Лекция сабағының мазмұны:
Жүйе қызметін автоматтау.
Жүкті тасымалдаудағы қажеттіліктерді басқару.
"1С-Логистика :Тасымалдауды басқару" жүйесінің қызметі .
"1С-Логистика: тасымалдауды басқару" келесі қызметтерді автоматтандыруға мүмкіндік береді:
Жүкті тасымалдауда қажеттіліктерді басқару: жүкті ішкі орналастырудағы жеткізіп берушілер, сатып алушылар тапсырысы негізінде құрылатын жүкті тасымалдау тапсырмаларының орындалуын бақылау және тіркеу;
Жүкті тасымалдау үшін тапсырмаларды басқару: жүкті тасымалдаудың қажеттілігі негізінде құрылатын жүкті тасымалдау тапсырмаларының орындалуын бақылау және тіркеу;
Жүкті тасымалдауды басқару: түрлі тапсырмаларда көрсетілген жүктерді тасымалдауды орындау үшін рейстерді түрлендіру және рейсті орындау барысында транспорт құрылғыларының маршруты өтуін бақылау;
Ресурстарды басқару: жоспарланған рейстерді орындауға арналған транспорттық құрылғыларды анықтау үшін тапсырыстарды орындауды тіркеу және бақылау;
"Ingit" (программалық жабдық жеке пайдаланылады) электронды картасындағы ақпаратты визуализациялау;
Транспорттық құралдардың түрлері бойынша тасымалдауларды орындаудағы кілттік көрсеткіштер тиімділігін бағалау үшін балама есеп беру алу.
Ақпараттық жүйеде кәсіпорынның құрылымы мен қажеттілігінен тәуелді сату бойынша менеджерлердің, сатып алу бойынша менеджерлердің, логистердің, транспорттық бөлімшілерідің басшылары мен диспетчерлерінің қызметтік жұмыс орындары ұйымдастырылуы мүмкін.
Жүйенің іріленген қызметтерін келесі блок-схема бойынша көрсетуге болады (16 -сурет).
Жүкті тасымалдаудағы қажеттіліктерді басқару. Ішкіжүйе қолданушыға жүкті тасымалдаудағы қажеттіліктерді орындауды тіркеуге және бақылауға мүмкіндік береді.
Мұндай қажеттіліктер тұтынушының тапсырысы, жеткізіп берушінің тапсырысы және ТМЦ - ны кәсіпорынның қоймалары арасындағы жоспарлы орын ауыстыру нәтижесінде туындайды. Тасымалдау қажеттіліктерін сату немесе сатып алу бөлім менеджері немесе жүкті тасымалдауға тапсырысты қабылдайтын қызмет өкілі жүйеге тіркейді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Жолдың жіберу қабілеті. Жолдың жіберу қабілетін анықтау.
2.Көше –жолдық торап.
Ұсынылатын әдебиеттер :
1.Смехов А.А. Математические модели процесса грузовой работы. — М.: Транспорт, 1982 г. — 168 с.
2.Петров А.П.,Буянов В.А., УгрюмоеГ.А. Автоматизация, вычислительная к микропроцессорная и эксплуатационной работе железных дорог: Учебник для техн. ж.-д.трансп. - М.: Транспорт, 1987 г.-245 с.
Лекция 15.
"1С-Логистика: Тасымалдауларды басқару " ішкіжүйелері
Лекция сабағының мазмұны:
Жүктерді тасымалдау тапсырмаларын басқару
Жүктердің тасымалдануын басқару
Шикізаттарды басқару
Аналитикалық есеп беруді басқару
"Ingit" электронды картасында ақпаратты визуализациялау.
Ішкіжүйе келесі операцияларды автоматтай алады:
17-Сурет.
Жүкті тасымалдауда қажеттіліктерді рәсімдеу және қазіргі моментте бар барлық қажеттіліктерді көрсету ақпараты: жүктің номенклатурлық құрамы, жүкті алушы, жүкті жіберуші, жіберілген және алатын жерлердің адресі, жеткізу мен жіберудің аралық уақыты, байланыс делдалдары;
Жүкті тасымалдау қажеттіліктерінен ол орындалғанға дейін бас тарту;
Жүкті тасымалдау қажеттіліктерінің орындалуын қадағалау: бас тартылды, орындалуда, орындалды.
Ішкіжүйе жүкті тасымалдауға тапсырыс алған менеджердің немесе қызмет өкілінің жұмыс орынын ұйымдастырады. Қажет болған жағдайда жүйе жүкті тасымалдау тапсырмасын алдын ала тіркелусіз рәсімдейді. (17-сурет)
Жүктерді тасымалдау тапсырмаларын басқару. Ішкіжүйе қолданушыға жүкті тасымалдаудағы қажеттіліктерге негізделген жүкті тасымалдау тапсырмаларын тіркеуге және сол тапсырмалардың орындалуын бақылауға мүмкіндік береді.( 18-сурет )
Сурет. 18
Ішкіжүйе тапсырмаларды логикалық тізбектерінің бірнеше буындарынан тұратын унимодальді және мультимодальді тасымалдауларға тіркейді. Тасымалдау тізбектері буындарының орындаушысы тапсырыс алған транспорттық компаниялар бола алады.
Ішкіжүйе жүкті тасымалдауға қажеттіліктерді талдап, тасымалдауға берілген тапсырмаларды түрлендіріп, әр жүкті таситын оптималды тізбекті құратын, логист немесе басқа қызмет өкілінің жұмыс орынын ұйымдастырады.
Жүктердің тасымалдануын басқару. Жүйе қолданушыға жүкті тасымалдау тапсырмаларының орындалу рейстерін тіркеуге және осы рейстердің орындалуын бақылауға мүмкіндік береді.
Ішкіжүйе келесі операцияларды орындауға мүмкіндік береді:
Тасымалдау тапсырмаларының орындалуына сәйкес жүкті тасымалдауға арналған рейстерді түрлендіру;
Рәсімделген рейстерден бас тартулар мүмкіндігін бақылау;
Транспорттық құралдардың маршрут бойынша рейстерін орындауын бақылау;
Рейске ертеректе қосылған тапсырмадан бас тарту;
Тасымалдау барысында жүкті айырбастамауды және жүктің жетпей қалмауын қадағалау;
Тасымалдауға кететін шығындарды фактілі түрде тіркеу.
Ішкі жүйе рейстің жүруін және жинақтауының қызметтерін орындайтын диспетчердің немесе басқа қызмет өкілінің жұмыс орнын ұйымдастыруға мүмкіндік береді (19- сурет).
Ресурстарды басқару.Ішкіжүйе қолданушыға алдын ала жоспарланған рейстерді орындауға арналған қызметкерлер мен транспорттық құралдарды бөлу үшін тапсырысты өңдеу мүмкіндігін береді. (20- сурет).
19-сурет.
20-сурет.
Ішкіжүйеде келесі функциялар жүзеге асырылады:
Рейстердің орындалуы үшін қажеттіліктер мен шикізаттарды бөлуді және транспорттық құралдарды бөлуді бақылау;
Рейсті орындаушы қызметкерлер мен транспорттық құралдарды бөлу және тапсырыс беру;
Рейсті орындау үшін бөлінген транспорт құралдарынан бас тартуды рәсімдеу.
Ішкіжүйе транспорттық құрал бөлімшесі басқарушысының немесе нақты рейстің орындалуында қажет қызметкерлер мен техникалық құралдарды бөлетін, қызмет өкілінің жұмыс орнын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Аналитикалық есеп беруді алу. Жүйе транспорттық құралдың түрлері бойынша бұрын орындалған тасымалдау тиімділіктерінің кілттік көрсеткіштерін бағалайтын балама функциялардан және әр түрлі бөлшектеу дәрежесіне байланысты ақпараттық базада жинақталған статистикалық берілгендерге талдау жасаудан тұрады. (21-сурет.).
21- сурет
Ішкжүйе келесі аналитикалық есеп берулерді алуға мүмкіндік береді:
Жүкті тасымалдауда қажеттілікті орындауды талдау;
Тапсырыста анықталған тізбек буындары бойынша жүкті тасымалдау тапсырыстарының орындалуын талдау ;
Рейстердің орындауын талдау;
Транспорттық құралдарды бөлуде тапсырыстарды қанағаттандыруды талдау;
Жоспар – жүктерді тасымалдаумен байланысты шығындарды фактілі талдау;
Транспортты қолданудағы техникалық, технологиялық және сапалық коэффициенттерінің тиімділігін талдау. Төмендегілерді қосқанда:
Транспорттық құрылғылардың паркінің коэффициентін қолдану: Линияға шыққан транспорттық құралдардың саны/линияға шығуға дайын транспорттық құралдардың жалпы саны;
Жүккөтерімділік коэффициентін қолдану: бір рейсте тасымалданатын жүктің саны/транспорттық құралдың жүккөтерімділігі;
Көлемді қолдану коэффициенті: бір рейсте тасымалданатын жүктің көлемі/транспорттық құрылғының көлемі;
Өзінің транспортына кететін жекеленген транспорттық құрылғылар: өзінің транспортына кететін жалпы транспорттық шығындар /олардың тасымалдаған жүгінің саны;
Жалданған транспортқа кететін жекеленген транспорттық шығындар: жалданған транспорт үшін жалпы транспорттық шығындар /олардың тасымалдаған жүгінің саны;
Тасымалдаудың тиімділігі: тасымалдаған жүктің саны /тасымалдауға кеткен машина - сағат саны(машина-күн);
Жүкті тасымалдау үшін орындалған тапсырмалардың коэффициенті: қанағаттандырарлық тапсырмалардың саны / тапсырманың жалпы саны;
Тасымалдау тапсырмасын өңдеу уақыты;
Транспортты беруде қабыл алмау коэффициенті: Транспортты беруде қабыл алмау саны/тапсырыстың жалпы саны
"Ingit" электронды картасындағы ақпаратты визуализациялу. "Ingit" электронды картасындағы ақпаратты визуализациялудың ішкіжүйесі нақты бір транспорттың жүру маршрутын құрғанда диспетчердің жұмысын жылдамдатылады және жеңілдетеді. (22-сурет.).
22-сурет.
Ішкіжүйе қолданушыға электронды картада жүкті тасымалдау және рейстер маршруттарының тізбегіне кіретін географиялық адрестерді, географиялық адрестердің тізімін визуализциялауға мүмкіндік береді
Ішкіжүйе қызметтеріне электронды географиялық карта қосылған жағдайда ғана рұқсат ала аламыз. "Ingit" электронды картасы конфигурация құрамына кірмейді және жеке тасымалданды. Карта туралы ақпаратты «ИНГИТ» (www.ingit.ru) компаниясынан білуге болады. Мұнда берілген сұраққа байланысты ақпаратты жедел түрде алуға болады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Түрлі байланыс жүйелерін транспортта қолдану.
2.БАЖ-нің ішкі ақпараттық қамсыздандыру құрамы.
Ұсынылатын әдебиеттер :
1.Смехов А.А. Математические модели процесса грузовой работы. — М.: Транспорт, 1982 г. — 168 с.
2.Петров А.П.,Буянов В.А., УгрюмоеГ.А. Автоматизация, вычислительная к микропроцессорная и эксплуатационной работе железных дорог: Учебник для техн. ж.-д.трансп. - М.: Транспорт, 1987 г.-245 с.
3. Практикалық сабақ
Практикалық сабақ 1. Транспорттағы автоматтау және басқару есептерін шешуге жүйелі жақын келу .
Сұрақтар:
1. Негізгі жағдайлар, анықтамалар мен ұғымдар
2. Ақпарат сапасының критериі, олардың басқару шешімін қабылдауға тигізетін әсері.
3. Ақпаратты ресурстардың арнайыланған ерекшеліктері
4. Қолданушылардың ақпараттық тұтынулары
Практикалық сабақ 2. БАЖ-н құрудың теориялық негіздері
Сұрақтар:
1. Басқару объектісігің ақпараттық моделінің құрылымы мен мазмұны.
2. БАЖ-нің типтік құрылымы
3. БАЖ-нің классификациясы, тағайындалуы және олардың автотранспорттағы қолданылуы
4. БАЖ АТ ішкіжүйелерінің ақпараттық байланысы және құрылымы
Практикалық сабақ 3. Автотранспотты кәсіпорындардағы БАЖ-н ақпаратпен қамтамасыз ету
Сұрақтар:
1. Ақпаратты қамсыздандыру құрамы және оны құру ерекшеліктері
2. Берілгендер банкі, бірыңғай ақпаратты фондты енгізу және түрлендіру
3. Берілгендер банкін енгізуді ұйымдастыру және оларды қолданудың ерекшелігі
Практикалық сабақ 4. БАЖ-н техникалық қамтамасыз ету
Сұрақтар:
1. АТ-дағы БАЖ-сі техникалық құралдарының комплексінің құрылымы мен тағайындалуы.
2. ЭЕМ желісінің ақпаратты-телекоммуникационды инфрақұрылымы
Практикалық сабақ 5. БАЖ-н программалық-математикалық қамтамасыз ету
Сұрақтар:
1. БАЖ-н математикалық - программалық қамсыздандыру құрылымы, оның функциялары мен өңдеу принциптері
2. Операциялық жүйелер және олардың сипаттамалары
3. БАЖ-де оптимизация есептерін шешу әдістері
Практикалық сабақ 6. БАЖ-н ұйымдастырушылық, заңдылық және экономикалық қамтамасыз ету
Сұрақтар:
1. Ақпараттық өнімдер мен қызмет көрсетулерді тұтыну мен өндіру
2. Ақпараттық құқық, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Практикалық сабақ 7. Автотранспортты кәсіпорындардағы БАЖ-нің функционалданған ішкіжүйелері
Сұрақтар:
1.Тасымалдауды басқарудың ішкіжүйелері
2. Жоспарлы және балама есептеу ішкіжүйесі
2.1. АТП бөлімшелеріндегі негізгі ақпараттық ағымдардың сипаттамалары.
2.2. Жолдық беттер мен тауарлық-транспорттық құжаттауды өңдеудің тапсырмалар комплексі
2.3. Кәсіпорынның өндірістік-қаржылық қызметін талдау мен есепке алуды автоматтау облысындағы қолданбалы программалық өнімдер.
Практикалық сабақ 8. Жылжымалы бірліктерді басқарудың ақпаратты-навигационды жүйелері
Сұрақтар:
1. Тағайындалуы және байланыс пен орналасуды анықтайтын жүйені қолдану
2. Локальді және зональді БАЖ АТ-та ОМП-ның жүзеге асуының технологиялық принципі
3. Спутниктік навигационды және байланыс жүйесіндегі бар болу мүмкіндігін талдау.
Практикалық сабақ 9. Автотранспортты оперативті диспетчерлік басқаруға арналған БАЖ-нің ішкіжүйелері
Сұрақтар:
1. Тасымалдауды автоматты диспетчерлік басқару ішкіжүйесінің құрамы мен мазмұны.
2.Маршруттардағы жылжымалы құрам жұмысын оперативті басқару тапсырмасының қойылымы.
3.Жолаушы транспортының ЖБАЖ –н техникалық қамсыздандыру және оның құрылымы
Практикалық сабақ 10. Автотасымалдауларға ақпаратты қызмет көрсету
Сұрақтар:
1.Тасымалдауды ұйымдастыруда Internet желісін қолдану
2. Фирмаішілік ақпараттық жүйелер
3. Ресейдің ақпаратты - телекоммуникационды инфроқұрылымы мен глобальды ақпараттық желілер арасындағы өзара байланыс.
4. INTHANET-технологияларын қолдану арқылы автотасымалдау нарығының субъектілерінің ақпараттық өзара байланыстарын ұйымдастыру
Практикалық сабақ 11. Ақпаратты жүйелерді таңдауға арналған ортақ ұсыныстар
Сұрақтар:
1. Есеп құрамын анықтау және техникалық құралдар комплексін таңдау
2. БАЖ-ды таңдау үшін сипаттамалардың базистік терілімі
3. Қажетті программалық қамсыздандыруларды таңдау
4. БАЖ-ды эксплуатациялауға шығару этабы
Практикалық сабақ 12. БАЖ-н ақпаратпен қамтамасыз ету ретінде база мен берілгендер банкі туралы түсінік
Сұрақтар:
1. Деректер базасын басқару жүйесі.
2. Берілгендер базалары мен банкалары. Негізгі жағдайлары.
3.МҚБЖ –нің негізгі функциялары.
Достарыңызбен бөлісу: |