Бал қымыз – бал қосып ашытқан қымыз.
Бала қымыз – жаңа ашып келе жатқан қымыз.
Бесті қымыз – бес күн ашыған қымыз.
Дөнен қымыз – төрт күн ашытқан қымыз ( сыйлы қонақтарға құяды ).
Жас қымыз – жаңа ғана ашыған қымыз.
Жуас қымыз – қатты ашымаған қымыз. Үстіне саумал қосып жұмсартылған қымыз.
Құнан қымыз – екі түнегеннен кейін ғана қотарылған қымыз.
Бал қымыз -әбден пісілген және бойына жылқының не қойдың майы сіңген, бапты жұмсақ қымыз. Мұндай қымыздың өңі әдеттегі қымыздан гөрі сары әрі қою болады.
Қысырақ қымыз – бірінші рет құлындаған құлын биенің сүтінен ашытылатын қымыз.
Түнеме қымыз– ескі қымыздың үстіне саумал құйылып, келесі күні тағы бір күн асқаннан кейін қотарылған қымыз.
Қолбала қымыз – шағын отбасына дайындалған қымыз. Қысырдың қымызы – қысыр биенің сүтінен дайындалған қымыз ( мұндай қымыз сыйлы қонақтарға беріледі )