Қазақ әдебиетіндегі ұлттық тағамдар және тағам атауларына байланысты мақал-мәтелдер мен фразеологиялық тіркестер


Қымыз лексемасының этнолингвистикалық сипаты



бет11/19
Дата07.02.2022
өлшемі28,81 Kb.
#91242
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Байланысты:
тағам атауларына байланысты мақал-мәтелдер

Қымыз лексемасының этнолингвистикалық сипаты
Қымыздың қашан, қалай пайда болғаны жөнінде дерек жоқ. Кейбір ғалымдардың болжамы бойынша, ыстық, аптап күндерде атқа байланған торсықта шайқалып бие сүті қымызға айналған. Қымыз туралы алғашқы дерек Франция елшісі Г.Рубруктің еңбегінде көрсетілген. Ол оның дайындау технологиясы мен қасиетіне тоқталған. Ең бірінші қымыз туралы құжаттық мәлімет Геродоттың «Грек- мысыр жауынгерлері туралы тарих » еңбегінде б.з.д. 470 жылы жазылған болатын. Ал Египетте бұрынғы заманнан бері биенің, сиыр немесе ешкінің қышқыл сүтіне қатысты « Лебен раиб » атауы қолданылған. Қымызды түркі халықтары қасиетті сусын ретінде қолданған. Ол үшін не тек боз биенің сүтін, не қара биенің сүтін пайдаланған. Боз биенің қымызы, әсіресе, ант беру кезінде ішілген. Кей- кезде қара биенің қымызын арбаға тиеп, оған қасиет беру үшін екі оттың арасынан өткізген. Сондықтан болар Г.Рубрук “ каракомос – очищенное молоко в ханском дворце” – деп көрсеткен.
Қ ым+ыз –ащы деген ұғымды береді. Қымыз арабша «хамуздан алынған. Қытайша «маниза»-жылқы сүті. Моңғол-қалмақ «чигин» деп атап,осыған орай ноғай,қазақ,түрік,курд халықтары «чигин яки шеген» деп,соңыра исламмен бірге арабтар келіп, «хамуз» деп атап,бұл азғана өзгерістермен қымызға айналған. Ал кейбір деректерде қымыз атауын арабтардың «хамуз» атауымен шатастыруға болмайды дейді. Қымыз түрік сөзі деп көрсеткендер де бар. Ә.Қайдар қымыздың дөнен қымыз,тай қымыз,құнан қымыз сияқты түрлерін көрсетеді. Түрік тілінде қымбат сөзі бағалы деген ұғым береді. Демек,қым сөзі ащы,қышқыл деген мағына береді екен,-ыз-көптік жалғауы.
Түркі халықтарында қымызға байланысты ыдыс-аяққа аса мән беріледі. Ең негізгі ыдыстың бірі – саба. Ол жылқының түтас терісінен жүнін қырқып алып, қалыпқа келтіріп, ыстап жасалады. Саба он жылға дейін ұсталады. Оны күніне бір қойдың құйрығымен майлап отырады, күнге кептіреді, ысқа ұстайды. Сабаның көлемі байлықтың айғағы іспеттес. Кейбір байдың сабасының ішіне 30 шелек қымыз сыйып кетеді. Той, асқа шақырып барған адамнан, сабасы неше теріден істелген екен – деп сұрайтын әдет болған. Қымыз құятын ыдыс байлықтың көрсеткіші деген ұғым басқа халықтарда да болған. Мысалы, якуттерде қымыз құйылған ыдыстардың саны той иесінің жылқы үйірлерінің санымен бірдей болған. Якуттердің ұғымдары бойынша, мейрам кезінде құдайдың шапағаты сүт ыдыстарына түседі. Сондықтан олар ең бірінші қымызды құлынның ерніне тигізіп, үстіне қымыз құйған. Сонан соң теріден жасалған ыдысты (чан) айнала қоршап отырып, бірінші кесені барлығы бірдей бөліп ішетін болған.
Саба-байлықтың көрсеткіші. Якуттардың ұғымы бойынша,мейрам кезінде құдайдың шапағаты сүт ыдыстарына түседі. Башқұрттарда қымыз құятын саба үйлену тойында белгілі бір мағынаға ие болған,атап айтқанда екі отбасының бір-бірімен тату болуы үшін «саба жию» рәсімі өткізілген. Үйінен шығарда қалыңдық сабаны құшақтап,қоштасып,жылайды,сосын сыйлық байлап кетеді. Оңтүстік алтайлықтарда тері қап тажуур олармен өмір бойы бірге болған. Кейде оны бала дүниеге келуіне қарсы тіккен. Р.Карутц «егер сүтті ит не қой жалап қойса,ағаштан жасалған астаушамен тазартқан,аластаған»,-деп жазады. Аталмыш құралмен 7 рет сүтті қайта құяды,содан кейін ғана ол сүтті ішкен. Бұл құрал молданың үйінде сақталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет