Қазақ хандығы дәуіріндегі тарихи сана бегдаулетова Қ. Д. филос.ғ. к. ОҚмпи, Шымкент қ. Резюме



Дата30.03.2018
өлшемі110,1 Kb.
#39865
ӘОЖ 130.2

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІНДЕГІ ТАРИХИ САНА
Бегдаулетова Қ.Д.- филос.ғ.к.

ОҚМПИ, Шымкент қ.


Резюме

В данной статье обширно рассматриваются объективные предпосылки формирования исторического сознания в эпоху казахского ханства.

Summary

The article considers the objective preconditions of historical consciousness in an era of the Kazakh Khanate.
Отаршылдық бұғауынан босап шығып өзінің саяси тәуелсіздігіне қол жеткізген қазақ халқының қазіргі басты міндеттерінің бірі өзінің тарихи санасын қалыптастыру болып табылады. Тарих өткен шақпен, жадымен және еспен байланысты болғандықтан, бұған төл тарихты тану арқылы қол жеткізуге болады.

Кеңес дәуіріндегі жетпіс жыл бойы халқымыздың өзіне лайық тарихы тұмшала-нып айтылмай келгені, айтылса да саясаттың ыңғайына қарай бұрмаланып, теріс түсін-діріліп келгені белгілі. Шынайы тарихи дамуды түсіндіру амалдары тек қана тап күресі-мен шектеліп қарабайырландырып жіберілді. Қазақстан мен Орталық Азиядағы көшпе-лі мәдениет алғашқы қауымдық, жабайылық ретінде қарастырылып, ұлттық тарихтағы мемлекеттік дәстүр жоққа шығарылды. Қоғамдық және мәдени дамудың батыстық үлгі-ден түбірлі айырмашылықтары ескерілмеді. Қазақстанның Ресейге кіруінің себеп-сал-дары асыра дәріптелді, оның отаршылдық саясатының тұжырымдары бүркемеленді. Қазақ халқының мәдени тарихына деген нигилистік көзқарас қалыптасты. Тек тәуелсіз-дік тұсында ғана халық өз тарихы мен тағдырына бет бұруға мүмкіндік алды. Осыған орай отандық тарихты саралап танудың басты бағыттарының біріне қазақ халқының этногенездік, этникалық-саяси және рухани-мәдени тарихының мәселелерін тиянақтап талдау қажеттілігі туындайды.

Еліміздің тарихындағы ең маңызды кезең және Қазақстан тарихы мен әлеумет-тік-гуманитарлық ғылымдарындағы ең өзекті мәселелердің бірі – төл мемлекеттілігіміз-дің қайнар көзі саналатын Қазақ хандығының құрылуы. Жәнібек пен Керей бастаған жұрттың қоныс аударуы және Керейдің хан сайлануы сияқты тарихи айғақтармен си-патталатын Қазақ хандығының пайда болуы қазақстандық медиевистикада осы уақытқа дейін әртүрлі пікірлер тудырып келеді. Бүгінгі таңда бұл мәселенің шешімін тауып, соң-ғы нүкте қою қажеттілігін мойындай отырып, осы пікірталас арасынан сол кезеңдегі этникалық-саяси қатынастарды терең зерттеген тарихшы Б.Кәрібаевтың 1458 жылға тоқтаған болжамымен келісеміз [1,47-б.].

Қазақ хандығы құрылуының бірқатар объективті алғышарттары болды. Оның терең рухани-мәдени алғышарттарын қарастырмас бұрын, бұл мәселеге қатысты XV ға-сырдың ортасына қарай Шығыс Дешті Қыпшақта (көшпелі Әбілқайыр мемлекетінде), Жетісуда (Моғолстан мемлекеті) және Мәуреннахрда (Темір әулетінің мемлекеті) қа-лыптасқан саяси-этникалық жағдайға, ондағы династиялық талас-тартыстар мен руара-лық жанжалдарға терең тарихи талдау қажет.

Алғашқы қазақ хандарының Әбілқайыр ханнан бөлініп ауа көшуінің кейбір итер-мелеуші мотивтері жазба деректерде келтіріледі. Мысалы, Мұхамед Хайдар Дулати: «Ол кезде Дешті Қыпшақта Әбілқайыр хан билік жүргізетін. Ол Жошы тұқымдарынан шыққан сұлтандарға тыныштық көрсетпеді. Жәнібек хан мен Керей хан одан қашып Моғолстанға бет алды» [2,62-б.]. Әбілғазы Бахадүр де осыны қостайды. Махмұд бен Уәли былай деп жазады: «Тұқай-Темірдің кейбір ұрпақтары, мысалы, Керей хан мен Жәнібек хан бағынудан бас тартты. Олар ата-бабаларынан қалған елден безіп, Моғол-станға жолға шықты» [3,352-б.]. Бұл сөздерден қазақ хандарының тікелей Дешті Қып-шақ хандарының ұрпақтары ретінде көрініп, көшу себебі Шығыс Дешті Қыпшақтағы билік үшін болған династиялық күрестен туындағаны көрініп тұр.

Бұл күрес Шейбан (Жошының бесінші баласы) мен Тұқай-Темір (Жошының он үшінші баласы) ұрпақтары арасындағы бақталастық ретінде Алтын Орда ханы Бердібек тұсында батудың тармағы үзілген кезеңнен басталады. Шейбан және оның ұрпақтары Батудың тұсында, кейінірек Өзбек ханның кезінде барлық Жошы тұқымдары қудалан-ған тұста ерекше артық жағдайға ие болды. Сондықтан да өзбек-шейбанидтер осы артықшылықтарын есіне алып, мақтанатындығы белгілі [4,58-б.]. XІV ғасырдың екінші жартысында Алтын Орданың дағдарысы кезінде бұл әулеттің бірнеше өкілдері Саин тағына таласты. Ал Тұқай-Темір ұрпақтары 1359 жылы Бердібек хан қайтыс болғаннан соң Жошы ұлысының шығыс қанатында Орда-Ежен әулетін ығыстырып, билікті қол-дарына алды [4,61-б.]. Бұл дербес мемлекеттің (Ақ Орда) соңғы билеушісі Барақ Саин тағына да отырды. Демек алғашқы қазақ хандарының арғы тегі Шығыс Дешті Қыпшақ-тағы билікке бұдан бір ғасыр бұрын араласа бастаған, сондықтан олардың шейбанид-термен күресі заңды көрінеді. Барақ хан дүниеден өткеннен кейін осы территорияда өз мемлекетін құрған шейбан әулетінен шыққан Әбілқайырдың тұсында Орыс хан ұрпақ-тарының 1457 жылға дейін ұстанған позициясы туралы мәлімет жоқ. Жалпы осы дәуір-ге байланысты жазба деректер өте аз. Прошейбанидтік бағыттағы Масғұд бен Кухиста-нидің «Тарих-и Абу-л Хайр-хани» еңбегінде Әбілқайыр ханға қарсы топтың ішінде бұлардың аты аталмайды.

Бұл кезеңге байланысты ақтаңдақтың орнын халық арасына тараған тарихи аңыз - әңгімелермен толықтыруға болады. Тарих ғылымында кеңінен қолданылмағанымен «даланың ауызша тарихнамасы» деген атпен белгіленетін бұл деректемелер тобына Ш.Уәлихановтың, В.П.Юдиннің, А.Сейдімбектің берген бағалары көпшілікке мәлім. Қазақтың «Ақжол бидің өлімі», «Қодан тайшының жоқтауы», «Ноғай мен қазақ айры-лысуы» сияқты ортағасырлық тарихи айғақтарды дәлелдейтін аңыздар, сонымен қатар ноғайлы дәуірі мен онан кейінгі кезеңге қатысты тарихи тұлғалар (әз-Жәнібек, Асан қайғы, Алаша хан және т.б.) туралы әңгімелер тенденциялық сипатта жазылған жазба деректермен салыстырғанда шындыққа жақындығымен ерекшеленеді. Аңыз бойынша руаралық жанжал қара қыпшақ Қобыландының арғын Ақжол биді өлтіріп кетуінен бас-талады. Құн сұраған арғынның сұлтаны Жәнібектің талабын жоғары билеуші Әбіл-қайыр хан орындамайды. Мұның арты бірқатар тайпаның ноғайлы туысқандарымен айрылысып, ел-жұртынан ауа көшуімен аяқталады.

Демек, ата-бабадан қалған жұрттан безіп, бөтен елге, Шағатай нәсіліне көшудің бір себебі Әбілқайыр хандығында бұрынғы қалыптасқан далалық рулық демократиялық тәртіптің бұзылуымен де түсіндіріледі. Бұл жағдай жазба деректермен де дәлелденеді. Камал ад-Дин Бинаидің айтуынша «билік жүргізу мен сұлтандықтың жарғысы ескі тәр-тіпке сай келмей бұзылды» [3,99-б.]. Жоғарыда келтірілген деректер «Тарих-и Рашиди» және «Бахр ал-асрар фи минакиб ал-ахиар» шығармаларынан да осы тәріздес хабарлар ұшырасады және олардан Әбілқайыр ханның жеке билікке ұмтылғаны аңғарылады.

Хан билігінің беріктігі хан саясатының анағұрлым ірі рулардың мүдделеріне сай келу-келмеуіне байланысты екендігі көптеген мысалдардан көрінеді. Егер мүдделері сай келмей немесе құқы төмендетілген жағдайда вассалды ру басылары өзінің жұртмен үдере көшіп кететін немесе ашық қарсыласатын. Ол уақыттарда «ауып көшу» бағын-баушылықты білдіретін және көп қолданылатын қарсылықтың формасы болып табы-латын еді. «Қазақ» сөзінің семантикалық мағынасы жөнінде ғылымда алуан түрлі пікір-лердің орын алғанына қарамастан «қазақша өмір кешу» бағынбауды, еркін өмір сүруді білдіреді деген болжам қабылданған. Ортағасырларда «қазақшылық» институтының кең таралғаны жазба деректерден мәлім. Мысалы, Тоқтамыстың қазақтары, Ибақ хан-ның ноғай қазақтары, шейбанидтік қазақтар және т.б. Яғни Жәнібек пен Керейдің көші арқылы ғана этникалық мәнге ие болған «қазақ» термині бұған дейін саяси-әлеуметтік мағынада қолданылған. Сонымен хандықтың құрылуы мен халықтың қалыптасуы тари-хындағы көп нәрсені этнонимнің өзі айқындап тұр.

Сондай-ақ, хандықтың құрылуы мен бекуіне қалыпты ықпал еткен XV ғасырдың орта тұсындағы Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу мен Мәуреннахрдағы саяси және мәде-ни жағдайларды айтуға болады.

Әбілқайыр ханның қырық жыл бойы билік құрғанына қарамастан көшпелі өзбектер мемлекетінің ішкі саяси жағдайы берік болмады. Алайда Әбілқайыр хан 1457 жылға дейін өз ішіндегі оппозициялық топтың (Сейтек-хан, Айбақ хан, Бүреке хан, Мұса, Жаңбыршы, Аббас бектер, Мұстапа хан) әлсіз қарсылықтарын басып тастап, көрші елдердегі саяси тұрақсыздықты пайдаланып, сыртқы экспансия арқылы мемлеке-тінің территориясын едәуір кеңейтті. Ұлықбек әскерін Сығанақ ауданында Барақ хан тас-талқан етіп жеңгеннен кейін Мәуреннахр билеушілері ұзақ уақыт бойы қорғаныс позициясын ұстанып, қырға қарай ешқандай жорық әрекетін ойластырған жоқ. «Тарих-и Абу-л Хайр-ханида» шейбанидтердің Хорезм мен Сыр бойы қалаларын алуға толық құқы бар екендігі, сондай-ақ Сұлтан Құсайын мырза, Мұхамед Жөкі мырза және т.б. тимуридтік «қазақтардың өзіне паналатып, олардың өзара қырқысында қазы рөлін ат-қарғаны баяндалады. Масғұт бен Кухистанидің сөздерінен Әбілқайыр хан Темір ұрпақ-тарының патроны, ал олар оның вассалдарына айналды деген идеологиялық мақсаттағы ұлы державалық ой-пікірді ұғуға болады [3,149-151-бб.]. Ал Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан арасында Жәнібек пен Керейді шағатайлықтардың паналатуына қарағанда одақтық қатынас болмаған. 1457 жылы Көк кесене түбінде Әбілқайырдың Өз-Темір тайшы бастаған ойрат әскерінен оңбай жеңілуі мен «қазақтардың» жаппай қоныс аударуы салдарынан бұл мемлекет көп ұзамай ыдырай бастады.

Мәуреннахрда 1447 жылы Ұлықбек өлтірілгеннен кейінгі Темір ұрпақтары ара-сындағы билік үшін күресте Мираншахтан тарайтын Әбу Сейіт мырза 1451 жылы жеңіске жеткенімен саяси жағдай тұрақтамады. Ақсақ Темірден қалған империяны сақ-тап қалу үшін Әбу Сейіт екіжақты соғысуға мәжбүр болды. Шығысында Моғолстан ха-ны Есен-бұғаның тонаушылық жорықтарына қарсы өзіне келіп паналаған оның туған ағасы Жүніс-ханды пайдаланса, өзі батысында Хорасанға көз салған Қара Қойынлы әу-летінің (Әзірбайжандағы батыс оғыздық әулет) билеушісі Шах-Жаханға қарсы соғысты.

Сол сияқты Жетісу мен Қашқарда орналасқан Моғолстанның да саяси жағдайы бірқалыпты болмады. Моғолстан біріктірген аудандар табиғи-географиялық жағдайы-мен, экономикасымен және тарихи даму барысындағы этногенетикалық және мәдени байланысы жағынан әркелкі болғандықтан шағатайлық Есен-бұға ханға билікті ұстап тұру оңайға түскен жоқ. Бұл ханның қазақтарды «ілтипатпен қабылдап, оларға мемле-кеттің батыс бөлігінен Шу мен Қозыбасы өңірін беруінің» өзіндік себептері болды. Оған тайпа басылары және әмірлермен қатар, билікке таласқан туған ағасы Жүніс-хан темір әулетіне сүйене отырып қарсы шықты. Сондай-ақ XV ғасырдың басынан бастал-ған Жетісу мен Моғолстанның басқа да аудандарына ойраттардың шабуылы үдей түсті. XV ғасырдың 50-жылдары билеуші Исан тайшы біріктірген ойраттардың шабуылына Қашқарда өзара қырқыстармен айналысып жүрген Есен-бұға ешқандай қарсылық көр-сете алмады.

Осындай қиын кезеңдерде көшіп келген қазақтарды ол батыста Жүніс-хан мен Темір ұрпақтарына қарсы пайдаланбақ болған, шынында 1462 жылы Есен-бұға қайтыс болғанға дейін батыс өлке тынышталды. Сонымен бірге қазақтарды әскери күш ретінде ойраттарға да қарсы пайдаланған. Жәнібек қазақты Қашқардағы Шағатай нәсіліне қаратқан соң «Алаш алаш болғанда, Алаша хан болғанда біз қалмаққа не көрсетпедік» [5] деген халық аузындағы сөз де осыны дәлелдесе керек.

Осылайша, Орталық Азиядағы саяси-этникалық процестер шиеленісіп тұрған шақта, 1458 жылы Қазақ хандығының негізі салынып, өзінің этникалық ауқымының кеңдігіне орай дереу күш ала бастады. Жәнібек пен Керейге берілген «қазақ» атауы олардың қол астындағы халықтың этнониміне айналды және олар иемденген террито-рия Қазақ елі деп атала бастады.

Алайда бұл тарихи айғақтың орын алуын тарихшылар әртүрлі этникалық-саяси объективті себептермен түсіндіргенімен, оның мәдени астарларына көңіл бөле бермей-ді. Мәдениеттанушы Бақытжан Сатершиновтың пікірінше, «бұл инцидент пісіп-жетіліп тұрған өмірлік бағдар мәселесінің шешілуіне түрткі ғана болды. Қазақ тарихында аса маңызды орын алатын бұл ауа көшу прецедентінің (көшпенділерде қарсылық көрсету-дің формасы) орын алуының негізгі себептерінің бірі Алтын Орданың күйреуімен сипатталатын еуразиялық көшпенділіктің жалпы дағдарысы мен батыстық отырықшы өркениеттің экспансиясы барысындағы «көшпенділік-отырықшылық» баламаларын таңдаудан келіп шығады» [6,41-42-бб.].

Үш мың жыл бойына қос өркениет (көшпенді және отырықшы) салыстырмалы түрде тұйықтығын сақтай отырып, қатар дамыды, бірін-бірі үздіксіз байыта отырып, жалпыадамзаттық өркениетті қалыптастырды. Дегенмен Көне өсиеттегі Абыл мен Қабыл арақатынасы туралы аңызда көрініс тапқан бұл екі құбылыс (қала мен дала) терең мәдениеттанымдық зерттеуді талап етеді. Белгілі ғалым М. Әуезов өзінің еңбегін-де егіншілік пен малшылық арақатынасын белдеулік уақыттың (К.Ясперс: б.з.д. 800-200 жылдар) рухани өміріндегі негізгі қақтығыс ретінде сипаттап, қазақ халқының қалауы ауыр кезеңде ауа көшіп, жеке отау құрғанын осы таңдаумен байланыстырады [7,53-б.].

Қазақ халқының санасында алтын заман ретінде сақталып қалған Алтын Орда мен ноғайлы дәуірі шын мәнінде еуразиялық көшпелі өркениеттің шарықтау шыңы бол-ды. XV ғасырдан бастап Ұлы дала ғана емес, бүкіл Шығыс технологиялық тұрғыда Батыстан артта қала бастады.

В.П.Юдиннің еңбегінде Ноғай ордасы Дешті Қыпшақтағы «ең көшпелі құры-лым» ретінде сипатталып, олардың бұрынғы дала еркіндігінің алтын ғасырын аңсап, қалалық бағдарға қарсы бағыт ұстанғаны айтылады [8,55-б.]. Ноғай ордасының құрамындағы ру-тайпалар кейін көшпелі дәстүрді ұстап қалған қазақтардың Кіші жүзі-нің құрамына енді (Қасым хан мен Хақназар хан тұсында). Ал Қазақстанның оңтүстік- шығысында орналасқан, кейінірек қазақтың Ұлы жүзінің этнокомпонентін құраған ру-тайпалар арасындағы отырықшы және көшпенді бағдар ұстанған үрдістердің күресі бастапқыда Шағатай ұлысын, кейін Моғолстан мемлекетін ыдыратуға әкеліп соқты. Қа-зақтардың нағыз көшпелі халық екендігі «қазақылық» феноменінен айқын аңғарылады.

Бұл феномен белгілі мәдениеттанушы Әуезхан Қодардың айтуынша еріксіз қала-лық өмір мен исламның жаппай үстемдігіне қарсы реакция ретінде пайда болды [9,80-б.]. Алтын Орда билеушісі Өзбек ханның мемлекет ішінде ислам дінін кей жерлерде зорлықпен енгізгені белгілі. Күмәнді жолмен билік басына келген Өзбек (сол кездегі тарихи айғақ пен «өзі бек» деген антропонимдік семантика оның Шыңғыс тұқымынан екендігіне күмән туғызады) Жошы ұрпақтарын қудалағанымен, дінді жақтаған Шайбан тұқымдарына ерекше қолдау көрсеткен. Өзбек хандары шейбанидтер мен қазақ ханда-ры тұқай-тимуридтер арасындағы үздіксіз созылған күрестің басты себебі династиялық емес, осы дінге қатысында да байланысты боуы мүмкін. XVІ ғасырдың басында сеид-терге сүйеніп Мәуреннахрда дербес мемлекет құрған Мұхаммед Шайбани қазақтарға қарсы «ғазауат» соғысын жариялап, бірнеше жорықтар жасағаны тарихтан белгілі. М.Шайбанимен Мәуреннахрға кеткен өзбектердің исламды жақтаушылар екендігін тарихшы Құрбанғали Халид те қостайды. Жалпы қазақ мәдениетінде төлтума ататектік діндердің мұсылмандық діни типке өтуі өте күрделі құбылыс болды және бірнеше ға-сырларды қамтыды. Ш.Уәлиханов XІX ғасырдың өзінде қазақтардың дүниетанымын «қос дінге табынушылық» деп сипаттады. Ислам діні отырықшылыққа бет бұрған туыс-тас түркітілдес тайпалар арасында тез сіңісіп кетті. А.Н.Веселовскийдің пікірінше, қа-былдап алу сол ортадағы өзіне ұқсастықтардың арқасында жүзеге асады немесе жеңілдетіледі. Ал көшпенділік ортада өздерінің өмір сүру тәртібінде бейімделген дүниетанымдық жүйе - тәңірлік діні де ислам сияқты монотеистік жүйе болғанымен, бұған қарсылық көрсетеді немесе М.Әуезовтің сөзімен айтқанда «көшпелі» әлем сти-хиясы пайғамбарларды керек етпейді [7,59-б.].


Әдебиеттер тізімі:

1. Кәрібаев Б. Қоғамдық-тарихи дамудың нәтижесі // Қазақ тарихы. – 1993.-№2.

2. Қоңыратпаев Ә., Қоңыратпаев Т. Көне мәдениет жазбалары. – Алматы, 1991. 492 б.

3. Ақатай С.Н. Жыраулық философиядағы тарихи әлеуметтік болмыс // Қазақ өркениеті. - 2002. - № 2-3. - 40-44 бб.

4. Қазақтың көне тарихы /Дайындаған М. Қани. - Алматы: Жалын, 1993. - 400 б.

5. Абай. Біраз сөз қазақтың қайдан шыққандығы туралы // Қазақ тарихы. –1993. №1.

31-34 бб.

6. Сатершинов Б.М. Қазақстан мәдениеті тарихы мен теориясының кейбір мәселелері. – Алматы, 2002. - 160 б.

7. Ауэзов М. Энкидиада: К проблеме единства миров кочевья и оседлости // Кочевники и эстетика: Познание мира традиционным казахским искусством. – Алматы, 1993. - С. 293-296.

8. Юдин В.П. Переход власти к племенным биям и неизвестной династии тукатимури­дов в казахских степях в XІV в. – Алма-Ата, 1992. - 296 с.



9. Кодар А. Очерки по истории казахской литературы (с древнейших времен до раннего творчества М.О. Ауэзова). – Алматы, 1999. - 152 с.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет