Шектен тыс күш түсіру әдістемесін қолдану. Бұл әдістеменің ерекшелігі – жаттығу үшін қолданылатын салмақ мөлшері өте үлкен болады. Мысалы, жаттығушы 1-2 рет қана көтере алатындай ауыр салмақ алынады. Бұл әдістемені қолданған кезде балуан тез шаршап қалады, бірақ қалпына келу «шегіне дейін» әдістемеге қарағанда тезірек болады. Әр жаттығу аралығына 3-10 минут үзіліс беріледі. Штангі, зіл, тас т.б. жабдықтар қолданылады.
Ауыспалы күш түсіру әдістемесі. Бұл әдістемеде алдымен жүктеме жеңіл салмақпен, одан кейін орташа салмақпен, соңынан мүмкіндік шегіне дейінгі салмақпен орындалады. Осы жаттығуларды басқаша да орындауға болады мысалы, алдымен мүмкіндік шегіне дейінгі салмақты қолданып, салмақты қолдану кезінде жаттығуды жиі қайталап орындау қажет. Салмақпен орындалатын жаттығуларды секіру, отырып-тұру, екінші бір адамды иығына салып көтеру, т.с.с. жаттығулармен араластырып орындау пайдалы болып келеді [6].
Достарыңызбен бөлісу: |