Ауыратлет бұлшық ет күшін дамыту әдістемесі Маликаждар Шыңғыс Шалқарұлы



бет12/20
Дата07.02.2022
өлшемі49,77 Kb.
#87409
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Байланысты:
15 Маликаждар Шыңғыс Шалқарұлы ауыратлет rd

Шегіну – жол беру әдістемесі. Бұл әдістеменің ерекшелігі – адамға берілетін жүктеме мөлшері оның күшінен бірнеше есе артық болуы шарт. Осылай болған жағдайда бұлшық етке түскен салмақ күшінің әсерінен жұмыс жасаушы бұлшық ет созылуға болады. Осылай әсер кту салдарынан бұлшық ет күшінің артуына үлкен жағдай туғызылады. Бұл әдістеме басқа күшті арттыру жаттығуларына қарағанда тиімді болып келеді. Бұлшық ет күшінің мөлшерін диномомерт аспабы арқылы өлшейді.


Ауыр зат көтеру
Штангамен орындалатын жаттығулар өз күшімен орындалатын қозғалыс түріне жатады. Көтеретін штанга салмағы ауырлаған сайын, бұлшық ет кернеуі соғұрлым өседі. Бұлшық ет кернеуі Вебер заңы бойынша спортшының дене салмағына, яғни бұлшық еттің көлденең еніне байланысты. Штанганы көтеру және тұру кезінде бұлшық еттердің жиырылу жылдамдығы қажет болады.
Штанганы көтеру тек қол бұлшық еттерімен жүзеге аспайды. Көтеру және ұстап тұру кезінде ең басты күш және жиырылу жылдамдығы аяқ пен тұлға бұлшық еттерін дамытады.
Ауыр зат көтеру энергетикалық жағынан орындалатын жұмыстың қуаты бойынша алғашқы орынды алады. Штангист спортшының жұмысының ең жоғарғы қуатын есептеу қиын емес. Егер рекордтық салмақты 240кг, көтеру уақыты 2сек, биіктігі қолды көтергенде 2м деп алсақ, онда жұмыс қуаты 240кгм/сек. Немесе 3 атты қосқандағы күштен жоғары. Осыдан жалпы энергия шығынын есептеуге болады. Штанга көтеру кезіндегі пайдалы әрекет коэффицентін 20% деп қабылдап, 2 секунд ішінде жұмыстың жалпы жиынын 2400кгм деп аламыз. Калорияға есептегенде бұл шама 2400:427=5,6ккал-ны құрайды. Мұндай үлкен қуаттағы жұмыс анаэробты алактатты энергетикалық процестер арқылы жүзеге асады [7]. Мұндай процесте 1 литр оттегі тұтынуға 2,9ккал энергия жұмсалады. Жалпы оттегі сұранысы рекордтық штанга көтеруде (5,6ккал: 2,9ккал=2 литр) 2 литрдей болады. Егер штангистерде оттегі тұтыну шегі минутына 4 литр, ал 2 секундта 0,13 литр екенін ескерсек, бұл – өте үлкен шама. Штанга көтеру уақытында оттегін жоғары тұтыну болмайды және барлық оттегі сұранысы оттегі қарызының мөлшерімен тең келеді.
Студенттерді спорттық физиологияның міндеті, мақсаты және басқа ғылымдармен байланысы туралы таныстыру, Спорт түрлері физиологиясының жеке ғылым ретінде алатын орнын көрсетуаса маңызды болып табылады.
Спорттық физиология – спорттық жаттығу және бұлшық ет қызметі кезіндегі қалыптасатын мүшелер мен жүйелердің қызметін зерттейтін адам физиологиясының бір бөлімі. Спорттық жаттығу процесін дұрыс қалыптастыру үшін және жоғары спорттық нәтижелерге жету үшін дене тәрбиесі және спорт мамандары бұлшық ет қызметі кезіндегі ерекшеліктерді білуі тиіс.
- Сабақта дене шынықтыруды, спорттық машықтануды және студенттердің дене шынықтыру мен спорт сабақтарында студенттердің қызметтік дайындығын басқаруды физиологиялық негіздеу үшін қажет жаратылыстану-ғылыми негіздерінен өзіндік білім алу деңгейін арттыру бойынша білім беру және дағдыландыру;

  • студенттердің денсаулығын күшейту, дене шынықтырумен шұғылдануы және спорттық машықтануы кезінде жұмыс қабілеттілігін арттыру негіздерін құрайтын физиологиялық механизмдер туралы ғылыми көзқарас қалыптастыру;

  • дене шынықтыру құралдарымен және қоршаған орта факторларымен оптималды дене жұмыс қабілеттілігін дамыту бойынша физиологиялық білім беру;

  • ағзаның дене жүктемелерін көтеруін бақылаудың физиологиялық әдістерін, дене шынықтырумен шұғылданатын студенттерді оқыту-машықтандыру басқару құралдарын дұрыс қолдана білуге дағдыландыру;

  • студенттерді дене сапаларын және спорттық нәтижелерді анықтайтын факторлар туралы біліммен қамтамасыз ету;

  • әртүрлі жынысты және әртүрлі дәрежелі адамдардың ағзасына дене жаттығуларының әсер ету ерекшеліктерін анықтай білуге үйрену;

  • дене күйін және дайындығын анықтап, ажырата білу машықтанғандықты бақылауда физиологиялық бақылаулардың нәтижелерін қолдануға дағдыландыру;

Спорттық физиология кезіндегі зерттеулер тек қана жұмыс үетіндегі адамға жүргізіледі. Спорттық физиология медициналық, биологиялық салаға жататындықтан келесі пәндермен тығыз байланысты: биология, анатомия, биохимия, физика, химия, эмбриология, биомеханика, цитология, микробиология, гистология, адам физиологиясы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет