, значит, жит-то хочется? Вот кстати, давно уж я не проливал крови! [4; 71].
- Впереди всего лишь убогий ауыл из шести юрт. Там с огнем не сыщешь и смельчака, который бы поднял на нас руку [4; 23].
-Ладно, зря не пережевайте. На этот раз, если даст бог, привезу вам невестку [4; 22].
-Размышляя так, он не сводил глаз спухлых алых губ женщины [4; 29].



Берілген мысалдарда басын көтерді деген фразеологизм орыс тіліне поднял голову деп аударылған. Мұнда қазақ тіліндегі вариантына сәйкес орыс тіліндегі варианты семантикалық жақтан да, құрылысы жағынан да толық мағынаны беріп отыр, оны былай белгілеуімізге болады: басын көтерді = поднял голову, денесі түршікті = пробежал озноб, жаны тәтті = жит хочется, қол көтерді = поднял руку, өз обалы өзіне = пеняй на себя.


2. Жартылай фразеологиялық эквивалент дегеніміз – түпнұсқа тілден аударма тілге алмастырылатын фразеологиялық бірліктің бірнеше вариантының ұшырасуы, яғни түпнұсқа тіліндегі фразеологизмдердің компоненттері аз болса, онда олардың аударма тіліндегі компоненттері көп болады, немесе керісінше, компоненттері көп болатын жағдайда аударма тілінде аз болып келеді. Аударманың бұл түрі аудармада көп кездеседі. Мысалы:



-Тал түсте ат ойнатып келіп, момақан ғана ауылдың үстінен жай түсірді [3; 26].


-Алланың құлағына шалынсын!-деп елпектеп бетін сипаған Таныбай...[3; 75].
...шегіне жеткен азапты ой миын шағып, не істерін білмеген мүсәпір жанға ендігі бір жұтым ауаның қадірін де қашыра бастады [3; 13].
-Менен жай безбейді. Мені танымау үшін анамды... анау байғұс шешемді жоқ қылады [3; 20].

- Прискакали средь бела дня, строили тут побоище. Били прямо с коней всех подряд, кто под руку попадался [4; 25].
Да услышит аллах твои слова!- Растроганно сказал Таныбай повел ладонями по лицу [4; 75].
... мучила и беспомощное положение чужака изгнанника,
настолько, что и глоток воздуха начал терять свою ценность [4; 14].
- Чтобы избавиться от лишни свидетелей, проклятый
Азимбай сживет со света мою
бедную мать [4; 20].



3. Қатыстық фразеологиялық эквивалент - мағыналары сәйкес келгенімен, синтаксистік құрамы, синонимдік компоненттері, морфологиялық құрылысы өзгешелеу болады, бірақ мағынасы бірдей. Мұндай сәйкестік аудармада өте аз кездеседі. Мысалы:





... домбыраның тоғыз перне, екі ішек, күрең тақтайына әділдік пен зұлымдықтың тең таразысын құрып тастады [3; 15].





Вот безмерной тяжестыо легло на чашу весов зло. Однако ж справедливость, всегда питающая надежду на лучшее будущее, уравновесила чаши [4;15].



4 Фразеологиялық аналог (үйлестік) - берілген контексте бастапқы тіліндегі өзіне баламасыз тұрақты тіркесінің мағынасына ие аударма мәтініндегі тұрақты сөз тіркестері. Мысалы:





- Адам өтпес, аң жүрмес жерде кездескенімізді ескер! [3; 9].


- Ендеше сен бүлінетін рет жоқ. Жүр, ес жи! [3; 17].
Тұтқын Разаққа қадалып қалыпты [3; 19].
11.Қырылдаған дауыс ұланның санасына су септі
[3; 10].
- Көріп көңілім бұзылған
[3; 24].
- Көңілің шын ауса, анау ұнатқан жаныңның да көңіліне қара [3; 25].

- Ведь здесь ни одной живой души, кроме нас. Опомнись лучше, пока не поздно [4; 7].


Не надо так терзаться из-за прошлого. Пойдем с нами, восстановишь силы, придешь в себя [4; 16].
Пленник уставился на Разака...[4; 18].
От этого хрипа юноша немного пришел в себя, хотя ярость все еще горячими волнами пробегала по телу и застилала взор [4; 8].
-Увидел я ее и покой потерял [4; 23].
-Если девушка тебе и в самом деле нравится, ты должен считаться с ее чувствами [4; 23].

Фразеологиялық емес аударманың бір түрі сипаттама аударма - фразеологиялық бірлік лексикалық тәсілмен беріледі (фразеологиялық емес). Әрине, мұндай аударма түпнұсқа тіліндегі мағынасы толық түрде жеткізе алмайды. Сондықтан бұл тәсілге әбден тұйыққа тірелгенде ғана бару қажет. Мысалы:





Жігіт жалт бұрылды [3; 103]
Қазыбек әлсіз ғана мырс етті [3; 65].
Әділдің көзі тайға түсті. Қабағы шытынды [3; 58].

Джигит резко повернулся к ней [4; 103].


Казыбек усмехнулся [4; 65].
Адиль внимательно его выслушал и нахмурился [4: 57].

Аударманың калькалау тәсілі (сөзбе-сөз аударма) - түпнұсқаның лексикалық бірлігін оның морфема-бөліктерін немесе тұрақты тіркестерін аударма тілдегі лексикалық сәйкестікпен ауыстыру арқылы жүзеге асырылады. Аударманың бұл түрі өте көп кездеседі. Мысалы:





-Сұлтанның да азар болса екі аяқты пенде. Ет пен сүйектен жаралған [3; 46].
-Аузыңа май, жігітім! [3; 46].
- Тілі аузына сыймай, көзі үңірейіп, сұры қашып кеткен [3; 14].
Табалдырықтан аттағандары сол еді, дауыс айтқан әйелдің сұңқылдап үн салған жылауы шар ете қалды [3; 25].
- Күнкөріс үшін қауға сақалға құшағымды ашқам [3; 32]. /368/.
- Өліара [3; 89]. /432/.
- Әлі де біраз өмір сүргім келеді [3; 56]. /433/.
- Сөге жамандама, жарқыным. Дікілдетіп қойған қызметіме қарап, шаш ал десе бас алатын әзірейіл санап барамысың мені...
біздерді [3; 57]. /561, 84/.



- Султан тоже существо о двух ногах и об одной голове. Он ведь из костей и мяса [4; 46].


- Масла тебе в рот, джигит! [4; 75].
За несколько дней голодовка сделала свое дело язык распух и едва помещался во рту, глаза ввалились, лицо сделалось мертвенно бледным [4; 14].
Едва переступили порог, как услышали горестные женские причитания [4;24]. -И вот ради того, чтобы выжить, я раскрыла объятия старику [4; 31].
Полнолуние [4; 88].
-Мне еще хочется пожить на этом свете! [4; 55].
-Ты наверное считаешь,что мы стращилища, которые вместе с волосами снимают и голову [4; 57].





Сөзімізді түйіндей келе, келесі қорытынды жасауымызға болады: фразеологизмдер белгілі бір халықтың ұлттық-мәдени бояуын көрсететін лексикалық бірлік болғандықтан, оны өзге тілге аудару қиындықтардың бірі саналып, сондықтан фразеологизмдерді аудару кезінде, көбінесе фразеологиялық емес тілдік құралдармен берілетіндігі анық көрініп тұр. Ал фразеологиялық аудармамен аударылған мысалдар сирек кездеседі.

Пайдаланған әдебиеттер :


1.Кеңесбаев I. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. -Алма-
Ата: Ғылым. 1977.-712 6.
2. Влахов С., Флорин С. Непереводимое в переводе. - Москва:Международные отношения, 1980. - 352 с.
3. Сматаев С. Елім-ай. Роман. 2 том. - Алматы: Жазушы. 1980.-416 6.
4. Сматаев С. Песнь моя - боль моя: Роман. Книга вторая - М: Советский писатель, 1990. - 424 с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет