Қазақ сср ғылым академиясы



бет7/9
Дата26.01.2018
өлшемі1,94 Mb.
#34036
1   2   3   4   5   6   7   8   9

«ездами и балами...» деген Гогольдің сөзін Тайшықов: «...сондай жәрменкелерде, жәрменке маңындағы съез, балдарда» деп аударады. Бұл жердегі «съез» орыстың «съезжатья» деген естістігінен шыққанын байқамай қалады, ол сөзді Ипмағамбетов: «жиын-думанды, сауық- сайранды» - деп дұрыс береді.

Тура айтылған сөзді аударудан көрі кінаялы, астарлы ойы бар әзіл-сықақты (юморды) аудару қиын. Ал, Гогольдің негізгі пікірі сықақпен (юмормен) берілген ғой, сол қалай аударылды екен?

Чичиков сатып әкелген өлі жандарының тізімін оқып отырады. Сонда Петр Совельев Неуважай – Корыто, Пробка Степан, Максим Телятников, Елизавет Воробей, (бұл әйел екен, оны сұмырай Собакевич тізіміне білдірмей қосып жіберіп, екі сом елу ти ынды артық алса, керек). Григорий Доезжай – не – доедешь, Никита Волокита, Антон Волокита деген фамилиялар кездеседі. Осы тізімді оқып отырып: «Григорий Доезжай – не доедешь! Ты что был за человек? Извозом ли промышлял, и заведши тройку и рогожную кибитку, отрекся навеки от дому, от родной берлоги и пошел ташиться с

купцами на ярмарку. На дороге ли ты отдал душу богу, или уходили тебя твои же приятели, за какую-нибудь толстую и краснощекую солдатку, или пригляделись лесному бродяге ременные твои рукавицы и тройка приземистых, но крепких коньков, или, может, и сам, лежа на полатях, думал, думал, да ни с того ни с другого заворотил в кабак, а потом прямо в прорубь, и поминай как звали! Эх, русский народец! Не любит умирать своей смертью!...» деген жерін Тайшықов : «Одан кейін күргірей Доезжай – не доедешь деген ат ұшырады. Сен нағылғын адамсың? – деді Чичиков. Кіре тасып кәсіп қылдың ба? Әлде үш парлатып үйі-күйіңнен қашып, байларға еріп алып, жәрменкеден жәрменкені мүйгідің бе екен? Әлде жол үстінде жан тапсырдың ба екен? Әлде оқыстан кабак жаққа бұрылып кетіп, сол жердегі тапқан табысың бастап барып сай басында қалдыры ма екен? Беу шіркін, орыс жұрты, қашан сендер өз ажалдарыңнан өлетін болар екенсіңдер!?» - деп аударса, оны Ипмағамбетов: 1955 – жылы «Одан кейін жүрсе жете алмас-Григорий деген ат ұшырады. Сен, неғылған адамсың? – деді Чичиков, - кіре тасып кәсіп қылдың ба, әлде үш ат жегіп, үй-жайыңнан безіп, купецтерге еріп, жәрмеңкеден жәрменкені шүйгідің бе екен? Әлде жол үстінде жан тапсырдың ба екен? Әлде топ-толықша келген қызыл-шырайлы солтакаға бола достарының өздері-ақ мүрдем кетірді ме, әлде арман қарақшасына сенің қайыс қолғаптарың, тырбық болса да мініскер аттарың ұнап кетіп, келденді қиды ма екен, әлде, бәлкім, өзің сәндіренде жатып, ойлап-ойлап, іс-міс жоқ, кабак жаққа қарай бұрылып барып, содан шыққан соң мұз ұйыққа түсіп кетіп, атың өшті ме екен? Беу орыс жұрты-ай! Өз ажалынан өлуді сүймейді-ау, әсте!» - дейді. Дәл осы жерін 1953 жылы татар тіліне К.Басыров аударады: «Григорий Доезжай – не – доедешь! Син нинди кеше иден? Иек ташып шөгыльләнә торгач, тройка атлар һом чыпталы кибитка сатып алып, өеңиән, туған қуышыңнан гомергә кул селтадең дә ярминкеден – ярминкәгә сәудәгәрләр йерттеңме? Жаның да иминлек белән юлда чықтымы, әлдә оны нинди де булса берәр ал янақлы, юан солдатқа ечен, үзеңнең үк урман сукбас синен күн бияләйләреңә, карсак, ләкин таза тройкаңа қызықтымы, әлдә, сәндерәдә уйланып ята торгач, бір дә юртан кабакка китеп, шуннан

туп-туры бекеге чумдыңмы? Эх, бу рус халқы үз үлеме белән үләрге яратми да соңі»1 - дейді.



1 Н.В.Гоголь. «Үле жаннар». Поэма. Бірінче том. Тәржемәнең икенче басмасы. Татгосиздат. Матур әдебият редакциясы. Казан, 1953 –ж. 144-145 – беттерін қараңыз.

Ал, енді сол Ипмағамбетов 1956 жылы «жаңа өмір журналына» екінші рет бастырғанда да, артынан 1958 жылы үшінші рет бастырғанда да екеуі бірдей болып шыққан: «жете алмас, жетпей де қоймас Григорий! Сен қандай кісі болдың екен? Кіре тартып кәсіп қылдың ба, немесе тройканды, жәкемен қаптаған күймелі арбанды сайлап алып, өз үйіңнен туған ұяңнан мәңгі безіп, көпестермен бірге жәрменкеден жерменке кезіп кеттің бе, әлде? Жанынды құдайға жол үстінде тапсырдың ба, немесе, бетінен қаны тамған, сеп-семіз бір солдаткаға бола достарының өздері-ақ құртты ма әлде, немесе орман қарақшысы қайыс қолғабыңмен, тырбиған, қортық болса да, мықты мініскер үш мәстегіне қызығып кетті ме әлде, немесе сәндіренде жатып, ойлап-ойлап, кенеттен, іс-міс жоқ, кабакқа қарай жөнеп беріп, содан кейін жылымға түсіп кетіп, зым-зия жоқ болдың да, атың өшті ме әлде? Ай, орыстар-ай! Өз ажалынан өлгенді сүймейді-ау, шіркін!-« болып аударылған. Гогольдің уісілерге қойған аттарында да сықақ (юмор) бар екені даусыз. Өмір қайшылығы, теңсіздік осылардың өзінен де көрініп тұрады. Пробка, Воробей, Волокита, Неуважай-Корыто, Доезжай – не – доедешь – тердің мына Манилов, Чичиковтардан айырмасы зор. Ескіден қалған мұра есебінде Плюшкин, Коробочкалар айтылса да олардың өз аты, әкесінің аты қосыла жүреді. Крепостной мұжықтардың әкесінің аты қоса айтып қастерлей болған емес. Орыс тілінде Анна Аркадьевна мен Аннушка бір емес. Алдыңғысы қожайкеге, соңғысы малацға айтылады. Орыс өміріндегі осы шындықты аша отырып, Гоголь келемежге еріксіз алып барады.

1932 – жылы Тайшықов: Собакевичті Итбаев, Свинньинді – Шошқабаев, Ноздревті – Тұмсықов, Коробочканы –Қобди келіні деп аударса, ал 1936 – жылы бәрін де түгел орысша алыпты. Алдыңғысы қандай сыңаржақ болса, кейінгісі де сондай сыңаржақ әдісі. Өйткені Коробочка мен Свиньинге Гоголь шұқшимайды, оларды ескіден қалған жұрнақ-кличка есебінде ат үсті айтып кетеді де, мына Ноздрев пен Собакевич – аттарына сай мінездеме береді, осы жерін аңғару керек еді. «Григорийді» «Күргірей» деуі аудару емес, үндестік заңына бағындыру, өткен заманда ауыл арасында солай айтылғанын анықтау ғана. Ипмағамбетовтың аударуға әрекет жасауында сол Гоголь сықағын түсінгендікбар. Әрбір жаңалық бірден қалыптаса қоймайды, көңілге ұйып, құлаққа сіңуі керек. Әрине, Ипмағамбетовтың 1955 – жылы: «Петр Савельев құрметтеме Астау; жүрсе жете алмас Григорий» деуінен көрі 1956-1958 жылдары келіп: «Петр Савельев

Астау сыйламас; жете де алмас, жетпей де қоймас» - деп аударғанда Гогольдің дыбыс екпінін, сықағын беруге таянғандық бар.

Ипмағамбетов алғаш аударғанда Тайшықов салған сораптан шыға қоймады, тіпті сөзбе-сөз қайталайды, «шүйгідің бе» деген Тайшықовтың сөзін де ала салады. Проспер Мерименің «Карменін» аударғанда Ипмағамбетов бұл сөзді қолданбайды, ендеше ол сөз Ипмағамбетовтың бойына бұрын сіңген сөз емес. Мысалы «түбегейлі» деген сөзді Мұхтар Әуезов қолданады, осы сөзді түсінеміз ғой, бірақ Сәбит Мұқановта бұл сөз ұшырамайды. «Рә» мен «мұқият» қолданылып жүр, қазір мұны қолданған жазушылардың қай ауданнан екенін айтпай танимыз. Ендеше, «беу шіркін, орыс жұрты» - деген сөзді «Беу орыс жұрты-ай» деуден де айырма таба алмаймыз.

Рас, Тайшықов біраз жерін тастап кеткен, ол жерін Ипмағабетов толықтырып дұрыс берген. «Сәндіренде жатып» деген сөзді түсіне аламап едік, оны соңынан Басыйровтың «сәндерәдә» деген сөзінен барып ұқтық. Гоголь текстінде кездесетін «Отдал душу богу»,

«уходили», поминай как звали» - осы үшеуі де өлім – өлтіру айналасындағы сөздер, алайда биязі айтылған, кіная бар. Оларды

«мүрдем» кетірді ме, көлдеңді қиды ма, атың өшті ме? – деу бүкпесіз түсінікті, тура айтылған сөздер. Гогольдің алыстанорағытып «уходили» деген сөзін «аттарыңа қызығып, достарының сыбағаңды берді ме?» - деген сияқты жанамалатып айту Гоголь стиліне таянар еді.

«Приземистые, но крепкие кони» - десе оны Ипмағамбетов – бірде

«тырбық болса да мініскер аттарың ұнап кетіп» - деп аударады (Бұл жеріТайшықовта жоқ). «Тырбық» аттың «мініскер» болуы қонбайтұр, ал тырбиған қортық мәстекке қызыға қою да қиын-ақ! «Жатаған-аласа» деген сөздер аузына түспей-ақ қояды. Осы жерін «қарасақ» - (аласа, тапал, көзге қораш мағынасында) - деп аударған Басыйровтың сөзі келте, ойы дәл шыққан, өйткені «приземистый» көп шалқуды қажет етіп те тұрған жоқ. Ал, Гогольдің «ни с того ни с другого заворотил в кабак» - деуінде шындық та, келемеж де бар. Бұл жерін Тайшықов

«Оқыстан кабак жаққа бұрылып кетіп» - деп қыбын тапқандай болса, Ипмағамбетов алғаш ретте: « іс-міс жоқ, кабак жаққа қарай бұрылып барып» - деп, өз ықтиярымен бара жатқандай етеді. Гогольдің ойында

«кабакка бұрылғанын ол өзі білмей де қалды» деген мағна тұр. Үшінші рет аударғанда Ипмағамбетов та алғашқы қатесін жойып, «кенеттен, іс-міс жоқ, кабакка қарай жөнеп беріп» - деп күшейткендей, бірақ «іс- міс жоқ» - бұзып тұр. «Поминай как звали» деген сөзді»зым-зия жоқ

болып, атыңөшті ме әлде?» - деуінде де көп сөзділік бар. Гоголь ырғағы, Гоголь келемежі көп шалқуды, кей кезде, қабылдамайды, «от родной берлоги» - деген сөзді «үйі-күйіңнен қашып» - деу де, «үй- жайыңнан безіп» деу де көңілдегідей шықпаған, тіпті Ипмағамбетовтың 1955 – жылы «Өз үйіңнен, туған ұяңнан мәңгі безіп» - деуі де жаңсақ қолдану, өйткені Гогольдің ойынша «заведши тройку и рогожную кибитку отрекся навеки от дому, от родной берлоги» - деуінде

«тройкаға, күймеге қолың жеткен соң, жетістің де, өз қуысыңнан қаштың ғой, менсінбей кеттің-ау!» - деген дыбыс тұр, мұны Басыйров дұрыс беріпті.

Біз жоғарыда Гоголь күлдіру үшін күлдірмейді, өмір қайшылығын терең суреттейді де күлкі соның өзінен туады дедік, мысалы Чичиковтың генерал Бетрищевпен сөйлескен жерінде орыс сөздері сондай тіркескен, тіпті Чичиков өз ағасын (дядя) келемеждеп, оны

«ахмақ, есек» деп отырады, алайда, оқушы Гогольдің генералды

«ахмақ, есек» етіп көрсеткенін анық түсінеді.1 Міне, Гогольдің өзіне тән биязі сықағы (юморы) осылай сырғанайды.

«Өлі жандарда» Гоголь полицеймейстрерге мінездеме береді:

«Полицеймейстр был некоторым образом отец иблагодатель в городе... Трудно было даже и решить он ли был создан для места, или место для него. Дело было так поведено умно, что он получал вдвое больше доходов против всех своих предшественников, а между тем заслужил любовь всего города» - дейді. Сөздің сыртына қарағанда өте онды айтылған, өмір шындығы түгел берілген, бірақ астарында

«парахор полицеймейстер» деген келелі ой жатыр. Дәл осы жерін Тайшықов: «Полиция бастығы осы қалада әрі тәртіпорнатушы, әрі барлығының атасындай адам еді... Қызмет бұл үшін жаралды ма, бұл өзі қызмет үшін жаралды ма? Мұнысын шешуге кімге де болса қиын еді. «Қалауын тапса қар жанады» - деген бар ғой, істің ебін тауып реттеп жүргізгендігі соншалық, бұл кісі кіріс жағын өзінен бұрын осы қызметте болған адамдардан екі есе артық мөлшерде кіргізіп отырар еді. Сонымен қатар бүтін қала халқына сүйкімді еді» - (132-133 бет) деп аударса, Ипмағамбетов 1955 – жылы: «Полицейместер осы қалада әрі панакер, әрі барлығының атасындай адам еді... Қызмет орны бұл үшін жаралды ма, бұл өзі қызмет үшін жаралды ма? Мұнысын шешуге кімге де болса қиын еді. «Қалауын тапса жанады»






1 Н.В.Гоголь. Сочинения. ГИХЛ. М.1955. стр.553-554.

деген бар ғой, істің ебін тауып, реттеп жүргізгендігі соншалық, бұл кісі кіріс жағын өзінен бұрын осы қызметте болған адамдардан екі есе артық мөлшерде кіргізіп отырар еді. Сонымен қатар бүтін қала халқына сүйкімді еді» (183 – бет) – дейді. Соңынан 1956 – жылы (270 – бет), 1958 – жылы (177 – бет) бастырғанда, Ипмағамбетов былай аударады: «Полицейместер осы қаладағы әрі қамқоршы, әрі барлығының атасындай боп қалған адам еді... Қызмет орны бұл үшін жаралды ма, бұл өзі қызмет үшін жаралды ма? Онысын шешу кімге де болса қиын. Істің ебін тауып, реттеп жүогізгендігі соншалық, бұл кісі кіріс жағын өзінен бұрып осы қызметте болған адамдардан екі есе артық мөлшерде кіргізіп отыратын. Сонымен қатар, бүгін қала халқына сүйкімді еді» дейді. Кеінгі екі басылуында айырма жоқболғандықтан екі рет келтіруді артық көрдік.

Гогольдің осы сөздерін 1953 – жылы К.Басыйров:

«Полицейместерны шәһернең хермәтлі атасы һәм игелекле кішесі дип әйтерге була иде...Хәтта улмы урын әчен яратылған, әлдә урынмы аның өчен яратылғандығын белу дә читен иде. Аның әшләре шундай ақықы қорылған, ул әлегрек әшлеп киткән барлық полицеймейстерларға қарағанда доходны икі үлеш кубрек ала, шуңа қарамастан, бетен шәһәрнең мәхуббәтен казнаган иді» (159 – бетте) деп береді. Тайшықовта басы артық сөздер бар: «Қалауын тапса қар жанады» - дейтін мәтел жалпы ойының сарынына қайшы келмесе де

«так поведено умно» - ның аудармасы емес. «Еді» деген етістік те бірнеше қайталанған. «Тәртіп орындаушы – благодательдің мәнісін бермейді, ол «блюститель порядка» деген мағнада. Оны Ипмағамбетов «панакер» деп жасанды сөзге соқтықтан, екінші, үшінші рет реадкция жүргізгенде ғана «қамқоршы» деп берген. «Ревизорда» қамқоршы – попечитель», бұл содан алған тәрізді. Қалайда мұны теріс дегіміз келмейді. Гогольдің «между тем» деген сөзінде екпін тұр, оны түйіп берген биязі сықағы да осыған тиянақтайды, оны: «сонымен қатар» - деуі жадағай шыққан, бұл сөзін Басыйров: «шуңа қарамастан»


  • деп күшейткен де Гогольдің дыбыс екпінін дәл тапқан.

Кейіпкерлерінің мінезін, кескінін көрсеткенде Гоголь әр қайсысын өзінше даралап береді. Сонда: «Один бог разве мог сказать, какой был характер Манилова. Есть род людей, известный под именем: люди так себе, ни то ни се, «ни в городе Богдан, ни в селе Селиван», - по словам пословицы... В первую минуту разговора с ним не можешь не сказать: «Какой приятный и добрый человек!» В следующую затем

минуту ничего не скажешь, а в третью скажешь: «черт знает что такое!» и отойдешь подальше;если же не отойдешь, почувствуешь сккуку смертельную... У всякого есть свой задор: у одного задор обратился на борзых собак; другой кажется, что он сильный любитель музыки и удивительно чувствует все глубокие места в ней; третий мастер лихо пообедать; четвертый сыграть роль хоть одним вершком повыше той, которая им назначена; пятый с желанием более ограниченным, спит и грезит о том, как бы пройтиться на гулянье с флигель-адьютантом, напоказ своим приятелем, знакомым и даже незнакомым... Словом, у всякого есть свое, но у Манилова ничего не было» (436-437) – дейді.

Маниловқа берген осы мінездемесінде өмір шындығын, сондағы талай қайшылықтарды анық көрсеткен. Биязі әзіл сықақпен бастап, түйрей шаншып, ащы мысқылға айналдырып апарыпжеткізген. Асықпай-саспай, қарапайым сөздермен, мәтелдей сөйлеп отырып діңкенді құртады. Осы жерін Тайшықов: «Маниловтың нақты қулық- мінезі қандай екендігі бір құдай өзі білмесекім білсін! Адам баласының ішінде «анадай да емес, мынадай да емес» дерлік адамдар да болады. «Оны көрсе оны сақ, мұны көрсе мұны сақ, түлкі менен қарсақ» - дерліктей да адамдар ьолады... Маниловпен қапелім сөйлесіп кеткен минутта: «неткен ақ көңіл, неткен сүйкімді адам!» дегенді іркілместен айтып салар едіңіз. Енді содан кейінгі минутта не дерге білмес едініз. Үшінші, минутке келгенде: «Мынауыңның қандай адам екенін шортым білсін!» - деп қол сілтер едіңіз. Бойыңызды аулағырақ салар едіңіз. Бойыңызды аулақ салмасаңыз өлердей ішіңіз пысар еді... Әркімнің өзінше құмары бар. Біреудің құмары жүйрік тазы, екінші біреулер бар сүйгенім музыка, оның ішіндегі жүрек шерін шертетін әсерлі жері деп санайды; үшінші біреулер тамақты тоя жеуге шебер; төртіншілер өзіне берілген дәрежесінен енді бір елі жоғарылауды көксейді; бесінші біреулер ұйқтаса да, түсінді көрсе де Флигель-адьюнтантпен қолтықтасып, өзінің досжарандарына, таныстарына хатта танымайтыңдарының да көзіне түсуді арман қылады... Қысқасы, неше адам болса, соншалық қалауы, көздегені бар, ал біздің Маниловта олардың бір де бірі жоқ еді...» (22-23 бет, 1936 ж.Қ.Т.) десе, осы жерін Әнуәр Ипмағамбетов: «Маниловтың мінезі қандай екенін бір құдайдың өзі білмесе, кім білсін! Адамдардың ішінде, не ол да емес, әрі-сәрі, мақал сөзімен айтсақ, «қаладағы Богдан да емес, селодағы Селифан да емес» дейтін белгілі бір түрі

болады... Өзімен сөйлесе қалсаң, ә дегенде: «қандай сүйкімді, әрі мейірбан адам!» - демесіне ылажың болмайды. Содан кейінгі келесі минутта түк айтпасың, ал енді үшінші минутта: «сайтан білсін қандай екенін!» - дейсің де аулағырақ тайып тұрасын; тайып тұрмасаң өлердей зерігіп кетесің... әркімнің де бір ынтығы болады; енді біреуі барып тұрған музыкашымын, әрі соның не бір әсерлі жерлерінің бәрін кереметтей сеземін деп ойлайды; үшіншісі тамақты сылқита соғуға ұста болады; төртіншісі, өз мандайына жазылғанынан бір елі де болса жоғарырақ дәрежеде болғанды көксейді, нәпсісі тым алысқа шаппайтын бесінші біреуі достары мен таныстарының, тіпті таныс еместерінің де көз алдынан Флигель-адьютантпен қыдырып бір өтсем деген арманын ұйықтаса да түсінде көріп жатады... қысқасы әркімнің де өз мінезі болады. Бірақ Маниловта ештеңе де жоқ еді...» - деп аударады. Ал, кеінгі шыққан екі аудармасында бұл жері өзгермейді, сондықтан келтіргеміз жоқ.

Осы екі текстен көзге түсетін нәрсе: екеуі екі әдіспен аударған. Тайшықов мүлде «қазақылап» жіберсе, Ипмағамбетов дәлдікті көздейді. Ол әсіресе мәтелді аударғанда айқындала түседі. Тайшықов көп сөзділікке ұшырап, сұйылтып жіберсе, Ипмағамбетов дәлдікті сақтау үстінде түсінксіздікке апарған. Қазақ ұғымында «Богда» мен

«Селифан» әлі қалыптастаған сөздер. Бұл сөздерді орысша біреуден Гогольдің ойы шығып тұрған жоқ.

Түбір қуалап – автордың ойын беруден көрі сөзін сақтауға кіріссек, онда көркемдік ырғақты бере алмай қалуымызға мүмкін.

Көркем шығарманы аударуда әдебиеттік – көркемдік жағын ұмытуға болмайды. Мысалы, ағылшын тілінде «у каждого облачка есть серебряная подкладка» - деген мәтелді орыс тіліне «нет худа без добра» - деп аударады.1 Бұл жерде мәтелді дәл аударып, сонсоң орыс оқушыларына мәнісін түсіндірген. Ал, екінші бір мәтел: «он не успел сказать Джек Робинсон» дейді, мұнысы орысша «он оглянуться не успел» - екен. Осы мәтелді ағылшынның «Джек-Робинсонын» сақтап

сөзбе-сөз аударсақ түсініксіз болар еді. Сондықтан И.А.Крылов көп жасаған жанды көрсету үшін «Мафусаил» дың атын келтірсе, оны Спандияр Көбеев





1 «Правда» газеті, 1960 ж. 22 май, № 143, Фельетон – В.Маркин, З.Юрьев.

...Дәуіттей сенің жасың мыңға келмес...» деп аударады. Осы аударма туралы С.Қирабаев: «Мафусаил орыс халқында көп жасаған адам болса, Дәут, Лұқпан, Хакимдер – қазақ ұғымында көп жасаған адамдар. Бұл жерде жазушы халық ұғымына сай есімдерді пайдаланады»1 - дейді. Ол кезде осылай аудармаса болмас та еді. Оның үстіне әрбәр сөздің этимологичлық түбірін қуаламай, автордың ой ырғағын, айтылып отырған жағдайдағы дыбысын жеткізу керек. Бір кезде Фейрбах «религия» деген сөздің түпкі мәнісі – «Связь» деген сөзден шықты, сондықтан бұл «религия», құдай мен адам арасындағы

«связь» (байланыс) деп тапқан. Фейрбахтың осы жалған пікіріне қарсы шығып Ф.Энгельс: «Существительное религия происходит от глагола

«Zeligaze» и означало первоначально связь. Следовательно, всякая взаимная связь двух людей есть религия. Подобные этимологические фокусы предствляют собой последнюю лазейку идеалистической философии. Словам приписывается не то значение, какое получили они путем исторического развития их действительного употреления, а то какое они должны были бы иметь в силу своей этимологической родословной» 2 - деген Энгельстің сестен шығаруға болмайды. Ал, қазірде де орыс халқы «Абай» атын аудармайды, «Алдаркөсені»

аударады, өйткені «Алдаркөседе» мағына тұр, ол тегін қойылған ат емес. Ағылшын тіліндегі «Джек Робинсон», орыс тіліндегі «Богдан, Селифан», қазақ тіліндегі «Алдаркөселердің» халықтық қалыптасқан мағынасы бар. Ендеше, әңгіме сөздің этимологичлық түбірінде емес, автор айтқан ойда тұр, соны беру керек.

1932 – жылы шыққан «Әлі жандарға», 1935-жылы сын жазылды. Сол сында Гогольдің «Ноздревін – Тұмсықов, Собакевичін Итбаев» - Дегені туралы айта келіп «мін» тақты. Сол сынға 1936 – жылы Қ.Тайшықов жауап берді, сонда: «...Мазақ ат берудің үстіне атып типтің табиғатымен, мінез-құлқымен байланыстырады. Бұл фамилияларды аударған кезде (1930-жылы дейді Тайшықов) мен аудармай алсам Гогольдің ат қоюдағы мақсатын оқушыға жеткізе алмай қалам деген пікірде болдым. Ал өзге автордың жай қоя салатын «Журавлев,

Плугин» - деген аттарын мен «Тырна баласы», «Соқа баласы» - деп аударған да емеспін, аудара алмаймын да...» 3 дейді. Осылай айта келіп, Тайшықов Гогольдің өз сөзін келтіреді. Екі әйелге қойған



1 С.Қирабаев. «Спандияр Көбеев өмірі мен жазушылық қызметі», 1958. 69-бет.

2 Ф.Энгельс. «Людвиг Фейрбах конец классической немецкой философии». М.Гослитиздат, 1951, стр. 26-27. 3 Қ.Тайшықов. «Аударма түр.» «Қазақ әдеб.» 15 янв.1936. № 2.

аттарының себебін айтады. Мысалы, біреуін: «Приятная дама во всех отношениях» десе, екіншісін: «Просто приятная дама» - дейді. Олардың мінезін, қимылын да солай суреттейді. Бұларды Тайшықов:

«бар қылығы сүйкімді әйелә, «жай сүйкімді әйел» - деп аударса, Ипмағамбетов 1955 – жылы Тайшықовты көшіре салады да, ал 1956- 1958 – жылдары «барлық жағынан бірдей сүйкімді ханым», «жай сүйкімді ханым» - деп өзгертеді. Осы редакциясының өзінде үлкен екі хате бар, біріншіден: «Дама» - ханым емес, қазақша ханымының этимологиялық мәнісі басқа, ол ханның әйелі. Екіншіден: Гогольдің дыбысы – «ханым» түгіл, «әйел» - деуден де алыс жатыр, автордың дәл ойы екеуі де өсекші «қатын» еді дейдің қасында тұр. Бұл авторға берген Гогольдің астарлы ойын түсінген Басыйров татар тіліне: «һәр яқтан сөйкемді дама»; «Болай ғына сөйкемде дама» деп атаған. Чеховтың «Дама с собачкой» атты әңгімесін 1936 – жылы Әшім Омаров: «Қанден еріткен дама» - деп аударса, Әбжәміл Нүрпеисов:

«Қанден еріткен келіншек» деп аударады. Осылардың бәрі де ханымды біліп отыр. Ендеше, автордың ой ырғағын дыбысын аңғарып, соны жеткізу керек.

Осы екі текстің жалпы алғанда, айырмасы шамалы, мысалы,»есть род людей» - ді Тайшықов: «адам баласының ішінде» - десе Ипмағамбетов: «Адамдардың ішінде» дейді; Тайшықов

«Задорды»»құмары» десе, Ипмағамбетов: «ынтығы» дейді . «В первую минуту деген сөзді Тайшықов «қапелім» десе, оны Ипмағамбетов «» дегенде» - деп аударады; әрі қарай «приятной и добрый» деген сөзді

«ақ көңіл, сүйкімді» - десе, «сүйкімді, мейірбан дейді.

Осы бір кісі аттарына көп тоқталуымыздың себебі бар, өйткені үнемі таласқа түсіп келеді. 1957 – жылы «Көркем аударманың кейбір мәселелері» деген мақаласында Әнуар Ипмағамбетов: «Собакевич пен Ноздрев – Тамбов пен Рязанның помещиктері болмай, Тайсойғанның Итбаевы мен Татануовы болып шықты» - дейді. Бұл жоғарыдағы келтірілген Тайшықовтың сөзіне берген жауабы еді. Ізденудің жолында мұндай айтыстың болуы заңды. Осы жөнінде заманымыздың ақыны, беделді аударушысы С.Маршактың сөзін келтірейік: «Нельзя перекрашивать писателя другой эпохи в цвет своего времени – это было бы фальсификацией, подделкой, однако художественный перевод – не нотариальный. Он не бесстрастен. Внимательный глаз читателя и критика всегда уловит в нем почерк

века, почерк поколения, индивидуальный почерк поэта-переводчика»1


  • дейді.

Бұл сөздің мәнісі: «Өткен заманның түрін бояп өзгертпе, бірақ өз заманының ұғымына байланыстырып беруің керек, өз дәуірінің тілін біл!...» деп тұр ғой. Жуквоский, Лермонтов, Абай аудармалары да осы пікірімізге тиянақ болады. Ең соңғы аутарымыз оригиналдың сөзінен көрі ойына таяну керек! «Богдан» мен «Селифан» ды Гоголь Маниловтың мінез құлқын анықтау ретінде құрал еткен, ал автордың ой-тиегі сол кісі аттарында – «Богдан» мен «Селифанда» тұрған жоқ.

Осы халқының басқа мақал-мәтелдерін де қолдана отырып, Гоголь сол қалыптасқан түрін өзгертпей-ақ кестелеп сөйлейді. Образдың ішкі сырын ашуғаыңғайлап келтіреді. Мысалы, чиновниктер Ноздревтан Чичиков туралы әңгіме сұрайды, сонда Ноздревтің суайт өтірікші екенін, даңғазалығын айқындау үшін: «И все согласились в том, что как с быком не биться, а все молока от него не добиться» - дейді. Бұл жерін Тайшықов: «Барлығы да өгізді қаншама сауғанымен сүт шықпайды» деген нақылдың дұрыстығына келіп тірелісті» - десе, Ипмағамбетов: «Барлығы да тілесең қалай күт, өгізден шықпас сүт» - деген нақыл дұрыс екен деп келісті» - дейді. Мұны татар тіліне К.Байсыров: «һәмбарсы да угез білән ниқадәр генә азаплансаң да, барыбер сөт ала алмассың» - деген фикерге килделәр» - деп аударады.

Осы үш аударманы салыстырып қарағанда Тайшықов пен Басыйровтың автор ойын дұрыс бергендігін байқайсыз, ал Ипмағамбетов ұйқасын сақтаған. Бірақ «сүт» ке «күт» ұйқасып тұрса да Гогольдің ойына үйлеспейді. Қазақ ұғымында «күту» екі мағнада:

«ждать», әухаживать» қа келеді. Гогольдің «биться» деген сөзі

«сауғаныңмен» немесе «азаплансаң да» дегенмағынаға жақын. Сүайтылған соң «сауу» етістігі өзінен өзі сұранып тұрады: Қалайда аударылуы дұрыс болған. «қанден иттің қартайғанша күшік аты қалмайды» - десек орыс тіліндегі «маленькая собачка до старости лет щенок» - еріксіз есіңе түседі. Ендеше, ұйқасты да қуалай беру қажет емес.

Енді осы Гоголь Ноздревтің күйеуі Сафрон Межуевке мінездеме береді. «Ол бірден кісіге көнбейтін, өз айтқанынан қайтпайтын адам






1 С.Маршак. Литературная газета, № 41, от 4/ІҮ-1959 г., статья: «Почерк века, почерк поколения».

тәрізді көрінеді де, артынан кім болса соған еріп кететін екі ұрық жан» дегенді айта келіп:

«...Словом, начнут гладью, а кончат гадью» деген мақалды қолданады. Осыны Тайшықов: «қысқасы, бұлар басын таудай, аяғын қылдай қылып шығарады» - десе, Ипмағамбетов 1955-жылы:

«...қысқасы басы жып-жылмағай, аяғы сұп-сұмырай» деп аударады. Тайшықов құр нобалайды, орынсыз мақал етуге тырысады, даярды алады, ал Ипмағамбетов жаңа мақал етіп шығарған. Артық сөз де жоқ, сыртынан қарағанда Гогольдің ойы да, дыбыс ырғағы да түгел тәрізді. Алайда, «күле кіріп, күңірене шығады» десе дәл келетіндей. Осы жерін Ипмағамбетов 1956-1958 жылдары: «Қысқасы бастауын жып- жылмағай ғып бастаса да, аяқтауын былықтырып аяқтайды» - деп редакциялайды. Бұл текске артық сөздер қосылып, мақалдығы қожырап кеткен. «Бастау, аяқтау»-лар екі екіден айтылып, «ғып» деген сөз төтеден қосылып, жинақылығы кеміген.Ұзын-ұрғасы бұрылмаған. Мұны Басыйров: «қысқасы, яхшы батлап, қабахат очлыйлар» - деп береді. Келте де дұрыс аударылған.

«Ну, брат, ты, кажется, уже начал пули лить» деген сөзі Ноздревтің өтірікшілігін әйгілеу үшін айтылған мәтел. Мұны Тайшықов:

«О», сен, тым сықпыртып жібердің ғой» - десе, Ипмағамбетов 1955 жылы: «Беу, бауырым-ай, сен, сірә, бұршақтан бытыра құя бастадың білем» - деп аударады, ал 1956-1958 жылдары: «Қой, бауырым, сен тегі, бұршақтан бытыра құя бастадың білем»- деп, «беу»ді «қой»ға ауыстырып береді. Осы кейінгі аударманы жақтаймыз. Гогольдің ойы да, сөзі де түгел. Мәтел екендігі де көрініп тұр. «Сықпыртудың» өтірікші екені рас, бірақ» пули лить»тің кестесін бермейді. «Бұрщақтан бытыра құя бастады» - деу сөз саны артық болса да, қыбынды қандырады. Осы жерін Басыйров: «Ай, туған, синбик нық борчак ата батладың лабаса» - дейді. Бұл жерде «бик», «нық» деген сөздер бірін бірі күшейтіп тұрған жоқ, екеуінің мағынасы өте таяу, сондықтан қайталау тәрізді шыққан.

Орыс тілінде қалыптасқан мақал-мәтелдерді қазақшаға аударғанда екі әдіс бар: біріншіден ол қазақ тілінде болуы мүмкін, онда соны алу керек, немесе өзіндей мәтел етіп аудару керек. Әрине, Тайшықов та, Ипмағамбетов та, Басыйров та Гоголь емес екені көрініп тұрсын, сонымен бірге өз тілінде болуын көздеген жөн. Ендеше, «әр тілде жазған жазушылардың әдебиеттік ерекшелігі, не заман-дәуір

стилін көрсететін ерекшелігі, немесе өз басының айрықша жеке-дара жазушылық ерекшеліктері көрінбей қалмасын» 1 деген М.Әуезовтың пікірін толық қостаймыз. Бірақ бұл әдіс жеке сөздерді сақтау үшін қолданылмау керек. Мысалы, «барин, архалук, Хованский, Храповиций, Завалишин, Сопиков, Полежаевтер» аударылмаса болмайды, өйткені: «барин» тап қоғамы тудырған, теңсіздік дәуір жемісі. Ол қазақ халқында да болды. Өз «барині» болмаған «бахатты» ел жер жүзінде болған да жоқ. Ендеше, «баринді», «мырза» деуден еш нәрсе бұзылмайды. Стиль ерекшелігі де ол сөзде емес. Ал, «архалук» орыс тіліне түрік тілінен ауысқан сөз, бұл аңшылар киетін желбегей тон. «Арқалық» (арқаға жамылатын) деген мағынада. Гоголь, «чушка» десе оны да «шошқа» демей орыс әрпімен алудан қандай мақсат орындалмақ? Хованский-украйна тіліндегі «ховать» - «жасыру, тығу, бүгу, ұрлау» - мағынасында қолданылады. Ең негізгі мәнісі «пара алу»



  • болу шығады.

Мысалы, Гоголь: Дело устроено было вот как: Как только приходил проситель и засовывал руку в карман с тем, чтобы вытащить оттуда известные рекомедательные письма за подписью князя Хованского, как выражаются у нас на Руси...»

«Все те, которые прекратили давно уже всякие знакомства и знались только, как выражаются, с помещиками Завалишиным да Полежаевым (знаменитые термины, произведенные от глаголов

«полежать» и «завалиться» которые в большом ходу у нас на Руси, все равно как фраза: заехать к Сопикову и Храповицкому, означающая всякие мертвецкие сны на боку, на спине и во всех иных положениях, с захрапами, носовыми свистами и прочими приинадлежностями; все те, которых нельзя было выманить из дому даже зазывом на расхлебку пятисотрублевой ухи с двухаршинными стерлядями и всякими тающими во рту кулебяками; словом оказалось, что город и люден, ивелик, и населен как следует...»

десе, осында кездесетін «Завалишин, Полежаев, Сопиков, Храповицкийлерді» - өзгертпестен – орысша алған. Тайшықов, Ипмағамбетов, Басыйров – бәрі де бір ізбен шыққан. Олардың ойы Гоголь стилін, Гоголь ерекшелігін сақтау. Ал, ендеше Гоголь сықағын неге сақтамауға? Оригиналды оқығанда күлмеуге мүмкін емес, аударма ысқаяқ есітіледі. Күлмек түгіл түсіну қиын. Рас, кейде орыс






1 Мұхтар Әуезов. «Ревизов аудармасы туралы», «Қазақ әдебиеті» газеті, 1936 ж. 2 октябрь, № 37.

ұғымында бар, қазақ-татар ұғымына жат тұратын қайшылықтарды аудару қиын-ақ! Өз шындығында жоқ нәрсені беру оңай емес! Мысалы, баяғы Петербург, Москва ақсүйектері арасында сөйленетін тар шеңберге сыйған сөздерді аудару жеңіл емес.

Бірақ өз тілінде бар ұғымды беру оңай. Бір мысал келтірейік: 1929 жылы январь-февраль айында Бұхараның Ромитан ауданында

«Көне Шурча» атты қыстақта болдық, онда тәжіктер тұрады. Міне, сол жердегі тәжік тілінде «Хоб рәфтән» деген етістік бар. Бұл екі сөздің бірі

«Хоб» - ұйқы, орысша – сон деген сөз, ал екіншісі «рәфтән» жүру, кету

– орысша, «идти, войти, входить» деген мағнада, екеуі қосылғанда қазақша «ұйқыға кету, ұйықтау» - болады. Бір айта кететін жәйт – осы

«Көне шурча» халқы жерін суарады, ол суды он алты шақырым жердегі өзенненарық арқылы ағызып әкеледі. Жыл он екі айдың ішінде тоғыз ай еңбек істейді. Осы тәжік тілінде «жату» етістігінің басқа түрі жоқ. Қазақ тіліндегі «ұйықтау, мызғу, қалғу, мүлгу, жантаю, жанбастау, шынтақтасу, етпелеу, шалқалау...» бәрін де бір-ақ сөзбен айтады, онысы «Хоб рәхтән». Көрші түрік тілінен (өзбек, түрікпен тілінен) ауысқан «Ямбәш кәрдән» бар, бұл «жамбастау» мәнісінде. Осы етістік кейін кірген тәрізді, өйткені сирек қолданылады. Тіл-еңбек процесінің, өмір шындығының жемісі екені белгілі. Орыс тілінде «ұйықтау» «жату» етістігіне байланысты сөздерді аударуға тәжік тілі тапшылық етсе де, қазақ тілі бұл жөнде кімге болса төтеп бере алады. Қазақ тіліне аударуға Гогольдің нағыз оңай жері де осы.

«Айта кететін бір қызық жай: ұлан-байтақ кең дала мен оазистердің, адыр-қырқалар мен таулардың, шоқы төбелер мен сай- салалардың, жел мен дауылдың, найзағай нөсердің, шыжыған шілде мен теңіздей толқындаған дала селеуінің пейзаждық көріністерін, қазақ өмірінің әдет-ғұрпы мен тұрмыс салтының суреттерін барлық аударушылар да сәтті шығара алған. Мұндай ерекше сәттіліктің себебі, сірә, басқа себептермен қатар Дон казактарымен біздің қазақ ауылдарының табиғат ұқсастығынан, тұрмыс салттарынып ұқсастығынан да болса керек... Сонымен бірге бейнеленіп отырған шынайы өмірдің асылына, сырына, қатпар-қыртысына қанық болу

аударманың тағдырын шешетін ең басты шарт1...» дейді Мұхаметжан

Қаратаев. Сыншымыз осы ойды Шолоховтың «Тынық Дон» атты романың қазақ тіліне аударулуы жөнінде айтқан болатын, біз де осы






1 Мұқаметжан Қаратаев. «Туған әдебиеттер туралы ойлар» КМКӘБ. А. 1958 ж. 336-337 б.б. «Тынық Донның қазақша аудармалары, және Көркем аударманың кейбір мәселелері» атты мақаласында.

пікірді толық қуаттаймыз. Көшпелі қазақ елінде диқаншылықты, өндіріс орындарында еңбек етуді кәсіп қылмаған анайы елде «ұйықтау»,

«жату» етістіктерін неше саққа жүгіртіп құйқылжытуға мүмкіндік бар еді.

«Жатуды, ұйықтауды» - тоғышарлықты әдейі шенеп, крепостнойлық дәуірдің арамтамақтарын әшкерелеп тұрған Гогольдің ойын бермей, сөздеріне жармасудың қажеті жоқ-ақ, өйткені бұл «Завалишин, Полежаев, Сопиков, Храповицкийлер» аударылуға өздері сұранып тұрған сөздер. «Хованский» де солармен тектес, өйткені, пара алу, пара беру жөнінде де біздің тілде етістіктер аз емес. «Қымқыру, жымқыру...» тығысын-тағы толып жатыр.

Тұжыра айтсақ автордың сөзін емес, ойын аудару керек. Мысалы: «Оказалось в третьем ряду уселись рядком литераторы, фамилии которых, по странной случайности, имели прямое отношение к обуви.

-Смотрите, Калошин, Лаптев, Башмаков, Каблуков... А вон, там, подальше Георгий Чулков с Николаем Носковым. А сбоку у самого края Сапожников! Но почему же, скажите на милость, не пришел Голенищев?» 1 - дейді Анненский. (Бұл Владимир Галактионович Короленконың досы. «Түйенің тілі шығып жылқы туралы сөйлесе, онда түйе жылқыға еріксіз өркеш бітірер еді» - дейтін Аннескийдің осы сөзін М.Горький де үнемі аузынан тастамаушы еді» - деп Корней Чуквоский келтіреді. Осы фамилиялар аударылмаса Аннескийдің сықақ әзілі, ойының тиегі ашылмай қалар еді. Тағы бір мысал: «Бывало, выйдет

сатирический роман с похождением какого-нибудь пройдохи вроде известных похождений Совестдрала-Большого-Носа роман, в котором уже самые имена действующих лиц – Ухорезовы, Надуваловы, Шлюхины, Правосудовы, Беспристрастовы, Бескорыстины, Миловидины, Правдолюбовы и т.п.2» - десе, міне бұл фамилияларды да аудармай Белинскийдің ойын қазақ оқушыларына жеткізу қиын.

Әрі қарай Гоголь: «Не имей денег, имей хороших людей для обращения» - сказал один мудрец» - десе, Тайшықов «Ақшаң болмасын, бірақ сыйласарлық досың көп болсын» - депті ғой бір данышпан» - дейді, мұны Ипмағамбетов: «Ақшаң болғанша, әдеппен сыйласар жақсы кісілерің болсын» - деген екен бір дана адам» - деп береді. Осы жерін Басыйров: «Иөз сум акчаң булганчы, иөз дусың


1 Корней Чуковский. «Короленко в кругу друзей» . Журнал «Октябрь» № 9, 1960, стр. 197. 2 В.Белинский. Собрание сочинений в трех томах. Т.2. стр.610. М.1948 г.

булсын, дигән бит бір ақыл иясі дә-диді» деп аударады. Гоголь осы арада орыс тілінде қалыптасқан даяр мәтелді («не имей сто рублей, а имей сто друзей ді» өзінше өзгертіп беріп тұр. Мұны Басыйров ашып айтқан, Тайшықов пен Ипмағамбетов біле тұрса да Гогольдік өлшекнен шыққысы келмеген. Гоголь ойын Тайшықов ықшам берген. Оригиналда жоқ «бірақ» ты қосуы дыбыс ырғағы күшейтуге себін тигізген. «Мудрец» тің орнына «дана» мен «ақыл иясі» нен жері

«данышпан» артық тәрізді. Оның үстіне Ипмағамбетовтың «әдеппен» деген сөзі артық тұр, өйткені «әдепсіз» сыйласу мүмкін емес!

Гогольде қарапайым биязі сықақ (юмор) пен өткір мысқыл (сатира) қатар жүріп отырады. Сыртынан қарағанда сықағы басым. Өйткені өз заманындағы жөндеттерге ол көз етіп, әдейі істейтін тәрізді.

«Я, признаюсь, не понимаю, для чего это так устроено, что женщины хватают нас нза нос так же ловко, как будто за ручку чайника! Или руки их так созданы, или носы наши ни на что более не годятся. И несмотря на то, что нос Ивана Никифоровича был несколько похож на сливу, однако ж она схватила его за этот нос и водила за собою, как собачку1» - дейді.

Міне, Гоголь орыс тіліндегі «водить за нос» дейтін мәтелді өзінше қолданып, биязі сықақпен (юмормен) беріп отыр, мұнда орасан өткір мысқыл (сатира) жоқ. Осы жерін А.Елшібеков: «шынымды айтсам, әйелдер осы біздің мұрнымыздан шайнектің тұтқасын ұстағандай-ақ, қалай оп-оңай жетелеп жүре беретінін түсінбей-ақ қойдым? Не олардың қолы солай жаралған, немесе біздің мұрнымыз бұдан өзгеге жарамайды. Иван Никифоровичтің мұрны піскен қара өрікке ұқсастау болса да, ол мұнын осы мұрнынан ұстап алып, оны қанден итше жетелеп жүретін» 2 - деп аударады. Гогольдің зілсіз әзілін жақсы аударған: қанден итше жетелеуі дұрыс берілген, алайда өсімдіктер («ол, оны» көп айтылып ойды қожыратып тұр, «слива»-ны «піскен қара өрік»-деуі де орынсыз, әсіресе «піскен» артық сөз. Ал, енді тап осындай тағы бір биязі сықағын (юморын) келтірейік: «Никогда не говорили они (дамы): «Я высморкалась», «я вспотела», «я плюнула», а говорили: «я облегчила себе нос», «я обошлась посредством

платка». Ни в коем случае нельзя было сказать, что стакан или эта тарелка воняет...» а говорили вместо того: «этот стакан нехорошо




1 Гоголь. Сочинения. ГИХЛ. М., 1956, стр. 204-205

2 Н.В.Гоголь шығармалары екінші том. А.1952, 240

ведет себя» или что-нибудь вроде этого Чтоб еще более облагородить русский язык, половина почти слов была выброшена вовсе из разговора, ипотому весьма часть было нужно прибегать к французскому языку, зато уж там по-французски, другое дело, там позволялись такие слова, которые были гораздо пожесче упомянутых»



  • дейді. Биязі сықақпен (юмормен) бастап, бірте-бірте өрбіте барып ащы мысқылға (сатираға) айналдырып әкетеді. Осы жерін Тайшықов:

«...Мұндағы әйелдер: «мен сіңбірдім, мен терледім, мен түкірдім» - деген сықылды сөздерді ізнаһар ауыздарына алмас еді. Оның орнына

«мен мұрнымның жүгін жеңілттімә, «мен орамалмен сүртіндім» деп сыпайылап, биязылап айтар еді. «Мынау стаканнан, болмаса, мынау тәрелкеден жаман иіс шығады» - деп еш бір уақытта айтуға болмас еді. Мұның туралап өзін айту түгіл, анау «иіс-қоныс» дегендерге маңайластыра ештене айтуға жарамаушы еді. «Мынау стақан өзін тәртіпті ұстап жүре алмады» - деген сықылды ишарамен ғана айтуға болар еді. Орыстың тілін бұдан да кәрі сыпайландыру үшін бір сыпыра сөздер айтылудан, қолданылудан шығарылған еді. Ондай сөздердің орнына Пырансы сөздері қолданылар еді. Ондай сөздерді анау қолданудан шығарылған орыс сөздерінен қаратанырақ, салмақтырақ бола тұрса да о жағы сөкет саналмас еді». (ҮІІІ-141 б.) десе, 1955

«жылы Ипмағамбетов:» Мұндағы әйелдер: «Мен сіңбірдім», «мен терледім», «мен түкірдім» деген сықылды сөздерді ауздыраны алмас еді. Оның орнына «мен мұрнымның жүгін жеңілттім», мен орамал арқылы ғамал еттім» - деп сыпаылап, биязылап айтар еді.

«Мынау стақаннан, болмаса, мынау тәрелкеден жаман иіс шығады» - деп еш бір уақытта айтуға болмас еді. Мұнын туралап өзін айту түгіл, анау «иіс-қоныс» дегендерге маңайластыра ещтеңе айтуға жарамаушы еді. «Мынау стақан өзін тәртіпті ұстап жүре алмады» деген сықылды ишарамен ғана айтуға болар еді. Орыстың тілін бұдан да гөрі сыпайландыру үшін бірсыпыра сөздер айтылудан, қолданылудан шығарылған еді. Ондай сөздердің орнына француз сөздері қолданылар еді. Француз сөздері орыс сөздерінен қатаңырақ, салмақтырақ бола тұрса да, о жағы сөкет саналмас еді» (ҮШ-194 б.). Кейін шыққан екі басылуында да өзгеріс болмаған соң келтірмедік. (1956 ж. -237 б., 1958 ж.188б.). Басыйров татар тіліне «Алар бервақытта да: мин борын саңгердем», «мин триләдем», «мин тәкердем» - деп әйтмиләр, ә һәрвақыт: «мин борнымны арындардым;

«мин борын яулығы бәлән ихтияжымны утәдәм» - дип сөйләшәләр.

Шулай ук: «бу стаканнан яисе тарелкадан сасы ис килә» - дип әйтәргә, хәтта шуңа охшаш суа кулланырға да һичбер ярамыи, ә оның урныны:

«бу стакан унен адепсеа тота» - дип, яки шуның микелле башка берәр суз қушып сөйлилер иде. Рус телентағын да ныграк затлыландыру очен., сузләрнең яртысы дип әйтәрлек бөтенлей ташланған, шундықтап бик еш француз телеие мәрәжәгәть итерге кирек була, ләкин инде французчада еш башка, анда исә баяғыларға қарағанда тупасырақ сузләрне кулларнырға да рохсет ителә иде» (170-бет) – деп аударады.

Тайшықов пен Ипмағабетов аудармасы бір ізбен шыққан. Айырмасы – пырансы – француз, бұлар мезгілдің айырмасынан. «Я обошлась посредством платканы «Тайшықов» мен орамалмен сүртіндім» - деп тура айтқан, Гогольдің кіная әзілі әлсіреген. Мұны Ипмағамбетов «мен орамал арқылы ғамал еттім» - деп берген. Біздің ойымызша бұл

«ғамал ету» - ескі дүмше молдалардан қалған мұра болса да осы арада орнын тапқандай. «Еді деген етістік әлшеусіз көп айтылып аударманың сұрқын кетіріп тұр. Арап элементтері Басыйровта бұлардан көбірек-ихтияж», мәрәжәгәть, оның үстіне сол арап сөздері аудармаға көрік те беріп тұрмаған тәрізді. Өйткені, Гоголь қарапайым- ауызекі сөзге бейім жазушы, кітаби тілді, қиыннан қыстыруды (изысканность) қабылдай да бермейді.

Өз... заманындағы ғылыми терминологияны қолданып та әзілдейді Гоголь. Мысалы: «Видя, что все это были книги не для приятного препровождения (времени), он обратился к другому шкафу, из огня в полымя: все книги философские. Шесть огромных томищей предстало ему пред глаза, под названием: «Предуготовительное вступление в область мышления. Теория общности, совокупности, сущности и в применении к уразумению органических начал обоюдного раздвоения общественной производительности...» на всякой странице: проявление, развитие, абстракт замкнутость и сомкнутость, и черт знает чего там не было...» - дейді. 1936-жылы Қ.Тайшықов: «Мыналардың барлығы уақытты өткізуге жұбаныш боларлық заттар емес екендігін көрген соң Чичиков басқа бір шкафқа бұрылып қарады: судан шығын жарға қамалғандай болды. Ылғи толып тұрған фәлсәпе (филососфия). Көзіне алты том жуан кітап көрінді. «Ой өрісін кеңіту іліміне басқыш, қатнас қисыны тұтастық, шындық қисыны, әлеуметтік өндірістің өркендеу негізін қолдану жайы» - депжазыпты...бірнеше беттерін ашып қарап еді: «өркендеу өрбу, тұйық

ұғым (абстракт) қамалу, қосылу» - деген сықылды әлде нелерді ұшыратты...» (ІІІ-т. 264-бет) десе, осы сөздерді 1955-жылы Ипмағамбетов: «мыналардың барлығы укқытты көңілді өткізуге алданыш боларлық кітаптар емес екендігін көрген соң Чичиков басқа бір шкафқа бұрылып еді – мұнысы одан да бетер, ылғи бір философия кітаптары болып шықты. «Пікірлеу саласына әзірлік кіріспе. Тұтастық, бірлестік, түпкі негіз теориясы, және қоғам өндіргіштігінің бірдей өзара тпе-тең бөлінуінің құралымды негіздерін түсінуге қолданылатын теория» - деген орасан үлкен алты том көз алдында тұрды...Әр бетінде: «көрініс, өркендеу, абстракт, тұйықтау, ұштасу» деген сөздер, жын білсін, тағы әлде нелер кезедесе берді...» (1955-ж. 380-б) аударады. Кейінгі екі шығуында да өзгеріс кірмеген (1956-ж 551-б., 1958-ж. 363-б.)

Осы аудармаларға үңіле қарасақ Тайшықовтың реті келсе сөздерін сақтамауға да бара беретінің байқаймыз, «Кітаптар», орнына

«заттар» жүреді, «черт знает» ты тастап та тарта береді. Ипмағамбетов тыныс белгілеріне дейін сақтайды.

Алайда, Гоголь сықағы осы үзіндіде екі жерде тұрған тәрізді. Бірі

– «обоюдное раздвоение» де, екіншісі: «замкнутость и сомкнутость» - деген сөздерде. Осы сөздерді оқығанда еріксіз жылмиясың, өйткені, терминология жасаудағы сол мезгілде болған олақтықты көрсетіп тұр. Бір мағыналы екі сөзді қатар алып түсініксіз етіп топас аударғандарды сынайды. Осы сорақылық арқылы Гоголь берген келемеж аудармада шықпай қалыпты. Рас, екеуі де түсініксіз етіп аударған, бірақ

«Әріпқойлық»тың өзі жәрдемін тигізгендей, әдейілік жоқ. Терминология түсініксіздігін Әуезов «Ревизорда» жақсы келтірген:

«Его высокоблагородному светлости господину финансову от купца Абдуллина...» «Черт знает что: и чина такого нет!» - деген жерін: «Бек дегдар жақсымыз, қазына ұлт тақсырға Абдуллин купецтен...» «Чорт біледі не екенін: атымен мұндай чин де жоқ!» - деп аударады. Надан көпес Абдуллиннің чин үлкені – «қазына, ақша, ұлт» деп шатастыруы қандай дәл шыққан! Образ берілген. Әдейі айтқан Гоголь ойын әдейілеп, әдемілеп берген ғой!

Ал енді «Из огня в полымя» - деген мәтелді Тайшықов: «Судан шығып жарға қамалғандай болды» - («избегая воды наткнулся на крутой берег») – деп мәтел етіп Гогольдің ойын жеткізген қайырған. Орыс тілінде: «от дождя не в воду, от огня не в полымя» - дейтін ескі

мәтел бар («Жаңбырдан қажып суға жүгірме, оттан қашып жалынға барма!» дейді) Тайшықов әйтеуір, осы мәтелдің сөздерін бермесе де ойын, мәтелдік түрін сақтаған. Сонсоң «Шесть огромных томищей»-ді алты том жуан кітап»-деу «орасан үлкен алты том» деген турасөзден көрі тәуір шыққан. «Томищей»-де сықақ тұр. Оны тура қайырмай

«жуандату» дас сол әзіл сықағын сақтаудан туған тәрізді.

Өз тұсындағы ресми кеңес тілін арыздарда, қатынас қағаздарда қолданылатын сөздерді де Гоголь сықақ келемежге айналдырады. Теңдесі жоқ шебер Гоголь Иван Никифоровичтің Иван Ивановичті сотқа берген арызын келтіреді.

«Вследствие оного прошения моего, что от меня дворянина Ивана Никифорова сына Довгочхуна к тому имела быть, совокупно с дворянином Иваном Ивановым сыном Перенком; чему и сам поветовый миргородский суд потворство свое изъявил. И самое оное нахальное самоуправство бурой свиньи, будучи в тайне содержимо и уже от сторонних людей до слуха дошедшись. Понеженное допущение и потворство, яко злоумышленное, суду неукоснительно подлежит; ибо оная свинья есть животное глупое, и тем паче способное к хищению бумаги. Из чего очевидно явствует, что часто поминаемая свинья не иначе, как была подущена к тому самим противником, называющим себя дворянином Иваном Ивановым сыном, Перепенком, уже уличенным в разбое, посягательстве на жизнь и святотатстве. Но оный мирогородский суд, с свойственным ему лицеприятием, тайное своей особы согласшение изъявил; без какового соглашения оная свинья никоим бы образом не могла быть допущенною к утащению бумаги... (213 стр.)»,-

деген жерін Ахмет Елшібеков: «Менің, яғни Иван Никифор ұлы Довгучхунның атынан берілген арыздың аяғы бұлай болғаны, дворян Иван Иван ұлы Перерепенкомен бірге бұған Миргородтың советтік сотының өзі де әдейі себепкер болғандығынан қоңыр шошқаның өз бетімен омыраулап сұғанақтанғанын жасырып, білдіргілері келмегені көлденең адамнан құлаққа шалынды. Себебі, оның қоя берілуі және әдейі себепкер болуы, арам пығылмен істелгенге барабар, сотталуға бұлжымай жатады; өйткені ол шошқа ақылсыз болғанымен, қағаз ұрлау қолынан келетін айуан. Осы әлсін-әлі ауызға алынып отырған шошқаның қасақы адамның өзі, елді шауып шанышқан, адамның жанына қас қылуға оқталған, қасиетті нәрсені қорлаған айыбы

мойнына қойылған, өзін дворянмын деп атайтын Перепенко Иван Иван ұлының осыған үйреткені, міне осыдан айқын көрініп тұр» - (261-262-б.) ден аударады. Тура мағынасын беруінде қате баспаған! Бірақ шіркеулік-славян сөздерін бұрынғы қазақ молдалары сөйлеген арап сөздерімен бергенде әзіл-сықағы тіпті тәуір шығар еді. «Понеже онсе допущение, утащение, яко злоумышленное...» осы сөздердің бәрі Гогольдікі емес, кітаби сөздер. Олар бізде де болды ғой. Мысалы Хамза Есенжановтың «Ақ Жайық» романында: «Үшбу ғарза арқылы сізге еғлан етемін: осы жылы зауваның 27 жаңасында...уездегі лауазым иесі ұлықтары заңға хисап... деген Сізге мағлұм болсын: мен айтылған 27-зауза күні сіздің хузіріңізде болғаным хақиқат... Еғлан етуші Жол Нұрман ұлы – деп жазған «ғарзасы» қандай онды шыққан!

Түсініксіздігі де, топастығы да дәл, тура жол старшынның образы берілген! Осындай арап сөздерімен – кітаби сөздермен берсе Иван Никифоровичтің образы, ойы түгел шығар еді, сықағы да айқындалар еді ғой.

Гоголь сықағының биязі түрі толып жатыр, енді мына бір Белинскийдің аузына түскен жерін келтірейік.

«Славная бекеша у Ивана Ивановича! Отличнейшая! А какие смушки! Фу, ты пропасть, какие смушки! Сизые с морозом! Я ставлю бог знает что, если у кого-нибудь найдутся такие! Взгляните, ради бога, на них, - особенно если он станет с кем-нибудь говорить, - взгляните сбоку, что это за обьедение! Описать нельзя: бархат! Серебро! Огонь! Господи боже мой! Николай чудотворец, угодник божий! Отчего же у меня нет такой бекеши! Он сшил ее тогда еще, когда Агафия Федосеевна не ездила в Киев. Вы знаете Агафию Федосеевну? Та самая, что откусила ухо у заседателя» (стр.198) деген жерін А.Елшібеков: «Иван Ивановичтің ішігі қандай керемет! Ал, елтір3лері қандай! Туу, шіркін-ай, қандай елтірі! Темір қара көк! Біреу- міреуден мұндай елтірі табылатын болса құдай біледі, бәске не де болса тігер едім. Қараңызшы өзіне, құдай үшін, әсіресе ол біреумен сөйлесіп тұрғанда бір бүйірінен қараңызшы: бұ неткен үріп ауызға салғандай нәрсе! Ауызбен айтып жеткізерлі емес: Мақпал! Күміс! От! Құдай-ау! Қасиетті әулиелер-ау! Неге менің мұндай ішігім жоқ! Ол оны Агафия Федосеевна Киевке бармай тұрып тіктірген болатын. Агафия Федосеевнаны білесіз бе, сіз? Заседательдің құлағын тістеп алған әйел бар еді ғой, дәл соның өзі» - деп аударады. Бұл зілсіз биязы

сықақ (юмор), әсіресе күлдіріп тұрған жерлері «обьедение» мен

«откусила ухо у заседателя» - деген сөздерді! «Бекешаны» -

«обьедение» деу қандай алшақ ұғым! Оны «үріп ауызға салғандай» - деу де алшақ тұр, міне осы сөзі еріксіз күлдіреді. Елшібеков Гогольдің ойын да, сықағын да түгел берген, «Заседателдің құлағын тістеп алған әйел» - Агафияның да кескінін анық түсірген. «Николай чудотворец, угодник божий»-ді әдейі тастап, «Қасиетті әулиелер-ау!» - деп сөздерінен алыстаса да, ойына жақындаған.

Гоголь осындай «жиішкелеп» биязі сықақпен (юмормен) айтып отырады да соның арасында жалт бұрылып зілді мысқылға (сатираға) түсе кетеді. Өз бағытына икемдеп оқушыларын жетектей жөнеледі.

Өлі жандардың тізімін алып келгеннен кейін, «пайдаға шаш етегінен малынған Херсонның помещигі Чичиковты жұрт құрметтейді. Полицейместердің үйінде қонақта отырып ақылдасады. Осы мұжықтарды Херсонға айдап апаратын меңгеруші дейді. Жолшыбай тәртіп сақтайтын айдаушы керек деседі. Өліктерді тірі адамдай көріп, неше алуан ойларын айтып таласқа түседі. Олардың өлі жандар екенін жалғыз ғана Чичиков біледі. Сонда: «Многие сильно входили в положение Чичикова, и трудность переселения такого огромного количества крестьян их чрезвычайно устрашало; стали сильно опасаться, чтобы не произошло даже бунта между таким беспокойным народом, каковы крестьяне Чичикова. На это полицеймейстер заметил, что бунта нечего опасаться, что в отвращение его существует власть капитан-исправника, что капитан-исправник хоть сам и не ездил, а пошли только на место себя один картуз свой, то один этот картуз погонит крестьян до самого места их жительства...

...За советы Чичиков балгодаря говоря, что он (конвой) совершенно не нужен, что купленные им крестьяне отменно смирного характера, чувствуют самое добровольное расположение к переселению и что бунта ни в каком случае между ними быть не может», - дейді.

Биязы сықақтан бастап, зілді мысқылға апарып тірейді. Гогольдің ойы бірте-бірте басқыштап өрби береді.

Осы жерін 1936 жылы Тайшықов: «Жұрттың кәбі Чичиковтың халімен есептесті, мұншылық көп мұжықтарды көшіру оңайлықпен орындалып шықпайтыңдығын айтып бәрі шошынды. Чичиковтың бұл

мұжықтары сықылды белең алған жұрт арасынан көтеріліс жан-жал шығып кетпес игі еді, деп те қауіптенді. Полиция бастығы бұл қауыптың онша қатерлі еместігін, бұдан қорқып қажетті жоқтығын айтты.

Мұжықтар көтеріліс шығаратын болса, оған қарсы тәртіпті капитан бар, тәртіпті капитан өзі шапқылап жүрмей-ақ қойсын, так қана картозын жіберсе болғаны, сол картоздың өзі ғана мұжықтарды дүркіретіп мекендеріне айдап баратындығында сөз жоқ, - дегенді айтты.

«...Кеңес бергендіктері үшін Чичиков алғыс айтты, орны келген кезде бұл кеңестерді қолдануға дайын екендігін білдірді. Бірақ ешбір конвой, күзеттің керегі жоқ деді. Өйткені мұжықтардың бәрі де қой аузынан шөп алмас момын екендігін; қоныс аударуға өздері көңілді екендіктерін, еш бір көтеріліс болмайтындығын айтты...» - деп аударады. Осы жерін 1955-жылы Ипмағамбетов: жұрттың көбі Чичиковтың халімен санасты, мұншалық көп мұжықтарды көшірудің қиыншылығы оларды мықтап шошытты. Чичиковтың бұл мұжықтарды сықылды белең алған жұрт арасынан көтеріліс, жанжал шығып кетпесе игі еді- деп те қауіптеніпті. Полицеймейстер бұл қауыптың онша қатерлі еместігін, бұдан қорқудың қажеті жоқтығын айтты. Мұжықтар көтеріліс шығаратын болса, оны тойтарарлық капитан-исправниктің әкімшілік билігі бар; капитан-исправник өзі шапқылап жүрмей-ақ қойсын, тек қана картузын жіберсе де болғаны, сол картуздың өзі-ақ мұжықтарды дүркіретіп мекендеріне айдап баратындығында сөз жоқ», деді.


«...Кеңес бергендіктері үшін Чичиков алғыс айтты, орайы келген кезде бұл кеңестерді пайдалануға дайын екендігін білдірді, бірақ конвой, күзет атаулыдан үзілді-кесілді бас тартты: конвойдың мүлдем керегі жоқ, өйткені сатып алынған мұжықтардың бәрі де мейілінше момын, өз ықтиярларымен қоныс аударуға ынталы, олардың арасында ешқашан да бүлік шығуы мүмкін емес дегенді айтты...» деп аударады. Кейінгі шыққан екі басылуында да айырма жоқ (1956-ж. 281-282 беттерін, 1958-ж. 184-185 – беттерін қараңыз), сондықтан келтірмелік.

Енді 1953ж. Татар тіліне К.Басыйровтың аударғанын келтірейік...:

«куп кенәсә Чичиковтың хәленә бик нык керде, һәм шукадәр куп санлы крестьяннарны күчеру кыенлыгына куркып қарады; Чичиков крестьяннары шикелле тынғысыз халық арасында бунт чыгып

куймагае дип бик нык шүрли дә баклашылар. Полицеймейстер моңа қаржы төшеп, бунт чыгудан куркырга кирәкмәгәнлекие, аны бұлдырмау очен доньяда капитан сиправник барлығын, капитан-исправник, үзе бер дә бармыйчы, үзе ұрынына тик картузын ғана жибәрсә, шул картуз да крестьянларны нәк тора торғын жирләрене кәдә қуып алып барачагын белдерде...

«...Кинәшләре әчен Чичиков оларға рәхмет белдерде, кирек булганда файдаланбай калмаячағын әйтте, ә конвойны кискен ревештә кире какты, аның һичбер кирәге юк, сатып алган крестьяннар бик күркәм холығлылар, кучүне үзләрре теләп торалар, олар арасында һичбер бунт чыгарга мемкин түгел, диде», - деп береді. (165- 166 беттерін қараңыз).

Осы үзінді туралы айтарымыз: Гогольдің кінаялап кеткізіп, биязы сықақпен (юмормен) сырғытып отырған сөздерінің астарында үлкен сыр жатыр. Крепостной мұжықтардың шексіз қорқу дәрежесіне жетуі, билеуші тап өкілдерінің түссіз ахымақтығы суреттеледі. Чиновниктер өлі жандарды тірі адамдардай ұғады, ал тірі халықтар капитан исправниктің картузынан өлердей қорқатынын суреттейді. Гогольдің күлдіріп отырып жылатуы осы әдісінде, өмірді терең түсінуінде ғой.

Тайшықов пен Ипмағамбетов аудармасының арасында ешбір айырма жоқ, редакция ғана бар. Әйтеуір Гоголь сықағы (юморы) жақсы берілген... Басыйров аудармасында көп сөзділік бар, мысалы допьяда барлығын» - существует» - деген сөзге балама етіп алған, ал Ипмағамбетов «бастартты» десе, Басыйров: кискен рәнеште кире какты» - деп аударады. Осы арасын Тайшықов; «керегі жоқ» - деп жәйуәт берген. Өйткені Гоголь орынсыз әсерлеуді қажет етпейтін жазушы. Мысалы «беспокойный народ» - қандай қарапайым, және өмірде айтыла беретін күнделікті сөз. Соны Тайшықов: «белең алған жұрт» десе, оны Басыйров «тынғысыз халық» - деп жасанды сөзге соқтыққан, өйткені «тынышсыз, тынғысыздар» бұл жерде әдемі шықпаған тәрізді.

Сыншыл реализмнің іргесін салған Гоголь өз тұсындағы құлдық өмірді, Россияда болған шындықты сонша мысқылдағанын көрсетіп өттік. «Ревизор» мен «Өлі жандарында» бір жағымды кейіпкер жоқ дегенді айттық. Мұнысы өзінің туған отанын жек көруден емес, қайта сонша жақсы көргендіктен, сынай қарап, түзетуге жөн сілтеуі. Жаны ашығандықтан – ашына қимылдауы болатын.

«...Русь! Русь! Көріп отырмын сені, өзімнің керемет тамаша, алыс тұрғанымнан көріп отырмын... Сенің ештенең де көзді қызықтырмайды, сыйқырламайды да! Бірақ саған қарай елегзіте беретін құпия, ақыл жетпестік қандай күш осы? Бүкіл өңбойың мен көлденеңінде, теңізден теңізге дейін, ызындаған мұнды әніннің құлаққа үнемі естіліп, тынымсыз күңіреніп тұратыны несі? Осы бір әнде не бар сонша? Осы әндегі үздіксіз шақыра беретін, зар еңіретіп, жүректі пәрша-пәрша қылатын не нәрсе өзі?... Русь! Сенің менен тілейтінің не? Арамыздағы ақыл жетпестік құпия байланыс қандай? Неге бұлай қарайсың маған! Сендегі бардың бар-бәрі неліктен маған көз тігіп, не күтіп отыр?... Сен өзің ұшы-қиыры жоқ, шетсіз де шексіз де ел боп тұрғанда, шетсіз де шексіз пікір осында, сенде тумас па? Бой жазып, шырқап шығандайтын жері жеткілікті боп тұрғанда, қас батыр осында, сенде болмас па?... Табиғаттан тыс бір қуат көздеріме нұр құйғандай: па шіркін! Қандай жарқын да керемет, әлемге таныс емес «Ұланбайтақ Жәзира! Русь»... (Ә. Ип. 1958 ж. 262-263 бб).

«...Уа, Русь қайда самғап барасың? Жөнінді айтшы, жөнінді! Жоқ, жауап жоқ! Тамаша ғажап әуенмен күмбірлейді қоңырау; екпінмен паршаланған ауа жаңғырыға толқып, жел боп гүлейді; жер бетіндегінің баршасы құлдырап қалып барады, басқа халықтар мен мемлекеттер де алара қарап, ығыса жол береді оған...» (Ә. Ип.-1958 ж. 292 б) дейді.

Отанын сүйген Гогольдің келемежсіз тура айтқан көркем сөзін Әнуар Ипмағамбетов та тәуір аударады. Ал, сықағын Тайшықов артық береді. Ендеше Гогольді өз бойында әзіл-сықағы бар жазушы аудару керек. Сонда бұрынғы Қадыр Тайшықов аудармасынан да, кейінгі Әнуар Ипмағамбетов аудармасынан да керек жерлерін келешектегі аударушы пайдалануы жөн. Мұндай үлгілер орыс әдебиетінде де бар.

«Ревизор» - аудармасы өз мүлкіміз екені даусыз, алайда жоғарыда көрсетілген азғана кемшілігінен тазартылып қайта басылуы керек. Сонда Гогольдің мәңгі өлмейтін екі үлкен шығармасы қазақ тіліндегі аударма үлгісі болуында дау жоқ.

Фет аударған Шекспирді «Юлий Цезары» туралы революционер демократ сыншы Добролюбов: «Для перевода мало сохранить смысл

и соблюсти правильность и чистоту языка: для него нужна жизнь которого проникнут подлинник»1 - деген ғой.

Рас, «аударғанда сол түпнұсқадағы тек қана ойдың дұрыстығын, тілдің тазалығын сақтау кем соғады, сондағы көрсетілген өмір шындығын дәл беру керек» дейді ол.

Ендеше, үлкен шығарманың ішінде кездесетін түрлі қиыншылықтарды жеңу үшін, автордың ойын-өмір шындығын өз оқушына жеткізу үшін, оның бар ерекшелігін қамту керек. Біздің ойымызша осы ерекшеліктер сапына кіретіндер, негізінен алғанда, мыналар:



    1. Орыс тілінде кездесетін кісі аттары, фамилиялар: а)Ефим, Иван, Осип, Аксинья, Наташа, Чичиков, Петров, Абдуллин т.б. бұларды өз қалпында алу керек.

Б) Неуважай корыто, Доезжай – не поедешь, Сопиков, Храповицкий, Хованский, Ноздрев, Собакевич (Гогольде), Овсов (Чеховта), Калошин, Лаптев, Башмаков, Каблуков, Чулков, Носков, Сапожников, Голенищев (Анненскийде), Ухорезов, Надувалов, Шлюхин, Правосудов, Беспристрастов, Бескорыстин, Миловидин, Правдолюбов (Белинскийде) – бұларды аудару керек, өйткені осы аттар кейіпкердің мінез-құлқын ашу үшін керек болған аттар, аудармаса автордың негізгі ойы жетпей қалады.

    1. Кейіпкердің тұлғасын көрсету үшін автор әдейі қолданатын теріс сөздер, олақ өлеңдер болады. Мысалы – «Росея» (Россия), анжинер (инженер) Ксандрейка (Александрейка), ибери башка (убери голову) донкишотство (донкихоство) фетюк (орыстың фита – ә әрпінен алынған өрескел мағынаға айналған сөз) т.б. Міне бұларды өзінше алып түсіндіре кету керек. Кейбір олақ өлеңдерге өзіміздің

«әрияайдай» деген соң әрияайдай, ақ серкенің мүйізі қарағайдай» да жарап жатыр, ал кей біреулерін дәл сөзбе сөз аударса да олақ шығуында күмән жоқ, өйткені «буквальность не есть близость, а только несообразность»2- деген ғой Н.Г.Чернышевский.

З.Славянизмдерді келтіргенде автордың негізгі нысанасы олардың тексттен өзгеше тұруында, кейіпкердің кім екендігін ашып





1 Н.А.Добролюбов. М. Гослитиздат. 1934г., Полное собр.соч. т.ІІ, стр.643. 2 Н.Г.Чернышевский.т.2, 1949, стр.555, М. Гослитиздат.

көрсетуінде, ендеше қазақ тіліне аударғанда да олардың «мен мұндалап» оқшау тұруы жөн. Славянизмдерді аударудың қиын екенін Мұхтар Жанғалин де көрсетіпті. 1 Әрине, оңай емес, бірақ «При переводе архаических текстов... по возможности воссоздать на современном языке текст подлинника слегка архаизируя то, что и для них было старомодно, передавая обычным языком то, что было обычным для тогдашнего читателя, допуская некоторые языковые новшества там, где в свое время текст подлинника мог показаться новаторским...2» деген Иван Кашкиннің пікіріне қосылмауға болмайды. Қысқарта айтқанда өз тіліміздің ескі қорында бар арап-фарсы сөздерінен тап осы жөнде жерінбеу керек. Мысалы Иуда Головлев – жөйт Головлев, немесе Якуда Головлев болды, мақұл «Жөйт»-те

«яһуда» да жағымсыз кейіпкер есебінде біздің бұрынғы халық ұғымына ескі қысалар арқылы сіңген болатын.

4.Диалектизмдерді аудару біздің тілде әзір орын тепкен жоқ. Мысалы: Сібір, Новгород, Еділ бойындағы говорларды, олардың

«аканье», «оканье» «чоканьесін» аудару мүлде мүмкін емес, өйткені тіл ғалымдары қазақта диалекттер бар дегелі талай заман өтсе де, бұл әлі зерттеліп бір арнаға түскен жоқ, оның бер жағында біздегі диалекттер орыс тіліндегі диалекттердің маңайына да бара алмайды.

5.Идиомаларды, мақал-мәтелдерді аударуда үш түрлі әдіс бар тәрізді: а)ескі антик дәуірден қалған, дүние жүзіне белгілі идиомалар бар: «ахиллесова пята», «буриданов осел» «домоклов меч»,

«прокрустово ложе» «вавилонское столпотворение» т.б. Міне бұларды дәл аудару керек те түсінігін беру жөн.

Б)Ұлттық шеңберде ғана жасалған, басқа елге мәлім емес идиомалар бар. Мысалы «По Сеньке шапка», «Тришкин кафтан»,

«точить лясы» (балясы) «Попасть пальцем в небо» «у разбитого корыто», «Рыбак рыбака видит из далека», «шила в мешке не утаишь», «Волка бьют не за то, что он сер, а за то что он овцу съел» т.б. Мұндай идиомалар әр ұлттың тілінде бар. Қазақша: «Қап түбінде біз жатпас», («шила в мешке не утаишь») қасқырды сұрлығы үшін емес, ұрлығы үшін ұрады», («Волка бьют не за то что сер, а за то что он овцу съел») Қуға қу намаз шамда кез болады» (рыбак рыбака



1 М.Джангалин. «Об основных принципах перевода с русского на казахский язык» атты мақаласында – 1958 г.

2 «Вопросы худ.перевода» стр. 138

видит из далека» («Сабасына қарай піспегі») по Сеньке шапка) тағысып тағылар.

Ендеше бұлардың кейбіреуін әрбір ұлт тілінде қалыптасқан балама идиомалармен беруге болады екен, ал кейбіреулерін аудару керек те, бірақ мәтелдігін бұзбау жөн, мысалы «қасқырды сұрлығы үшін емес, ұрлығы үшін ұрады» - деу бұрын біздің тілде жоқ - қазір аударылып отыр ғой. Мұнын кейін мәтел болып қалыптасатыны даусыз.

В)Әр ұлттың өз тілінде сақталған идиомалар, алғашқы кезіндегі тарихы көне тартып, қазір енді дәл мағынасы өз тілінде де өрескел көрінеді, бұларды балама арқылы іздеп табу керек. Аударуға болмайды. Мысалы орыс тілінде «Кормить завтраками», «двух зайцев убить», «седьмая вода на киселе», «каждый сверчок, знай свой шесток», «Ни в зуб толкнуть», «Через пень колоду», «Как пить дать»,

«Черта с два» т.б.

Қазақ тілінде де мұндайлар бар, мысалы: «екі жеп биге шығады», («двух зайцев убить»); «Аяз би әлінді біл, құмырсқа жолынды біл», («каждый сверчок знай свой шесток») , «талағында биті бар», «ала қарғаның аузынан боқ алып жейді», «сау сиырдың боғы емес» т.б.

Ағылшын тілінде: «to land landing» («посадка гидроплана на воду»), мұны орысшаға сөз-бе сөз аудару мүмкін емес, өйткені

«приземлиться» (жерге қону) бар да, «приводиться» («суға қону») жоқ, ал біздің қазақ тіліне мұны дәл аударуға болады.

Тағы бір мысал орыс тіліндегі «двух зайцев убить» - деген мәтел немісше: «beide Hiegen mit eine Klappe zu schlagen» (Двух мух с одной хлопушкой убить - екі шыбынды бір-ақ ұрып өлтіреді) ағылшынша: «to kill those bizds with one stone» (убить всех птиц с одним камнем-барлық құсты бір таспен ұрып өлтіреді ). Қазақша: «екі жеп биге шығады». Осы мәтелдерді сөз-бе сөз аударсақ ешбір мағына шықпас та еді. Міне, әр тілдің өзінде қалыптасқан бодауын (төлеуін) табу деген осы. Орыс тіліндегі «остаться наедине», ағылшынша: «face to face» (лицом к лицу


  • бетпе бет) французша: «tete-a-tete» (голова к голове - бас па бас), немісше: «Augen zuru Augen» (глаза к глазам – көз бе көз) .

Қазақша – бет пе бет, көз бе көз, ауыз ма ауыз, оңаша жеке (қалып сөйлесу).

Ал енді этимологиялық түп мағынасын тексерсек орыстың

«наедине» - деуі де қате ұғым, өйткені «един – один». Біреу деген сөз, ал «наединенің осы күнгі мағынасында «екеу» бар. «Я с ним разговаривал наедине» - мен онымен жеке қалып сөйлестім – екеу емес пе? Біздің тілдегі «жеке» де фарсының «як» - «біреу» - деген сөзінен алынуы керек. Заты, мұндай жерде этимологиялық мағынаны қуалаудың да қажеті жоқ тәрізді. Қалайда өз мезгіліндегі тіл қорынан адаспау керек. Өз дәуіріне түсініксіз шықса – ол шығарма жеміс бермейді, ал жеміс бермесе пайдасыз болады, ендеше оның керегі де жоқ. Біздің ойымызша аударылмайтын нәрсе жоқ. Бұл пікірімізді 1954 – жылы 2 августа «правда» газетіне жарияланған мақаласында жазушы- академик М.О.Әуезов та айтып өткен болатын. Сонда «Утверждать невозможность передачи путем перевода всех свойств оригинала в целом... значит дойти до оценки языка оригинала, как некоей не изобразимой на другом языке тайнописи» - деген еді.

«Әдебиет өмірі-адам өміріне ұқсас, ол туады, өсіп ер жетеді, кемеліне келіп толысады. Жеке адамның өмірінен жалғыз-ақ айырмасы бар – әдебиет өлмейді. Бұл жөнде ол табиғаттын өзі тәрізді



  • құлпыра береді». Ендеше, біздің айтарымыз алғашқы аудармадан соңғы аударма артыла бермек. Әрбір келесі аударушылар өзінің осы ролін орындасын! Өмір озған сайын тілек те, талғам да күшейді. Тілдік нормалар да өзгеріп отырады.

Ендеше, біздің қазіргі аударуымыз да, салыстыруымыз да дәл бүгінгі күннің тілегі деп ұғамыз, ал келешекте бұдан артылатынына кәміл сенеміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет