карталар, жоспарлар және басқа да топографиялық-геодезиялық және картографиялық, графикалық материалдарды жасау жөніндегі жұмыстарды орындайды;
бригада мүшелерінің топографиялық (геодезиялық) материалдарды есептеу және сақтау қағидаларын, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау қағидаларды сақтауын бақылайды;
сектор жұмыс уақытының есебін жүргізеді;
картографиялық жұмыстарды жүргізудің отандық және шетелдік тәжірибесін зерттейді;
шартты белгілер мен таңбалар әзірлеуге, шрифтарды іріктеуге, картографиялық жұмыстарды жүргізуге тиісті есептер және жобаларды жасауға, әртүрлі мазмұнда карталар шығару (көбейтуге) дайындауға қатысады;
графикалық материалдарды құрастыру үшін топографиялық-аэрофотогеодезиялық деректерді іріктеуді, карталарды (жоспарларды) шығаруға дайындау кезінде сызбалау-безендіру жұмыстарын, технологиялық жабдықтарды дәлдіктің белгіленген нормаларына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;
берілген проекциялар мен координаттар жүйесінде топографиялық (географиялық) негіздердің түпнұсқаларын жасайды;
өндіріс және еңбек тәртіптерін, еңбек қауіпсіздігі және қорғау техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды.
42. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын,
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін,
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңды,
«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңды,
«Геодезия және картография туралы» Заңды,
геодезия және картография саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерін; картографиялық өнім өндірісі бойынша әдістемелік материалдарды; өнімге қойылатын техникалық талаптарды, оны өндіру технологиясын, техникалық сипаттамасын, конструктивті ерекшеліктерін, картографиялау жұмысының мәні мен ұстанымдарын; топографиялық карталар мен жоспарларды жасау (жаңарту) технологиясын, карталарды түзету әдістемесін, терминологияға мемлекеттік стандарттарды, өлшеу бірліктері мен белгілерін, қолданыстағы шартты қысқартуларды білуге тиіс.
43. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистр, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) картографиялық білім және картограф лауазымындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.