Қазақ сср ғылым академиясы



бет3/9
Дата26.01.2018
өлшемі1,94 Mb.
#34036
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Покой.

В листве,в долинах Ни одной



Не дрогнет черты.

Птицы спят в молчании бора.

Подожди только:

Скоро – Уснешь и ты,2 - деп аударады. Жол-ма жол, сөзбе-сөз дәл аударған. Осы өлеңді М.Ю.Лермонтов:

Горные вершины Спят во тьме ночной, Тихие долины

Полны свежей мглой. Не пылит дорога

Не дрожат листы.



1 А. Лейтес. «Художественный перевод как явление редкой литературы» деген макаласында. Біз мұны

«Вопросы худ.перевода» атты жинақтың 115-бетінен алдық. М.1955.



2 «Вопросы худ.перевода» стр. 115. М.1955.

Подожди немного

Отдохнешь и ты,1 - деп береді.

Бұл аударма дәл емес, алыс тұр. Бірақ «В переводе более всего привязываться к мысли и менее всего к словам2» - дейтін Гогольдің сөзін Лермонтов ақтап тұрғандай! Өйткені, Гете өз өлеңінді таудын басындағы «тыныштық-жым-жырттықтан» бастайды да, түнде жортқан жолаушыға қарап» сен де тыншығарсың – дем аларсың» - деп бітіреді. Гете айтқан осы ойдың М.Ю.Лермонтов үстінен түскендей! Ал енді Гетенің осы өлеңін біздің ақын Абай Лермонтовтан аударады:

«Қараңғы түнде тау қалғып Ұйқыға кетер балбырап.

Даланы жым-жыр дел-сал ғып Түн басады салбырап.

Шаң шығармас жол дағы Сыбдырламас жапырақ, Тыншығарсың сен дағы Сабыр қылсаң азырақ3 - дейді.

Бір заманда «Фаусты» французшаға Жерар аударғанда Гете:

«По- немецкий мне больше уже не хочется перечитывать «Фауста», но в этом французском переводе все опять производит на меня впечатление и кажется свежим, новым и острым»4 - деген екен. Өзі жазған «Фаустан» Жерардың аудармасын күшті деп бағалай білген Гете Абай аудармасына да өкінішін білдірмес еді деп ұғамыз. Шотландия ақыны Роберт Бернстің бетін орыс әдебиетінде Маршак ашты.
Әрине, осындай етіп аудару оңай емес. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар ғана осылай шығарады. А.Мицкевиятің «Конрад Вадленрод» атты поэмасын Пушкин орысшаға түгел аудармақ болып




1 М.Ю.Лермонтов. собрание соч. В 4-х томах, т.І стр. 491. М-Л, 1958

2 Н.В.Гоголь Полное собрание соч. Т.Х. М.. Изд.АНСССР 1940, стр. 311-312.

3 Абай Өлеңдері. 270 бет А.1946.

4 А.Лейтес –«Художественный перевод как явление родной литературы» дген мақаласында. «Вопросы худ.перевода» - атты жинақтың 107-бетін қараңыз.

бастаған екен де, бітірмей тастап кетіпті, сонда: «Не умею переводить; т.е. не умею подчинить себя тяжелой работе переводчика» деп мойындаған болатын. Пушкин өлеңдерін француз тіліне Н.Б.Голицын аударыпты, соған жазған хатында да Пушкин: «Род литературы, которому вы посвятили себя – наиболее трудный и наиболее неблагородный из всех мне известных»1- дейді. Пушкиннің осы пікірін жүз жыл бұрын Тредьяковский айтса, сл Пушкиннен елу жыл кейін

Некрасов та қайталаған екен. Ендеше, аудару оңай емес. Оның үстіне Гогольдің қазақша сөйлету жеңілге түспейді. Енді осы орыс классиктерін аударудағы кейбір тәжрибелерге соға кетелік. Революциядан бұрынғы аударманың енді үлгісін келтірейік. Крыловтың «Айна мен маймыл» атты мысалында:

Таких примеров много в мире

Не любит узнаватьт никто себя в сатире. Я даже видел то вчера:

Что Климыч на руку не чист, все это знают, Про вантки Климычу читают,

А он украдкой кивает на Петра.2

деген өлеңнін Спандияр Көбеев:

«Біреуді мысқылдайды кейбір адам Болса да байқамайды ісі жаман.

Әркімнің ғайбатына даяр тұрар, Білінбей өзінікі ардан жаман»3 - дейді.

Бүгінгі тілекке бұл да аударма дәл келмейді. «Климыч» пен «Петрдің» аттарын кезінде алмауы да заңды болар, алайда автордың дыбысы естілмейді, құр долбарлау ғана ма. Айта берсек, ол кездегі еркін аудармалардың толып жатқан үлгілері бар. Сондықтан енді біз революциядан соңғы аудармаларға біраз тоқталып өтелік. Бұлар да біркелкі емес. Алғашқы кезде бұрынғы еркіндік әдісі күшті болды.




1 «Пушкин. Критик» -М.Гос.литиздат. 1950, стр.31. Біз Пушкиннің бұл сөзін «традиция реализма» -атты П.Топердің мақаласынан келтірдік. Вопросы худ.перевода за 1955 г.стр.54.

2 И.Крылов. «Басни и стихотворения» Библиотека поэта малая серия, советский писатель. Л.1951.стр.250 3 «Үлгілі тәржіме» 14-15 беттерін қараңыз.

Мысалы, 1928 жылы «Үйлену» аударылды. (ауд. Мәжит Дәулетбаев) Сол пьесаның кейіпкері сүр бойдақ Подколесинді үйлендіру үшін жеңгелетбек болып Фекла келеді. Осы екеуі әңгімелесіп отырғанда Подколесиннің досы Кочкарев кіреді де істің сарынын түсініп алғысы келіп: «ол кімнің қызы, аты кім?» - деп Фекладан сұрайды. Сонда:

«Фекла Агафия Тихоновна.

Кочкарев – Агафия Тихоновна Брандахлыстова? Фекла – Ан нет – Купердягина!»

Осы жерде бәрін біліп алып Кочкарев енді Фекланы қуалайды,

«бәрін өзім жайғастырам, жүре бер» - дейді Кочкарев – «Пойди, пойди несмыслишь ничего, не мешайся! Знай, сверчок, свой шесток – убирайся!»

Гогльдің осы сөздерін Мәжит:

«Фекла: Агафия Тұйған ызы.

Қоқаров – Агафия Тұйғын қызы? Арғы атасы Бұрандағұл ма? Фекла – жоқ, Күмпілдек.

Қошқаров бар, бар, дымың ішінде болсын, бөгет болма, өз қолың өз аузыңа жетсін, өкшенді көтер, 1 - деп аударады. «Тұйғын қызы»,

«Қошқаров», «Брандағұл» тәрізді «құлаштай қазақылауын» айтпағанда

«Өз қолың өз аузына жетсін» - деп каждый сверчок – знай свой шесток» ты теріс аударуы қынжылтады. Бұл жерін 1953 жылы Ф.Дінисламов «есің бар да елің тап»2- деп аударады. Әрине, Мәжит аудармасынан тәуір шыққан, бірақ Кошкаревтің ойы «Аяз әлінді біл, құмырсқа жолынды біл» - деген мәтелге таяу тұр. Осылай аударса әрі мәтел, әрі Гогольдің астарлы ойын дәл берер еді. Өйткені автордың астарлы ойын айқындайтын сөздер кейде аудармада айтылмай-ақ оригиналдың сырын ашуға мүмкін, ал кейде керісінше болатын да

жәйт бар.

Енді осы пьесаның тағы бір жерінде Жевакин мен Яичинца екеуі танысып тұр:







1 Н.В.Гоголь. «Үйлену» Қызыл-Орда 1928, 17-18-беттерін қараңыз.

2 Н.В.Гоголь. Шығармалар. IV том. А.1958 ж.107 б.қараңыз.

Яичница – (знакомясь) В должности экзекутора, Иван Павлович Яичница.

Жевакин (не дослышав) – Да, я тоже перекусил. Дороги-то знаю, впереди будет довольно, а время холодновато: селедочку съел с хлебцем.

Иван Павлович – Нет, кажется, вы не так поняли: это фамилия моя Яичница.

Жевакин (кланяясь) – Ах, извините, я немножко туговат на ухо. Я право думал, что вы изволили сказать, что покушали яичницу.

Иван Павлович – Да что делать? Я хотел было уже просить генерала, чтобы позволил мне называться Яичницын, да свои отговорили: говорят, будет похоже на «собачий сын» - Гоголь осы сөздерін Мәжит Дәулетбаев: «Уыз құймақ – Екзекторлық қызметіндегі Иван Павлович – Уыз құймақ.

Жевакин (қағыс естіп) Я, мен мұны талай жеп көргем, жолды білемін ғой, күн суық: нанға қосып тұзды балықты да жеп ем.

Уыз-құймақ – жоқ сіз қағыс есіттіңіз білем, Уыз-Құймақ бұл менің фамилиям.

Жевакин (иіліп) кешу сұраймын менің құлағымның азын-аулақ мүкісі бар еді. Уыз-құйймақ жеп көрдіңіз бе деп айтқан сияқты есіттім.

Уыз-құймақ – не амал қылайын! Жандаралдан менің фамилиямды Уыз Құймақов қойсаңыз екен» - деп сұраймын деген ем, біреулер мұның қолайсыз,соңыра – ақ Мойнақов боп кетесің, ит боп кетесің» - деп сұратпаған...»1Бұл аударманың еркіндігі сонша, қазіргі талапқа мүлде келмейді. Осы «Үйленуді» мына кейінгі аудармасымен салыстырғанда тұжырымды ойымызды сонда айтуға қалдырдық.

Қазақ тіліне дүниежүзілік классиктерден ең бірінші жарық көрген

«Мың бір түннен» Абай аудармасы еді, одан кейін Шекспирдің

«Гамлеті». Мұны 1931-жылы Мәжит Дәулетбаев аударды. «Гамлетте» кезедесетін кісі аттарының өзі тіліміздегі үндестік заңына бағынып – Марцелл-Марцелей, Горацио-Гарацин болып өзгеруін, қазақ ұғымында жоқ Король-хан, Королева ханша болып «қазақылануын» да сөз



1 Н.В.Гоголь. «Үйлену», Қызыл-Орда 1928. 41-бет.қараңыз.

қылмақ емеспіз. Бұлай аударылуы теріс, алайда алғашқы кезде мұндай жансақ ойлар болды ғой. «Паровоздың», «қара айғыр» велосипедтің-шайтан арба» болуы да мезгілдің жемісі. Әрине, Королева – Ханша болуы мүлде қате, өйткені Ханша – ханның әйелі емес, қызы ғой. Ханың әйелі Ханым болар еді.

«Неудачно придуманное русское слово для выражения чуждого понятия не только не лучше, но решительно хуже иностранного слова. Говорят, для слова прогресс не нужно и выдумывать нового слова, потому что оно удовлетворительно выражается словами: успех, поступательное движение и т.д. С этим нельзя согласиться»1- депті В.Г. Белинский. Әрі қарай осы ойын кеңейте барып ұлы сыншының

«қажетсіз шет сөзді алу қандай зиянды болса, реті келгенде алмау да сондай зиянды, өйткені сынарезуліктің түйсетін теңірегі бір болады» - деген еді. Орыс тіліне баяғыда «галоши» мокроступ болып аударылған, оны орыс тілі қабылдамай қойды. Сөйтіп, прогресс, галоши т.басқа сол сияқты сөздер өз орнын тауып еріксіз кірді.

Біздің қазақ азаматтары кейде паровозды орынсыз аударып, кейде өз тілімізден орыс тіліне сіңіп, түрі өзгеріңкіреп кеткен

«арқалықты» (арқаға жамылатын желбегей тонды) «архалук» деп термин етіп алатыны да бар. Бұләдісті «өлі жандарда» Ә.Илмагамбетов қолданды. Орыс тілінен классиктерді аударғанда украиналықтар «Барин, сударь, господинді» өз қалпында алыпты, соны зерттей отырып Алексей Кундвич «переводческая мысль и переводческое недомыслие» - атты мақаласында, («Вопросы худ.перевода» атты кітаптың 240-242 – беттерінде) – «Барин – пан, сударь добродій, гоподин – пан (синониммен келтіріп((), сөйтіп – «А знаете, сударь ваш-то господин большой барин» - деген сөйлемді «А знаете, добродію, оцей ваш приятель велики пан» - деп аударады.

«Бұл жеке сөздер, ерекше ұғым емес» дейді.

...Аударма әр елдің өз тіліндегі әдебиеті, өз мүлкі болсын. Алайда өткен дәуірдегі жазушылардың бетіне осы заманның бояуы жағылмасын. Сонда да әлгі аударушының кім екенін, қай дәуірдің адамы екенін оқушы да, сыншы да тани алады, өйткені аударушы

көшірмеші емес, ол өз заманның тілін, мұң-мүддесін ұғына алатын адам...1 – дейді С.Маршак.

«Аударма екі түрлі болады, бірі - шетелде, шет тілде жазылған шығарманың мазмұнымен өз оқушысын таныстыру, екіншісі – сол шет тілдегі шығарманы өз тілінде бұлжытпай беру, қайта жасап шығару – дейді И.С.Тургенев2.

Рас, уақыт озған сайын тіл де, талғам (вкус) да өзгеріп, өсіп отырады. Ендеше, олар да – аударма сол өскен заманың өз тіліне, өз талғамына сай болсын дегенді қуаттайды. Сондықтан да Гомер

«Илиадасында», «егіз көзім» (волоокая) десе, Гнедич оны өзгертпейді, өйткені грек тілінің жан құбылысын бұлжытпай Гомер өзінше берді дегенді тірек етеді. СОЛ бағыттан аса алмай 1934-жылы Сәкен Сейфуллиннің «Қызыл-атын» аударғанда Михаил Баталов та:

«...мөлдір көз, алтын айдар, жібек жалым Бүгілген құмырсқа бел серке саным!».

деген жолдарын орысшаға:

«...С шелковой гривой, с чубом золотым,

С муравьиной талией, мой серке-саным!»3

деп аударды. («Серке санымды» С бедром степной сайги» деп алмады).

Ендеше, көркем аударманың негізгі қиындығы – екі тілдегі ұғымның шалғайлығында. Сол шалғайлықты «қиядан қиыстырып» беру аударушының шеберлігін тілейді. Ұлы ақынымыз А.С.Пушкин де

«аударушылар мәдениетті таситын почта аттары4» деп тегін айтпаған

болар. Сол шалғайлық бір тілден екінші тілге өз қалпында берілу керек

– аударма тілінің мүмкіндігі сонда күшейеді. Ал, «зритель» тәрізді сөздерді термин етіп алудың қажеті шамалы, өйткені ол «көрермен» болғанынан ешнәрсе ақсамайды. «Аларманға алтау аз, берерменге бесеу көп» - деген мәтел өзімізде де бар ғой. Бұл қалыптасып кететін норма...




1 «Литературная газета» 1959, 4) IV. № 41.

2 И.С.Тургенев: Собр.соч. т.ХІ, стр.9.

3 Сейфуллин С. «Қызыл-Ат» -перевод Талжанова С. Худ.обработка и редакиця М.Баталова. А.1934, стр.20.

4 Переводчики – почтовые лошади просвещения.

Әрине, аудармада ұшырайтын кемшіліктер ұшан теңіз. Бұл жөнінде сонау «Айқап» журналында 1915-жылы Сәкен Сейфуллин алғаш алған әңгіме көтерді, содан бері қарай күні бүгінге дейін толастамай келедеі. Орыс әдебиетінде де аударма мәселесі он сегізінші ғасырдан басталып еді, сол әлі аяқтап біткен жоқ, бітпейді де, өйткені аударма әдебиеті әр дәстүрге, халық өміріне, оның өскелең тілегіне сай өсіп, жаңарып, түлеп отырады.

Дәлін айтқанда қиындықтың ең зоры – екі халықтың әдет- ғұрпына, өмірден түйген тәжрибесіне, қалыптасқан ұғымына байланысты болады: солардың арасын білдірмей біріктіріп, тігісін жаттықтыру – аударушының шеберлігінен туады. Олай істеу үшін аударушы оригиналды оқығанда өз тілін, ал соны аудара бастағанда оригинал тілін ұмытып отыру керек. Едеше, аударушы екі тілді де, оның ішкі әдемілігін – өмір шындығын қапысыз түсінсін. Адамзаттың данышпаны К.Маркс пен Ф.Энгельстің көркемөнер жайындағы айтқан пікірін естен шығармаған жөн:

«...Так новичок, научившийся иностранному языку, всегда переводит его мысленно на свой родной язык: дух же нового языка он до тех пор себе не усвоит и до тех пор не владеет им свободно, пока он не может обойтись без мысленного перевода, пока он в новом языке не забывает родного...»1 деген екен. Осы жағын ескерте кетіп, енді қазақ тіліне аударылған Гамлетті шола кетейік. Ең әуелі айтатынымыз, Гамлеттің сөзі де, өзі де бұл аудармада жоқ, көп жерін аударушы түсінбеген. Бұл қазір Гамлетті орысша тілге аударушының бірі Анна Рудова (1938-ж) мен қазақшаға аударған Мәжит Дәулетбаевтың (1931-жыл) салыстырайық, әрине, Мәжит Дәулетбаев Вронченкодан аударған екен. Оны Мәжит өзі жазыпты, «мен Бораншенкеден аудардым» - депті. Қазақ тілінде «В» дыбысы жоқ, екіншіден екі дауыссыз дыбыстап – «вр» - тағы сондай ос дыбыстан сөздің басталуы ескі тіл нормасында жоқ еді, сондықтан да біз «стол» ды «үстел» - деп алғанбыз. Данияның королі Клавдий өзінің туған

ағасын (Гамлеттің әкесін) өлтіріп, Гертруданы (Гамлеттің шешесін) алады да, өлген ағасының орнына король болып таққа отырады. Қазір Гамлет шешесінің күйеуге шығатын тойына кездеседі, Виртембергте оқып жүрген жерінен келеді. Осының алдында Офелияның ағасы




1 К.Мавркс. И.Ф.Энгельс. Об искусстве т.І. М.1957 г.стр.130.

Лоэрт сапарға барам деп ұлықсат сұрайды, король оған ұлықсат береді де Гамлетке бұрылып:

Король: А ты, мой Гамлет, мой племянник милый.

Гамлет (в сторону) – «племянник пусть, но уж никак не милый» (10- бет)

Король – Ты все еще окутан прежней тучей? Гамлет – О нет, мне даже слишком много солнца. Королева – Мой милый, Гамлет,

Сбрось свой черный цвет,

Взгляни, как друг, на датского владыку, Нельзя же, день за днем, потупив взор, Почившего отца искать во прахе;

То участь всех: все жившее умрет

И сквозь природу в вечность перейдет.

Гамлет – Да, участь всех... Королева – Так что же в его судьбе

Столь необычным кажется тебе? Гамлет – Мне кажется? Нет, есть. Я не хочу

Того, что кажется. Ни плащ мой темный, Ни эти мрачные одежды, мать.

Ни бурный стон стесненного дыханья, Нет, ни очей поток многообильный, Ни горем удрученные черты

И все обличия, виды, знаки скорби Не выразят меня, в них только

Только, что кажется и может быть игрою;

То, что во мне, правдивей, чем игра; А это все – наряд и мишура.»

Осы бір кезеңді жерін әдейі түгел алдық. Гамлет пен өгей әкесі Клавдий, шешесі Гертруда үшеуінің ортасындағы ылғалды жағдай осы арада алғашқы түйінді жасайды. Король мен Гертруда екеуі өздерінің істеген қылмысын Гамлетке білдірмеудің қамында. Гамлет бұған сенбейді. Оның жүрегінде шүбелену бар. Ағылшын тілін білмесек те, орысша оқып отырғанда осы үзіндіден Гамлеттің кім екені көрініп, шешесі мен өгей әкенің сыры ашылып-ақ қалады, ал енді осыны аударған Мәжиттің сөзін оқып көрейік.

Хан – (Гамлетке мойнын бұрып) Қарағым, туысқаным әрі балам...Гамлет! Ендігі сөз сен туралы болмақ.

Гамлет (сырт бұрылып) балаң болуға кішірекпін, туысқаның болуға азырақ зорырақпын (!)

Хан – Бетіңді неге қайғы бұлты сырып тұр?

Гамлет – Күндей күлімсіреп тұрған қуанышқа жақын тұрып, қайғы бұлтына бетімді сырғыза алам ба, тақсыр?

Ханыша – Қайғыны бойыңа үйір қылма. Ханға жақсы бетіңмен қара! Жерге қадала қарап кімді, нені іздеп тұрсың? Біздің сыбағамыз осындай, барлық тіршілік өткендер өшпек.

Гамлет – Н, ханыша, барлық тіршілік өткендер өшпек. Біздің сыбағамыз осындай...

Ханыша – Оны білсең, әкең үшін неліктен уайым жейсің? Сенің әкеннің өшкендігінен жаратылыстың заңы өзгерген бола ма? Ол баяғыдан бері жасап келе жатқан бір заң. Қайғылы түріңді көрші.

Гамлет – Менің не ойлап тұрғанымды таптыңдар (!) Бірақ, ол қайғының нендей күйде тұрғандығын еш адам білмейді, оны білемін деп әуре болу бекершілік.

Бұл аударма емес, құр долбар. Түсінбеуде, түсінген жерін бере алмау да осында! Әйтеуір сүйсінерлік нәрсе – Гамлет қазақ тілінде деген ат бар, Алғашқы адым жасалды.

Қорыта айтарымыз, «Гамлеттің» қайта аударылуы жөн.

Біз әңгімені үнемі классиктер аудармасының төңірегінде де құрырып отырмыз, өйткені жаңа өсіп келе жатқан жас әдебиетімізге үлгі керек. Сол үлгі боларлық классиктердің аудармалары көңілдегідей шықса – міне, біздің ұлы мақсатымыз сонда орындалмақ.

Біздің қазақ тіліне 1953-жылы заманымыздың көрнекті ақыны Тайыр Жараков Грибоедовтың «Ақыл азабын» аударып күрделі еңбек жасады. Бұл шығарма орыс тілінің бар байлығын бойына жинаған, әрбір сөйлем ел аузында мәтел болып кеткен зор монумент. Бірден мұны қазақ тілінде көңілдегідей етіп бере қою да оңай сауда емес! Әрине, 1840 жылдарды Шекспирдің, «Гамлеті», Шиллердің

«Вильгельм Телі – Гетенің «Фаусты» орыс тіліне, Тургеневтің «Записки охотникасы» француз тіліне аударылды. Бұлар мезгілінде таяқ жеп осы күні өлген аудармалар. Кейінгі ұрым-бұтақ солардан сабақ алып, өз заманына сай етіп қайта-қайта аударып келеді. Міне, сондай-ақ бізде де классиктерді бір рет қана аударып қоюға мүмкін емес. Оларды жеріне жеткізгенше аудара беру игілі іс. Сондықтан біз Тайыр аудармасының сәтті шыққан жерлерін өз мүлкіміз есебінде қуана құптаймыз да, кемдеу соққан жерлерін баса көрсетіп, келешектегі аудармасына көмегімізді тигізуді орынды деп таптық.

Классиктердің шеберлігі – олардың кейіпкерлері өмірде екінші қайталанбайды. Әрбір кейіпкердің сөзі өзіне лайық, бойына шақ тұрады. Мысалы: Анна Каренина сөйлейтін сөзді София сөйлей алмайды: Екеуінің дәуірі де, өмірге көз қарасы да, білімі де екі басқа. София түгіл әкесі Фамусовтың өзі де «тұмсығының түбіндегіден әрі» - еш нәрсені көре де, сезе де алмайды. Міне сол София: «По смутном сне безделица тревожит» десе оны Тайыр: «Бұлдыр түске ермексіздер сенеді» деп аударады. София түске сенбейтін адам тәрізді сөйлейді. Расында олай емес, «бұлдыр көмескі түс көргенде болмашы бірдеңелер да мазаны кетіреді» - деп тұр. «Куда как жил! И весело мне страх выслушивать о фрунте и рядах, -« (17-стр.) дейді тағы София. Мұның алдында әскери адам полковник Сколозубты Лиза мақтайды. Сонда София: Шіркін-ай сүйкімді-ақ екен! Қырғын жорық, құрылған сап, қызығып отырсам–ау соны тыңдап?! – дейді, Осы кекесіні күшті сөздерді, аударушы: «Онан да, майдан жайлы қорқынышты әңгімеден, Мен әлде қайда қуанып көңілденем» (22-бет) деп мүлде теріс береді.

«Страх» деген сөз бұл жерде «қорқыныш» емес. «Боюсь сударь, я одного смертельно, чтобы множество не накоплялось их,

Дай волю вам, оно бы и засело;

А у меня, что дело, что не дело, обычай мой такой: Подписано с плеч долой» (стр 16).

Тәрбиесіз топас, білімсіз надан бай Фамусов өзінің хатшысы (малайы) Молчалинге айтып отыр, ал Молчалин қожасына (Фамусовқа) келгенде «қатынас қағаздар бар, соларға қол қойғызуға келдім» деген болатын. Мұның қазақша айтқанда ойы былай шығады:

Шырағым, мен бір-ақ нәрседен өлердей қорқам, Әйтеуір осы қағаздар жиналып қалмаса екен деймін, Сіздің екркіңізге қоя берсем, істің бәрі жатып қалар еді; Ал менің дағдым мынадай:

Ол іс пе, іс емес пе, оған қарамаймын:

Қол қойылды-ақ, мойным басады деп білем» - дейді.

Фамусовтың кім екенін осынша шебер көрсеткен Грибоедовтың ойын Тайыр былай аударады:

Тақсыр! Мен, сондай оның шатағын, Көбейіп кетеме деп қорқамын.

Сіздің еркіңізге берсе жымдасар еді бәрі де! Маған оның ісі не, іс емесі не?

Менің әдетім сол-ақ.

Қол қойылды-ақ, көзімнен аулақ!

Біріншіден «Сударь» «Тақсыр» емес, және Фамусов хатшысы Молчалинге айтпайды. Сонсоң «сіздің еркіңізге берсе жымдасар еді бәрі де (қисына келе кетер еді) деу де жансақ ұғыну болар. «Пописано с плеч долой!» - «қол қойылмады-ақ көзімнен аулақ!» ұйқас үшін келген, жасанды сөйлем. Алайда, бұл жерін түсініп аударған, тәуірде де шыққан.

Туған қызы София Молчалинмен бірге тұрған жерінде Фамусов үстінен шығады. Осы уақиғаға Фамусов ашына сөйлейді, қаңғырып

жүрген сорлы Молчалинді Тверьден алып келгендігін, асессорлық шен беріп қатшы етіп алғанын, осылай көмек бермесе оның Тверьде сорлап жүретінін айтады. Осының алдында ашуланып отырып заманының бұзылғанын, қыздардың да шағына жетпей-ақ көп нәрсені біле бастағанын оған өзінің де себеп болғанын, зілді кекесінмен айтып өтеді:


«Берем же побродяг, и в дом, и по билетам, Чтоб наших дочерей, всему учить, всему –

И танцам! И пению! И нежностям! И вздохам! Как будто в жены их готовим скоморохам.

Ты, посетитель, что? Ты,, здесь, сударь, к чему?

(12-13 – стр.)

мұның қазақша ойы былай тәрізді: «Біз үйде тұрып, не сырттан келіп оқытатын мұғалімдерді жалдаймыз, сонда қыздарымызды бар нәрсеге үйретсін дейміз, - Биге де! Әнге де! Наздануға да! Күрсінуге де үйретсін дейміз-ау! Қыдырма артистерге әйел дайындайтын тәріздіміз сонда: көлденең көк атты-ау, сен не бағып отырсың? Шырағым-ау, Сен мұнда немді бітіріп отырсың? – деп күйзеледі. Фамусов бұл жерде өзін тілдейді.

Тайыр мұны былай аударады:

«Қаңғыбасты аламыз жалдап үйге, Үйретсін қыздарды бәріне де, Үйретсін деп қалайша күрсінуді, Әдепке де, биіне, әніне де,

Қызды бейне өсіріп тұрғандаймыз Диуналарға әйел ғып беруге де,

Сен өзің бір жақтан келіп отырған кісімісің, несің? Сен осында не үшін тақсырсың? (15-16 бет)

«Побродягті» - қанғыбас (бродяга) деп аударады, ол ескі Фамусовтың тілінде (учителя) мұғалімдер деген сөз, осы жерде «и в дом, и по билетам» – деген сөз айтылғаннан кейін, бұл сөздің мәнісін аударушы іздеу керек еді. «Әдепке де! Нежностям» - деген сөздегі тұспал әжуаны бермейді. «Диуаналарға» - «скоморохам»-ға келмейді, қазақша - «қыдырма артистер» деген сөз. Сондықтан да Фамусов «ты, посетитель, что – «сен театрдың көрерменімісің? – деп отыр ғой.

«Скоморох» - болаған жерде «посетитель – зритель» заңды тұр. «Ты здесь сударь, к чему?» - деген сөйлемді «Сен осында не үшін тақсырсың? – деу де тексті теріс ұғынудан туған.

Осыдан төрт жыл бұрын шетелге кетіп қалған, бұрын Софиямен бірге оқыған, жасынан бір жерде тәрбие алған, Софияға ғашық болған Александр Чацкийді Лиза мақтап сөйлейді, сонда: «Александр Ануреевич Чацкий тәрізді сезімтал, өткір тілді, көңілді адам жоқ!

Мұны айтқанда мен сіздің мазаңызды алу үшін емес, ежелгі өткен нәрсе қайта оралмайды ғой. Әшейін есіме түсіп тұр» - дейді. Осыған София былай жауап береді:

«Что помнится? Он славно Пересмеять умеет всех; Болтает, шумит, мне забавно;

Делить со всяким можно смех. – десе (18 стр.)

«Несі есінде? Ол үздік еді,

Жұртты күлдіру де қолынан келеді. Сөйлейді де, әзілі де маған қызық еді,

Күліп ойнауға әркіммен де бола береді» (23 б) дейді.

«Пресмеять» - күлдіру емес – мазақтау, келемеждеу, тәлкек ету. Лиза:

И только? Будто бы? – Слезами облизался,

Я помню, бедный он, как с вами расставался. –

«Что, сударь, плачете? Живите-ка смеясь...»

А он в ответ: «Недаром, Лиза, плачу: Кому известно, что найду я воротясь? И сколько, может быть, утрачу!»

Бедняжка будто знал, что года через три...

(18 стр)
Аудармасы мынау:

«Ол ол ма? Жасын төгіп көзінен

Бишараның қалай айрылсқаны әлі есімде өзіңмен Тақсыр неге жылайсың? Күлумен өт –

Дегенімде – ол тұрып былай деп ед.

Ай, Лиза-ай, жыламасқа бар ма амалым, Қайта айналып келгенде не табамын?

Қаншалық ойдағымды жоғалтармын»

Деп еді, бишара, үш жылдан соң ораларын... (23 бет).

«И только? Будто бы?» - «Сол-ақ па? Бар болғаны ма?» деген ойды

«ол ойма ма? « - дей мүлде бұзу. «Сударь» - бұл жерде де тақсыр емес тәрізді. Осы жерде «қалқам-ау, мырза жігіт-ау» десе қайтер еді.

«Не даром, Лиза, плачу:

Кому известно, что найду воротясь? И сколько, может быть, утрачу» -

Бедняжка будто знал, что года через три.

Деген сөйлемнің қазақшасы.

«Лиза-ау, мен тегін жылап тұрғам жоқ, Әлі қайта айналып келгенде немді жоғалтып, не табарымды кім білсін! (оған кімнің көзі жетеді) Сорлы-ай, үш жылдан кейін не боларын білген екен ғой...» (Софияның Молчалинді сүйіп кеткеніне жылға жақын, Лиза соны ишараттап тұр).

Енді Фамусов пен Чацкий сөйлеседі, сонда өткенді мақтап, бүгінгі жастарды шенеп Фамусов:

«Кто слышит при дворе приветливое слово? Максим Петрович! Кто перед всеми знал почет? Максим Петрович! Шутка!

В чины выводит кто и пенсии дает? Максим Петрович. Да!

Вы нынешние – ну – тка! (34 стр.).

Аударушы:

Және ол сарайда кім жылы сөз естуші еді? Максим Петрович.

Жұрт алдында кім құрметті? Максим Петрович. Оңай ма? (дұрыс аударылып тұр) Чинді, пенсияны кімге береді?

Максим Петровичке. (Бұл теріс, чинді, пенсияны кім береді? Максим Петрович береді, өйткені бұл патшаның сүйген құлы). Ал, сіздерше, қазіргі. –

Осы күнгі сіздерден не өнеді!? (42-бет) Бұл сөйлем де жансақ ұғыну.

Да! Вы нынешние, ну – тка! –

«Я, я! Қазіргі сіздер, қане сондай болып көріңіздерші!» деп тұр.

... Тағы ескерте кетейік, «Ақыл азабының» қазақшаға аударылуы игілі іс. Бұл аудармада кемшіліктің болуы да заңды. Осындай әр кемшілігімен қатар мұнды тәп-тәуір аударылған да жолдар бар. Алайда, осы шығарманы өлеңмен аудармай, қара сөзбен аударса дұрыс болар еді. Содан кейін барып, өлеңмен қайта аударса. Орыс тіліндегі «Гамлеттің аудармасы да осы тағдырды басынан кешірген болатын. Әрі қарай: «Служить бы рад, Прислуживаться тошно»

«қызмет етуге әзірбас, жағымпаздануға жаным қас» (40-бет).

Осы сөйлем дұрыс тәрізді, бірақ мұны артық сөз қоспай, тура айтпай былайша: «Қызмет істегім-ақ келеді, Бірақ жағынудан жаным

жиіркенеді.» десе дұрысырақ болмас па еді? Қорыта айтарымыз, Грибоедовты, оның ішінде мәңгі жасап келе жатқан «Ақыл азабын» қазақ тілінде өзінен аудырмай дәл беруіміз керек. Ол мақсат орындалмаған.

Жұрттың бәрі түсінбейді, сақитып аударған, Мұхтар Әуезов мұны ерекше әдіспен аударған, сондықтан «Дворян ұясы» сәтсіздікке ұшыраған. Өзінің романы «Абай» тәрізді етіп жазбаған, тіпті «Отелло»,

«Асауға тұсау», «Ревизорлар» сықылды да емес деп күңкілдейтіңдер бар. Енді сол «Дворян ұясынан» келтірейік:

(И.С.Тургеневтің «Дворянское гнездо» романы (156 – бет) М.О. Әуезовтың «Дворян ұясы» - 1949 ж. (156 бет)

Тургенев: «Вошел человек высокого роста, в опрятном сюртуке, коротеньких пантолонах, серых замшевых перчатках и двух галустуках

– одном черном сверху, другом белом снизу. (6 стр.) (Сергей Петрович Гедеоновскийдің кескіні осы)

Әуезов: «Үйге ұзын бойлы адам кірді, үстінде таза сюртугі бар, шалбары қысқа, сұр ұлпадан перчатка киген және біреуі қара, біреуі ақ екі галустук тағыпты» (5 – бет). Осы аудармада Тургеневтің ойы түгел берілген. Екі сөзі ғана шығып қалған: қара галстукті «үстінен», ақ галстукті «астынан салды деген екі сөз: «асты», «үсті» осыларды алмауының өзі дұрыс, өйткені сөйлем шұбалып кетеді, оның үстіне дыбыс екпіні ол екі сөзге тіреліп те тұрған жоқ. Аударма ол екі сөзді тастап кетуден ұтылмаған, Тургеневтің ойы бұзылмаған.

Марья Дмитриевна, Марфа Тимофеевна, жаңа ғана үйге кірген Сергей Петрович Гедеоновский үшеуі сөйлесіп отыр. Сонда Марья Дмитриевна: «Нет ли чего новенького?» - деп сұрайды. Бұл сұраққа Сергей Петрович: «Как не быть-с, как не быть-с, возразил гость, медленно моргая и вытягивая губы» (6 стр.)

Әуезов: «Немене жаңалық жоқ па? – Неге болмасын, неге болмасын, деп қонақ кірпігін жай қағып, ернін соза сөйледі» (6 бет). Артық кемі жоқ дәл түскен. Осыдан бірнеше жыл бұрын аударған

«Ревизор» да Мұхтар Әуезов «Так-с» деген сөзді «солай-с» деп те аударып еді, ол әдістен бұл жерде қол үзген тәрізді.

-Лаврецкий Федор Иванович приехал. (Сергей Петровичтің жаңалығы осы)

-Федя воскликнула Марфа Тимофеевна. – Да ты, полно, не сочиняешь ли, отец мой. (6 стр.)

Әуезов: «Лаврецкий Федор Иванович келіпті. Марфа Тимофеевна таң қалып:

-Федя! Немене, жаныңнан шығарып отырған жоқсың ба, Әкем-ау? – деді (8 бет). Осы сөйлемде Мұхтар Әуезов «Марфа Тимофеевна таң қалып» деген сөздерді «Федя!» - деген сөзден кейін қойса, аударма бір беткей болар еді. Оның бер жағында мына «Федя» сөйлесіп отырған Сергейге тән тәрізді. «Әй, өзің не дейсің?» - деген мағына туып тұр.

«Федянің» - Федор Иванович Лаврецкий екені анық емес. Сірә, бұл жерде «Федя» деуден көрі «Федя келіп пе?» немесе «Федяні айтасың ба?» - деген тәрізді етіп, Марфа Тимофеевнаны таңыртқатса дұрысырақ болар еді.

Әрі қарай: - «Елене Михайловне наше нижайшее, проговорил он и, отойдя в уголок для приличия, принялся сморкать свой длинный и правильный нос» (8 стр.)

Әуезов: -«Елена Михайловнаға біздің құрмет! – деді, содан соң үйдің бұрышына қарай барып, әдеп сақтап, сырт айналып, өзінің түзу біткен ұзын тұмсығын ұстап сіңбіре бастады. (8 бет) қалған сөз де жоқ, автордың ойы түгел берілген, аударушының өз әдісі де сақталған. Әрине, «құрмет» деген сөздің орнына «Елена Михафловнаға бізден бір сәлем» деп аударса тәуір болар еді. Тағы да: «Паншин твердо верил в себя, в свой ум, в свою проницательность; шел вперед смело, и весело, полным махом жизнь его текла как по маслу.» (11-бет)

Әуезов: «Паншин өзінің ақылына, қырағылығына қатты сенетін; ол алға қарай батыл басып, еркін құлаштап келеді, өмірде сүт үстінде қаймақтай» (10-бет).

Дұрыс берілген оның үстіне орысша «жизнь его текла как по маслу» дегенді қазақша Абайша айтып отыр.

«Қаймақ еді көңілімде Бізге қаспақ болды жем»

«майдың орнына қаймақты алуы да дұрыс, бірақ «сүт үстінде» - көмейге көлденең тұрады екен, «Сүттің бетінде» дұрысырақ болар еді.

Көркем сөздің иесі И.С.Тургеневті, көркем сөздің иесі М.О.Әуезов та жете түсініп, меңгере билеп аударған. Алайда, кей жерлерінде сөзбе-сөз беруге тырысып, осы күнгі оқушыға бейімделмей, түпнұсқаны қуалап кеткені байқалады. Екі тілдің грамматикалық құрылысы сәйкесе бермейтінін түсіне тұрып елемегендей, өйткені тәжірибе есебінде (эксперимент) аударылған сияқты. Оның үстіне М.О.Әуезов осы әдіспен көңілдегідей берген күнде да мұны басқа аударушыларға үлгі етіп тартудан, әзірше сақтанған жөн.

Пушкин мен Лермонтовты Абайдан кейін аударғандар да келтіре кетелік.

А.С.Пушкиннің

Шестнадцать лет, невинное смиренье, Бровь темная, двух девственных холмов – Под полотном упругое движенье,

Нога любви, жемчужний ряд зубов1,-

деген өлеңін 1936 – жылы ақын Ілияс Жансүгіров:

«Момақан, күнәдан пәк, он алты жас, Меруерт тіс, сүйкімді аяқ, қоңырқай қас. Көкіректі көтеріңкі: көрсеткендей, Қозғалар қос қыз алма болар болмас» 2,-

деп аударады. Осы жолдарды 1949 – жылы ақын Қалижан Бекқожин:

«Мүләйім, он алты жас, күнәдан пәк, Қоңыр қас, меруерт тіс, мінсіз аяқ.

Қозғалған әрең ғана кеудесінде Томпиған қыз алмасы қос құздай-ақ»1,-




1 А.С.Пушкин. Поэм. ГИХЛ. М.1936, стр.127.»Гавриилиада». 2 Пушкин. І-том. А.1936-ж. 191-бет. «Жебірейіл –нәмә»

деп береді.

Қазақ тіліне аударылған осы екі үзіндіні тексеріп өтелік. Ілияс

«Невинное смиреньені» «Момақан» десе, Қалижан оны «мүләйімсітіп»

- өте мекер етіп жібереді. «Под полотном» екеуінде де жоқ, алайда, оның жоқтығы білінбей де кеткен. Ілияс «Двух девственных холмовты»

«қос қыз алма» - деп әр біреуін жеке түбірінде алып, біріне-бірін қиюластырмай жасайды сөз тіркесіне барған, олай етпесе буыны артылып кетеді де, өлең құрылысы бұзылады, ал Қалижан «қыз алмасы қос құздай-ақ» - деп ұйқасын келтірген, бірақ «холмды» «құз» деп түсінуі өрескел шыққан. Ал енді, «Упругое движениені» -

«қозғалған әрең ғана» деген соң «құздай-ақ» - деу сезу мөлшерінен сырт кетеді. «Құз» дың қозғалуы да қиын ғой! Бұл жерде Ілияс «болар- болмас» деп ұтымды айтқан тәрізді. «Қос құздай-ақ» - дегенде епетейсіз үлкен емшек көз алдыңа келеді. Құдай сүйген Марияның

«қос алмасын» - «қос құздай» демей, «иттің басына» теңеудің өзі де сол құдайдың жүрегін айнытуға мүмкін. Оның бер жағында қазақ оқушылары орыстың ұлы ақынына мін тағуы да кәдік. Әйтеуір екеуі де еркін кетпеуге тырысқан. Кемшілігі бола тұрса да адал еңбек жасаған.

«Пушкинді дәл аударушылар бола берер, бірақ...оның романының ішіндегі үлкен ой, сирек сезімдерді Абайша жеткізіп, көріктеп беру, көп табыла бермес» 2 - дейді жазушы академик Мұхтар Әуезов. Мұны алдында ол Абайдың «Онегинді» аударуына т о қ т а л а д ы. Сонда Пушкин көрсеткен опасыз жігіт «Онегинді» Абай шыншыл, опалы етіп көрсетеді, кездей соқ жағдай ғана себеп болып, Татьянадан Евгений аңдаусызда айрылып, өкінішке ұшырайтын тәрізді. Абайдың осы тәсілі өз оқушыларының тілегімен тәрбиелік, ағартушылық идеясымен

астасады» - деп дәлелдейді.

Енді бір мысал, М.Ю.Лермонтовтың:

«...Глядел в раздумии глубоком, Когда на деревне высоком Певец незримый напевал Веселье, радость и свободу, Как нежно вдруг ослабевал,



1 Пушкин. «Таңдамалы шығармалары» - А.1949 ж.193-бет, «Жәбрейіл-нама»

2 Мұхтар Әуезов. «Әр жылдар ойлары» А.1959. 157-бетін қараңыз.

Как он, треща, свистал, щелкал, Как по лазаревому своду

На легких крыльях порхал, И непонятное волнение

В душе я сильно ощущал...»,1-

деген өлеңін ақын Қажым Жұмалиев:

«Жүргенде түпсіз терең ойға шомып, Биікке бір бұтаққа бұлбұл қонып, Жырлады: еркінді пен шаттық күйін, Тыңдадым көрмесем де көңіл толып. Жырлады ол: асқақтатып, баяулатып, Ысқырып, шықылықтап, жаяулатып, Төсіне теңбіл көктің өрлей ұшып, Қанатын қалтыратып баяулатып.

Шырқады, шырылдады дамыл таппай, Отырдым мен қалың ой-мұңға батып, Бойымды белгісіз бір билеп күш,

Ән бейне жібергендей жанды оятып»,2- деп

деп береді. Өзі «еркін аударма» деген екен. Шынында да еркін зерлері бар. Бірақ осы жері өте дәл келген. Бұл үзіндідегі кемшілік

«баяулатып» -тың екі рет қайталануы, тағы өзі бір шумақта, ұйқаста келген. Лермонтов текстінде «Соловей» - дің аты жоқ, өзі бар. Жұмалиевте «бұлбұл» тура аталып тұр. Мұнысы да дұрыс.

Самуил Яковлевия Маршак У.Шекспирді аударған екен, сол аудармаға Валентин Берестов жазған «Судьба девяностоого сонета» атты мақаласында. «...в текст перевода может войти то, что не будучи



1 М.Ю.Лермонтов. ІІ том, 1959, Изд.АНСССР. Москва-Ленинград. Поэма- «Корсар» - стр.42.

2 Қ.Жұмалиев. «Қырдағы күрес». «Қарақшы» - 180-181 беттерін қараңыз.

названным, присутствует в оригинале. А то, что прямо названо в тексте подлинника может уйти в подтекст перевода»1 - дейді. Ендеше, оригиналдың подтекстінде тұрған «бұлбұл» аудармада тура аталған ғой. Тағы сол мақалада «Если ты оставишь меня, не будь последней из оставляющих»... деген Шекспир сөзін Маршак: «оставь меня, но не в последний миг» депбереді. Қандай әдемі, қандай дәл! Қажымның екінші бір ұтымды жері, ол өз аудармасында фольклор дәстүрін пайдаланған сияқты.

«Ән салсаң өзімдей сал баяулатып, Ер жігіт мал табады жаяу жатып, Тұсынан ауылыңның ән шырқасам, Тыңдай бер сен әнімді ояу жатып»,-

дейтін ескі қара өлеңнің жаңарған түрі осы жерде орнын тапқандай. Тағы сол М.Ю.Лермонтовтың «Бородино» атты өлеңін ақынымыз Ғали Орманов аударыпты, сонда:

«Скажи-ка, дядя, ведь недаром Москва, спаленная


пожаром,

Французу отдана?

Ведь были ж схватки боевые? Да, говорят, еще какие!

Недаром помнит вся Россия,

Про день Бородина!...» - деген жерін:

«...Айтыңызшы, ата, маған, Москва лаулап өртке жанған, Тиген бе оңай французға?

Болыпты ғой қатты майдан, Дейді тағы қандай болған! Россей ол шықпайды ойдан,



1 «Лиературнаягазета» № 113, 12/ІХ-1959.

Бородино әлі ауызда...» - деп аударады.

Лермонтов текстінен алатын әсер, оның екпіні, жұрттың, сүйген жүректің жалынды дыбысы Ғали Ормановта шықпай қалған тәрізді.

«Москванның өртке жануы французға оңай тимегендей» - болып, теріс ұғымғы соққан. «Ведь недаром» - «тегін емес қой» - деген ойды, «тиген бе оңай?» - деу бұрып жіберген. «Схватки боевые» - деген екпенді сөздер – «қатты майдан» - болып сұйылып кеткен. «Недаром помнит»

- вся Россияны» - «Россей ол шықпайды ойдан» - демей «Бүкіл Россияның ұмыта алмауы тегін емес қой!» - болып келсе, әрине, өлеңнің ұйқасына зақым келер, алайда Лермонтовтың ойы түгел берілер еді. Заты, өлеңнің жақсылығы тек ұйқасында емес, терең ойында, өмір шындығын дәл беруінде. Ескерте кетелік, жақсы айтылған өлең мен жақсы айтылған қара сөздің айырмасы жоқ деп ұғамыз.

Революциялық заманның дауылпазы – совет дәуірінің асқақ жыршысы – Максим Горький қазақша қалай сөйлеп отыр екен, соны зерттей кетелік. Горький қазақ тіліне алғаш аударғандардың бірі Ғабит Мүсірепов болатын. «Әлімді жеңетін ана» атты әңгімесін алалық. Горькийде мұндай «Ана» деген әңгіме жоқ. Ол жиырма жеті (І-ХХҮІІ) ұсақ әңгімелердің басын қосып – «Италия туралы ертегілер» деп бір-ақ атапты. Соның ІХ-әңгімесінде Ақсақ Темір Көрегеннің қолына жаугершілікте түсіп кеткен баласын сонау Италиядан (Солерно түбінен) жаяу іздеп келіп, ашынған қажырлы ана Ақсақ Темір Көрегеннің үстіне басып кіреді де батыл сөйлейді:

«...Ведь у каждого есть мать, каждый чей-то сын, даже и тебя, старик, - ты знаешь это – родина женщина ты можешь отказаться от бога, но от этого не откажешься и ты, старик!... Отдай мне моего ребенка, потому что я мать и люблю его»1 - дейді. Осы жерін Ғабит Мүсірепов та: «Әркімнің де анасы бар. Сен, шал, білесің бе, сені де әйел тапты. Сен құдайдан бас тарта аласың, ал енді анадан бас тарта алмайсың, шал!... Бер баламды өзіме қайтарып! Өйткені, мен анамын, баламды сүйемін!»2 - деп қапысыз аударады. Сол арада ақын Кермене ананы жақтай сөйлеп кетеді:







1 М.Горький. Собр.соч. в 30 томах.Х-т.стр.43.М.1951 г.

2 Ғ.Мүсірепов. «Таңдамалы шығармалары» ІІІ-том, 64-бет. А.1956ж.

«...Без солнца не цветут цветы, без любви нет счастья, без женщины нет любви, без матери не ни поэта, ни героя»1 - дейді, осы жерін де Ғ.Мүсірепов:

«...Күнсіз гүл өспейді. Сүюсіз бахыт жоқ. Әйелсіз сүю жоқ. Анасыз ақын да болмайды, батыр да болмайды»2 - деп мүлтіксіз дәл түсіреді.

Осы кезде Ақсақ Темір өзінің сүйікті ұлы Жәңгірдің өлгенін айтады, содан кейін ажалға шығып, неше жылдай жауласып келе жатқанын баяндайды – да:

« - Я, раб божий Тимур, говорю что следует! Вот – сидит передо мною женщина... Говорит она мне, как равному, и она не просит, а требует. И я вижу, понял я, почему так сильна эта женщина, - она любит, и любовь помогла ей узнать, что ребенок ее - искра жизни, от которой может вспыхнуть пламя на многие века.»3 -дейді.

« - Я, раб божий Тимур, говорю что следует! Вос сидит передомною женщина... Говорит она мне, как равному, и она не просит, а требует. И я вижу, понял я, почему так сильна эта женщина,

- она любит, и любовь помогла ей узнать, что ребенок ее – искра жизни, от которой может вспыхнуть пламя на многие века.»4 - дейді.

Осы сөздерін Ғ.Мүсірепов:

«...Мен тәңірі құлы Темірімін, тиісті сөзді ғана айтам. Міне, менің алдымда әйел отыр...Бұл әйел иенімен, тең адамша сөйлесім отыр, өтінбейді – бұйырады. Осы әйелдің неге мұнша күшті екенін түсіндім деп ойлаймын. Бұл өмірдің иесі, бұл ана, бұл ұлын сүйеді. Ұлын сүюі, ол ұлы өмірдің бір ұшқыны ғой. Кім біледі, ол ұшқыннан әлденеше ғасырға кететін жалын туар»5 - деп аударады.

Әңгіменің ақыр соңында Горький ойын былай түйеді:

«Все это – правда; все слова здесь истина, об этом знают наши матери, спросите их, и они скажут:




1 М.Горький. На той же странице.

2 Ғ.Мүсірепов. ІІІ-том. 64 б.А.1956 ж.

3 М.Горький. Х том. 44 стр. М.1951. 4 М.Горький. 10-т. 44 – стр. М.1951.

5 Ғ.Мүсірепов. «Таңдамалы шығармалар. ІІІ-том. 65-бет, Алматы, 1956.

-Да, все это вечная правда, Мы – сильнее смерти, мы, которые непрерывно дарим миру мудрецов, поэтов и героев, мы, кто сеет в нем все, чем он славен!...

«Поклонимся той, которая не утомимо родит нам великих! Аристотель – сын Ее, и Фирдоуси, и сладкий, как мед, Саади, Омар Хайям, подобный вину, смешанному с ядом, Искендер и слепой Гомер

– это все Ее дети, все они пили Ее молоко, и каждого Она ввела в мир за руку, когда они были ростом не выше тюльпанов – вся гордость мира – от матерей!»1 - деген жерін Ғ.Мүсірепов:

«Бұл шындық қой. Өйткені қай анадан сұрасаң да:

-Біз өлімнен күштіміз: біз дүниеге ақын да, ақылды да, данышпан да, ер де береміз. Өлім адам баласын құртуға тырысса, біз оны жеңіп, адам баласын көбейттік! – демей ме?!.

«Бас иейік те, құрметтейік те ұлы адамдарды тапқан ананы! Аристотельді де, Фердоусиді де ана тапты. Іскендер мен соқыр Гомер де ананың баласы. Бәрін де дүниеге жетектеп әкелген ана. Ананың ұлы орны қашан да өзінікі!»2 - деп береді.

Горькийдің өз манерасы, өзінше сөз саптауы алған тақырыбына сай, қолданған жалынды асқақ сөздері бірті-бірте күшейіп, шыңға өрлеп шарықтай береді. Горькийдің романтикалық шарықтаған ырғағын Мүсірепов та әлсіретпейді. Әңгіме ертеде аударылған (1933), сондықтан да болар, Горькийдің кейбір сөздері қалып қойған. Салыстырмай оқығанда онысы білінбейді. Горькийдің бастағанда:

«Здесь пойдет речь о железном Тимурленге, хромом барсе, о Сахиб- и- Керани...3 деген сөздері мүлде жоқ. Горький: «А в середине их – палатка Гуругана – Тимура» десе, оны «бәрінің ортасында Ақсақ Темірдің ала шатылары» - дейді. Осы текстердің ішіндегі «Ленг» - (фарсы сөзі) қазақша «Ақсақ», «Сахиб- и – Керани» - «Қырандардың қожасы»; Гуруган – көреген» - деген мағынада. Горький шығыс әңгімелерінің стилін сақтауға тырысқан. Горький – «Кермани» - десе, оны «Кермене» - деп үндестік заңына бағындырған. Мұнда ойдың

арнасы бұзылады. Осы аттық аяғында тұрған «И» - де үлкен мағна бар. Кермани, Исфагани, Кашгари – Ширази деген сөздердің





1 М.Горький. Х-том. 44-45-бет. М.1951.

2 Ғ.Мүсірепов. Таңдамалы шығармалар. ІІІ-том. 64-67 беттерде. А.1956.

3 Ғ.Мүсірепов. Таңдамалы шығармалар. ІІІ-том. 64-67 беттерде. А.1956.

аяғындағы «и» - қазақтың «лық» жұрнағына келеді. «Кермандық, Исфандық, Қашғарлық, Шираздық» - тәрізді. Ал енді ол жұрнақтарды қоспаған күнде өзін тура алған жөн сияқты. Бір жерінде Горький: «Он строил высокие башни из костей побежденных народов» - (39 стр) десе, оны «жеңілген елдің сүйгенінен биік мұнаралы минарет, сарайлар салдырды» - (58 б) деп береді. Орыс тіліндегі «Минарет» -

«Мұнарадан» - алынған – ғой. Екеуін қатар алу қажет емес еді.

Көлемді ойын келте қайырып, сықақ – әзілмен келегейлеп, із тастап отыратын орыс әдебиетіндегі Гогольдің шәкірті, көрнекті классик А.П.Чехов та қазақ тілінде сөйлеп отыр: сол Чехов шығармаларын аударғандардың ішінен:

уақиғаны қарапайым әңгімемен жеткізу, геройдың өз аузынан айтқызу Ғалім Ахметовке жеңіл тиетін тәрізді; көркем суретпен табиғатты анық көрсетуге, сол болатын уаиғаға бейімдеп жан құбылысын ашып беруге Әбжәміл Нұрпейсов шебер, Өткір әзіл қалжыңмен дер кезінде шымшып жіберуге Ы.Дүйсенбаев оңтайлы тұрғандай көрінеді.

Әдебиетімізде белгілі аты бар әлгі жазушылардын басқа, Чехов шығармаларын аударғанда кейбір белгісіз авторлардың да талай сәтті жолдарын ұшыратамыз. Мысалы: «Унтер офицер Пришибеев» сот алдында тұрып:

-Слушаю-с! Хрипит унтер, - Вы, ваше высокородие, изволите говорить, не мое это дело народ разгонять... Хорошо-с... А ежели беспорядки? Нешто можно дозволять, чтобы народ безобразил? Где это в законе написано, чтоб народу волю давать? Я не могу дозволять-с... Разгоню я народ, а на берегу на песочке утоплый труп мертвого человека. По какому такому основанию, спрашиваю, он тут лежит?... Может, этот утоплый покойник сам утоп, а может, тут дело Сибирью пахнет»1 десе, осыны қазақшаға 1937 жылы Әшім Омаров: «- Құп болады! – деп унтер қырқылдап сасып қалды, - Құрметті тақсыр, халықты қуалап тарату сенің жұмысың емес – дейсіз... Жақсы... Ал егерки тәртіпсіздік болса қайтесіз? Халықты тәртіпсіздік жасатып бетімен қоя беруге бола ма? Халыққа ерік берілсін деген сөз заңның қай жерінде жазылған? Мен ерік бере алмаймын... Халықты қуалап мен жүрмін, ал жағада құмның үстінде суға кетіп өлген адамның мәйіті




1 Чехов. ІІІ.том. 438-бет. М.1955 ж.

жатады да қояды. Қандай осындай жол-жоба бойынша бұл осы жерде жатыр? – деп сұраймын... Мүмкін, бұл адам суға өзі кетіп өлген шығар, немесе мұның төркінінен Сібірдің иісі аңқып тұрған болар1 деп береді. Чеховтың осы сөздерін 1955-жылы Фетих Дінисламов:

-Құп болады! – дейді унтер қарқылдап.

-Асыл тектім, сіз жаңа жұртты қуалау сенің жұмысың емес дегенді айттыңыз... Жақсы... Ал, егер тәртіпсіздік бола қойса ше? Жұртқа сонша бір бұзықтық істетіп қоюға бола ма? Халыққа ерік берілсін деп қай заңда жазылып еді? Ерік бере алмаймын мен... Мен келіп жұртты қуалап жүрсем, өлген адамның суға кеткен мәйіті жағадағы құмда жатыр. Бұл арада жатуға мұның қандай қақы бар? – деп сұраймын... Суға кеткен мына марқұмның, бәлки, өзі батып, немесе бұл әңгімеден, әлде, Сібір иісі аңқып тұрған болар...»2 деп аударады.

Унтер Пришибеевтің шолақ ойын, олақ тілін, надандығын, өзімшіл оспадар, сорақы қылығын, көкіп сөйлейтін кекірт дыбысын осынша келте қайырып, Чехов қандай дәл берген? Бірде езуінді жиғызып, бірде сай сүйегінді сырқырататын автордың сөздердің аударғанда Әшім Омаров бірінші сөйлемге «сасып қалды» - деп екі сөзді өзінен қосқан. Артық тұрған осы екі сөз Пришибеев бейнесін бұзбағанмен, ұзын ойды келте қайыратын Чеховтың стилін қожыратып жіберген. Бұл сөйлемді қысқа қайырып Дінисламов ұтқан тәрізді. Ал

«на берегу на песочке утоплый труп мертвого человека» деген сөйлемді «өлген адамның суға кеткен мәйіті жағадағы құмда жатыр»... деп аударып Дінисламов екі рет жансақ мағына берген. Біріншіден

«өлген адамның» суға кетуі көңілге қонбайды, адам суға кетіп барып өледі ғой, ал екіншіден «суға кеткен мәйіттің» жағада жатуы да ауыр түсініледі. Бұл сөйлемді Омаров «Суға кетіп өлген адамның мәйіті» деп тура мағынасын берген тәрізді. «А ежели деген сөзді «Ал, егер» деуден көрі «Ал, егерки» деп бұзып айтуы да оригиналға таяна түскен.

«Где это в законе написано...» деген сөйлемді де: «Қай заңда жазылып еді?!» - деуден көрі «занның қай жерінде жазылған?» деу дұрыс сияқты, өйткені Пришибеев заңды біреу деп ұғады, сондықтан Чехов «Где это в законе...» дегізіп тұр., «В каком законе» - «қай заңда»



  • емес қой «По какому такому основанию он тут лежит» - деген Пришибеевтің олақ сөзін «Бұл арада жатуға мұнын қандай қақы бар?»




1 Чеховтың таңдамалы шығармалары, ауд. Әшім Омаров, 1937-ж. 6-7 беттерін қараңыз.

2 А.П.Чехов. І том. А.1955 ж. 86-87 беттерун қараңыз.

  • деп тура айтудан көрі «қандай осындай жол-жоба бойынша бұл осы жерде жатыр?...» олақ құрылған – Пришибеевтің өз сөйлемі тәрізді. Алайда, бірінен бірі ілкім тәуір дегеніміз болмасы, екеуі де көңілдегідей шығып тұрған жоқ.

Біз, көбінесе, түсініп аударған текстерді алдық. Солардың ішіндегі жансақ басқандарын көрсетіп еттік. Олай болуының себептерінің әр аударушының қара басына байланысты, әдісіне, аударған мезгіліне байланысты екенін ескерттік. Біздің аударма әдебиетімізде мүлде түсінбей аударатындар да бар. Содан бір мысал келтірейік.

Чеховтың «Мужики» атты әңгімесінде: «И бежи по Египет... и буди тамо, дондеже реку ти»... деген інжілдің сөздері келеді. Соны Ғазиз Оспанов: «Сосын қашып Египетке бар... ондағыларды оят, дөндеже ол өзенді...1 деп аударады. Інжілдегі «буди тамо» - (орысша)

«будь там», дондеже – «до тех пор», «реку-изреку – скажу» болады, ендеше мұнын қазақшасы «өзімнен үн жеткенше соңда бол!...» деп тұр. Ал, Египет – «Мысыр», Дасск- «Шам» - болып қазақ тілінде баяғыда қысалар, ертегілер арқылы қалыптасқан еді, оны өзгертуден қандай ұтқанымыз бар? Мұны да ойлану керек болар.

Аударма әдебиетінің тарихын сөйлегенде, әсіресе классиктерді аудару тарихын шолғанда, көзге түскен кемшіліктерді де, жетіскен жемістерімізді де бүкпей айтуға тырыстық. Қазақ тіліне ақын Ғали Орманов аударған Л.Н.Толстойдың «Анна Каренинасына» Тақауи Ақтанов (І-кітабына) пен Әбжәміл Нұрпейісов (ІІ-кітабына) кезінде тиісті бағаларын берген екен. «Пушкиннің поэтикалық шығармаларының қазақ тіліндегі аудармалары жөнінде Тәкен Әлімқұлов ойын білдірді. Белинский шығармаларының аудармасын (аударған Белгібай Шалабаев) Әбен Сатыбалдиев зерттеп өтіпті. Маяковский шығармаларын Тәкен Әлімқұлов пен Е.Букетов талдап өтіпті. Некрасовтың «Орыс әйелдері» мен Шолоховтың «Тынық Дон» романына Мұхаметжан Қаратаев тиісті бағасын берген екен. Біз бұл пікірлерге әдейі тоқталмай етіп, өзіміздің негізінен қосылатынымызды білдіреміз. Алайда Е.Букетов Маяковскийдің өлеңдерін аударған Тайыр Жароков туралы: «Аудармашының негізгі кемшілігі түпнұсқаның мағынасын түсінбей қалуында. Осының нәтижесінде туған өрескел қателер тіпті көп кездеседі «дей келіп енді бір аздан кейін» Маяковскийдің өз ритмі пен мөлшелерін сақтауға тырысатын






1 «Мезнинді үй» - жинағында 57 б.А.1955 жыл.

Тайырдың аудармаларын қолдауға тиістіміз» - деп жалтақтайды. Рас, Е.Букетовтың ойында бүкпесі жоқ та шығар. Өйткені Пушкиннің

«Коломнадағы үйшік» атты поэмасын тәп-тәуір аударған, соның ішіндегі «Воды лета» дейтін ескі грек мифологиясында ұшырайтын сөзді «кәусер суы» - деп орынды қолдана білген Тайырдың «Ақыл азабында» «Сударь» -ді орынсыз «тақсыр» етуі тегін емес. Сондай-ақ Маяковский өлеңдерінде де жаза басуы жай болмас. Ендеше әр ақынның, әр жазушының өзіне үндес - сүйетін адамдары болады. Орыс елінің тарихында Гетені аударатын адам, Байронды аудармайды. Біз де осылай істеуіміз жөн ғой. Сондықтан ақын Тайырдың да кемшілігі өзіне үндес келмейтін жазушыларды аударғанда көрініп қалуы мүмкін. Е.Букетовтың ойын да біз осылай түсінгіміз келеді. Әйтпесе, «өрескел қателер көп кездесетін, мөлшерін сірестіре сақтауға тырысатын Тайырды қодауға тиісті емеспіз».

Аударма әдебиетін тәл әдебиеттің өз қоры деп ұғамыз. Сондықтан ойымызды ашық айтуға тырыстық. Аудармадағы кемістіктерде соза беруге де болар еді, алайда бұл әңгіменің ұшы- қиырысыз болуын да ескергеніміз жөн. Өйткені «әбір осал аудармалар өзіне тән осал белгілерімен өзінше осал келеді» 1 - деген жазушы- академик Мұхтар Әуезовтың сөзін де еске алдық.

Қазақ тіліне орыс әдебиеті – оның классиктерінің аударылуы 19 – ғасырдың екінші жартысынан басталды дедік. Осы игілі ісімізге әр дәуірде өзіне лайық жанашыр сыншыларымыз болды. Солардың қолқабысы әсерін тигізіп, өсіп те келеміз. Мысалы, 1915 – жылы аударма жөнінде «Айқап» журналында Сәкен Сейфуллин әңгіме көтерді. Содан бері қарай аударма мәселесінің зерттелуі толастаған жоқ. Бұрын аударма жөніндегі күрделі сындар кіші-кірім рецензиялар әр жерде: газет, журнал беттеріңке жазылып келіп еді. Осы кейінгі екі- үш жылдар қарсаңында сол еңбектер жинақталып басыла бастады. Аударма әдебиетін төл әдебиетіне байланыстыра күрделі сатыға көтеріп жүрген қалам-қайраткерлеріміз: М.О.Әуезов, Қ.Жұмалиев, М.Қаратаев, Т.Ахтанов, Т.Әлімқұлов, Ә.Нұрпейісов тағы басқалары.

Негізінен алғанда осы сындар екі бағытта жүріп келеді. Бірінші, ең көбірек кездесетіні орыс тілінен қаазақ тіліне аударылған шығармалар жөнінде болады. Әсіресе солардың кем-кетігін баса айтумен келеді. Екіншісі, қазақ тілінен орысшаға аударылған

шығармалар жөнінде болады. Бұлар көбінесе көтере айтуға тырысады. Осы арада Е.Ландау, А.Жовтис, М.Әлімбаев тағы басқа жолдастарды да атап кетуіміз жөн болар. Солардың ішінде жолдас Е.Ландау «Русские переводы песен Джамбула и проблемы поэтического переводы» атты диссертациясында түпнұсқадағы кейіпкер бейнесін қайта жасау мәселесін қояды. Сонда «автордың айтпағанын реті келген жерде аударушы жанына қосып жіберсе дұрыс болады» 1 - деген пікірге тіреледі. Біз осыған қарсы шыққан

Н.Владимированың пікіріне қосыламыз. Бұл жерде Е.Ландаудың ескірген де және жансақ айтылған осы ойын келтірмес те едік, егер сол пікір тамырын жайып, 1958 жылы Л.Скалковский Абилевтің «Огненные волны» атты поэмасын аудармаған болса. «Огненные волны» атты поэмада автор Дихан Абилевтен қалған нәрсе аты ғана десек өтірікші болмаспыз. (Оның үстіне «жолма-жол» етіп аударған да өзіміз едік).

Бұл өзінен қосып, авторды өзінше сөйлету әдісіне, былай айтқанша, Ландау салған ізге Андрей Семенов та түскен тәрізді. Өйткені әлгі сынарлық мейлінше зиянды пікір» қолғабысын» тигізіп, Андрей Семенов «Менің құрдастарым» атты Саттар Ерубаевтің романын»дауасыз дертке» ұшыратыпты ғой2

Филология ғылымының кандидаты Е.Ландау мен ақын Андрей Семенов И.С.Тургеневті оқымауға правасы жоқ, бірақ оған қарсы болуға еркі бар, сол қарсылығын жиішкелеп білдіріп отырған тәрізді. Өйткені 1852 – жылдарда И.С.Тургеневтің «Записки охотника» атты шығармасын француз тіліне Е.Шарриер «Записки русского барина» деп аударған еді. Сол аударма бойынша француз тілінде сындар шығып, екі жыл өткенде барып И.С.Тургенев өз шығармасын француз тілінде оқиды.

Сонда: «Не говорю уже о бессмыслицах и ошибках, которыми он изобилует, - но, право, нельзя себе предствить все изменения, вставки, прибавления, которые встречаются в нем на каждом шагу. Сам себя не узнаешь» 3 деп қатты ашуланып жазған хаты бар. Тургенев «И я убежал» десе, Шаррнер «Я убежал как сумашедший» деп аударады. Тургеневтің «Қояны» - «ақ тиын» (белка), «құлаған ағашы» - «шашты алып» (волосатый великан) болып кетеді.




1 Н.Владимирова. «Некоторые вопросы худ.перевода с русского на узбекский язык». Ташкент,1957 г. стр. 11. 2 «Лениншіл жас» газетінің 31-январь, 1960 ж. № 21 де жазылған Қ.Тұрсынқұлов пен Ш.Мұртазаевтың мақаласын қараңыз.

3 И.С.Тургенев. соб.соч. т.ХІ, стр.309,М.1955.

«Овсянка» сулы ботқа – орталан (кішірек құс), арапник (қаншы)

«арап» (құл мағынасында) болып кетеді. Осының бәрін көрсете келіп, Тургенев: «Он кроет, режет, изменяет, заставляет меня, по произволу, плакать, смеяться, подсмеиваться, да и за это-то я наиболее сердит на него, он имеет отвращение от выражений точных... прибавляя столько прекрасных вещей он лишает его единственного достоинства, которое могло бы обратить на него внимание французских читателей, достоинства оригинальности. Я очень благодарен г.Шаррнеру за все любезности, которыми наполнено его предисловие, но не странно ли хвалить ум того, кому придал столько своего ума?» 1 - деген екен. Тургеневтің осы сөздеріне Е.Ландау қарсы шығып, «оригиналды

өзінше өзгертіп, жаныңнан қосып әдеміле!» - деген теорияны ашады. Осы «теорияның жәрдемі тиіп Л.Скалковский Диқан Абилевті жұлмаласа, Андрей Семенов Саттар Ерубаевтың быт-шытын шығарады. Тургеневтің әлгі сөзінен аса алмай Мұхтар Әуезов «Дворян ұясын» өзінен аудырмай береді. «Абай» эпопеясын жазған автордың стиліне ол аударма ұқсамайды. Өз стиліне салып құйқылжыту Мұхтар Әуезовқа оңай да болар еді ғой!

Ал, енді орыс тіліне аударылған қазақ әдебиетінің бәрі осындай сүреңсіз деуден аулақпыз. Мысалы, ақын Абайдың:

«...Дем алысы үскірік аяз бен қар, Кәрі құдаң-қыс келіп әлек салды. Ұшпадай бәркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды...»2

деген өлеңін В.Рождественский:

«...Старый сват, белый дед натворил бед. От дыхания его – стужа, снег и буран.

Тучу шапкой надвинув на брови себе,

Он шагает, кряхтя, разукрашен, румян...»3





1 И.С.Тургенев. собр.соч. т.ХІ,стр.310 бетін қараңыз. 2 Абай – Өлеңдері. «Қыс» - 54-бет. А.1946.

3 Абай Құнанбаев. Стихотворения. М.1954, стр.94.

деп орыс тілінде әрі дәл, әрі әдемі етіп бергенін де білеміз, істеген еңбегіне жауапты қараған ақындардың бәрі де осылай аударуға тиіс. Оның үстіне Рождественский бұл жөнде жалғыз да емес.

Ойымызды қорыта айтсақ, оригиналдың барлық ерекшелігін сақтап, екінші тілде кемеліне келтіріп дәл беру үшін, аударушы оның (оригиналдың) ішкі сырын жебе ұғыну керек. Оригинал тіліндегі сөздердің әдемілігін де, өз тіліндегі сөздердің көркемдігін де бірдей білуі шарт. Сонда ғана оригинал иесінің ой өрісін, дыбыс ырғағын, сөз сақтау әдісін көңілдегідей етіп шығара алады. Ендеше, аударушы оригинал авторынан кем түспейтін, сонымен өзі әдістес, стильдес жазушы болуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет