523
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
СƏУЛЕТ ӨНЕРІ
Қазақстанда жүргізілген қазба жұмыстары кезінде жəне кездейсоқ табылған көптеген
ескерткіштер сақталған.
Мұражай бұйымдары үлкен төрт бөлімге бөлінген.
Олар өз ішінде кезеңдер мен
аудандарға жіктеледі. Көрменің бірінші бөлімі «Алғашқы қауымдық қоғам мен
оның ыдырауы» тақырыбына арналған. Мұнда Қазақстан аумағында тас дəуірінде
пайдаланылған тастан жасалған құралдар мен қарулар, сəндік бұйымдар қойылған.
Қола дəуірінің ескерткіштеріне арналған екінші бөлімде Андрон мəдениетінің, Беғазы-
Дəндібай мəдениетінің бұйымдары қойылған. Мұражайдың
келесі бөлімі ерте темір
ғасырына (б.з.б. VІІІ ғасыр – б.з. V ғасыры) арналған. Бұл бөлімнен қаруларды, ат
əбзелдерін, сүйектен жасалған бұйымдар мен қоладан құйылған аңдардың бейнелерін,
т.б. құнды ескерткіштерді көруге болады. Орта ғасырлардағы алуан түрлі ескерткіштер
мұражайдың төртінші бөліміне жинақталған. Бұл
бөлімнен қазақ жеріндегі
ортағасырлық қалалардың орындарына жүргізілген археологиялық зерттеулер кезінде
табылған көптеген бұйымдарды тамашалауға болады.
Абайдың əдеби-мемориалдық мұражайы
Абайдың əдеби-мемориалдық мұражайы – Абайдың əдеби мұрасын сақтап,
насихаттауға арналған тарихи-мəдени мекеме. Ол Семей қаласында орналасқан. Абай
жақын
ағайындарын жұмылдырып, 1892 жылы Əнияр Қожабайұлы Молдабаевқа
қаладан үй сатып əперген. Сол үй Абай, Шəкəрім, Көкбай, Ақылбай, Əбдірахман,
Тұрағұл, Мағауия, Кəкітай т.б. қалаға келгенде қонатын үйіне айналған. Комиссар
көшесіндегі № 116 үйде кейін де ел зиялылары,
алаш азаматтары бас қосып, жиын
өткізетін болған. Əнияр Молдабаевтың екі қабатты осы үйі 1940 жылы сəуірде Абайдың
туғанына 95 жыл толу мерекесі қарсаңында Абайдың əдеби-мемориалдық мұражайына
айналдырылды. Мұражай қорында 13 мыңға жуық (оның ішінде 7500-і негізгі қор
саналады) құнды жəдігерлер қойылған. Абайдың өзі 1885
жылы Семейдегі тарихи-
өлкетану мұражайы қорына тапсырған байырғы ұлттық бұйымдар, ақын шығармалары,
алғашқы кітаптары, Абайдың дүние жүзі халықтары
тілдеріне аударылған өлеңдері,
Абайдың əдеби мектебінің аса ірі өкілдерінің шығармалары, сондай-ақ абайтанушы
ғалым-зерттеушілердің бірегей еңбектері сақтаулы тұр.