17билет
1.
Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер əулетінен. Əкесі Құнанбай Өскенбайұлы өз
заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір
сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта
жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен,
тапқырлық, əзіл əжуамен аты шыққан шаншарлардың
қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа
енді.Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше
қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы əкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Əкесі оның
зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді.Медреседе төрт жыл
оқығаннан кейін,
оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Əкесінің төңірегінде ел
жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мəдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен
сөйлеуге төселеді.
Ұтымды сөзімен, əділ билігімен елге танылып, аты шығады.
Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың
бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тəжірибе жинақтағаннан кейін ол
халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сəуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пəлендей көңіл
тоятындай нəтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, əсіресе,
өлеңмен насихаттамақ болады. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди,
Қожа Хафиз, Науаи, Физули,
Жəми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А.
Некрасов, М.Ю. , Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М.
Достоевский, И.С. Тургенев, Н.Г.
Чернышевский мұраларын
оқып, терең таныс болған
Достарыңызбен бөлісу: