Нан атаулары кездесетін фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер:
Нан соғар – арам тамақ адам жөнінде, нан ұстап ант ішу – қолына нан ұстап ант беру. Көне дәстүр бойынша,түркі халықтарында мұндай ант беру түрі өте жауапты саналған. Өйткені нан құраннан да жоғары деп есептелген. Жеті нан құдайы беру – жеті шелпек пісіріп, садақа беру. Діни наным-сенім бойынша, мұндай садақа түрлі апат, тіл-көзден, аурудан сақтаған. Нандай илеу – қалай болса солай қорлау, билеп-төстеу. Нанын тауып жеу – жанын бағу, күнін көру. Наны таусылу - өлім қаліне жету, тататын дәмі біту. Нан бар жерде – жан бар және тағы басқалар.
Достарыңызбен бөлісу: |