- 2 –
Енді қазақ тіліндгі аударма тарихын сөз қылудан бұрын бір-екі мәселеге тоқтала кетейік. Бірінші – біздің аудармада кездесетін түрлі- түрлі әдістер бар. Бұрынғы, соңғы аудармаларды шолып өткенде әлгі әдістер үшке бәлінетін тәрізді:
1)Еркін аударма, 2) Сөзбе-сөз аударма, 3) Балама аударма деседі. Біздің ойымызша еркін аударма түпнұсқаның тілін жетік білмеуден, немесе сол түп-нұсқаның (оригиналдың) ұғымды болуынан көрі, өз пайдасын көбірек көздеуден туады. «Еркін аудару автордан көрі аударушыға пайдалы. Мен өзімнен көрі Гомердің пайдасын көбірек ойладым да әлім келгенше оның өз ойын дәл беруге тырыстым» деп Гнедич «Илиаданы» аударғанда, 1829 жылы соның беташарында айтқан екен. Гнедичтің осы әдісін 1786 жылы Шекспирдің «Юлий Цезарь» атты пьесасын аударғанда: Карамзин де
пайдаланыпты, сонда «Мен автордың ойын ешбір жерде өзгертпедім, өйткені бұлай істеуге аударушының еркі жоқ деп білдім1 - дейді.
Сөзбе-сөз аудару, көбінесе, сол түпнұсқаның тілін түсіндіргендерде болады, соның әуеніне еріп, құл болудан шығады. Бұл әдіс осы кейінгі кезде күшейді. Ал балама аударма осының ең қиын түрі. Мұны екі тілді бірдей білумен қатар, сол алдында тұрған оригиналдың түпкі ойын сарқа түсінетіңдер, дыбыс ырғағын, тіл әдемілігін, автордың сөз қолдану мәнерін зерттеп, жетік ұғынатындар жасайды. Осы кейінгі түрі бізде арагідік кездеседі. Осы күнгі ғалымдарымыздың бір ауыздан қабылдап отырғаны да осы кейінгі түрі.
Екінші бір талас мәселе шығып жүр. Ол – мәселе аударма тіл ғылымына жата ма, жоқ әдебиет зерттеу ғылымына жата ма?- деседі. Біздің ойымызша аударма екеуіне де жатады, екеуіне де жетеді. Өйткені тілсіз әдебиет жоқ, әдебиетсіз тіл ғылымы жоқ. Бұл екеуі егіз
1 В.Г. Белинский. Полное собрание сочинений т.III. стр.28 СПБ, 1903.
туады. Дегенмен, тілдің грамматикалық қалыптасқан категориясына сыймайтын да ырғақтар бар. Бір сөз бірнеше ұғымды беріп, автордың сөз қолдану мәнеріне қарай ойнақшып тұрады. Бұл жерде ол грамматикалық қалыптасқан нормадан сырттап кетеді. Формальдық грамматика стиль ерекшілігін (әр авторда ұшырайтын ерекшілікті) бір қалыпқа түсіре алмайды. Сондықтан біз аударманы, көбінесе, әдебиет зерттеу ғылымының тұрғысынан алып қараймыз. Көркем оригиналдың аудармасы да көркем болу керек. Ендеше, біз аударманы шын мағынасында төл әдебиеттің өз қорына, өз қазынасына кіргіземіз, бірінен-бірі екі елі айырлмайды деп ұғамыз. Қорыта айтқанда, біз аударманы әдебиет зерттеу ғылымына жататын көркем шығарма деп білеміз де, осы бағытта зерттемекпіз.
Қазақ тілінде аударма тәжірибесі XIX – ғасырдың екінші жарымынан басталды, дәлін айтқанда, 1879 – жылы Ыбырай Алтынсариннің «Киргизская хрестоматиясында» көрінді. Бұл орыс тілінен аудару дәстүрі еді. Араб, фарсы, шағатай тілдерінен аудару бұдан бұрын да болды, бірақ олар көбінесе ауызша тарады, олар аударма емес, мазмұндау – өзінше қайта айту (пересказ) еді. 1882 – жылдарда Абай аударды. 1892 жылы Ыбрай Алтынсарин аударған
«Қарға мен түлкі» 1 атты 1900 – жылы «Інжіл» аударылыпты. 1903 –
жылы «Капитан қызын» аударды. 1888 жылдан 1902 – жылға дейін
«Дала уалаяты» атты газет екі тілде (орыс-қазақ тілінде) басылып тұрды. 1895 – жылы 24 – декабрьде (№49) Крыловтың «Аю мен жапан дүзді мекен қылған жалғыз адамның мәжілісі» - деген мысалы шықты. Сол 1895 – жылы № 22 Успенскийдің «Кім бақытты» деген әңгімесі шықты, 1898 жылы (№ 27, 28, 29, 30) Мамин-Сибиряктің «Ақбоз аты» жарық көрді, 1900 жылы Л.Н.Толстойдың «Сурат кофейнасы» басылды. 1910 – жылы «Үлгілі тәржіме» бөлек кітап болып шықты, аударған Спандияр Көбеев еді. 1914 – жылы Бекет Өтетілеуовтың аударған мысалдары шықты. Содан бері қарай аударма түбегейлі өсіп кетпесе де там-тұмдап көрініп жүрді.
1915 – жылы «Айқап» журналына А.П.Чеховтың «Қара қарғасы» («Грач»), «Қазақ» газетіне «Хамелеоны» басылды. Крылов, Короленко, Успенский, Л.Н.Толстойлар да сол кезде көрінді. Аударманың қауырт өскені Октябрь революциясынан кейін болды. Революцияның алғашқы жылдарында – 1923 жылы Пушкиннің
1 «Дала уалаяты» № 51, 18 декабрь. 1892.
«Дубровский» повестісі өлеңмен аударылды. 1924-26 жылдары Толстойдың «Хаджи-Мұраты» Горькийдің «Сұңқар жыры», Мамин- Сибиряктің «Ақбоз аты» басылды.
1928 – жылы Гогольдің «Үйлену» (Женитьба») атты пьесасы (аударған Мәжит Дәулетбаев), Плехановтың «Көркем өнер мен әлеумет өмірі» атты еңбегі (ауд. Әшім Омаров) шықты.
1931 – жылы Шекспирдің «Гамлеті» (ауд. Мәжит Дәулетбаев) басылды. 1932 – жылы Гогольдің «Өлі жандары» (ауд. Қадыр Тайшықов) жарық көрді. 1935 жылы: Горькийдің Мұхаметжан Қаратаев аударған «Менің университеттерім» шықты, Ф.М.Достоевскийдің
«Бишаралары» басылды. (ауд. Талжанов). 1936 – жылы «Әдебиет майданы» атты журналда Тургеневтің «Әкелері мен балалары» басылды, (аударған «Ноян») Сол 1936 жылы «Өлі жандар» түзетіліп қайта басылды. Тағы сол 1936 – жылы Пушкиннің үш томдық таңдамалы шығармалары басылды. Бұған Қазақстанның аударушы жұртшылығы жұмыла қатысты. Пушкин поэмаларын аударғандар: Әбілда Тәжібаев, Тайыр Жароков, Ілияс Жансүгіров, Қасым Тоғызақов, Сәйділ Талжанов, Мәжит Дәулетбаевтар еді. Редакциясын басқарғандар: Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезов та болды.
Осы аудармалар көңілдегідей болып шықпады. Өйткені әлі аударма тәжрибесі нығайған жоқ еді, екіншіден Пушкинді өз қалпында береміз деп сөзбе-сөз аудардық. Сондықтан сіресіп шықты, үшінші жалпы әдеби тіліміздің әдеби ұғым, әдеби талғам (вкус)нын кемтарлығынан болды. Ол кезде біздің тілде салалы эпопея «Абай», күрделі роман «Бота көз», «Оянған өлкелер» жоқ еді. Тілдің де қалыптасқан нормалары, осы күнгідей орын тепкен тіл ғылымы да, әдеби теориялық оқулықтар да жоқ еді. Оған қосымша асығыстық,
«науқаншылдық» әсерін тигізді. Қалайда бір игілігін көрсе, әйтеуір бірінші рет солы жол салынды. Орыс халқының ұлы ақыны Пушкинді өз қалпында беруге бет алдық. Осы игілі мақсат алғашқы адымда, әрине кемшіліктерімен қоса, орындалғандай болды. Бірден көңілгідей бола қалуы мүмкін де емес қой. Оған орыс халқының да аударма әдибиетіндегі тарихы куә. Баяғы заманда-ақ Шекспир, Сервантес, Гете, Шиллер, Байрондар аударылған. Шекспирді сол өзінде Сатин, Вельтман, Кетчер, Кронберг, Катков, Бородиндер аударған. Шиллерді Миллер аударған, Гетені – Струговщиков, Вронченко тағы басқалар
аударған. «Каких-нибудь сто лет едва прошло с того времени, как мы не знали еще грамоты; и вот уже мы по справедливости гордимся могущественными проявлениями и необъятной силы народного духа в отдельных лицах, каковы: Ломоносов, Державин, Фонвизин, Карамзин, Крылов, Жуковский, Батюшков, Пушкин, Грибоедов и другие... Повторяем: у нас еще нет литературы, как выражения духа и жизни народной, но она уже начинается, а это, в такой короткий период времени успех, и успех великий, который не должен обольщать нас в
настоящем, но который должен казаться залогом великих надежд в будущем»1 дейді Белинский.
Ұлы сынымыздың осы сөзі біздің әдебиетке де жат емес. «Бұдан қырық жыл бұрын, дүниежүзілік әдебиет туындыларын былай қойғанда, орыс әдебиетінің бір де біртұтас шығармасы қазақ тіліне аударылған жоқ-ты, ал қазірде жүздеген кітап аударылды. Осы фактінің өзі-ақ так Октябрь социалистік революциясының арқасында ғана орыстың және дүниежүзінің мәдениетіне қазақ халқының қолы жеткендігін ыспаттайды» 2 - дейді біздің қазіргі белді сыншымыз
Мұхаметжан Қаратаев. Сыншымыздың дұрыс айтқан осы пікіріне қосыла отырып та толықтыра түскіміз келеді. Октябрь революциясынан бұрын біздің қазақ елінің 90 проценті хат танымаушы еді десек те аса өтірікші бола қоймаспыз. Белинский дұрыс айтады – тарих үшін жүз жыл аз ғой. Рас, социалистік дәуірде өсіп-өркендеудің Белинскийдің заманынан көп ерекшелігі де бар. Сонда да қырық жыл өте аз, алайда, осы 40 жылдың ішінде қазақ совет әдебиеті дауылдап өсті. Совет дәуіріне дейін дұрыс таный алмай келген Шоқан Уәлиханов, Ыбрай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Спандияр Көбеевтер қазіргі үрім-бұтақтың сүйіп оқитын авторлары болды. Совет дәуірінен бері қарай Сәкен Сейфуллин, Жамбыл Жабаев, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсрепов, Ғабидет Мұстафин, Әбілдә Тәжібаев, Тайыр Жароков, Ғали Орманов, Қажым Жұмалиев, Қасым Аманжолов, Есмағамбет Исмаилов, Мұхаметжан Қаратаев, Хамза Есенжанов тағы басқалар жедел шықты. Бұлар тө әдебиетіміздің де аударма әдебиетіміздің де бетке ұстары.
Осыған қосылатын аударма әдебиетінің де көрнекті адамдары бар: Ысқақ Дүйсенбаев, Қасым Тоғызақов, Ғалім Ахметов, Мұхтар Жанғалин, Ахмет Ельчиков, Мүслім Базарбаев, Әнуар Инмағамбетов,
1 В.Г. Белинский. І-том. 735-736 беттерді қараңыз.
2 М.Қаратаев. «Туған әдебиет туралы ойлар» 1958-ж. 327-бетін қараңыз.
Іслям Жарлығапов, Қадыр Тайшықов, Қасен Өзденбаев, Әбен Сатыбалдиев тағы басқалар. Бұл тізімді соза берсек екі-үш баспа табақ қағазға жетер еді. Біз соның ішіндегі, азды-көпті қатесі болса да, негізгі сапалы аударушыларды алдық. Беделді классиктерді аударғандарды көрсетіп өттік.
Біздің қазақ тіліне дүниежүзілік әдебиеттің классиктері: Шекспир, Шиллер, Бальзак, Гюго, Сервантес, Гейне, Тагор, Дефо, Мериме, Свифт, «Мың бір түн» аударылды. Орыс классиктерінен А.С.Пушкин, И.А.Крылов, М.Ю.Лермонтов, А.С.Грибоедов, Н.В.Гоголь, В.Г.Белинский, И.А.Гончаров, И.С.Тургенев, Ф.М.Достоевский, А.Островский, Н.Г.Чернышевский, Н.Добролюбов, Л.Н.Толстой, А.П.Чехов, В.Г.Короленко, Г.Успенский, Мамин-Сибиряк аударылды. Орыс халқының совет жазушыларынан: А.М.Горький, В.В.Маяковский, А.Фадеев, А.Толстой, М.Шолохов, Н.Островский, В.Ажаев,Д.Фурманов, Тренев, Седых, Шторм, Мате Залка, Соколов, Макаренко, А.Гайдар, Павленко, Н.Прибой, К.Федин тағы басқалары аударылды. Советтер одағындағы туысқан халықтар жазушыларынан (татардан): Абдолла Тоқай, Ғалімжан Ибрагимов, Баширов, өзбек жазушысы М.Айбек, Ғ.Гулям, А.Каһһар; тәжік жазушысы Садриддин Айни; түрікпен жазушысы Кербабаев; қырғыз жазушысы Т.Сыдықбеков; Латыш жазушысы В.Лация; Чехословакия, Болгария, Қытай, Индия, Бирма жазушылары, тағы басқалар аударылды. Осындай қысқа мерзімнің ішінде осынша мол дүниені қазақ тіліне аударып беру үлкен табыс.
Рас, аударма екі түрге бөлінеді. Бірінші түрі – шетелдік әдебиетпен өз халқын таныстыру, екінші түрі – бөтен елдің тіліндегі ұлы шығарманың қалпын өзгертпей дәлме-дәл беру. Октябрь революциясынан бұрын да, революциядан кейін де біздің аудармамыз, көбінесе, сол таныстырумен келді. 1879 – жылдардан бастап ХХ – ғасырдың қырқыншы жылдарына дейін 60-70 жылдың ішінде талай тәжрибеміз болды. Сондықтан енді өз қолымыз өз аузымызға жеткенде біз орыс жазушыларын, соның ішінде Ұлы Пушкинді қаз-қалпында беруге тырыстық. Міне, енді 1940 жыдардан бастап осы үстіміздегі 1960 жылға дейін табандатқан жиырма жыл әлі біз «аударма әдебиетіміз», «Төл әдебиетіміз» деп ылғи айырып сөйлейміз. Мұнымызда заңды. Аудармада 100-150 жылдық өсу тарихы бар орыс елімен салыстыруға болмайды, мезгіл жетпей жатыр. Рас, осыдан тура жүз он алты жыл бұрын орыс тіліне Шиллердің
«Вильгельм Телль» деген пьесасын Миллер аударды. Сол пьесаның
рухани, өзіне тән ерекшелігін бермедің деп И.С.Тургенев Миллерге ұрысты, сонда: «Жалпы алғанда Миллер мырза жеңіп тілмен жатық жазады. Бірақ түпнұсқамен салыстырғанда қатесінің ұшы-қиыры жоқ... Орта қолды оқушылар Миллерді мүдірмей оқып шығады, өйткені Молчанов, Куражковский, Славин тағы басқаларға қарағанда мұны мақтамауға да болмайды, себебі бұл (Миллер) грамматиканы, өлең ережесін біледі, бейшара орыс тілін сорлатпайды... 1 деген екен. Алғашқы адымға қанағаттану ретінде айтылған пікір ғой.
«Жуковскийдің өлеңі өте жеңіл, тап-таза, мөп-мөлдір, қарапайым, өте әдемі келеді. Бірақ ол неміс пен ағылшын тіліндегі түпнұсқаға тән ерекшелікті жылы жауып қояды да өзіне керегін ғана алады, сондықтан оның аудармасы көңілдегідей болмай шығады»2 - деген Белинскийдің пікіріне мұнлас қосылдық. Түпнұсқаны бұлжытпай беретін балама аудармаға сол қырқыншы жылдарды алғашқы адым жасалды, жол ашылғандай болды. Ол игілі мақсат бірден орындала қоймады, әйтсе де жаңа сүрлеу басталды. Реті келгенде айта кетелік, революциядан бұрынғы еркін аудармалар да таза түрінде еркін болған жоқ. Олардың ішінде де оригиналды тұп-тура түсіретіндері бар, сондай-ақ революциядан кейінгі аудармалар да бір келкі емес. Заты, осы ала құлалықтың себебі аударушылардың қабілетіне байланысты болса керек. Осы пікірімізді дәлелдеу үшін мысал келтірелік.
Бұл жерде шала орысша, шала татарша, шала қазақша тілмен аударылған Пушкиннің «Капитан қызын» (ауд.Молданияз Бекимов – 1903 – жылы) былай қойғанда, қазақ тілін сорлатпайтын, өлең ережесін жақсы білетін Спандияр Көбеевтің «Үлгілі тәржімесін» (1910ж.) Абай аудармаларын шолып өтейік. Крылов «Дуб и Трость» десе «Үлгілі тәржіме» оны «Емен ағашы мен тал шыбық» деп аударады, ал Абай «Емен мен шілік» дейді. Мысалдың атын қойып өзіне кірісейік.
Крыловтың:
С тростинкой дуб однажды в речь вошел.
«Поистине, роптать ты вправе на природу, - Сказал он, - воробей и тот тебе тяжел.
1 И.С.Тургенев. т.ХІ. стр.11-13. М.1956.
2 В.Г.Белинский. Полное собрание сочинений. Т.VIII.СПБ.1907, стр.425.Т.П..стр.187., т.V. стр.107.
Чуть легкий ветерок рябью воду
Ты зашатаешься, начнешь слабеть...»1 - деген Бес жол өлеңін «Үлгілі тәржіме»:
Бай болсаң дәулетіңді көңіліне алма, Көршіге семіздік қып қысым салма, Мықтылықты күшің болса орнымен қыл, Бәрін де бере тұғын жалғыз алла.
Неге десең ие ғой о да жанға
Емен илә шыбықтан сөз басталды, Жақсылар құлағың сап кеңес тыңда. Кей бенде айтып тұрған сөзін білмес, Жақсының ғибыратын көңіліне ілмес. Бір шыбық бір емен мен бір жерде екен, Екеуі тұрдыдағы құрды кеңес.
Басында әжептәуір әңгіме еді, Аяғы шайтан түртіп болды егес.
Кітаптан көргеннен соң жаза салдым, Қасында тыңдап тұрған біздер емес. Емен айтты, - шыбық сөзім тыңда, Болса да тұрмайтұғын өзің құнға...2 деп
Өз бетінше алып кетеді, әйтеуір Крыловтың ұзын ұрғасын түсіндіріп шығады. «Үлгілі тәржіме» ден он жеті жыл бұрын Абай былай аударған екен.
«...Шілік пен емен бір күн сөйлесіпті, Аллаға неден сорлы жаздың»- депті.
1 И.А.Крылов. «Басни и стихотворения» библиотека поэта Малая серия, Советский писатель, Л.1951. 2 «Үлгілі тәржіме» - 1910-ж. 4-5 беттерін қараңыз.
Торғайға да майысып солқылдайсың,
Жел бүлік етсе тебесің әлпеншекті...»1 - депті
Осы бір тексті екі автордың екі түрлі келтіру де аударушының өз қабілетіне, өз талантына сай екендігін сипаттайды. Ақын Абайдың Крыловты дәл беруі иықтастығын көрсетеді. Осы бір жердегі аудару тарихын алсақ – кері қарай тартып тұрған тәрізді. Өйткені, «Үлгілі тәржіме» деп Абай аудармасы бұрын шықса да артық. Мұның өзі де баяғы талантқа тіреп тұр.
Рас, Абай аудармасы үнемі дәл келе бермейді, кейде тіпті:
«...Қаймақ еді көңілімде, Бізге қаспақ болды же, Екі сөз жоқ өмірімде,
Мен де сорлы бақыты кем»2,-
деп Татьянаның «ауызына дәмі бармайтын», айтпаған сөзін телиді. Қазақыландырып өзінше еркін кетеді. Өз заманындағы оқушыларымен есептесіп отырады. Сөйте отырып, сол кездегі халық ұғымына сай келетін жерлерін бұлжытпай түсіреді. Мұндай сәтті жолдар Абайдан көп кездеседі. Мысалы:
«Другой...нет, никому на свете Не отдала бы сердце я!
То в вышнем суждено свете, То воля неба, я твоя...»3 деген
Татьянаның сөзін Абай:
Өзгеге...ешбір дүниеден Еркімен тимес бұл жүрек, Әзелде тағдыр иеден-
Қожам сенсің не керек...1 – деп аударады.
1 Абай-өлеңдері 296 бет. А.1946.
2 А.С.Пушкин. Таңдамалы шығармалары.1949ж., 90-б.
3 -«- Собрание соч.т.IV.стр.69.М.1960г.
Енді бір кезде Онегиннің:
«Предвижу все - Вас оскорбит Печальной тайны свидание, Какое горькое презрение
Ваш гордый взгляд изобразит...»2 деп
Татьянаға айтқан сөзін:
Құп білемін сізге жақпас Ескі жара білтелеу.
Ақ жүрегің енді ұнатпас,
Мезгілі жоқ қай медеу?3- деп береді.
«Ах, мне изменила подружка моя,
И солнце померкло давно для меня; Но смерьи покой я напрасно зову –
И с сердцем разбитым живу да живу, -4 деген
В.А.Крыловтың өлеңін Абай:
Мен көрдім ғашық жардан уәдесіздік, Өмірдің қызығынан күдер үздік, Жылы жүрек суынды, жара түсті,
Шықпаған шыбын жанмен күн өткізідік -– деп
аударады. Қандай дәл, қандай әдемі, қандай түсінікті шыққан десеңші! Мұндай аудармалар жиі кездесе бермейді. Бірақ осы Абайдың сонша дәл, сонша әдемі, кестелі шығаруы «оның прогрессивтік- демократиялық бағыты мықты болды, сондықтан ол (Абай) Лермонтовты татар тіліне аударған Ә.Юнусовтан, қазақ тіліне
1 -«- Таңдамалы шығармалары 81-б.А.1949.
2 А.С.Пушкин. Собр.соч.т.IV,стр.168.М.1960г.
3 А.С.Пушкин. Таңдамалы шығармалары.87-бет.А.1949.
4 В.А.Крылов.-Стихотворения СПБ-1898,стр.165-166. Өлеңнің ты «Разбитое сердце». «Я видел березу – сломилась она» - деп басталатын осы романстың музыкасы А.Рубинштейніндікі екен.
аударған Қ.Аманжоловтан ана ғұрлым артық»1 - деген С.Нұрышевтың пікіріне қосылғымыз келмейді. Совет заманында туған Аманжоловтың кемшілігі демократтық идеясының осалдығында болуы мүмкін емес. Тіпті идеялық жағынан табанды революционерледің бәрі бірдей ақын да болған жоқ. Оригиналдың идеялық жағын түсіну, оны дұрыс беру, әрине, үлкен қажет, бірақ әркім жеткен жеріне жығылып жатқан шығар демекпіз, Абайдай болмадың деп жазғыру да қиын ғой.
«Абай орыс классиктерінен өзіне үндес, идеялас демократ ақындарды аударды. Екінші, олардың шын мәніндегі искусство иелері екендігін Абай ұғынды. Солардың кез келген өлеңдерін де аударған жоқ, өзіне керегін алды. Кейбіреуін дәл өзінше берсе, кейбіреуін еркін берді, онда да ойын бұзбады» дей келіп профессор Қажым Жұмалиев:
«осынша дәл беріп, Абайдың үлкен үлгі тастауына себеп болған нәрсе оның: 1) Үлкен таланты, 2) орыс тіліндегі өлеңдерде қолданылатын сөздердің тек жәй мәнін ғана емес, әдемілік қасиеттерін терең ұғынуы,
қазақтың өз тіліне мейлінше байлығы2 - дейді.
Біз осы пікірді қолдаймыз, өйткені тіл әдемілігі, тіл байлығы дегенді біз өмір шындығына байланысты деп білеміз. Өмірді дәл елестеткен сөз әдемі де, байлықта та сонда. Орнында қолданылған, шындықты елестетін сөздердің бәрі әдемі. Қазақ тіліндегі «Ардагер»,
«Кермарал», «Ақиық» тәрізді сөздерді қолданып, оларды әдемі деп ұғатындар бар. Өзі білмейтін сөздерді диалект дейтіндер де табылады. Орнында тұрмаған, өмірді елестетпеген сөздердің бәрі де жексұрын көрінуге мүмкін.
Ал өзінің тура мағынасында жүректі айнытатын өрескел сөз де орнын тапқанда көріктеніп, түлеп сала береді.
Мысалы:
«...Сенен артқан досы жоқ, Көбісін қойсаң ағалап, Сенен артқан қасы жоқ, Мінін айтсаң шамалап.
1 С.Нұрышев. Абайдаң аударма жөніндегі тәжрибесінен»- атты кітабының қорытындысында осы пікірге тірелген.98-105б. Қараңыз.А.1954ж.
2 Қ.Жұмалиев. «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» -А.1948. 176-180
беттерін қараңыз.
Мақтай берсең панаң-ақ, Мақтамасаң қағанақ.»1
Деген өлеңнін ішіндегі «қағанақ» жеке айтылса, әдемі емес осы шумақта сол сөз неге құлпырып тұр? Оның себебі бұл жерде жаңғырып кеткен, енді ол қағанақ емес – шытынап сынғалы тұрған, жарылып кеткелі тұрған мінезді бейнелейді. Ақын Әбілдә Тәжібаев дұрыс қолдана білген де, шындықты тура айтқан. Өлеңннін ішіндегі ой ұйтқысы да осы сөзге барып паналайды». Өз заманында ойшыл ақын, жердің ақыны емес, «аспан ақыны» - деп бір ауыздан ұйып патша сарайы мадақтаған Владимир Венедиктовтың өлеңдерін қара сөзге айналдырып, талдап шыққан В.Г.Белинский «Изысканность выражения всегда может служить верным признаком отсутствия поэзии» 2 деген ғой. Сол Белинский Гогольдің кейбір ұсақ кемшілігі тілінде дей отырып, «Өлі жандарды» асыра бағалады. Өз заманындағы жоғарғы қоғам қолданатын «ірі» сөздерді тастап, қарапайым халық арасында ауызша айтылатын «ұсақ» сөздерді қолданғанын құттықтады. Өмір шындығын тайсалмай дәл айтқаны үшін «күзетшіге битін сықтырғанына» дейін жоғары көтерді. Әрине,
Ф.Булгариндер бұл «бит» туралы тыжырына сөйлеп, Гогольді сөгіп те көрген еді.
Ендеше, әдемілік өмір шындығын беруде жатыр.
Мысалы:
«...Бір сүйіп бота көзді Құралайды, Таң атты енді жату ұнамайды, Деді де тұрды Алтай, Сұлу сонда,
«Жүрегім шыдамайды, шыдамайды...» - деген жолдардағы әдемілік «Бота көзде» де, «Құралайда» да емес. Екі қайыра пысықталған, күнде айтылып жүрген «жауыр» сөз «шыдамайды» да тұр. Өйткені, байдың қызы Сұлушаш, өзінің малайы Алтаймен түнде кездеседі. Ғашық жарынынтыға сүйген Сұл-шаштың түнде ұшырасқанда ойына түспеген сөз, бүгін тәңертең келіп түседі. Мауқын басқан ғашық қыз азырақ суынғандай, енді мұның арты не болар екен,
1 Ә.Тәжібаев. Аралдар. Алматы.1958ж.43-бет.
2 В.Г.Белинский. полное собрание соч.в трех томах, т.І. М.1948 г. Стр.161.
қандай күйге ұшырар екенбіз деген күдік келіп қыздың алдында тұр. Міне, сонда ғана «шыдамайды» деген қарапайым сөз орнын табады да оған жан бітіп құлпыра жөнеледі, оқушының жүрегін тербетеді. Ақын Сәбит Мұқанов осындай түйінді кезеңді көз алдыңа алып келеді.»...
«...Әрбір сөздің өзіне лайық жаны болады. Көптеген оқушылар, тіпті жазушылардың талайы-ақ ол сөздердің қана мағынасына шүйіледі. Заты, сөздің жанын іздеп таба білу керек, ол жан басқа сөздермен біріккенде ғана жарық етіп көрінеді де кейбір шығармаларды құлпыртып, жібереді» 1 - дейді Г.Мопассан. («Су ішінде» «На воде» атты очеркінде).
Ойымызды жинақтай айтсақ, профессор Қажым Жұмалиевтің пікірін қолдауымыз да осы тұрғыдан барып шығады.
«Ол кездегі (революциядан бұрынғы деп отыр С.Т.) аудармалар еркін аудармалар...»2 дейді тағы С.Нұрышев. Біз бұған да толық илана алмаймыз. Нағыз таза түрінде еркін аударма да, сөзбе сөз аударма да әдебиет тарихында кездеспейтін тәрізді. Бұл екі әдіс үнемі араласып отырады. Негізінен алғанда аударушынаң талантына қарай шешіледі. Творчестволық балама аударма да осы екі сыңаржақ әдіспен астаса жүреді.
Біз балама аударманы жақтағанда аударушы оригиналдың стиль ерекшелігін, ой ырғағын, дыбыс екпінін сақтаумен қатар өз тіліне тән нормадан шықпауын қажет етеміз. Әрине, ой ырғағын, дыбыс екпінін аудару мүмкін емес, бұлар аударушының өз басында болу керек. Екіншіден классиктерде кездесетін жеке образды беру үшін сол шығарманын дәуірін түсінсін, өзін берсін, бірақ аударушы өз заманының ұғымынан да ауа жайылмасын дегіміз келеді. Өйткені көркем аударма. Сол елдің төл әдебиетінің асыл қазынасына кіреді. Екінші сөзбен айтқанда көркем шығарманының аудармасы да көркем болу керек. М.Ю.Лермонтов аударған Гетенің «Ночная песня странника» атты өлеңі «Горные вершины» болып аударылады да орыс әдебиетінде мәңгі орын теуіп қалады. Михаилов аударған Гейненің
«Гренадеры», Курочкиннің Беранжеден аударғандары орыс мүлкі болып кетуі тегін емес. Ойымызды тиянақтау үшін әлгі айтылған Гетенің өлеңін аударушыларды салыстыра кетейік.
1 В.Пушков. «Первые встречи» атты мақаласында Сергеев-Ценскийдің аузынан атқызды. Журна
«октябрь» № 9. 1960 ж. 188 б. Қараңыз.
2 С.Нұрышев. Әлгі кітабының 12 бетінде.
«Ubez gipfeln Ist Ruh
In allen Wipfeln Spuzest du
Kaum einen Hauch Die Voglein schweigen Walde
Wazte nuz Walde,»1
Деген Гетенің сөзін Валерий Брюсов: На всех вершинх
Достарыңызбен бөлісу: |