Қазақ мемлекеттік



бет12/19
Дата11.01.2017
өлшемі3,75 Mb.
#6890
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

1-кестеде келтірліген ішек артериялары, ұзын артқы кірпіктік артериялар, жоғарғы кеуде артериясы, бұлшық еттік артериялар, көк бауыр артериясы сияқты т.б. тіркестік атаулар құрамындағы ішек, кірпік, кеуде, бұлшық ет, көк бауыр деген сөздер мен сөз тіркестері ауызекі қолданыстық, яғни сөйлеу тілінде белсенді қолданылатын халықтық атауларға жатады әрі соңғы екеуі тіркес тұлғалы атаулар.

2-кесте. Арнайы қолданыстық халықтық атаулар арқылы жасалған терминдер


Аорта

Қолқа

Артерии диафрагмальные нижние

Төменгі көкет артериялары

Артерия брыжеечная верхняя

Жоғарғы шажырқай артериясы

Артерия желудочно-сальниковая правая

Оң асқазан-шарбы артериясы

1

2

Артерия панкреатическая большая

Ұйқы безiнiң үлкен артериясы

Вены мошоночные задние/губные

Артқы ұмалық (ернеулік) веналар

Ветвь шпорная

Топшылық тармақ

Сеть лодыжковая латеральная

Латералді толарсақ торы

Тельце копчиковое

Құйымшақтық денешік

Часть атлантовая

Ауызомыртқалық бөлігі

Артерии диафрагмальные верхние

Жоғарғы көкет артериялары

Ветви паховые

Шап тармақтары

Артерия гортанная верхняя

Жоғарғы көмей артериясы

Артерия глоточная восходящая

Жоғарлаған жұтқыншақ артериясы

Ветвь вертлужная

Ұршықтық тармақ

Часть перепончатая

Жарғақты бөлігі

т.б.



2-кестеде келтірілген қолқа және басқа да тіркестік атаулар құрамындағы көкет, шажырқай, шарбы, құйымшақ, ұйқы безі, ұма, толарсақ, топшы, ауызомыртқа, шап, көмей, жұтқыншақ, ұршық сияқты т.б. сөздер мен сөз тіркестері арнайы қолданыстық халықтық атаулар болып табылады әрі мұндағы көкет, ауызомыртқа енді ғана біріккен, бірігіп жатқан күрделі сөзге, ал ұйқы безі сөз тіркесіне жатса, құйымшақ, жұтқыншақ, топшы, ұршық атауларын туынды сөзге жатқызуға болады және дене мүшесі ретіндегі ұршық атауы жіп иретін тұрмыс құралы атауын ауыстыру арқылы алынса керек.

Сондай-ақ ортаңғы самай венасы, қабақ веналары, білезіктің алақандық тармағы, шүйде артериясы, кіші таңдай артериялары, бақайлардың жалпы табандық артериялары, тақым артериясы, ішкі жыныс артериясы, жоғарғы бөксе артериясы тіркестік атаулары құрамындағы самай, қабақ, білезік, шүйде, таңдай, бақай, тақым, жыныс, бөксе сөздері аздап та болса, ауызекі қолданыста кездесіп тұратынымен, барлық жұртқа бірдей таныс емес, яғни аталған ауызекі қолданыс пен арнайы қолданыс арасында жатқан арақолданыстық сөздер тобын құрайды десек болады.

3-кестеде келтірілген тіркестік атаулар құрамындағы орысша околоушной, спиномозговые, промежностная, икроножные, пищеводные, подколенные, пальцевые, кисти большого пальца, лучевая, предплюсневая түрінде сипаттай аталған, жаңадан жасалған атаулардың қазақша баламалары толық есімделген, сөйлеу тілінде бұрыннан бар шықшыт, жұлын, шат, балтыр, өңеш, тақым, бақай, басбармақ, кәріжілік, тілерсек сияқты атау сөздермен берілсе, 4-кестеде дәл осындай тощекишечные, большеберцовая, указательный палец, плечевая кость, бедренная кость, малоберцевоая кость сияқты басқа да сипаттамалық атаулардың қазақша баламалары тағы да аш ішек, асықты жілік, сұқ саусақ, тоқпан жілік, ортан жілік, кіші жіліншік сияқты толық есімделеген және дайын, қалыптасқан атаулық тіркестермен берілген.



3-кесте. Орысша сипаттамалық түсініктің қазақша атау арқылы берілуі

Вены железы околоушной

Шықшыт без веналар

Ветви околоушной железы

Шықшыт без тармақтары

Артерия спинномозговая задняя

Артқы жұлын артериясы

Вены спиномозговые

Жұлын веналары

1

2

Артерия промежностная

Шат артериясы

Артерии икроножные

Балтыр артериялары

Вены пищеводные

Өңеш веналары

Узлы лимфатические подколенные

Тақымдық лимфа түйіндері

Вена подколенная

Тақым венасы

Артерии пальцевые подошвенные собственные

Бақайлардың меншікті табандық артериялары

Артерии пальцевые подошвенные общие

Бақайлардың жалпы табандық артериялары

Артерия кисти большого пальца

Басбармақ артериясы

Артерия лучевая

Кәріжілік артериясы

Артерия предплюсневая латеральная

Тілерсектің латералді артериясы

Артерии предплюсневые медиальные

Медиалді тілерсек артериялары

Сплетение лозовидное (семенного канатика)

Сабақты өрім

Вены преддверные

Кіреберіс веналар

т.б.





4-кесте. Орысша сипаттамалық түсініктің қазақша атаулық тіркеспен берілуі


Артерии тощекишечные

Аш ішек артериялары

Артерия большеберцовая передняя

Алдыңғы асықты жiлiк артериясы

Артерии питающие плечевую кость

Тоқпан жілікті қоректендіретін артериялары

Артерия, огибающая плечевую кость, передняя

Тоқпан жiлiктiң алдыңғы айналма артериясы

Артерия, огибающая бедренную кость, медиальная

Ортан жiлiктiң медиалдi айналма артериясы

Вены, оркужающие бедренную кость, латеральные

Ортан жіліктің латералді айналма веналары

Артерия, огибающая подвздошную кость, глубокая

Мықын сүйектің терең айналма артериясы

Артерия большеберцовая задняя возвратная

Асықты жiлiктiң артқы қайырылма артериясы

Артерия огибающая малоберцовую кость

Кiшi жiлiншiктiң айналма артериясы

Узел лимфатический малоберцовый

Кіші жіліншік лимфа түйіні

т.б.



Бұлардан басқа, аса атап айтар бір жайт – соңғы кездердегі терминдік ізденіс барысында адамның дене мүшесіне қатысты қынап, шәует, қасаға сияқты бірқатар жаңа атау сөздер табылып, олар, мысалы, қынап артериясы (артерия влагалищная), шәует шығаратын түтiк артериясы (артерия семявыносящего протока), қасағалық тармақ (ветвь лобковая) терминдік тіркестері құрамында влагалища, семья, лобок атауларының ұлттық, халықтық нұсқасы ретінде қолданылған. Тек, қазақ тілі сөздігіне енгізілмей қалғаны және лобок сөзінің шат деп қате берілгені болмаса, бұл атау сөздердің халықтың ауызекі сөйлеу тілінде, сөз зергерлері жадында бар екеніне әрі осы күнгі терминдік мағыналарында қолданылып келгеніне күмән болмаса керек.

Сонымен, атаулық балау тілде әуелден болған, көпшілік қолданысты, мазмұн-мағынасы ғылыми түсінікке толық сәйкес келетін әрі оған тәуелсіз өз бетінше пайда болған, толық есімделген, жай, туынды, күрделі сөздер мен сөз тіркестерінен тұратын халықтық атаулар арқылы жасалады және ауызекі қолданыстық, арнайы қолданыстық түрлерге бөлінеді. Атаулық балау негізінде халықтық атаулар ғылым атауына айналады және бұл халықтың ғылымға тікелей бергені, қосқаны болады.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Большой иллюстирированный словарь иностранных слов, М., 2003, 957 с.

  2. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 1–10-т., А., 1974–86-ж.

  3. Русско-казахский словарь, М., 1954, 935 б.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада термин түзудің ұлттық төл ұғымдарға негізделген жаңа әдісі қарастырылады.
РЕЗЮМЕ

В статье представлен новый способ терминооброзования в казахском языке, связанный с использованием исконно национальных понятий.



ТЕРМИН ТҮЗУДЕГІ МАҒЫНАЛЫҚ ЖӘНЕ АУДАРМАЛЫҚ БАЛАУ ТӘСІЛДЕРІ
Ақайұлы Ы. Ф. Ғ. .д.,профессор(Алматы қ., ҚазмемқызПУ)

Ғабдуллина Г.Қ.-оқытушы (Қарағанды қ., ҚарММУ)


Балау тәсілінің екінші түріне балама ретінде ұғымы ұқсас сөздерді алу жайы жатады. Бұл кезде терминге немесе ғылыми түсінікке тілде бұрыннан бар, ұғымы ұқсас сөз телінеді, яғни түсініктің мазмұнына қарай, сол мазмұнды береді, бере алады-ау деген сөз таңдалады. Нағыз семантикалық жолмен, яғни ғылыми түсінік пен сөз мағыналарын ұқсастыра, екеуіне ортақ ұғымдық белгілер арқылы оларды бір-біріне тели жасалатын бұл тәсілді мағыналық балау деп атасақ болады. Өйткені, бұл кезде балау әрекеті түсінік пен сөз арасында жүреді. Сөз тікелей түсінікке, яғни түпнұсқаға баланады.

1-кестедегі тіркестік атаулар құрамындағы борозда, проток, бифуркация, капсула, синус, блок, пазуха, ствол, перешейка, гломус, канал, коллатеральная, вортикозный, фиброзный сияқты, т.б. атау сөздер жүлге, түтік, айырық, қапшық, қойнау, шығыршық, қойнау, сабау, қылта, шумақ, өзек, жанама, сілемделген, талшықты сияқты, бұрын мұндай мағынада қолданылмаған, олардың мәнін беруі мүмкіндігі бар қазақ тіліндегі атау сөздермен аталған. Енді ғана өзара баламаланып отырған бұл орысша-қазақша атау сөздер бір-біріне басыбайлы байланған тіларалық пара-парға жатпайды. Олардың басқа терминдік жүйеде немесе басқаша мәтінмән (контекст) жағдайында басқа сөзбен берілу немесе басқа сөз балмасы ретінде қолданылу мүмкіндігі бар. Мысалы, мұндағы синус, пазуха сөздері осы жүйенің өзінде-ақ мағыналық сәйкестігі бойынша қазақша қойнау деген бір ғана сөзбен беріліп отыр. Ал борозда – қарық, жүйек; проток – ағын, блок – бөлік, кесік; бифуркация – бөліну, бұтақталу; ствол – өзек, сабақ, баған болып берілуі және керісінше, түтік – трубка, қаптың жұқа матадан жасалған түрінің атауы болып табылатын қапшық – қандай да жұқа қаптауыш атау ретінде қолданылуы мүмкін. Дегенмен, бір сөздің әр түрлі тілдік, терминдік жүйелерде толық бірдей емес түсініктердің атауы болу жайы кең тараған құбылыс. Терминдік жүйені түзудегі басты мақсат – сол сала түсініктерін мейлінше дұрыс ой елесін туғыза атап шығу болатындықтан, кей жағдайда «бір сөз – бір мағына», «әр сөзге – әр мағына» ережелері сақтала бермейді.


1-кесте Мағыналық балау арқылы жасалғандар


Борозда венечная

Тәжді жүлге

Артерия коллатеральная лучевая

Кәрiжiлiктiң жанама артериясы

Артерия семявыносящего протока

Шәует шығаратын түтiк артериясы

Бифуркация лёгочного ствола

Өкпе сабауының айырығы

Вены вортикозные

Сілемделген (вортикоздық) веналар

Ветви капсулы внутренней

Ішкі қапшық (капсула) тармағы

Ветви тройничного и блокового нервов

Үшкіл және шығыршық нервтер тармақтары

Ветвь пещеристого синуса

Үңгірлі қойнау тармағы

Пазуха

Қойнау

Перикард фиброзный

Талшықты жүрекқап

Ствол

Сабау

Перешеек аорты

Қолқа қылтасы

Гломус сонный

Ұйқы шумағы (гломусы)

Артерия крыловидного канала

Қанаттәрiздi өзек артериясы

Артерия ворсинчатая передняя –

Алдыңғы бүрлi артерия

2-кестеде де мағыналық балау арқылы жасалған атаулар берілген. Тек мұнда ғылыми түсінік атауы ретінде алынған қазақша балама орысша нұсқасына қарағанда тым қарапайым сөз болып табылады. Мысалы, висцеральная, дорсальная, кавальные, пилорические, париетальная, луночки, оболочка, овальная сияқты соны тұлғалы әрі аса күрделі түсініктей көрінетін атаулар оларға мүлде керісінше ішкі, сыртқы, артқы, қуыс, қақпа, қабырға, шұңқырша, қабық, сопақ деген өте-мөте қарапайым, жай сөздермен аталған. Әрине, мұнда түсінік атауының әдемілігінен гөрі мағыналық сәйкестігі, мағынаның қарапайым табиғаты ескеріліп, сол негізге алынғандықтан, оны сол қарпайым мазмұнына сай жай сөзбен атау мүмкіндігі мен жайы орын алған. Орысша нұсқасында шеттілдік сөз арқылы аспандатыла, айрықшалана аталып, көрсетіліп тұрған түсініктің шын мәнінде қатардағы түсінік екені көрініп тұр.


2-кесте Мағыналық балау арқылы жасалған жай сөзді терминдер

Пластинка висцеральная

Ішкі табақша

Артерия носа дорсальная (наружная)

Мұрынның сыртқы артериясы

Артерия панкреатическая дорсальная

Ұйқы безінің артқы артеиясы

Ветвь мозолистого тела дорсальная

Сүйелді дененің артқы тармағы

Узлы лимфатические кавальные латеральные

Қуыс венаның латералді лимфа түйіндері

Узлы лимфатические пилорические

Қақпалық лимфа түйіндері

Пластинка париетальная

Қабырғалық (париеталді) табақша

Луночки заслонок аорты

Қолқа жапқышының шұңқыршалары

Оболочка внутренняя

Ішкі қабық

Ямка овальная

Сопақ шұңқыр

Вены эмиссарные

Шығаратын веналар

Ветви зрительного тракта

Көру жолының тармақтары

Узел лимфатический лакуны медиальный

Тесіктің медиалді лимфа түйіні

3-кестеде алдыңғыға керісінше жағдай орын алған. Яғни мұнда орысша нұсқасында поврехностная, соединительная, тройничный, губные, перегордка сияқты т.б. жай, қосымшалы және синтаксистік тұлғалы сөздер беткей, дәнекер, үшкіл, ернеулік, қалқа сияқты күрделірек әрі соны тұлғалы атау сөздермен атауландыра аталған. Орысша нұсқасындағы тұлғасы бойынша алынса, олар беттік немесе беткі, байланыстырушы немесе қосушы, жалғастырушы, үштік немесе үшіншілік сынды тұлғалардың бірінде болар еді. Тағы мысал, алдыңғы ернеулік тармақтар деген атауда ернеу сөзі ерін сөзінен шығып тұр, ал ерін губаның тіларалық эквиваленті. Дәл осылай поверхностный сөзінің беткі деген тіларалық эквиваленті, дәл аудармасы немесе синтаксистік тұлғасы алынбай, беткей деген бұған дейін жасалған, тілде бар атаулық тұлға алынған. Яғни бұларда орыс сөзінің дәл эквиваленті алына салмай, ернеу, беткей деген басқа, бейтаныстау тұлғалар пайдаланылып тұр.

3-кесте Мағыналық балау арқылы жасалған атау сөзді терминдер


Артерия плечевая поверхностная

Беткей иық артериясы

Артерия шейная поверхностная

Беткей мойын артериясы

Вена поверхностная

Беткей вена

Артерия соединительная передняя

Алдыңғы дәнекер артерия

Ветвь тройничного узла

Үшкіл түйінінің тармағы

Ветви губные передние

Алдыңғы ернеулік тармақтар

Серп перегородки

Қалқа орағы

Мағыналық балау тәсілінің атаулық балау тәсілімен бірлігі – бұл кезде де ұлттың өз қазанынан шыққан, басқа тілде тіларалық дәл баламасы, яғни пара-пары (эквиваленті) жоқ, ұлттық атау алынады. Бұл да қазақ тілі сөздерінің арнайы, терминдік мәнде жұмсалуы болып табылады.

Ал одан айырмасы – бұл сөздер бұрын дәл осы мағынада, атау ретінде қолданылмаған. Бірақ, ұғымдық белгілері бойынша осы салалық түсінік атауы бола алатын сөздерге жаңа мағына (анықтама) үстеп пайдалану жайын білдіреді. Мысалы, “мұрын”, “қол”, “бас” атаулары сол мағынасында бұрыннан қолданылып келсе, “айдаршық”, “дәнекер”, “жарма” сөздерiнің дәл осындай мәні де, анықтамасы да болмаған, яғни атаулық балауда әуелгі, тiлдiк және терминдiк мағына өзара сәйкес келедi де, мағыналық балауда бұлар ендi ғана сәйкестендiрiлiп, ол сөздердiң осы терминдiк мағынаны бiлдiретiн ұғымдық белгiлерi пайдаланылады. Мағыналық балау тәсілінде қазақ тілі сөзінің ұғымдық белгілері мен түсіндірмесі тікелей ғылыми түсінік мазмұнымен салыстырыла отырып, алғаш рет сөз бен түсінік өзара сәйкестендіріледі, бір-біріне телінеді. Әрі бұл іс өзге тілдің де, ондағы термин түзу жұмыстарының да қатысынсыз орындалып, жүзеге асады. Сондай-ақ бұл кезде сөздердің ауыспалы мағынасын қолдану, ауыспалы мағына жасау және сөз мағынасын нақтылау арқылы оған терминдік мағына беру жұмыстары жүргізіледі. Ал алдыңғы атаулық балау тәсілінде мұндай салыстыру, ұғымдық (семалық), мазмұндық талдау жұмыстарының бірі де жүргізілмейді. Бір сөзге екінші сөз баспа-бас теңеле береді. Осы себепті мағыналық балауды нағыз семантикалық тәсіл дейміз.

Сонымен, мағыналық балау ұлттық тілдегі жай және атау сөздер мен ғылыми түсінікті мазмұндық, ұғымдық бірлігі, ұқсастығы бойынша бір-біріне телу арқылы жасалады және сөз бен түсінікті өзара салыстыру, салғастыру мен екіншілік атаудың нағыз үлгісі болып табылады.



Аудармалық балау. Балау тәсілінің үшінші түріне кәдімгі тіларалық аударма, яғни балама ретінде сол сөздің екінші тілдегі сыңарын немесе пара-парын (эквивалентін) алуды айтамыз. Бұл кезде ғылыми түсінік атауы ретінде ұсынылып отырған ұлттық сөз бастапқы тілдегі термин сөздің өз тіліміздегі пара-пары (эквиваленті) немесе оның синонимі, яғни аудармалық нұсқаларының бірі болып табылады және сөз немесе сөз тіркесі түрінде болады. Яғни қазақша балама ғылыми түсінік мазмұнына емес, оның басқа тілдегі атауына баланады, дәлірек айтсақ, сол атаудың тіларалық пара-пары болады. Балау әрекеті түсінік пен сөз арасында емес, екі сөз арасында, сөзаралық деңгейде жүреді. Сөз сөзге, яғни түсініктің көшірмесіне, өкіліне баланады. Іс жүзінде өзге тіл сөзінің өз тіліміздегі нұсқасын (аудармасын) пайдалану болып табылады. Дегенмен, өзге тіл көмегімен жасалатынымен, тілдің өз сөзі болып қалады. Олай болса, аудармалық балау деп тілде әуелден болған, ұғымы бір және осы термин сөзді сөзбе-сөз бере алатын, бірақ атаулық сипаты болмаған, осы түсінік атауы ретінде қолданылмаған сөздерді пайдалану жолын айтамыз. Мұның да ауызекі қолданыстық түрі жай сөз арқылы беріледі. Мысалы, 4-кестеде келтірілген тіркестік атаулар құрамындағы артқы, кіші, сыртқы, қысқа, алдыңғы, ортаңғы, терең, сол, оң, аралық, көлденең, жоғарғы, төменгі, сұр, қызыл, соңғы сияқты сын есім, анықтауыш сипатты атау сөздер де, шайнау, көпір, бұрыш, үлес, қақпа, шекара, ұлу, буын, белдеу, төмпешік, дабыл, көру сияқты зат есім тұлғалы атау сөздер де – орыс тілінідегі задний, малый, наружный, короткий, передний, средний, глубокий, левый, правый, промежуточный, поперечний, нижний, верхний, серый, красный, конечний, жевательный, мост, угол, доля, ворота, граница, камень, улитка, сустав, пояс бугорок, барабан, зрение сияқты ауызекі сөйлеу тілінде өте жиі қолданылатын бірегей тілдік бірліктердің басқаша айтуға болмайтын қазақшалары, орысша-қазақша үлгісіндегі жұптастықтар.

4-кесте. Тіларалық пара-парлар арқылы жасалған жай сөзді атаулар

Артерии мозговые задние

Мидың артқы артериялары

Артерии небные малые

Кіші таңдай артериялары

Артерии половые наружные

Сыртқы жыныс артериялары

Артерии ресничные задние короткие

Қысқа артқы кірпіктік артериялары

Артерии ресничные передние

Алдыңғы кірпіктік артериялар

Артерии среднемозговые

Ортаңғы ми артериялары

Артерия бедра глубокая

Санның терең артериясы

Артерия венечная левая

Сол тәждік артерия

Артерия венечная правая

Оң тәждік артерия

Артерия височная промежуточная

Аралық самай артериясы

Артерия лица поперечная

Беттiң көлденең артериясы

Артерия мочепузырная нижняя

Төменгі несепқуық артериясы

Вены ягодичные верхние

Жоғарғы бөксе веналары

Ветви серого бугра

Сұр төмпе тармағы

Ветви ядра красного

Қызыл ядро тармақтары

Часть конечная (корковая) ақырғы, соңғы, шеткі

Соңғы бөлігі (қыртыс)

Артерия жевательная

Шайнау артериясы

Артерии моста

Көпір артериялары

Артерия угловая

Бұрыштық артерия

Артерия хвостатой доли

Құйрықтық үлес артериясы

Вена воротная

Қақпа венасы

Борозда пограничная

Шекаралық жүлге

Вена каменистая

Тасты вена

Вена канальца улитки

Ұлу өзекшесінің венасы

Вены суставные

Буындық веналар

Ветвь поясная

Белдеу тармақ

Бугорок межвенозный

Венааралық төмпешік

Артерия барабанная верхняя

Жоғарғы дабыл артериясы

Ветви зрительного тракта

Көру жолының тармақтары

Ветвь перекреста

Қиылыс тармағы

5-кестеде келтірілген тіркестік атаулар құрамындағы край, труба, вырезка, впадина, ветвь, заслонка, скат, добавочная, круглый, верхушечная, питающий, полая, возвратная, огибающая сияқты сөздермен берілген терминдік түсініктер бұл сөздердің шет, құбыр, кесінді, ойыс, бұтақ, құлама, үстеме, дөңгелек, төбесі, тамақтандыратын, бос, қоршаушы деген қазақша баламаларының жиек, түтік, тілік, ойық, тармақ, жапқыш, ылди, қосымша, жұмыр, ұштық, қоректендіретін, қуыс, айналма деген синонимдік нұсқалары арқылы аударыла беріліп тұр. Бұларды аудармалық балауға жатқызу себеміз – қазақша балама ғылыми түсінік мазмұны мен қандай да қазақ сөзі мағыналарын салыстыру арқылы емес, тікелей орысша нұсқаның көмегімен табылып, оның қазақша баламасының бір түрі пайдаланылып тұр.

5-кесте. Тіларалық пара-парлардың синонимдері арқылы жасалған атаулар


Край

Жиек

Вены слуховой трубы

Есту түтігінің веналары

Вырезка верхушки сердца

Жүрек ұшының тілігі

Ветвь вертлужной впадины

Ұршық ойық тармағы

Ветви грудинные

Төстік тармақтар

Заслонка венечного синуса

Тәжді қойнау жапқышы

Ветвь ската

Ылди тармағы

Артерия запирательная добавочная

Қосымша жапқыш артериясы

Артерия круглой связки матки

Жатырдың жұмыр байламы артериясы

Ветвь верхушечная

Ұштық тармақ

Артерии питающие плечевую кость

Тоқпан жілікті қоректендіретін артериялары

Вена полая верхняя

Жоғарғы қуыс вена

Артерия, огибающая плечевую кость, передняя

Тоқпан жiлiктiң алдыңғы айналма артериясы

Сеть чудесная

Ғажап (керемет) тор

6-кестеде келтірілген тіркестік атаулар құрамындағы связка, венок, завиток, узел, миндальина, стремена, дуга, гребенчатые, сеть, сосок, створка, мыс, полость, складка, луковица, ободочная, корковые, коленчатый, клапан, база сияқты арнайы қолданыстық атау сөздермен аталған түсініктердің қазақша баламалары байлам, тәж, шиыршық, бадамша, түйін, үзеңгі, доға, қырлы, тор, емізік, жарма, мүйіс, қатпар, буылтық, жиек, қыртыс, иін, қуыс, қақпақ сияқты дәл солардай арнайы қолданыстық сипатты сөздермен берілген. Әрі бұл орысша-қазақша нұсқалар өзара тіларалық пара-паралық та сипатта, яғни бір-бірінің аудармасы дерлік. Алдыңғы, 4-кестеде келтірілген тіларалық пара-парлармен бірлігі – бұлар да орысша нұсқасы негізінде, соның қазақшасы, аудармасы түрінде пайда болған. Ал айырмасы – бұлар біршама арнайы қолданыстық және зат есімдік атау сөздерге жатады. Тек түйін, үзеңгі, доға, тор, сүйел, қуыс, қақпақ сөздері ауызекі тілде де жиірек қолданылып тұрады.



6-кесте. Арнайы қолданыстық тілараралық пара-парлар арқылы жасалған атаулар

Связка артериальная

Артериялық байлам

Борозда венечная

Тәжді жүлге

Ветви завитковые

Шиыршық тармақтар

Ветви тела минадалевидного

Бадамша тәрізді денетармақтары

Ветви предсердно-желудочкового узла

Жүрекше-қарынша түйінінің тармақтары

Ветвь стременная

Үзеңгілік тармақ

Дуга грудного протока

Кеуде түтігінің доғасы

Мышцы гребенчатые

Қырлы бұлшықеттер

Сеть артериальная

Артериялық тор

Сплетение околососковое венозное

Емізік жанындағы веналық өрім

Створка задняя

Артқы жарма

Узлы лимфатические мыса

Мүйістік лимфа түйіндері

Складка левой полой вены

Сол қуыс веналық қатпары

Артерия луковицы полового члена

Еркек жыныс мүшесi буылтығының артериясы

Ветви корковые

Қыртыстық тармақтар

Ветви тела коленчатого латерального

Латералді иінді дене тармақтар

Артерия ободочная левая

Сол жиектiк артерия

Полость перикардиальная

Жүрекқап қуысы

Клапан венозный

Веналық қақпақ

Артерия базилярная

Негіздік артерия

Тіларалық пара-парға тілдегі жай, көбінесе сын есім, анықтауыш сөздер ғана емес, барлық зат есімдік атау сөздер де, соның ішінде біз ұлттық, халықтық тән атаулары деп, бөлектеп отырған көз, құлақ, мұрын, ерін, қол, аяқ сияқты, ауызекі қолданыстық дене мүшелерінің аттары да жатады. Алайда, олар әуелден сол, терминдік мәнде, анықтамада болғандығы себепті, атаулық балама тобына кіргізіліп отыр. Атаулық балама мен аудармалық баламаның тағы бір айырмасы – алдыңғысы ұлттық ерекшелікті, көзқарасты білдірсе, соңғысынан ондай сипатты көре алмаймыз. Мысалы, земля-жер, вода-су – қандай да ұлттық ерекшелік көрінбейтін тіларалық пара-пар сөздер. Ал ұйқы без, ұлтабар, аш ішек, тоқ ішек сияқтылар – қазақ халқының өзі жасаған, мұндағы күрделі сөз немесе тіркес құрылымын жасауда да, оларды құраушы сөздерді таңдауда да оның өзіндік «қолтаңбасы» көрінетін атаулар. Екіншіден, өкпе, бауыр, жүрек сөздерінің басқа да мағыналары бар әрі олардың қайсысының біріншілік, қайсысының екіншілік екенін анықтай қою қиын. Мысалы, бауыр сөзі әуелі ішкі ағза атауы болғанын немесе бір әке-шешеден туған туыс атауы болғанын, дәл сол сияқты, өкпе сөзінің де әуелі ағза әлде адам арасындағы реніш, наз атауы болғанын анық білмейміз. Осы екі жай да бұл сөздерді таза ұлттық ерекшелікті білдіретін атаулар тобына кіргізеді.

Мағыналық балау тәсілімен бірлігі – ғылыми түсінік атауы ретінде алынатын тіларалық пара-пар сөз де бұрын дәл осындай мағынада қолданылмаған, енді ғана терминдік мәнге ие болып отырған сөз болып табылады. Ал айырмасы – мағыналық балау тәсілінде ғылыми түсінік пен оған атау ретінде алынатын сөздің ұғымдық бірліктері салыстырылып, олардың өзара сәйкестігі немесе ұқсастығы жақындығы негізінде ғана бір-біріне телінетін болса, аудармалық балау жағдайында бұл әрекет бұған дейін басқа, яғни орыс тілінде жасалып қойған болады. Бар терминдік, термин түзулік жұмыс сол сөздің сәйкес қазақша баламасын табуда ғана болады. Екіншіден, аудармалық балау тіларалық пара-пар арқылы, мағыналық балау – пара-пар емес, басқа сөздер арқылы жасалады.

Сонымен, аудармалық балау ғылыми түсінік атауы болып тұрған басқа тіл сөзінің ұлттық тілдегі пара-пары болатын жай сөздер, олардың синонимдері, сондай-ақ арнайы қолданыстық атау сөздер және бір тіл сөзін екінші тілге сөзбе-сөз аудару арқылы жасалады.


ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада семантикалық сөзжасам тәсілінің бір түрілік ерекшелігі болып табылатын жаңа терминжасам тәсілдері қарастырылады.

РЕЗЮМЕ

В статье представлены новые способы терминообразования, являющегося разновидностью семантического способа словообразования.



Каталог: attachments
attachments -> Формирование профессиональных умений и навыков
attachments -> Қазақ мемлекеттік қыздар
attachments -> ҚазақТҰтынуодағЫ
attachments -> История финансовой науки и ее развитие в России
attachments -> Актуальные проблемы международных отношений
attachments -> Ұлы баба есімі дәріптелді  Жаңа кітап баспадан шықты  Кітап тұсаукесеріне әзірлік
attachments -> Биография великого инструмента
attachments -> Урок музыкальной литературы в 5-м классе. Тема урока: И. С. Бах. Органное творчество
attachments -> «Найрозумніший» 8 клас І тур
attachments -> Қазақ мемлекеттік қыздар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет