Спорт түрлері физиологиясы пәнінің зерттеу әдістері:
электрлік немесе механикалық велоэргометр;
тредбан немесе қозғалмалы таспа жол;
степэргометр – сатыға көтеріліп, төмен түсу;
әр түрлі мүшелерде болатын өзгерістерді анықтайтын құрал-жабдықтар: ЭКГ (электрокардиография), ЭМГ (электромиография, бұлшық ет), ЭЭГ (электроэнцефалография, ми), спирометр (өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшеу), динамометр (қолдың бұлшық ет күшін өлшеу).
Спорт түрлері физиологиясы ғылым ретінде ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында қалыптасты. Физиологияның бұл бөлімі алғаш рет Санкт-Петербург қаласындағы Дене тәрбиесі институтында кафедра болып ашылды. Оны ғалым Орбели басқарды. Спорт түрлері физиологиясы оқулық ретінде алғаш рет ғалым Крестовниковтың басшылығында қарастырылды. Спорт түрлері физиологиясының ғылым ретінде дамуына: Жуков, Зимкин, Васильева, Анохин, Павлов, Сеченов үлес қосты. Қазақстанда Спорт түрлері физиологиясының дамуына Ө.Парпиев, И.Потапов, Т.Сарсенова және т.б. үлес қосқан [8].
Достарыңызбен бөлісу: |