Көрші ел бірімен бірі қарым-қатынас жасамай отырмайды. Араласқан жерде ауыспай қоймайды. Осы ауысу рухани жолмен де, материалдық түрде де болады. «Ақыл-ауыс, ырыс-жығыс» - деген ескі мәтел халық тәжрибесінен туған ғой.
Қоныстас көрші отырған орыс әдебиетінің әсері қазақ әдебиеттінде ұшан-теңіз. Сонау он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысынан бері қарай белгілі демократ жазушыларымыз: Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтардан бастап-ақ орыс әдебиетінің үлгілері жайылғаны даусыз. Бұған жұртшылығымыздың бәрі мойындайды. Сол әсерленудің үлгілері қай жазушымызда, қандай дәрежеде болғаны зерттеліп те, айтылып та жүр. Біз де сол сарында қазақ әдебиетіне жасаған Гоголь әсерін, шет- пұшпақтан болса да, шола кетпекпіз, өйткені қазақ тіліне тұтас аударылып, өзінің төл мүлкі болып отырған Гоголь сынды ірі классиктің ояну, өсу дәуірінде қолғабысын тигізуі анық, оның үстіне әдебиетіміздегі түрлі-түрлі әдістер әр қилы жанрда кемелденіп, қаулап өсіп келеді. Ендеше, әдебиетіміздегі Гоголь әдісін арнай зерттейтін мезгіл де жеткен тәрізді.
Бір елдің әдебиеті екінші елге әсер етеді де - ой өрісі кеңиді, өмір тану жолы тар шеңберден сытыла шығып, өнеге-үлгі алу арқылы есейіп-ер жете береді.
Бір елдің екінші елге жасаған әсері өзінде жоқты көрші елден алуға ділгерліктен туады, өскелең өмір ықтиярсыз туғызады.
Мәдениетті жоғары ел-мәдениеті төмен елге әсер етсе, тағы керісінше мәдениеті төмен ел де өзінің кейбір әсерін әлгі өзінен жоғары тұрған елге де жасай береді. Совет елінің өркендеу тарихы бұл ойымызға айғақ бола алады. Мәдениеті жоғары орыс еліне біздің татар, өзбек, қазақ елдерінің де талай ұғымдары қазір сіңіп отыр.
Бір елдің өз адамдары да өсу жолында біріне бірі әсер етпей қоймайды. Орыс әдебиетінде Гоголь өзінен кейінгі жазушылардың көбіне әсерін тигізді, әсіресе Салтыков-Щедрин, Чеховтарды әсерлендірді. Бұлар Гогольмен стильдес (әдістес) жазушылар. Гогольден стилі аулақ жатқан Тургенев, Достоевскийлерге де оның әсері зор. Сондай-ақ А.С.Пущкиннің ащы мысқылы да Гогольге әсер бермей қойған жоқ. Бір жазушының екінші жазушыға тигізген әсерін дәлелдеу үшін кейде тақырып ұқсастығы, кейде жанр ұқсастығы, кейде әдіс ұқсастығы зерттеледі. Бірақ тақырыбы да, жанры да бірдей бола тұрып әр елдің ұлы жазушылары оқиғаны өзінше - ерекше беруі мүмкін, бұлар біріне бірі ұқсамайды да. Мысалы Байронның
«Мазепасы», Пушкиннің «Полтавасымен» тақырыптас. Байронның да, Пушкиннің де алған тақырыбы - тарихи образ Мазепанның образы, жанры поэзия. Осындай екі-жақты ұқсас бола тұрып та бұл шығармалары бірінен-бірі мүлде алшақ жатады. Байронды Мазепанның жас шағы, бозбала көзі, ыстық махаббаты, албырт күнінде кезендіге ұшырауы қызықтырады. Бұл жағын қапысыз әдемі береді ол. Ал Пушкинді Мазепанның албырттығы, махаббаты қызықтырмайды, Пушкин сол Мазепа образы арқылы, Бірінші Петр заманындағы Россия тарихын көз алдына алып келеді. Полтавада Мария мен Мазепа арасындағы махаббат көш-жөнекей айтылады да оның орнына Мазепанның жауыздығы, отанын сатқандығы суреттеледі. Ендеше, Пушкинде адамгершілік пен жауыздық безбенге түседі. Адамгершілік-әділдік - Сәкенше айтқанда: «жауздықты ауыздықтап, ит келмеске борсылдатып айдайды. «...Отанын сүйген ұлы ақын А.С.Пушкин осылай шертеді. Олай болса тақырып ұқсастығы да, жанр ұқсастығы да әсерленудің шет-жағасын көрсете алады, алайда тура тиянақты айғағы бола алмаса керек.
Неміс ақыны В.Гетенің «Страдания молодого Вертера» атты хатпен жазған романы Достоевскийдің хатпен жазған «Бедные люди» атты романына прием-әдіс жағынан ұқсай тұрып, бірінен бірі алшақ жатады. Гогольдің «Шинелі» мен Достоевскийдің «Бишаралары» - да біріне бірі ұқсас жәзе проза жанрында жазылған. Екеуі де бір
замандағы департамент көшірмешілері – сорлы чиновниктердің кемтар өмірін суреттейді. Гогольдің «Шинеліндегі» Акакий Акакиевич Башмачкин мен Достоевскийдің «Бишараларындағы» Макар Алексеевич Девушкин екеуі бірінен бірі аумайды. Екеуі де патшалық Россиядағы жоғарғы қауымның ең төменгі баспалдағына тұрған сорлы чиновниктер (!Шинель» 1842-жылы басылды, «Бишаралар» 1846 – жылы басылды). «Бишаралардағы» Макар Алексеевич «Шинельді» оқып шыққанда қатты ашуланады. Сонда: «...Осыны, «Шинельді» жазған жазушы да білуге міндетті еді... кей кезде мұқтаж болған соң шай ішпейді екен деп бөтен біреу туралы жазудың керегі не? Тап бір елдің бәрі жапа-тармағай шай іше беретіндей!
«Е, мынау не жеп отыр екен», - деп мен жұрттың аузына қарайың ба? Осылай етіп мен кімді жәбірлеппін?...»
«...Кейде, әрине, жаңа бірдеме тіктіріп кигенде, қуанатының шын, ұйықтамайсың, қатты қуанасың, мысалы, жаңа етік болса, сондай мәз болып киесің – бұл рас, мұны сөзгенім бар. Бұл дұрыс суреттелген. Бірақ... Тіпті осындайды жазудың керегі не? ...Немене, осылай жазғаны үшін оқушылардың біреуі оған шинель істеп бере ме? Әлде жаңа етік сатып әкеп бере ме?...
«...Тым болмағанда аяқ кезінде түзелсе тәуір болар еді... Солай бола тұрса да, міне бұл әділ, ізгі... жақсы азамат еді, үлкеннің сөзін байымдап тыңдайтын еді... Ешкімге жамандық ойламайтын, құдайға сенетін еді. Сөйтіп, жалаумен өліп кетті дегенді кіргізсе тәуір болар еді. Тіпті ондысы, ол бишараны өлтіріп тастамай, былай етсе: Шинелі табылса, сонсоң ана генерал мұнын ізгі мінездерін толық білгеннен кейін кеңсесіне шақыртып алып, чинін жоғарылатып, жақсы жалақы берсе, байқап отырсыз ба, міне сонда қандай болар еді?!
«...Жауыздық жазасын тартып, ізгілі үстемдік алар еді, ал кеңседегі жолдастарының бәрі де далиып босқа қалар еді. Мысалы, мен болсам осылай істер едім; ал мұнда қандай ерекшелік, нендей жақсылық бар? Күнделік жаман пасық тұрмыстан алынған бос мысал... Бұл тұп-тура өтірік, өйткені мұндай чиновниктің болуы мүмкін емес...»1 деген сөздерді Достоевский Макар Алексеевичтің аузынан айтқызады.
«С Нинельді, оның авторы Гогольді жақсы көретінің Достоевский жасырмайды. «Шинельді» қасақана жамандатып, Макарды
1 Достоевский. Бишаралар. А. 1955-ж. 71-72-73 беттерін қараңыз. (Адур. Сәйділ Талжанов).
келемеждеп отырады. Гогольдің әзіл-сықақ әдісіне еліктегенін де анық білдіреді.
Кейде Достоевский Гогольдің басқа шығармаларынан да сықақ әдісін қолдана кетеді. Мысалы «Өлі жандарда» көсірші Селифан Чичиковке былай жауап береді.
«...Коли высечь, то и высечь; я ничуть не прочь от того. Почему же не посечь, коли за дело? На то воля господская. Оно нужно посечь, потому что мужик балуется, порядок нужно наблюдать. Коли за дело, то посеки почему же не посечь?... десе, Достоевский «Бишараларда» Макар Алексеевичтің аузына мынадай сөз салады: «Отчего же не распечь, коли нужно нашего брата распечь? Ну, да положим, и так, для тона распечь – ну и для тона можно, нужно приучать, нужно острастку давать...Это впорядке вещей!... (Достоевский «Бедные люди», стр. 68-69, Л., 1955 г.) дегізеді. Айтылған ойдың да, сол ойды беру үшін қолданған сөздің де айырмасы жоқ. Осы сөздерді айтып тұрған кейіпкерлердің де айырмасы шамалы-ақ? Өмір шындығы осылай, Селифан мен Макар сол шындыққа амалсыз бағынып тұр. Солай сөйлемеске правосы жоқ.
Тіпті осы ойды беретін сөздер басқаша құрылуы да мүмкін, Мысалы – 1936 жылы Гогольдің әлгі сөзін Қадыр Тайшықов: «Таспа алсаңыз, таспа алыңыз, мен одан қашпаймын. Не үшін таспа алмасқа? Мырза солай тілейді екен, алу керек таспаны! Таспа алу әбден керек, өйткені мұжық жаза баспай жүре ме? Тәртіпке бағыну керек! Күнәм бар екен, қылша мойным талша. Ал таспаны, неге таспа алмасқа!...(«Өлі жандар» 1936, 38-39 б) – десе, 1955 жылы Әнуар Ипмағамбетов:
«...сойып салу керек болса, сойып-ақ салыңыз; оған түк қарсылығым жоқ. Айыпты болса, сойып салмайтын несі бар! Бәрі де мырзаның өз еркінде! Абзалы сойып салған жөн, өйткені мұжық деген жаза баспай жүрмейді; тәртіпті бұлжытпау керек қой. Айыпты болса, сойып-ақ сал; сойып салмайтын несі бар? «1955, 50-бет) – деп аударады.
1955 – жылы Достоевскийдің сөздерін: «Шыжғыру керек болса, біздейлерді шыжғырмай несі бар? Мысалы, тіпті қыр көрсету үшін шыжғырсын, рас, қыр көрсетуге де болады; үйрету керек, сілкілеу керек. Заңды нәрсе – бұл ежелден белгілі...(«Бишаралар» А.1955, 72 б) дейді. Осы аудармалардың сөздері ұқсамаса да, ойларының бірлестігінде қапы жоқ.
Міне, осынша ұқсап, әсер алғаны айқын көріне тұрса да бұлар жеке-жеке мұралар. Өйткені Шинельдің басты кейіпкері Акакий Акакиевичті Гоголь сырттай келемеждеп, соның әжуаланған бейнесіне көбірек көңіл аударса, Достоевский Макардың ішіне тереңдей кіріп алып, ащы шегін айналдырады: Сорлы Макардың жан құбылысын ақтарып, оқушының сай-сүйегін сырқыратады. Ендеше, Достоевский біраз жерге шейін әсерін алып, Гогольше ырғалтып барады да әрі қарай тақырыпты өзінше меңгеріп әкетеді. Гогольде жоқ сырларды ашады.
Гоголь «Ревизорда». «Так как я знаю, что за тобою, как за всяким, водятся грешки...» (стр.322) десе, Достоевский «Бедные люди» атты романында: «...Конечно, кто же в малом не грешен? Всякий грешен, и даже вы грешны, маточка!...» (стр.67) дейді. Осыны аударғанда М.О.Әуезов: «...Мен білем ғой, сен де жұрт қатарлы күнәдан мұнтаздай жан емес ең, өйткені ақылды адамсың ғой, құдайдың беріп тұрған несібесінен кім қашады?...» (Гоголь. Шығармалар. ІҮ-т. 10 бет, 1953 жыл) дейді.
Достоевский сөзін: «...Әрине, азын аулақ күнә кімде болмайды?
Кімде болсын күнәлі, тіпті, сәулем, сіз де күнәлісіз ...1» деп аударады.
Рас, екеуі де «күнәдан» бастайды, бірақ ойдың тұжырымы бөлек- бөлек шешіледі. Мысалы: Гоголь конкреттік «күнә» пара алуды шенейді, ал Достоевский жалпы адам баласында болатын орасан бұзақылық, «Үлкен әдепсіздік» жоқтығын айтқызып, «кішігірім күнә» уақа емес дегендей емеурін көрсетіп әжуалайды.
Бұл үзінділерді келтіргендегі ойымыз: Гогольдің әсері Достоевскийге тигенін дәлелдеу. Ал Достоевскийдің әзіл-сықаққа (юмор), терең мысқылға (сатира) бара бейрмейтіні жалпы жұртқа аян. Ендеше өзімен әдісі бір стильдес Чехов, Салтыковтарды былай қойғанда, кейінгі буында шыққан орыс әдебиетшілерінің бәріне де Гоголь әсері тигені анық.
Үлгі-өнеге бірден бірге кеше береді, өсе береді. Гогольге әсерін тигізген ұлы ақын А.С.Пушкин болатын. Екеуі таныспай тұрып (бұлар 1831 – жылы жазды күні танысты ғой, сонда Гоголь тура 22 жаста еді)
«Борис Годунов» атты трагедияны көргенде оның авторы Пушкинге Гоголь тәзім етіп, мынадай ант ішті: «Уа, ұлы данышпаным! Сенің
1 «Бишаралар». 1955ж. 71 (Аудар.Талжанов)
мына мәңгі өлмейтін шығарманың алдында ант ішемін!... Мен әлі тазамын, жаспын; пайдакүнемдік, құлдық ұрып жарамсақтану, ұсақ- өзімшілілдік тәрізді жексұрын сезімдер әлі жүрегіме ұялаған жоқ... Егер келешекте солардың әуеніне еріп, сен оятқан, сен бойыма сіңірген жалынды сөздердің дыбысын ұмытсам... сені қорласам... – онда жанымды жылан шақсын...»1 деп еді.
(«Борис Годунов» атты Гогольдің осы мақаласы көзінің тірісіңде жарық көрмей қалды).
Пушкиннің Гогольге күшті әсер етуі, осы «ішкен антынан» да анық көрініп тұр. Жалпы әсері бар екені даусыз ғой, енді әжуа, сықақ, мысқыл әдісінің өзі де сол Пушкиннен тарап, Гогольдің бойына сіңген тәрізді. Мысалы граф Воронцовты: «Шала мырза, шала көпес, шала данышпан, шала надан, шалағай зұлым, бірақ түбінде толығар деген үміт бар» - деп келемеждейді. Осы эпиграммасы ащы мысқылдың ұмытылмас үлгісі емес пе? Бірінші Павел патшадан граф атағын алған, әйгілі жарамсақ Аракчеевке бағыстаған эпиграммасы да бар.
Пушкинде ащы мысқыл мен қатар, сырты биязы сықақпен де басталып, ішкі мәнісін удай етіп беретін әдіс бар. Мысалы бір журнал сыншысын есекке теңеп әжуалайтын өлеңінде:
«Жақында бір жіберіп ем ысқырып,
Өлең шықты, бастырдым мен кол қоймай; Қол қоймастан мақаласын қыстырып, Журнал қуы сол өлеңге салды ойбай!
Бейпіл неме ізімді андып қалыпты; Менде де оның аштырмадым адымын. Ол қу мені тырнағымнан таныпты,
Мен де оны құлағынан таныдым,2 - дейді.
Бұл өлеңде Пушкин өзінің арыстан екенін, «Қу сыншының есек екенін ашып айтпай-ақ» жиішкелеп» жеткізеді. Мұндай ащы мысқыл, биязі сықақтардың талай үлгілерін келтіруге болар еді. Осылардың
1 В.Ермилов. Гоголь шығармаларына жазған беташар. 1956 ж. 5 бетін қараңыз.
2 Қасым Аманжолов. Шығармаларының толық жинағы. ІІ-т., 335-б., А.1956. «А.С.Пушкин. Собрание сочинений).
бәрі Гогольге әсер етпей қойған жоқ. Жалпы әсерді былай қойып конкреттік әсерін айталық. Онда «Шинель»-дің тууына себеп болған шығарма Пушкиннің «Бекетші»-сі («Станционный смотритель») десек қателеспейміз. Байлар дәуіріндегі «ақшалы адамды» Пушкин қандай жек көрсе, Гогольде сондай жек көрді. Екеуі де өз тұсында адамгершілікті жырлады. Орыс әдебиетіне осы салтты орнатты. Буржуазиялық қауым табанына таптаған, көзге ілінбейтін «кішкене адамның» намысын жыртты. Бұл сарында А.С.Пушкин «Бекетші» атты әнгімесінде қалай көрсетсе, Гоголь де «Шинель» атты повестінде солай көрсетті. Ендеше, бұл екеуі іштей бірімен бірі үндес шыққан, әсерленуден туған еңбектер.
Әсерленудің – үлгі алудың орыс әдебиетіндегі түрлері неше алуан. Орыс әдебиетшілері Гогольдің еткен әсерін түгел қамту мүмкін емес. Оны сүймегені, оған еліктемегені жоқ тәрізді. Мысалы: 1852 жылы 21 февраль күні Полина Виардоға жазған хатында И.С.Тургенев:
«...Үлкен бақытсыздыққа ұшырадық - Москвада Гоголь өлді, бар
«мүлкін» отқа өртеп кетті – бәрін де – «Өлі жандардың» екінші томын да, талай-талай бітккен еңбектерін де, жаза бастаған дүниелерін де – қысқасын айтқанда – бәрін де түгел өртеп кетті... Бұл қаралы күннің салмағын сіз түсіне алмассыз. Осы минутте қан жұтпаған орыс жоқ. Біз үшін ол құр жазушы ғана емес еді ол біздің өзімізді өзімізге танытып еді...Шетелдіктердің ішіндегі өткір ойлы – көреген Мериме1 де Гогольді
«сықақшыл» (юморист) жазушы деп ұғады...Тағы айтайыншы, біздің кімнен айырылғанымызды ұғыну үшін нағыз орыс болуыныз керек2...» - дейді И.С.Тургенев. Ендеше орыс әдебиетінде Гоголь әсері тимеген жазушы жоққа тән, бірақ әрқайсысында әртүрлі.
Орыс әдебиетінен қазақ әдебиетінің үлгі алуы да қилы-қилы. Біз Гоголь әсерін барлық жазушылардан да табуымыз мүмкін. Алайда, жазушылар әдісі түрлі-түрлі болғандықтан, біз солардың ішіндегі Гогольге бейім тұрғандарынан іздемекпіз.
Орыс әдебиетінен үлгі алуымыз да, оның әсері көп тигені де даусыз. Осыған қарап Абай, Ыбырай, Сәкен, Бейімбет, Мұхтар, Сәбит, Ғабит, Ілияс, Ғабиден т.б. тек қана Гогольге еліктеді, содан ғана әсерленді деу қатеге соқтырар еді.
1 1851 жылы «Ревю дэ де Монд» -атты журналдың 15 декабрьде шыққан 12 томында П.Мериме
«Гоголь сықақшыл жазушы, бұл ағылшын сықақшыларынан кем түспейді» -деген ғой. Мерименің осы қате пікірін қуана қарсы алып Ф.Булгарин «Северная пчела»ға Гогольді екі мақала жазғанды.
2 И.С.Тургенев «Собр.чос. т.12 М. 1958г. стр.104-105
Екінші «бір мәселе орыс әдебиетінен еліктеуіміз аударма арқылы болды ма, немесе тікелей түпнұсқадан нәр алдық па? Бұл сұрауға берер жауабымыз да жазушыларымызға қарай екі түрлі болу керек. Әрине, жазушылардың басым көпшілігі әсерді түпнұсқадан тікелей алып отыр, ал біразы аударма арқылы да әсерленуі мүмкін. Бұрын да айтып едік, реті келгенде тағы айтып кетелік, біз аударма әдебиетінің өсу жолынтөл әдебиеттің өсу жолынан бөлгіміз келмейді.
Ал енді орыс әдебиетінен үлгі алу үшін жөнінде пікірін айтатын жолдастардың кейбіреулері мынадай топшыллауларын да ұсынады. Мысалы, 1957 жылы Бейсембай Кенжебаев пен Серік Қирабаев: «Топ- Жарған» (1907) поэмасын жазуда Мұхаметжан Сералин орыс халқы классик әдебиетінен, атап айтқанда, Гогольден, оның әйгілі «Ревизор» пьесасынан өнеге алғаны айқын көрінеді» 1 - дейді. Бұл пікірге біз қосыла алмаймыз. Біріншіден Мұхаметжан Сералин көркем әдебиеттен көрі, көсем әдебиетке (публицистика) бейім адам. Былай
айтқанда, жазушылығынан-ақындығынан-журналистігі басым. Екіншіден «Топ-Жарған» поэмасында сықақ, мысқыл әдісі жоққа тән.
«Топ-Жарған» хикаясы 1898-жылы, 13 апрельде жазылып бітеді.
Әңгіме басталғанда Кене-Сарының ауылы суреттеледі.
«...Қасында Төлеңгүті жүз қаралы үй, Жігітінің айтқаны өлең, тартқаны күй, Кәсібі жортуылдан мал әкелген,
Ханынан жақсы ат тартқан алады сый...»,- дегенді айтады.
Үш жігіт Кенесарының ауылынан жорыққа аттанып, Қабырға өзенінің жағасында ұйықтап жатқан біреуге кезігеді. «Белінде қылыш, үстінде шидем, тері тымақ, қазақы етігі бар, басы сынған жнелқом ер жерде жатыр, тұсаулы жауыр торы оттап тұр екен»...дейді. Осылай қапы жатқан бишараны бассалып, байлап алады да әлгі үш «батыр» тұтқынға өздерін таныстырады...»
Сұрасаң біздер ханның төлеңгіті, Қарасай Қошалақта елдің шеті.
1 Б.Кенжебаев, С.Қирабаев.ү «ХХ-ғасір басындағы қазақ әдебиеті» 21 бетін қараңыз.
Біз сені Кене ханға апарамыз, Құл ғылып бірімізге біз аламыз...
дей келіп, «өзің кімсің, атың жүйрік пе? – Кенеге тарту етіп сый алар едік...» - дегенді сөйлейді. Өстіп келе жатқанда тұтқын жігіт: «сендер не кәсіп істейсіңдер? – деп сұрайды.
«...Жатпайды жігіттері ханның текке, Жорыққа жортуылшы шығар шетке, Олжаны құғыншылар салар көпке.
Семізін келген малдың сойып жеген, Ат, киім, жаудан түссе мініп, киген, Жетім, жесір алынса жортуылдан, Өзіне алушының түгел тиген.
Олжада жетім-жесір малдан артық. Келеді қалқы олардың тарту тартып, Барлардың ағайыны көп мал беріп,
Сүйегін тұтқындықтан алар қайтып...», - деп баяндайды.
Ханның қарашысына істеген неше алуан зорлық-зомбылығын, халықты бағындыру жолындағы сан-қилы қылықтарын ашық бейнелеп өтеді. Сонда тұтқын жігіт:
«...Айнала елдің бәрі бағынған соң, Кененің жауы дос боп табылған соң, Өлмей ме Төлеңгіті ханның аштан, Есігі барымтаның жабылған соң?...»,-
деп түйрей сөйлегенде, бұған үш жігіт те:
«...Бұл күнде күшті боп тұр Кене-Сары, Қылмайды кімді быт-шыт келсе кәрі,
Кенеге бағынған ел қойдан жуас,
Аз ба екен Төлеңгүтке елдің малы?...», -
деп іркілмей жауап қайырады. «Биыл қыс қатты болып жұтаған соң Жаппаста Жылгелді руын шауып алып, мал бөліскенде әр қайсысына жиырма тайдан тигенін» де жасырмай айтады. Бесінде тұтқынды ханның ордасына алып келеді:
«Ортада қатар тіккен үш ақ орда, Үй сайын байлаулы ат, қара найза.
Белдеуде қыстырылған бір-бір дорба...» Деп суреттеп өтеді де:
«...Жайлаған Қарасайды жүз қаралы үй, Шығады өлең даусы, тартылған күй, Бишара тұтқын жігіт – ой ойлайды, Көрем деп елде қандай залымнан сый...
Деп Сералин ойын түйеді. Кененің ұрлық-зорлығын, зұлымдығын ашына ақтарады. Әзілсіз тура айтады.
Бір кезде Кене-Сары өз жігіттерінің қайда барып келгенін сұрайды. Жігіттері: «Осыдан бір апта бұрын жортыулға шаққанын, еш жерден мал ала алмай, жолдары болмай қайтқанын, Қабырға өзенін жағалап жүріп, осы жігітке кездесіп, соғысып, ұрып жығып, байлап алғанын – баяндайды. Сол арада тұтқын жігіт: «Мен ұйықтап жатқанда байлап алды, атым астымда, қылышым қолымда тұрса алдырмас едім» - дегенді айтады. Жауыр құбақан торыны мақтап кетеді, оның жүйрік екенін, «екі жүз жылқыға айырбастамайтынын» - білдіреді. Кене-Сары: «олай болса атынды мін де шаршы топтан құтылып көр? – өтірік айтсаң өлтірем:
«Бұл торың жүйрік болса құтыларсың Немесе қуғыншыға тұтыларсың...» дейді.
Ертең таңертең құбақан торыға мініп әлгі жігіт қашпақ, жұрт қумақ болады. Құтылса босанады, тұтылса өледі, хан бұйрығы осылай. Қууға жиылған топты ақын былай суреттейді:
«...Бәрі де қаншыр бөрі ішкендей қан,
Тиындай көрінбейді оларға жан...»,-
дейді. Осы топтан құбақан торы атпен жігіт қашып құтылады. Бір күннен кейін өзі қайтып келеді. Кененің атасы Өтетілеудің шақшасын да алып кеп береді (Ол шақшаны кеше қашқанда ала кеткен болатын). Кене мән-жәйін сұрайды, сонда жігіт:
«...Затым Адай, руым Жебеней, Маңғыстаудың Қара-ойын мекен ететін елміз. Менің Мыңбай, Селбай деген немере екі бай ағаларым бар еді. Селбай алпысқа келгенде қатыны өліп, 16 жасар әдемі тоқал алды. Сол жеңгеме ғашық болдым. Жеңешем бойына дарытпады...
«...Еу, қайным, шал ағанды мен сүймеймін, Ер хақы болғаннан соң көп сыйлаймын.
Ерімнің көзі тірі тұрған шақта,
Қиянат шал ағаңа мен қылмаймын»... дегенді айтып бет бақтырмады...»
«...Түн еді, қойдың күзетіне шықтым. Мойныма асынған мылтығым бар. Сол түні жеңгемен сыртта сөйлесіп тұрғанда күн күркіреді, нажағай жарқ-жарқ етті...
«Сол арада» жеңешемнің көрдім көзін, Көрген соң қыпша белін, ұзын бойын, Білмедім не болғанымды өзімді-өзім»...
Төңірегімдегінің бәрін де көрмей көзім алабұртты, жеңгемді құшақтай алдым, ол жұлқынып ойбай салды...Осы кезде біреу келіп ту сыртымнан салып өтті. Түрегеліп мылтықпен басып жібердім. Оққа ұшқан өзімнің Селбай ағам екен».
«...Немере жасы жеткен ағамды атып, Мен болдым жүзі қара ағайынға...»
дейді.
«Бұл жерден қашып Мыңбайға бардым, оның Адайды ағалап озып жүрген Құбақан торысын ұстап міндім де елден бездім
«Өткен қыс Жайық бойын жағаладым, Шекті, Серкеш, Таманы араладым...
...Данқыңыз сіздің кеткен Жайық асып, Көруге дидарыңыз болдым ғашық...
...Бүгін кеп алдыңызға тақсыр ханым, Байларым босағаңа құбақаным...
Болар ем рұқсат болса сізге нөкер, Құрбан ғып жолыңызға шыбын жаным...»
деп бітіреді. Құбақан торының «Топ-Жорған» атануына ханның тобынан құтылуы себеп болады. Осы атты Кене-Саррыдан інісі Наурызбай қалап алады. Міне хикая осылай аяқталады.
Осы «Топ-Жорған» хикаясынан жазган Мұхаметжан Сералинге
«Ревизордың» тигізген әсері қай жерінде тұр? Біздің ойымызша «Топ- Жарғанда» Гоголь кейіпкерлерінің біреуі де жоқ. Сквозник- Дмухановский, Хлестаков, Ляпкин-Тяпкин, Шпекин, Осип, Анна Адреевна, Марья Антоновна, Бобчинский, Дбчинскийлердің бір де бірі кездеспейді. Әңгіме атында ғана емес тіпті заты ұқсамайды.
Мұхаметжанның жазу әдісі Гогольден мүлде аулақ. Бұл «Топ- Жарғанда» сықақ, мысқыл, ишаралар мүлде ұшырамайды. Бәрі тұспалсыз тура айтылады. Кене-Сарының ауылы-қарақшы бір топ ұрының жиылған жері еді. Қалың елден жырылып жеке қалған залымдардың торбына» қуға қу намазшамда тап болып» - өз ағасын атып өлтірген, елден шыққан бұзақы жігіт қашып келіп паналайды. Сонда бұл ауыл қандай ауыл? Бұл ауыл жан-жаққа ұры атандырып, өз елін жаудай шауып малын сойып жеп, аруын күндікке, азаматын құлдыққа сатып жатқан ауыл-Кене ханның ауылы! Міне жазушы Мұхаметжан Сералин осы ойын күлтелемей ашық айтады. Астарлы әжуасыз, миығынан күлетін мысқылсыз тура бейнелейді. Сералиннің бұл әдісі Гогольге келмейді. Рас, «Топ-Жарғанның» «Ревизорға жалғыз-ақ ұқсастығы бар-мұнда да жағымды кейіпкер жоқ.
Заты, «Топ-Жарған» әңгімесі белгілі бір уақиғадан тууы да мүмкін. Өмір шындығын өз қалпында жаза салуы да ықтымал. Ал, енді қазақ даласына мәдениеттің алғаш есігін ашқан, «Айқап» журналының
редакторы, көзі ашық оқыған азамат Сералинныің орыс әдебиетін білуі, одан өнеге – үлгі алуы даусыз. Ендеше, орыс әдебиетінен қалайда әсер алды деу қажет болса, онда:
«...Еу, қайным, шал ағаңды мен сүймеймін, Ер хақы болғанан соң көп сыйлаймын, Ерімнің көзі тірі тұрған шақта,
Қиянат шел ағаңа мен қылмаймын...»
деген жеңгесінің сөзін Пушкиннің Татьянаға айтқызған сөзіне ұқсату керек болар. («Я другому отдана ,
Буду век ему верна...»)
Бірақ тура солай айту да қиын, өйткені сол кездегі өмір шындығын автор Сералин ешбір әсерсіз де айта алуы мүмкін. Осы жерде тағы бір сөз егер Мұхаметжан Сералин мұны Пушкиннен алған бояса - тура түпнұсқадан алуы рас, өйткені Абай аудармасы «Топ-Жарғаннан» 11 жыл кейін, тек 1909 жылы жарық көрді ғой.
Гоголь әдісінің қазақ әдебиетіне еткен әсері туралы 1952 жылы біраз жолдастар пікірлерін айтыпты. Айқын Нұрқатов Баламер Сахариев, Жаппар Өмірбеков т.б. Бұлар 1952 жылы Гогольдің қайтыс болуына 100 жыл толған қарсаңында өз топшылауларын газет, журнал беттеріне жариялапты. Шағын көлемді мақалаларында әр қайсысы ойларын өзінше ортаға салыпты.
Сонда: «Гоголь көптеген шығармаларында геройларының ішкі- сыртқы дүниесіне, іс-әрекетіне, мінезіне лайық ат қойып отырады. Міне, бұл мәселе жөнінен де қазақ жазушыларының бірсыпырасы Гогольге еліктеді. «Ботакөздегі» Итбай, Байтөбет, атаман Шайтанов;
«Темір Тастағы» Қасқырбай, Түлкібай; Ғабиденнің «Өмір не өлім» романындағы «Сойдақтіс» т.б. сөзсіз орыс әдебиетіндегі Гоголь үлгісінен туған кейіпкерлер»1... дейді Баламер Сахариев.
Рас, Гоголь кейбір кейіпкерлеріне атты осылай қояды. Бірақ осы
«Итбай, Қасқырбай, Түлкібай, Сойдақтістер» - бұрыннан өзімізде бар адам аттары емес пе? Мысалы: Итбай - 1913 жылы жарық көрген
«Қалың мал» - романында да бар. Ендеше, Сәбит Мұқанов «Итбайды»
1 Б.Сахариев. «Н.В.Гоголь және қазақ әдебиеті» -журн. Халық мұғалімі» №3, 1952 ж. 24-бетті қараңыз.
Спандияр Көбеевтің «Қалың малынан» алды ма, немесе Гогольдің
«Собакеевичінен» алды ма, жоқ тіпті қазақ өмірін терең білетін художник шынайы өмірдің өзінен алды ма? Міне, бұл сұрақтарға жауап беру үшін көбірек зерттеу керек тәрізді. Шынына келсек біз кейінгісін қолдар едік. Ал, «Атаман Шайтанов» - туралы айтарымыз ол болған кісі. Осы Шайтанов Сәбит романынан бұрын шыққан Сәкеннің «Тар жол, тайғақ кешуінде» де бар. Сәбит Мұқанов болған кісінің өзін алуы мүмкін.
Сол 1952 жылы жас сыншылымыз Айқын Нұрқатов та:
«драматург М.Ақынжановтың соңғы кезде жазған» «Ыбырай Алтынсарин» атты пьесасында да Гогольдің әсері барлығы байқалады. М.Ақынжанов псьесасындағы Берікбол мен Серікбол
«Ревизордағы» өсек айтып жүретін, өтірікші тоғышарлар Бобчинский мен Добчинскийді еске түсіріп отырады»1 - дейді.
Ақынжановта Гогольдің әсері бар да шығар, бірақ оны басқа жерінен тереңірек іздеу қажет тәрізді.
Мұндай некен-саяқ ұқсастықтарды үзіп-жұлып ала берсек, онда баяғы «Қозы-Көрпеш-Баян» қысасындағы Қарабай мен Сарыбайды да, ескі фольклорға ұшырайтын Бекбикелер мен Тоқбикелерді де ұқсатуымызға болады ғой.
Сол мақаланың енді бір жерінде:
«Итбайдың бойында Плюшкиннің сарандық мінезі де бар... Оның Плюшкиннен кем сараң болмайтыны өзінің сөздерінен, әрекетінен аңғарылып отырады. Ол әйелі Ақсұлуға: «Сен ит, қымызды әр кімге бір құйып... астың берекесін алатынсың... бұдан былай асты берекелендіріп ұста!» - деп ызыңдаумен болады. Бұдан Итбайдың Плюшкинге ұқсас сарандығын көруге болады,2» - дейді.
Спандияр Көбеев Крыловты аударған жазушы, ол Гогольден әсер алуы да мүмкін. Бірақ Итбайдың осы сөзі сарандықтан туып отыр ма? Ол бұрынғы кедей адам, енді Тұрлығұлға қызын сатып, содан алған азыаулақ қалың малдың буына мәз. Оның айтып отырған сөзінің төркіні «бұрынғы жарымағандықты, жарамсақ болуды доғар, байлардың бәйбішесіне тамақты беретін жерінді біл, сол кезде аянбай
1 А.Нұрқатов. «Гогольдің қазақ әдебиетіне әсері». Әдебиет және искусство» - журналы. 1952 ж. 100 бет.
2 Сол журналдың 100 бетін қараңыз.
төгіп жібер, берекелі байлықтың иесінше қимылда!» - деп отыр. Плюшкин олай емес, ол сілімтір шірік байлықтың иесі, сарандық оның ата кәдесі. Ендеше Плюшкинге Итбайдың үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Рас, осы Спандиярдың Гогольге ұқсастығы да бар, онысы өз тұсындағы өмір шындығын бұлжытпай шебер бергені. Кедейден байыған, «бұдан жаманында да тойға барған» - Итбайдың дарқандығын айнаға түсіргендігі, образын көз алдына алып келгені. Осы Итбайдың 250 сом ақша алып дүкенге барған жерінде: «Менімен сауда жасайтын дүкен бар ма?» - деп күпілдеу қандай қызық! Бірақ бұл Плюшкиннің ұзақ саудаласып, 78 өлікті, 32 тиыннан (24 сом 96 тиынға) сатуына мүлде ұқсамайды. Заты, Гогольдің Плюшкині біздің ескі фольклордағы Қарымбай образына жуық тәрізді.
Тағы бір жерінде Айқын Нұрқатов: «Азған елдің сәлдесі үлкен молдаларын» - сықақ еткеннен Ыбрайдың шығармаларында да Гоголь твочерствосының әшкерелеушілік, гуманистік сарындары, реалистік принциптері айқын сезіледі» - дейді.
Бұл сөздерді Ыбрайдың ескі «Ақыр заманнан» алғанын Әнуар Дербісалин дәлелдеп өтті, сондықтан оған тоқталмаймыз. Екінші айтарымыз Ыбрай Гоголь әдісіне таянған жазушы тәрізді емес.
Ал, Айқын Нұрқатовтың Абай туралы айтқан пікіріне толық қосыламыз. «Қазақ халқының классик ақыны Абай да өз кезіндегі
«сабырсыз, арсыз еріншек, көрсе қызар жалмауыз», жандарды,
«басында ми жоқ, өзіндей ой жоқ, күлкішіл кердең надандарды», мақтан сүйгіш күпілдіктерді өлтіре сықақ етті... Сумаң қаққан желбуаздар үстем болған, өксікке толы өмір... ақынның өзегіне өрт салды...
«Абай шығармаларындағы осы сарын-өмірді шынайы күйінде суреттеп, оның сұрықсыздығын сықақ ете отыру және өмірдің сондай болғанына қиналу, күйзелу сарыны оны Гогольмен жақындастыра түседі» - дейді. (Сол мақаласы – 99 б).
Гоголь де өз тұсындағы крепостнойлық өрескел дәуірді, сол кездегі тоғышар помещиктердің сұмпайы сыйықтарын аямай әшкереледі. Әзілдей отырып, зілді мысқылмен іреп-сойды. Міне, бұл әдісті Абай толық пайдаланды бірақ Абай мысқылының негізі Пушкинде жатқан тәрізді, ол күлтелемейді, тура айтады. Расына келсек, Гогольдің де ұқсас екені даусыз.
А.Нұрқатов пен Б.Сахариев екеуі де бір ауыздан Гоголь әсері Ғабит Мүсреповте көбірек ұшырайды деп тоқталып өткен екен.
1958 жылы Совхозбек Тоғысбаев та: «Жазушы талантының тиралық күші өте-мөте «Оянған өлке» романынан айқын көрінді. Мұнда ұнамсыз типтердің тұтас галереясы бар десек асырып айтқандық болмайды»1 деді.
Біз осы арада бұларға жауап беруден бұрын жалпы аударма арқылы қазақ тіліне, қазақ әдебиетіне орыс тілінен кірген жаңалықтарға азырақ аялдап өтелік. Ескі қазақ тілінде күрделі сөйлемнен, жалаң сөйлем көбірек болатын сөйлемнің бастауышы алдында, баяндауышы артында тұратын.
Бүгінде әлгі қалыптасқан грамматикалық нормаға да «зор-зор өзгерістер еніп отыр. Бір кезде оған көрінетін жәйттер, қазір қалыптасып, үйреншікті салтқа айналып барады. Орыс сөйлемінің қалпы ең әуелі аударма арқылы кірді де енді төл әдебиетіміздің өзінде орын тепкендей. Мысалы бұрын: «Шелегін босағаға қойып жүрісін сездірмей, ептеп басып далаға шыққан Айбала: «Я, қуанатын жөні бар. Бала ғой. Бүгін сабағым басталады деген!» - деудің орнына, енді «Я, - деп ойлады, шелегін босағаға қойып, жүрісін сездірме, ептеп басып далаға шыққан Айбала, қуанатын жөні бар. Бала ғой. Бүгін сабағым
басталады деген!»2 - деп жазады жазушы академик Сәбит Мұқанов.
Енді бір жерінде Ботагөз кішкене қолсандығынан Ленталарын көріп отыр.
Сонда: «Мынау, - деді, ол жасыл лентаны суырып ап, - қарағай!»
«Мынау, - деді, ол ақ лентаны суырып ап, - қайын!»
Мынау, - деді, ол сары лентаны суырып ап, - қайынның жапырағы!»
«Мынау, - деді, ол қызыл лентаны суырып ап, - теректің жапырағы!»
«Мынау, - деді, ол көк лентаны суырып ап, - теректің өзі!»
1 Совхозбек Тоғысбаев. «Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы сықақ мотивтер туралы «Жұлдыз» №3, 116-б.А. 1958
2 С.Мұқанов. «Ботагөз» 3-том, 7-8 б. А. 1956
Мынау, - деді, ол сұр лентаны суырып ап, - таудың тасы!»1 .
Осы сөз тіркестерінің орыс тілінен келуі даусыз, алайда Сәбит Мұқанов бұларды аудармадан алып отыр ма, жоқ оригиналдың өзінен алып отыр ма, оны кесіп айтуға да, шешіп айтуға да болмайды.
Кейде мынадай сөз тіркестері ұшырайды, мысалы:...аударушылар адам баласы көнілінің шебер
«жеңгейтайлары» 2 ...десе, А.С.Пушкиннің «Переводчики почтовые
лошади просвещения» - деген сөздері есіңе түсе кетеді. Тағы бірде:
«...Әрбір осал аудармалар өзіне тән осал белгілерімен, өзінше осал келеді3»- десе Л.Н. Толстойдың «Все счастливые семьи похожи друг на друга, каждая несачстливая семья несчастлива по своему4» - деген сөздері ойына келе қалады. Бірақ Л.Толстойдың осы сөздерін 1953 жылы Ғ.Орманов қазақ тіліне аударғанда: «бақытты семья біткен бір- біріне ұқсас та, әрбір бахытсыз семья өзінше бақытсыз5» - деген еді. Ендеше, бұл аудармаға анау сөз тіркестері мүлде ұқсамайтын тәрізді, оның үстіне Толстойды аударып та отырған жоқ. Тек қана ойды өрістете сөйлем құрайдың әсері тигендей. Ұсақ болса да сөйлемге, сөз тіркестеріне кіріп отырған осы жаңалықтарды да зерттейтін мезгіл жетті деп білеміз.
Кейде аударма арқылы бір елдің жазушыларына екінші елдің әдебиет мұралары әсерін тигізеді. Мысалы: Грек мифологиясында айтылатын Парнас тауы «Аполлон құдайдың мекені, Фессалиадағы тау! Мен Зевстің (аспан құдайы) қанатты тұлпары Пегас туралы А.С. Пушкиннің: «...и ты в толпе служителей Парнаса. Ты хочешь оседлать упрямого Пегаса...6» дейді де, немесе В.Маяковскийдің
«...А что, Если я
Десяток пегасов Загнал
За последние
1 С.Мұқанов. «Ботагөз» 3-том. 8 бет.
2 Мұзафар Әлімбаев. «Достар еңбегі» «Жұлдыз» №12,46-б. А.1958 3 Мұхтар Әуезов «Көркем аударма кейбір мәселелері» А.1957 5-б. 4 Л.Н.Толстой. собр.соч. т.8 стр.7. ГИХЛ. 1958
5 Толстой. «Анна Каренине» 5-б. А. 1953 6 А.С.Пушкин. «К другу стихотворцу».
15 лет?!...1», -
деуі де тегін емес. Ақын Овицийдің «Метаморфозы» атты кітабы орыс тіліне ХҮІІІ ғасырда аударылды, «Парнас» пен «Пегас» қа Пушкин сол кездегі аудармалар арқылы танысты, өйткені грек тілін білмейтінін Гнедичке жазған хатында Пушкин өзі айтып өтеді. Әрине, «Парнас» пен «Пегас» жеке сөздер ғана емес, осы есімдерге байланысты үлкен- үлкен ойлар ауысып отыр. Қазақ елінің «көңіл жүйрік пе, көк денен жүйрік пе?» - дейтін мәтеліндегі «көк денен» - де соны «Пегасқа» дәл келеді.
Жеке сөздер, жеке-жеке сөйлемдерде ұшырайтын ұқсастықтардын төркінін табу оңай жеке-жеке ұғымдарға байланысты әсерді табу да аса қиын емес. Мысалы Ғабит Мүсірепов «Ана туралы аныз» атты кітапшасында «1948-ж) «Келешекте құлдықтан бас тартпай, оң жағына ұрса, ол жағынды тосатын» кеше адамдар әзірленіп жатырмыз» - дейді. Осы жерде айтылып отырған «Оң жағына ұрса, сол жағынды тосатын» - деген сөздері христьян дінінің заңы (қануны) екені көрініп тұр. Тағы сол кітапшада «Ағузе...Бісмелла, рәсире... рәсіри...рәтуре...рәрире...» - десе мұсылман дінінің аяттары, дүмше молдалары есіңе еріксіз келе қалады. Бұларды авто өзі де тырнақшаға алып, әдейі келтіргенін айқын көрсетеді.
Ал, енді «Оянған өлке» романында Ғабит Мүсірепов: «Игілік аулынан құйғытып шыға келген жолбасар жігіттер мұны ортаға алып қасқырдың қозыға жапқан жаласын айтты (54-б) – дейді. Осы жердегі
«қасқырдың қозыға жапқан жаласы» - деген сөздері И.А.Крылов мысалын мегзеп тұрғандай.
Әр елдің өз өмірінде болған жәйттерді шерткенде де бір автордың екінші авторға ұқсап кететін жерлері болады, бірақ бұлардың төркінін табу, өлшеп-пішіп тура қорытыңды шығару өте қиын. Мысалы, Абай мен Тоғжан арасындағы махаббат сарыны Ромео мен Жульетта арасындағы махаббат күйіне, кейбір кезеңдерде, ұқсап та қалып отырады. Абай мен Ділданың қосылуын оқығанда Николай Ростов пен княжна Маридің қосылуы есіне түспей қоймайды. Бөжей мен Құнанбай арасындағы кекісулер де Монтекки мен Капулеттиді есіңе еріксіз түсіреді. Әрине бұлар көшірме емес. Кешегі ру алакөздігі болған
1 В.Маяковский. «Расзговор с финиспектором о поэзии».
дәуірде осы шындық екі елдің де басынан кешті. Сол өмір шындығын жетік білген шеберлер өзінше толғанып отырған сияқты.
Сонсоң: «...Омар моланың қасына атынан түсе қалып, елікке аят оқи бастап еді... Дүние әрекетін түгел ұмытып, ұрып жатсаң, қозғалмайтындай мүлгіп отыр... Тепсініп-ақ келіп қалса да, құран оқып отырған адамды Жұман да бассалып сабай алмады. Ол бір құдайға қарсылық болар еді 1 ...» дейді Ғабит Мүсірепов. Осы жолдарды оқығанда У.Шекспирдің «Гамлеті» есіңе түседі. Гамлет оқудан келсе өзінің туған әкесі өліпті, оны өлтірген Гамлеттің дядасы – Клавдии мұның шешесіне (Гертрудаға) үйленіп, Данияға король (патша) болып отыр екен. Дядясы (ағайы) Клавдийдің осы қылмысын естіп, әке кегін алуға Гамлет белін бекем буады. Бір күні қылышын қынабынан суырып алып, дядясін жайратуға жетіп келсе, Данияның королі, әлгі Клавдий құдайға жалбарынып, қылмысына кешірім сұрап отыр, соның үстінен шығады: «Прости мне это гнусное убийство!.. Ангелы спасите!...» деп шоқынып жатқанның көреді. Сонда Гамлет:
«Теперь свершить бы все, - он на молитве; И я свершу; и он взойдет на небо;
Здесь требуется взбесить;
Отец мой гибнет от руки злодея, И этого злодея сам я шлю не небо
Ведь это же награда, а не месть»...2
Әрине, Жұман Гамлет емес, алайда ыза кернеп, кек алуға дайындалған ашу дәрежесі бірдейге жақын. Бұдан барып Мүсірепов Шекспирге еліктеді деп кесіп айтуға да болмас. Әйтсе де осында үндестік бар тәрізді.
Әуелеп ұшқан қыран мен жерде жорғалаған жылан туралы Абай да, Горький де айтар: «Қапсағайға өрмелеп жылан да, қыран да шығады» - деулері мүмкін. Бірақ бұл еліктеу емес, үндестік дер едік. Өмір шындығын жетік білуден туған даналықтың белгісі.
1 Ғабит Мүсрепов ІІ-т. «Оян.Өлке»А.1955,86 бет.
2 Уильям Шекспир. Т-6, стр.92-93. М.1960:
Ал, енді осы біздің совет дәуірінде үндестік тіпті мол. Мысалы, Бабаевскийдің, «Кавалер золотой звезды» атты романы Ғабиден Мұстафиннің «Миллионері», Әбілда Тәжібаевтың «Жалғыз ағаш орман емес» атты пьесасы, Абдулла Каххардың «синчалак» («Птичка невеличка» қазақша «Қыштақ») деген әңгімесі бір тақырыпқа жазылған, алайда біріне бірі тура еліктемеуге де мүмкін. Өйткені колхоз тұрмысы совет елінің бәрінде де ұқсас. Ондағы кемшіліктер де біріне бірі айна қатесіз ұқсауына ықтимал. Ендеше, бұлар өз еліндегі өмір шындығын берген шығар. Қысқарта айтсақ, әсер мәселесін ашудың ойы қыры өте көп.
Кейбіреулер Гоголь ерекшелігін үшке бөледі, соның біріншісі:
«Гоголь кейіпкерлері біріне-бірі ұқсамайды, әр қайсысы жеке-жеке өз алды дара көрінеді» - дейді. Екіншісі – «Гоголь адам портретін шебер жасайды», - дейді. Үшіншісі – «Гоголь әдісі елден ерек. Оның сықақ әзілі, мысқыл келемежі өзінше жеке-дара мен мұндалап тұрады» - дегенді айтады.
Бұлай тізе берсек Гоголь ерекшелігіне сан жетпейді, өйткені ол шынайы шебер – ойы-қыры өте мол.
Бірақ, кейіпкерлерінің біріне-бірі ұқсамауы жалғыз Гогольге тән бе екен? Жоқ. Ол Шекспирде де, Виктор Гюгодада т.б., - бәрінде де бар. Әр халықтан шыққан ұлы жазушылардың қайсысында жоқ? Мысалы, Шекспирдің Гамлеті мен Лоэрті біріне бірі ұқсамай ма? Лоэртиге өзінің туған әкесі Полоний ұқсамай ма? Әкесі мен ағасының тілінен аса алмай, мақсатына жете алмай жынданған ынжық Офелияға, айтқанынан қайтпайтын қайсар Дездемона ұқсай ма? Міне Шекспирдің шеберлігі сонда, бұлар біріне бірі ұқсамайды. Виктор Гюгоның Жан-Вальжаны Жаверге ұқсай ма? Священник Клодка Квозимода ұқсай ма? Жоқ ұқсамайды. Бір әке, бір шешеден туған Тәкежан мен Абай да біріне бірі ұқсамайды. Бір таптан шыққан, бір рудан тараған екі бай: Жұман мен Игілік біріне бірі ұқсай ма? Жоқ, ұқсамайды. Ендеше кейіпкерлердің біріне бірі ұқсамауы да тек Гогольге ғана тән ерекшелік емес, жалпы шебер жазушылардың бәріне де ортақ қасиет.
Біздің ойымызша Гогольдің негізгі ерекшелігі әдісінде әзіл сықақ, ащы мысқылында «Әзіл түбі - зіл» дегендей Гогольдің әзіл сыртқы көрінісі ғана, ал тереңдеп кірген сайын зілді мысқыл айқындалып, өмірдің неше алуан пердесін аша береді. Гоголь өз тұсындағы өмір
қайшылығын көз алдына елестеудің шынайы шебері. Оның биязі сықақ-әзілі, өткір мысқылы да осы қайшылықтан барып қолдап жатады. Міне, Гогольдің ешкімге ұқсамайтын оқшау ерекшелігі осы әдісінде. Сондықтан да: «Гогольдің «Өлі жандары» Гомердің
«Илиадасы» емес» - деп Белинский тауып айтқан болатын.
Гогольдің осы негізгі еркшелігін ескере отырып, қазақ әдебиетіндегі оның әсеріне ерген жазушыларымыз кім? Деген сұраққа біз алдымен Бейімбет Майлинді ұсынар едік.
Реті келгенде, осы арада тағы айта кетелік – Гогольді сүйіп аударған, кемеліне образын қазақ тілінде қайта жасап шығарған Мұхтар Әуезов сол Гогольден мүлде әсер алмады деу қателесумен барабар болар еді. «Оның үстіне Мұхтар Әуезов шығармаларынан әзіл-сықақ ащы мысқылдың көрнекті үлгілерін таба аламыз) Сондай-ақ ол қазақ тіліне Шекспирді де, Чеховты да, Л.Толстойды да, Тургеновті де аударды. Ендеше, олардың да әсері Мұхтар Әуезовқа тимей қойған жоқ. Айта берсек, Мұхтар Әуезовтан классикалық шығыс әдебиетінің де, Батыс Европа әдебиетінің де элементтерін табуымызға болады. Оның арқалаған жүгі өте ауыр. Алайда негізгі әдісін, ойын түю желісін алғанда, ол Шекспир мен Л.Толстойға таяу тұратын тәрізді. Күрделі ойды, күрделі сөйлеммен басқыштап құрауы да Л.Толстойдан оны алыстатпайды.
Рас, біздің Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров тағы басқа жазушыларымызда да Гоголь әсері бар. Сонымен қатар оларда өзге жазушылардың да әсері бары даусыз. Бірақ біз әсер мәселесін Гогольге байланыстыра алып отырмыз да, сол Гогольдің өзіне тән ерекшелігі – әзіл-сықағы, ащы мысқылы қай жазушымызда басым, міне осыны тексермекпіз. Алайда жазушымызды екінші бір жазушыға апарып ұқсатқанда тұп-тура соған телуден аулақпыз. Өйткені орыс халқының ұлы ақыны А.С.Пушкиннің:1
«Всегда я рад заметить разность Между Онегиным и мной.
Чтобы насмешливый читатель Или какой-нибудь издатель
1 А.С.Пушкин. Собр. Соч. Т-ІҮ, стр.33, М.1960.
Замыславатой клеветы, Сличая здесь мои черты,
Не повторял потом безбожно, Что намарал я свой портрет Как Байрон, гордости поэт, Как будто нам уж невозможно Писать поэмы о другом
Как только о себе самом» - деген сөздерін әлі ұмытқамыз жоқ. Осы өлеңді қазақ тіліне 1937 – жылы Ілияс Жансүгіров:
«Байқағанға мен қуанам Онегин мен екі арамды, Келекешіл кей оқушы
Не бір жорта жалақоршы Соның кейбір басушысы, Түстен мені деп дәл осы, Рабайсыз соқпасына Бояпты деп өз суретін,
Өр кеуде ақын, Байронынша, Болмайтындай бізге мүмкін Жаза алуға бөтенге өлең,
Айналысып тек өзіңмен1
деп аударса, ал 1949 жылы Қуандық Шаңғытбаев:
«Қуанам әркез алмасам тауып, Айырмамды Онегиннен, Кездейсоқ кейбір келекеші,
1 А.С.Пушкин «Евгений Онегин» 3-томдық, 2—томы, 32-33 б. Ауд. Ілияс Жансүгіров.
Яки бағзы журнал иесі Жала жауып тым дүдамал, Түстен мені осы деп дәл, Менмен ақын Байронға өзін Теңепті деп жұрқа жайып, Тақпағайдай жалған айып, -
Келместей бір қолымнан менің Өзге емес, өзім бастан
Кешккен жайдан жазу дастан,1 - деп аударған екен.
Осы арада аударма үзінділерін әдейі келтірдік. Пушкиннің ойын өзіміз аударып жатпай-ақ, даяр тұрған текстерді алдық. Негізгі ойымыз
жазушылардың өсуін де көрсету, оның үстіне үлгі алудың көшіру емес екенін дәлелдеу еді.
Өсу жолын сөз еткенде. Біздің қазақ әдебиетінде осы өткен қысқа мерзімнің ішінде-ақ әр жанрдан – өзіне сай стиль-әдісі бар жазушыларымыздың туғаны айдан анық.
Гоголь әсерін сөз қылғанда оның өзіне тән әдісі – биязі, әзіл- сықағы мен ащы мысқылын аттап өтуге болмайды. Ал енді осы әдіс біздің Бейімбет Майлинге күшті сезілетін тәрізді. Алайда биязі әзіл- сықақ, ащы мысқылмен бірге өсіп біте қайнаған Бейімбет Майлин Гогольге сатылып жеткендей. Өйткені ол ең алғаш А.П.Чеховпен танысты.
Құдайды, пайғамбарды, ханды, биді, бекті, байды, молданы мақтайтын, адамның адамға табынуын жырлайтын шығыс ертегілерінен көрі, езілген елді - кішкене адамды - бұхара көпшіліктің күшін көрсететін батыс әдебиетінің сарыны қазақ әдебиетіне келіп кірді. Пушкин, Лермонтов; Толстой, Крылов, Короленко, Чеховтар аударылды. Дәлін айтқанда Чеховтың «Грач» «Қара қарға» атты әңгімесін 1915 жылы Ахмет Баржақсин аударды.2
1 А.С.Пушкин «Таңдамалы шығармалары». А.1949,322-б(аударған Қуандық Шаңғытбаев)
2 «Айқап» журналының 1915 ж. 7-8 санын қараңыз.
Революциядан бұрынғы Ахмет Баржақсиннің «Қара қарға»сы бізді осы күні де қанағаттандыратын тәрізді, өйткені ол аудармада сол кездегі дәстүр бойынша өз бетінше лағатын «еркіндік» те, анда-санда кездесіп қалатын осы күнгі «әріпқойлық» та жоқ. Сол 1915 жылы А.П.Чеховтың басқа әңгімелері де қазақ тілінде жарық көрді. «Ұзақ әңгімені қысқы қайырып», тоқ етерін айтып, қышыған жеріне тиетін көркем сөздің иесі – шебер Чеховпен Бейімбет Майлин осылай танысты, «талантты жазу - қысқы қайыру», өйткені «қысқы қайыру - сол таланттың туған қарындасы» - дейтін Чеховтың Очумелов, Елдырин Хрюкиндері қазақша сөйледі... Ұсақ жанрдың сәуегей шебері
унтер офицер Пришибеевтің авторы Чехов қазақ әдебиетінен өз орнын тапты.
Қарапайым биязі сықақ пен терең трагедия Чехов шығармаларында ұштасып жатады. Ол жиренішті арамзалықты да, уақ-түйек пасық жәйтті де бірдей шықпыртып отырады.
Чеховтың «Қайғы» («Горе») атты әңгімесінде токарь Григорий Петров ауру кемпірін дәрігерге алып келе жатыр. Сонда ол: «осыдан әйелім жазылса, дәрігерге пәлендей сыйлық жасар едім, қырық жыл бірге тұрған өмірде мен саған адам болып көріндім-ау, сірә, шынына келсек мен ондай емеспін, осыны айтып әйелімді жұбатар едім...» деген арманын іштей толғайды, әңгіме ұсақ әзілдеуден басталады да өрби береді. Ақыры әйелі өледі, өзі аяғын үсітіп алады, сонша қайғының үстінде токарь өмірдің осынша тез өтуіне таңырқайды! Осы әңгімеде биязі сықақ трагедиямен араласып отырса да, бірақ трагедия басым жатады. Ал, сол Чеховтың «Мұң» («Тоска») деген екінші әңгімесінде жалғыз баласы өлген қарт арбакеш өзінің жүрегін жегідей жеп жүрген мұның біреуге шағып, ойын білгісі келеді. Оны ешкім тыңдамайды. Сонда ол өз мұнын ақырда жем жеп тұрған биесіне шертеді. «Мысалы, сенің құлыншағың бар екен дейік, сен сол құлыншағынының туған анасы екенсің дейік... Міне, кенеттен, сол құлыншағың дүние салды дейік...Бұл, аяныш қой, ә?...» деп толғанады.
Алғашқы әңгімені («қайғыны») оқығанда апатқа ұшыраған Петров оқушының жанын» тебірентіп, жүрегін жаныштайды, ал кейінгі әңгімені («Мұнды») оқығанда ақырын жымия күліп отырады, өйткені бірінші әңгімедегі әзіл-сықық трагедияны күшейе түседі де, ал екінші әңгімеде трагедияны әзіл-сықақ жеңілдетіп жібереді. Чеховтың осы шебер әдісін Бейімбет Майлин «Шұға» повестінде, «Талақ» әңгімесінде қолданған
сияқты. Біріншіден Бейімбеттің қысқы жазуы да тегін емес. Екінші
«Шұға» басталғанда: Қасымның басындағы желпеңі, оның бауы, шешіп алып оны беліне байлауы, миығына түскен бөркін жоғаруы көтеруі, қаракердің қамшы жеп бусануы, Қасымның тебініп, шаужайлап келе жатуы суреттеледі. Бұл кезде жымиып күліп отырасың. Әрі қарай әңгіме насырға шауып, кедейліктің салдарынан Әбіштің ғашық жары Шұғадан айрылып, жер аударылуы, ол қайтып келгенде ішқұсса болып өмірмен қош айтысқан Шұғаның өліміне кездесуі – оқушының сай- сүйегін сырқыратады. Әңгіменің аяғын Бейімбет тағы жымия күліп бітіреді. «Әңгіменің қызығына түскен соң қаракер бесті қамшыдан құтылып жолы болып келе жатыр еді. Бір-екі тебініп, шаужайлап қатарласты» деп әлгі қайғыны биязі сықақпен сергітпек болады, бірақ бұл әңгімедегі трагедияны сықақ серпілтпейді. Бұл повесть Чеховтың
«Қайғысына» осылай ұқсасатын тәрізді.
Екінші «талақ» атты әңгімесінде ерлі-зайыпты Айдарбек пен Зейнеп арасындағы кикілжің суреттеледі. «Бұлардың ұрыс-керісі осыдан бір апта бұрын басталған... Бүгінгісі зілдірек. Айдарбек шай ішпестен кораб тоқып, Зейнеп ұршық иіріп, кішкене қызы Күлямза қуыршақ ойнап отыр». Сонда: «Әке-шешесі ұрысқа кіргелі... ойнай алмай Күлямза да жүдеуге айналып еді, бүгін үйінің ішінде өзгеге жандану, қозғалыс, іскерлік көрінген соң, біраздан бері терезенің түбінде тұрған қуыршағын алып, жаулығын салындырып, киіндіруге айналды» - деп толғайды. Әрі қарай Күлямза ойнап отырып шешесіне қақтығады, содан Зейнеп итеріп жібергенде, Күлямза жылайды. Зейнепті сабап, мауқын басуға сылтау таба алмай отырған Айдарбек жұмысын доғарып, Зейнепке төне түседі. Содан ұрыс күшейе барып, ақырында Айдарбек «Атаңа-нәлет! Мен сенен талақ!...» деп салады. Ол кезде дін заңы бойынша «махаббат дәнекері-неке, ал некені бұзатын жалғыз ғана талақ» - дейді Бейімбет. Міне, Айдарбек пен Зейнептің сергелдені осы жерден басталады. Қайта қосылудың қиындығы екеуінің арасына түскен асқарлы таудай. Әңгіменің аяғын автор «Ерлі-байлы адамның арасын «талақ» үзе алмады. Ескі тұрмыс, ескі ұрыс, ескі төбелес - некелі қалыптағы сарынға түсіп, аға берді...» деп бітіреді. Бұл әңгімені оқығанда әлгі кірбенді биязі сықақ жеңілдетіп жібереді де езу тартпай қоймайсың.
«Шұға» әңгімесінде оқушының қайғыдан арылмауы тек қана ғашық жардың (Шұғаның теңіне Әбішке-Абдрахманға) қолы жете
алмай қаза табуы емес. Өлім табиғи заң, ол факт. Тіпті сол кездерде өмір сүрген талай сұлулар қазір тірі де емес қой.
Олай болса, осы Шұғаға байланысты тағдыр, теңсіздік дәуірдің шындығында жатыр. Ой шеңбері кең, тамыры терең, терілуі шебер. Қырағы жазушы Бейімбет Иайлиннің тиекті ойы, қиядан көретін суреткерлік салмағы сол сүреңсіз шындықты әшкерелеуге арналған. Жазушы осы жерде қаралы өмірдің, қайғылы сиқыны тұздықты мол құйып жіберген, артынан келіп биязі әзілмен себелеп, еселеп су құйғандай болады. Әлгі тұздықтың күшін қайтарғысы келгендей. Оған алғашқы уыт бой бермейді. Өзі жылап отырып, енді күлдіргісі келеді. Алайда негізгі өз әдісінен әзіл-қалжың әңгімесіндегі негізгі шындықтың өзі болмашыдан туады. Тіпті осы әңгімеде Айдарбек ашу үстінде Зейнепті оқыстан жіберсе де мұндағы күлкі әлсіремейтіндей. Оның үстіне «бүгін үйінің ішінде өзгеше жандану, қозғалыс, іскерлік көрінген соң...»- деген сөздерді оқығанда шек-сілең қатары, бұл жалғыз ғана Айдарбек үйіне тән көрініс емес, мәңгі өлмейтін шындық. Ақырында (татуласқан кезде) «Ерлі-байлы адамның арасын «талақ» - үзе алмады. Ескі тұрмыс, ескі ұрыс ескі төбелес-некелі қалыптағы сарынға түсіп аға берді» - дегенде кім күлмейді? Зейнептің қайта қосылғанда қолы жеткені баяғы таяқ жеу. Бұл өмір олардың үйреншікті ата кәдесі. Бұл айна–қатесіз болған шындық, қандай шебер, қандай әдемі берілген! Сонда да мұны оқығанда күлдіргі жағдай арылмайды. Өйткені автордың ойында ойсыраған үлкен зіл жоқ. Ендеше, А.П.Чеховтың әлгі әңгімелеріне Майлиннің «Шұғасы» мен «Талағы» әдіс жағынан қатты ұқсайтын тәрізді.
Сөйтіп, оқушыны күлдіре отырып жылата білетін, немесе жылата отырып күлдіре білетін Н.В.Гоголь әдісі мына А.П.Чехов арқылы келіп Бейімбет Майлинге де басқыштап дарығандай.
Мұндай жағдайларды Бейімбет шығармасынан көп кездестіресің. Алайда, осылардың бәрі де тура Гогольге ұқсамайтын тәрізді. Ұқсаған күнде де 1915 жылдарда Бейімбет Гогольге елітеді деуге тиянақты дәлел де жоқ, өйткені Гоголь шығармалары қазақ тіліне революциядан көп кейін аударылды. Күлдіргі әңгіме: «Сексен сом» (1918-ж) –
«Айранбай» (1924ж) т.б. бәрі де қазақтың өз тұрмысында бар, байырғы сықақ-әзілдерге құрылған шығармалар сияқты, Қысқарта айтқанда Гоголь әсері Бейімбеттің 1934 жылдарда шыққан
«Талтаңбайдың тәртібінде», «Азамат-Азаматышында» - алғаш ізін түсіргендей,
Бейімбеттің Гогольмен танысу кезеңі де осы жылдардан басталған–ды. Ол – Тайшықов аударған «Өлі жандарға» сол кезде редактор болды. Гогольдің «Ревизоры» да сахнаға осы мезгілде қойылды.
«Талтаңбайдың тәртібі» 1932-33 жылдарда алғашқы колхоздасу кезеңінде Қазақстанда болған асыра сілтеушілілікке қарсы дауыс көтерген шығарма. Осы кезеңде республика басшыларының қателікке ұрынып, шаруаның күйзелуіне үлкен себепкер болғанын әшкерелеп көрсетеді. Ол дәуірде жарық көрген үш шығарма болды - соның бірі Сәкен Сейфуллиннің «Қызыл ат» поэмасы, екіншісі Ғабит Мүсіреповтің
«Шұға» атты әңгімесі, үшіншісі Бейімбет Майлиннің «Талтаңбайдың тәртібі» атты пьесасы болатын.
Бұл пьеса Гогольдің «Ревизорына» ұқсас жазылған. Әзіл-сықақ әдісі өз басында бұрыннан күшті Бейімбет Майлин осы
«Талтаңбайдың тәртібінде» жаңа сатыға аяқ басқандай.
«Талтаңбайдың тәртібіндегі» кейіпкерлер «Ревизор» кейіпкерлеріне ұқсап отырады.
1)Шапшаңбай – басқарма, Сквозник Дмухановский – дуанбасы. 2)Күжан – оның әйелі, Анна Андреевна дуанбасының әйелі.
3)Талтаңбаев – өкіл; Хлестаков Ревизор, осылар біріне-бірі мол ұқсайды.
Шапшаңбай мейлінше қорқақ, мейлінше жарамсақ. Оның қорқатыны өзінің «түбі шикі», колхозды үш жылдай жеген адам. Осы қылмыстарын өкіл Талтаңбайға білдірмей аман құтылу үшін қойнындағы жарын да, қорадағы малын да сатуға барады. Шапшаңбай өзінің есепшісі Сүндетке колхоздың мал санын «1045 етіп жаз!» - дейді. Сүндет: Болмайды, талай есеп беріп жүрмін ғой. Шапшаңбай – шын цифр беріп жүрген боларсың!
Сүндет: Атама, өмірге шын цифр беріп көргем жоқ. Өтірікке де еп керек: бар малың қырық бес, оған жүзден артық қалай қосасың?
Шапшаңбай- тым аз... дейді. Осы диалогтан Шапшаңбайдың түпсіз өтірікке баруы, Сүндеттің де онымен жемтіктес сұмырайлығы
көрінеді. Шапшаңбай бұл қылмысқа өкілден қорқып барады. Тағы бір жерінде:
«Шапшаңбай: Жанбол не деп кетті, ей? Сүндет сені түрмеге тығам деп кетті.
Шапшаңбай (шошынып) – қой, ә үрейін алмашы кісінің.
Онсыз де зәрем жоқ... Әй, Сүндет, мен неге қорқа берем осы, ә?...» - дегенді айтады. Екінші бір жерінде Талтаңбай, Шапшаңбай, Күнжан үшеуінің арасында әңгіме болады:
«Талтаңбай – Ардақты жеңгей!
Шапшаңбай-ай, әй, қайдасың? (Күнжанға) саған айтады, саған! Талтаңбай – (Шапшаңбайды иықтан қағып) Дорогой Шапшаңбай,
жеңгеммен өзім ұғынысам, ты не мешай!
Күнжан (Шапшаңбайға) саған айтады, саған, саған...
Талтаңбай – Великолепно, ха-ха-ха... интересно...(Күнжанға) қолыңызды сағынып...
Шапшаңбай – Ә, ә... о не!
Күнжан – Қой деймін, түсінбейсің.
Талтанбай-во, правильно... түсіндіріп жіберіңізші жеңге. Күнжан (Есікті жамылып) Ол ма? Ол қою шай»
Міне, бұл сахнада Шапшаңбай түгел көрінеді, ол мейлінше қорқақ, өзіне тимесең болды, Күнжанды – өкіл Талтаңбай итке салса да көнеді. Бұл Шапшаңбайдың бүгінгі мінезі емес, былтырғы келген өкіл де мұның үйінде жатқан, о да Күнжанды мақтап кеткен, кетерінде оған он кило май да берген, артынан соғымына «Торы тайды да» жөнелткен-ді. Келген, кеткен жігіттердің аты-жөнін де Шапшаңбай білмейді, Күнжан біледі.
Шапшаңбай Күнжан қылығын түсініп те жүреді, бірақ еш нәрсеге батылы бармайды, ол қорқады, басын сауғалайды. Міне, дуанбасы Сквозник Дмухановский осы Шапшаңбайдың дәл өзі! Ол Хлестаков әйелі мен қызын қоса әкетсе де көнгендей. Сонша зұлым, «сырдан сынар аяқ өткен қу» - дуанбасы Сквозник Дмухановский осы жарымес
Хлестковтың қақпанына түсіп, масқара болуы да өз қылмысы шашынан көп қой, содан құтылудың амалынан туады. Өз басын сағаттау жолында Сквозник-Дмухановский да дүние жүзін түгел сатқандай! Оның алдануы да осы қорқудан шығады.
Күнжан бейбастық өскен, бетімен кеткен, ұрыншақ әйел. Ол адам таңдамайды – бәтіңке әперсе Сүндетпен де қосыла береді, былтырғы келген өкілмен де, мына Талтаңбаймен де үйлесе кетеді. Былтыр ол
«Қарабас еліндегі бір шатабұтпен» де әмпей болғанын жасырмайды.
Анна Андрееваның, өзінің туған қызы Марья Антоноваға ревизор Хлестаковты қимауы қандай қызық көрінсе, Күнжан да соған төтеп бере алады, бірақ Гоголь осы арада жеріне жеткізе бір көрсетеді де әрі қарай Анна Андреевнаны қудаламайды. Бейімбет Күнжанды басынан бастап, аяғына дейін «ағаш аттың басына мінгізеді».
Енді бір жерін алалық:
«Күнжан – Баламды шошыттың. Сүндет – Менен бе?
Күнжан – Даусыңнан.
Сүндет – Айналсам-ау, қасыңнан... Күнжан-қой... Масқара-ау, тапа-тал түсте... Дүкенге бардың ба, әй?
Сүндет – Бардым.
Күнжан – Бәтіңке келіп пе? Сундет – Келіпті.
Күнжан – Түсі қандай? Тұмсығы қандай. Жайпақ па, сүйір ме?... Уәдең есінде ме?...
Сүндет – Мына есебімді ұмытсам да, оны ұмытпаспын. Сенесің бе, мына шотты қағып отырғанда соның әрбір тасы сен болып күлімсірейді маған...
Күнжан – Бетім-ай, осы елдің жігіті қызық: тал түсте... Басқа елдің жігіті бүйтпейді.. Қарабас елінде тұрдық қой, сонда бір шатабұт болды...» деп әңгімелеседі.
Осы диалогтан Күнжанның кім екені айқын көрінеді. Осы беттен ол өмірі танбайды. Күнжанның білетіні «бетім-ай, тапа тал түсте, қою шай...»
Бейімбет кейде Күнжанның аузына қазақы бейпіл сөздерді салып, арзан күлкіге апарады. Мысалы, «түрткізе алмассың», «тұрады» деп айт...» тағысын тағылар. Ол аз болғандай енді бір жерінде:
Талтаңбай – Жеңгей! Великий океан толқындап, көбігі аспанға атып, жиегіне лықсып, шапшып жатады... Понятно?... Менің жүрегім де сол: сіз бір оңнан соққан жібек жел болдыңыз да, оңаша қалған сайын ой теңізін толқындырып, лықсытып, алқымға әкеп тығып, бұлықтырып... Понятно?...
Күнжан – (қылымсып) тым қатты айтыңыз – ау! Талтаңбай – Ымм... Тым қатты дейсіз бе?
Күнжан – Тетім-ай, ылғи ұят сөз... Талтаңбай – Сыпайысы қандай болады? Күнжан – (күліп) кешегі бір айтқаныңыз. Талтаңбай – Сол сөзден шығасың ғой, ә? Күнжан әйеліңізді қайтесіз?
Талтаңбай - Әйел деген маған перчатка алмастырғанмен бір: ескісін тастаймын, жаңасын киемін...
Уәде ғой, ә?
Күнжан – Болсын...»-дейді.
Осы арада Шапшаңбай бұлардың үстінен шығады да екеуіне қарап: «Ым-м...тым срочный жұмыс екен, «понятно» болды...»1 дейді.
Үзіндіні әдейі көп келтірдік, бұл жерде Күнжан, Шапшаңбай, Талтаңбай үшеуінің де кім екені түгел ашылғандай.
Ақыр аяғында ақымақ Талтаңбай абақтыға алынады. Күнжан мен Шапшаңбай шөре-шәреде босқа қалады.
1 Осы пьесада келетіп орысга сөздердің бәрі де бұзылып, бұрмаланып айтылады. Ол заманда солай айту арқылы да көрермеңдер күлген шығар. Қазір ол дәуір өткен тәрізді, сондықтан біз бұзбай алдық.
Гогольде жалған ревизор Хлестаков, бірінен бірі өткен өңкей парақор – алаяқтарды жер соқтырып, түгел тонап кеткенен кейін, шын ревизор келеді. Бейімбетте өкіл Талтаңбай мен өтірік белсеңді Парыз екеуі ұсталғаннан кейін тексеруші бригада келеді.
Көріп отырсыздар ғой, басы да, аяғы да ұқсас. Кейіпкерлері де бірінен бірі аумайды. Алайда, Бейімбеттің «Талтаңбайы» оқып отырғанда, кей кезде өткінші күлкі туғызып, езуіңді жиғызсада, ктіапты жапқан соң еш нәрсе есінде қалмайды. «Әттеген-ай!» - дегізер түк жоқ. Оқушы толғанбайды, бәрі түгел шешілген. Өкіл Талтаңбай сазайын тартады, абақтыға түседі. Жарымес қуыс кеуде ұрыншақ Күнжан құрамай қабады, бірақ оның көрген бірінші алдануы бұл емес, ол бұрын да талай жігіттірмен кездескен, әлі де талайды басынан кешіруге даяр тұрғандай. Күнжанның қимыл-әрекеті мақсатсыз басталады да, мақсатсыз бітеді. Ешкімнің іші ауырмайды.
Шапшаңбайдың басында да ойсыраған ештеңе жоқ тәрізді, ол
«қорқу үшін – қорқатын» ғана жан болып қалады.
Басында да айтып өттік, тағы айталық – бұл пьеса белгілі бір кезеңде өз ролін атқарған болатын. Ол мезгіл әдебиетіміздің де балаң кезі еді, оның үстіне болған уақиға да кездейсоқ жағдайдың әсеріндей үкімет саясатының ұлы негізінен туған қайшылық емес-ті. Ендеше, бұл пьеса да сол өткінші дәуірдің елесіндей, өз мезгілімен бірге ескіріп қалған сияқты.
Екіншіден, Бейімбет Гогольге қанша еліктеп, әсерленсе де ол сатыға жете алмағандай. Байырғы өз әдісі Гогольге ұқсас екені даусыз ғой, сонда да ауылдық шеңберден ұзамағаны байқалады.
Әсерленудің алғашқы адымында осыған жетуінің өзі сүйсінерлік жәйт. Келешекте советтік қазақ елінің өз Гоголі болуына сенгендей едік.
Гоголь әдісіне бейім тұратын сол мезгілдегі жазушыларымыз: Қадыр Тайшықов, кейбір кездерде Ілияс Жансүгіров болатын. Қадыр Тайшықовтың Гоголь сықағына таяу тұрғанын бұдан бұрын да дәлелдеп өттік. Енді де айталық – әдебиетіміздің балаң кезінде үлгісі жоқтықтан, мәдениеті жетіспегендіктен талай шалағайлықтарға ұшыраса да, ол Гогольдің негізгі ерекшелігі биязі сықағын, мысқылын өз шамасынша тәуір берген жазушы. Олай етуіне себеп болған да
оның өз басындағы қасиеттің Гогольге жақын тұрғандығынан. Одан бері Сағынғали Сейітов, Садықбек Адамбеков, Қалтай Мұқамеджанов, Мыңбай Рашев, Шона Смақанов, Балғабек Қыдырбекұлы т.б. туа бастады.
Аударма туралы әңгіме қозғап отырып, төл әдебиетті шола жөнелгенімізге бірталай адамдар таңырқап та қалар. Олардікі де заңды ғой, өйткені осы, күнге дейін төл әдебиет пен аударма әдебиетінің арасында адам аса алмайтын асқарлы тау жатқандай, екеуі бірінен-бірі аулақ-алыс мәселе тәрізді көрінеді. Оның себебі аударушылардың көбі кездейсоқ жандар, немесе өз әдісіне, өз жанрына сәйкес авторды таңдамай, қолына түскенін аудара беретіңдер. Сондықтан шалағай аударушылардың шалағай еңбектеріне кездескенде оқушылардың арқан жұтып қойғандай қалғып отыратыңдары да рас. Бір кезде ақын Сейітовтың:
«Бітсін деп қатарынан екі іс бірге Шүйілді Шиллер менен Шекспирге...»
деп келемеждеуі де осының салдарынан туған болар.
Достарыңызбен бөлісу: |