10
|
5
|
6-8
|
10.2.2.1 Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау;
10.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау.
|
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
|
15
|
15
|
9
|
10.3.1.1 Шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.
|
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
20
|
10
|
Барлығы
|
45 минут
|
30
|
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Бөлім: Өлең – сөздің патшасы
Шығармалар: Абай шығармашылығы«Сегіз аяқ», «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Болыс болдым, мінеки», «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңдері, он жетінші қарасөз, отыз екінші қарасөз, отыз үшінші қарасөз, «Ескендір» поэмасы
1-БӨЛІМ
1.«Ескендір» поэмасының құрылымдық ерекшелігін анықтаңыз, үзінділерді ретімен орналастырыңыз. [1]
|
Шығарма жолдары
|
Реттілігі
|
1
|
Қақпадан лақтырды бір орамал,
-Сыйым- осы, падиша мынаны ал!
Ішінде бір нәрсе бар ақыл берер,
Апар дағы, ойланып көзіңді сал
|
А) оқиғаның басталуы
|
2
|
Филипп өлді, Ескендір патша болды,
Жасы әрең жиырма бірге толды.
Өз жұрты аз көрініп, көршілерге
Көз алартып қарады оңды- солды.
|
В) оқиғаның байланысуы
|
3
|
Жолдасы –Аристотель ақылы мол,
Лақтырған сүйекті алады сол.
Ханға айтты: «Қасиет бар бұл сүйекте,
Көзіңе көрсетейін, хабардар бол»
|
С) оқиғаның шиеленісуі
|
4
|
Ойлап- ойлап патшаның мойны түсті,
Құдайым көрсетті деп бұл бір істі.
Бекерлік екен менің бұл ісім деп,
Қолын алып жұртына қайта көшті.
|
D) оқиғаның шарықтау шегі
|
5
|
Жүре- жүре бір елсіз шөлге түсті,
Алып жүрген суының бәрін ішті.
Адам, хайуан- бәрі де бірдей шөлдеп,
Басына құдай салған қиын істі...
|
Е) оқиғаның шешімі
|
2. . «Сабырсыз, арсыз,еріншек» өлеңінің қай жолдарында мәселе ұлттық мүдде
тұрғысынан айтылған?
А) Алыстан дәм татады
Қызмет қылып мал таппай,
Ғылым оқып ой таппай,
Құр үйінде жатады.
В) Сабырсыз, арсыз,еріншек,
Көрсе қызар, жалмауыз,
Сорлы қазақ сол үшін,
Алты бақан алауыз.
С) Пысық деген ант шықты.
Бір сөз үшін жау болып,
Бір күн үшін дос болып,
Жүз құбылған салт шықты
Д)Ұрлықпен мал табам деп
Егессе ауыл шабам деп,
Сүйтіп құдай атады. [1]
3. «Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай,бойды таза сақтатұғын, күнәкірліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? - деген үзінді қай кейіпкерге тән екенін табыңыз?
А) Қайрат
В) Ақыл
С) Жүрек
Д) Ғылым [1]
4. Өлең жолдарындағы асты сызылған тармақтарда қоғамдағы қандай мәселе көтерілген?
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын.
Таласып босқа,
Жау болып досқа,
Қор болып, құрып барасың.
Өтірік шағым толды ғой,
Өкінер уақытың болды ғой
А)көрінгенгекөзін сүзіп, тамақ асырайтындар туралы
В) ел билеген зорлықшыл жуандардың әрекеті туралы
С) жалқаулық,арызқойлыққа айналғандар туралы
Д) берекесі, бірлігі жоқ елдің іс-әрекеті туралы [1]
5."Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да" өлеңінің идеясындағы ұлттық құндылықтың әлемдік тақырыптармен үндестігі бар нұсқаны белгілеңіз.
А) болыстың сайлау үстіндегі іс-әрекеттері мен ой-толғаныстарын баяндау
В) ел қамын ойлап, табанынан тозып, жүгіріп жүрген болыстың портретін сипаттау
С) қазақ қоғамындағы әділетсіздік, зұлымдық іс-әрекеттерді сипаттау
D) алуан түрлі адамдардың психологиясын суреттеу [1]
2-БӨЛІМ
6. Абайдың отыз үшінші қарасөзін еске түсіре отырып, автор идеясына қатысты ойыңыз бен өз көзқарасыңызды жеткізіңіз. Бүгінгі күнде өзекті ме? Пікіріңізді 3-4 сөйлеммен білдіріңіз. [5]
7. Абайдың он жетінші қарасөзіндегі адам бойындағы қай қасиет басымдылық бергенде «Толық адамға» айналады. Өз көзқарасыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз. [5]
8. « Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңінен алынған үзіндідегі асты сызылған көркемдегіш құралдардың қолданысын анықтап, ойыңызды жеткізіңіз.
Өлеңге әркімнің- ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы? [5]
3-БӨЛІМ
9. « Болыс болдым, мінеки» өлеңінің тарихи және көркемдік құндылығын бағалай отырып, «Абай – дәуіріндегі қазақтың рухани ахуалы» тақырыбында 200-250 сөзден тұратын әдеби эссе жазыңыз. [10]
Достарыңызбен бөлісу: |