Аурухананың қабылдау бөлімі



бет36/251
Дата09.02.2022
өлшемі1,54 Mb.
#131150
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   251
Байланысты:
стандарт казақша

Қатерлі жағдайлар:

Қатерлі жағдайдың алдын алу. Атқарылатын іс-әрекетті дәрігермен келісіп, стандарт бойынша жасау. Асептика ережелерін сақтау.
Науқастың жеке гигиенасы

Ауруханаға жатқызылған кез келген науқас қабылдау бөлімінде арнайы санитарлық тазалау жұмыстарынан өткізіледі (медициналық қарама-қарсы көрсеткіштері болмаса), яғни, себізгі (душ), ванна қабылдап, аяқ қолдарының тырнақтары алынып және басқада процедуралар қажет болған жағдайда жуынып алынуы тиіс, әрбір науқасты жуындыруға жеке сабын, жөке бөлінеді. Санитарлық тазалау жұмыстарынан кейін науқасқа іш киімдер, жеңіл аяқ киім, пижама беріледі. Науқасқа өзінің киімдерін киуге де рұқсат беріледі, артық киімдерін киім-ілгішке іліп н\се арнайы қапқа салып, сақтау камерасына қойылады.


Бөлімшеде науқасқа пайдалануға өзіне жеке ыдыстар бөлінеді, сондай-ақ қажетті жағдайда – шүмекті ыдыс, қақырық түкіргіш, зәр қабылдағыш, дәрі ыдысы беріледі. Науқастарға гигиеналық тұрғыда жеке пайдаланылатын тіс тазалағыш, сақал-мұрт алғыш, қасық, табақ т.б. алуға рұқсат етіледі.
Науқастардың гигиеналық өңдеу шаралары аптада 1 рет жүргізіледі, ол жайында ауру тарихына жазылады. Ауыр науқастарды күтудегі тазалық сақтау және күту, тамақ беріліп болған соң бет, дене, ауыз күтімдері, жуындыру және т.б., жасалынады. Мезгілімен науқастардың сақал-мұртын және шашын алу да ұйымдастырылып отырылуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет