1. Ішкі бақылау құрылымыжәне оның элементтері 400"Тәуекелді бағалау және ішкі бақылау" ХАС-ында ішкі бақылау жүйесін (ІБЖ) субъект басшылығының қызметін субъект басшылығы саясатын ұстануы активтерді сақтау, алаяқтық пен қателердің алдын алу және оларды анықтау, бухгалтерлік жазбалар дәлдігі мен толықтығын, сонымен қатар сенімді қаржылық ақпаратты уақтылы дайындауды қамтыған тәртіппен және тиімді жүргізуді мүмкіншілігінше қамтамасыз етуге бағытталған субъект басшылығы қабылданған бақылау мен реттеменің жалпы саясатының жиынтығы ретінде анықтайды.
Ішкі бақылау жүйесі кез келген кәсіпорында орын алады, себебі басшылықты қабылданған шешімнің орындалуы қызықтырады. Бақылауды іске асыратын жағдайға басқарудың сәйкес күрылымы енеді. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы" заңның 8-бабында: "Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жүргізу қаржылық есепті құру кезінде активтерді сақтау, ұрлық пен қателерді болдырмау және анықтау жөніндегі шараларды қамтыған операцияларды тиімді жүргізу, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру, есеп саясаты туралы заңының орындалуын қамтамасыз ету үшін ұйымдар ішкі бақылауды ұйымдастыруға құқықты. Ішкі бақылауды ұйымдастыруды басшылық қамтамасыз етеді. Мемлекеттік мекемелерден басқа ұйымдар ішкі бақылауды тәуелсіз аудиторлар немесе аудиторлық ұйымдарды тарту арқылы іске асыруға құқықты" - деп көрсетілген.
Бақылауды жүргізу шарты кәсіпорын персоналы мен оның басқарушылық буынының өзара қатынасы мен біліктілігінде болады.
Әдетте, ішкі бақылау жүйесі қаржылық есептемені дайындау мен құруға қарағанда сұрақтардың кең ауқымын қамтиды. Сондықтан ішкі бақылаудың барлық пайдаланылатын реттемелері мен әдістері аудиторға пайдалы. Оған ең алдымен нақтылы қаржылық есеп беруді дайындау үшін қажетті ақпаратты жинау, өңдеу және жинақтау процестерін реттеу және бақылауға тікелей бағытталған шаралар қызықты.
Кәсіпорынның ішкі бақылау жүйесі келесідей элементтерден тұрады: