2-сурет – ЕДБ несиелер көлемінің өсу қарқыны, %
2-суретті қарастыратын болсақ, экономикадағы екінші деңгейлі банктер несиелерінің өсу қарқыны 2005 жылы өзінің өсу шыңына жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 119 % құрады, ал 2006 жылы – 89%-ға дейін, 2007 жылы 20 %-ға дейін төмендеді. Шағын және орта бизнесті екінші деңгейлі банктердің несиелер үлесі экономикадағы несиелердің ішінен 2005 жылдан бастап өсу тенденциясы байқалды. Егер несиелендіру 16 % құраса, 2007 жылы 25 %-ға дейін өсті. Осы жылдарда екінші деңгейлі бантердің ШОБ-ті несиелендіру көлемі мемлекеттік қаржылық қолдаудың көлемінен жоғары.
Егер екінші деңгейлі банктер ШОБ несиелер қоржынының өсу қарқыны 2006 жылға дейін жылына орташа 100 % өсім болса, ал 2007 жылды 2006 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 50 % төмендеген (2006 жылы несиелер көлемінің өсімі 115 % құраса, 2007 жылы 65 % құрады).
АҚШ-тың ипотекалық дағдарысы Қазақстанның екінші деңгейлі банктердің несиелендіру көлеміне әсер етпеген жағдайда ШОБ несиелендіру көлемі 2007 жылы 1784 млрд. теңге құрар еді немесе 14,7 млрд. АҚШ доллары. Ал қалыптасқан жағдай бойынша оның деңгейі – 1461 млрд. теңге немесе 12 млрд. теңге. Бұдан көретініміз 2007 жылдың соңғы тоқсаны ШОБ субъектілерінің 323 млрд. теңге немесе 2,6 млрд. АҚШ долларға тең несиелік ресурсқа сұранысын қанағаттандырмады. Сол уақытта Қазақстанның кәсіпкерлер Форумы мен көптеген шағын және орта бизнес субъектілерінің Қазақстан Респуликасының Үкіметіне 09.10.2007 жылы хат жолдауы 2007 жылдың 4-тоқсанында шағын және орта бизнесті қолдауға 10-15 млрд. теңге АҚШ долларын экономикаға тезірек құю қажет болды.
Шағын және орта бизнес үшін екінші деңгейлі банктердің несиелер соңғы бес жылда қаражатының салаларда орналасуын келесідей динамикадан көруге болады:
1. Сауда – өзгеріссіз – 40 %;
2. Көлік және байланыс – жылына 1 % өсу байқалады және 2007 жылы 4 % құраған;
3. Құрлыс – жылына 4 % өсім байқалды, 2007 жылы 21 % құрады;
4. Өндіріс – жылына орта есеппен 2 % төмендеп, 2003 жылды 2007 жылмен салыстырғанда оның үлесі 15 %-дан 7 %-ға төмендеген.
5. Ауыл шаруашылығы – жылына 2 % төмендеген, 2003 жылмен 2007 жылды салыстырғанда 15 %-8 % дейін төмендеген.
Қалыптасқан жағдайға байланысты ШОБ үшін несие ресурстарының салаларда орналасуы 2007 жылы ШОБ үшін коммерциялық банктердің барлық несиелерінен өндірісті дамытуға 7 % үлесі келеді. Бұл жағдайда 2008 жылы өндіріс сферасындағы шағын және орта бизнес субъектілеріне шамамен 168,5 млрд. теңге немесе 1,4 млрд. АҚШ доллары қажет, олардың ішінде 30 % тамақ өндірісін қаржыландыру керек.
Басқа салаларды қолдау үшін 30 млрд. теңге қажет, ол ауыл шаруашылығы, көлік, қызмет көрсетудегі шағын және орта бизнесті дамытады [4].
Ойымызды қорытындылай келе шағын және орта бизнесті жетілдіруге мынадай ұсыныстар келтіруге болады:
жоспарлы түрде және заң жүзіндегі қазір күшінде тұрған мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шағын және орта кәсіпкерліктің ІЖӨ құрылымындағы үлесінің айтарлықтай артуына қол жеткізіп, сол арқылы мемлекеттің экономикалық және саяси тұрақтылығының берік іргетасы – орта тапты нығайту қажет;
банктегі шағын және орта бизнес менеджерлерінің біліктілігіне әлемдік деңгейдегі талап стандартын еңгізу;
банктен несие алғанда шағын және орта кәсіпорындарға кепілдік беретін мемлекет қаражатынан құрылған арнайы қаржылық қорларды ұйымдастыру;
банктен несие алу барысында шағын және орта бизнес субъектілері кепілдік ретінде қоймадағы өнімді және айналымдағы қаражатын ұсынуды қарастыру;
шағын және орта бизнесті несиелендіруде кепілдік талабы бойынша банктің ішкі заңын дамытуда мемлекет тарапынан реттеуді жетілдіру;
мемлекетке елдегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды одан әрі ынталандыру үшін алда бірқатар міндеттерді шешуі тиіс.
Соңғы жылдары қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде Қазақстанда орта тап қоғамның жақсы қалыптасқан, экономикалық және саяси белсенді тобына айналды деп қазірдің өзінде айтуға болады. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бұдан былай да біздің мемлекетіміздегі басымдықтардың бірі болып қала бермек. Таяудағы он жылда шағын және орта бизнестің өндіріс көлеміндегі үлес салмағы 50 пайыздан асып түседі деуге толық негіз бар.
Достарыңызбен бөлісу: |