«әлі аның», «рәуште келуші» - бұлар басы артық сөздер, ойды сұйылтып жіберген. Ең соңғы «нашар» да Гоголь келтірген «худо» - ның мағынасын бермейді. Бұл жерде «пәле» деп Әуезовтың аударуы дуанбасының тура ойын айнытпай түсірген. Біз Сұлтановтың
«Городничийді» орысша алып, «попечитель богоугодных заведенийді»
«хайрат жұртлары башлығы» деп аударуына тоқтамаймыз. Алайда, бір келкі болғаны тәуір еі.»Попечитель башлығы» болғанда
«городничий» дің орысша алынуы үйлесіңкіремейді. Әуезовтың
«қамқоршы» деуі жөн.
1 Н.В.Гоголь. ІҮ –том. 14 –бет.
Дуанбасы, игілік орындарының қамқоры, мектептер бақылаушысы, судья, дәрігер тағы басқалары жиылып ақылдасып отырғанда Иван Кузьмич Шпекин – почтмейстер келіп кіреді. Сонда Дуанбасы:
-Послушайте, Иван Кузьмич, нельзя ли вам, для общей нашей пользы, всякое письмо, которое прибывает к вам в почтовую контору, входящее и исходящее, знаете, этак немножко распечатать и прочитать: не содержится ли в нем какого-нибудь донесения или просто переписки. Еслиже нет, то можно опять запечатать ;впрочем, можно даже и так отдать письмо, распечатанное1- десе, оны Әуезов:
-«Бері қараңыз, Иван Кузьмич, бәріміздің пайдамыз үшін, конторыңызға келген-кеткен хатты, азырақ бүйтіп, ашып оқуға болмас па екен, жай хат па екен, жоқ болса, қайта жабыстырып қоясыз ғой, жапсырмай тапсырса да уақасы не?» - деп аударады. Кейде күрделі бір сөйлемді екі сөйлем етіп шағындап беретін аударушы, енді бұл жерде, реті келгенде, екі сөйлемді күрделі бір сөйлемге (сабақтас құрмалас) сыйғызып беруін айтпасақ та түсінікті ғой. Біздің ойымызды билеп отырған нәрсе Гогольдің Сықағын беруі, соны қарапайым тілмен, ауыз екі сөзбен жеткізуі.
Сасқалақтап қорқып отырған Дуанбасыны ауызына Гоголь
«...знаете, этак немножко распечатать и прочитать» - деген әлсіз мүгедек, үрейлі, өтінішті әйгілейтін сөздерді тегін салып отырған жоқ, арнтынан дуанбасы өзінің әкім екенін де ұмытпай «впочем можно даже и так отдатьписьмо, распечатанное» деп күшін білдіруі да орынды айтылған Гогольдің сықағы осы өмір қайшылығын ашуында. Күлдіріп отырып жылатуы осыдан шығады. Дуанбасының мінез-құлқына осы қайшылық қандай үйлесіп тұр? Бұл ащы мысқыш да емес, биязы сықақ, Гогольдің тіпті қатыстыжоқ, өмірдің өзінен туған шындық. Осылай шымжымдап жеткізген драматург Гогольдің сөздерін, астарлы ойын, драматург Әуезов та қарапайым ауыз екі сөзбен, жиішкелеп өзінше айтып кемеліне келтірген: «азырақ бүйтіп (былай етіп!, ашып, оқуға болмас па екен?» - дегізіп әдепті мүляйім өтінішін бір білдіріп өтеді де, артынан» «жоқ болса, қайта жабыстырып қоясыз ғой, жапсырмай тапсырса да уақасы не?» - дегізіп дуанбасының әкімдігін де қылтитып көрсетеді. Мақсат орындалған, Гоголь қазақша жатқ сөйлп отыр.
1 324 – бетте.
Городничий – Батюшки, не милы мне теперь ваши зайцы; у меня инкогнито проклятое силит в голове. Так и ждешь, что вот отворится дверь и шасть... деген сөздерді Әуезов: -«Әкесі, кояның бар болсын. Менің бар ойымды әлгі бір құдай ұрған астыртын төре тұр. Есікті сарт откізіп, жетіп келе ме деп қыпылдап барам...» - деп аударады. Осы тексті Сұлтанов татар тіліне:
-Ай алла, қояннарныз көзімә көрінми әлі қазір. Лағнат түшқан яшріп чиновникиі басымнан шағары алмиым Міне қазір ешік ашлұр да ол келіп кірер түшпі» - деп береді.
Дәл осы тексті 1948 – жылы Абдулла Каххар өзбек тіліне:
-«Шу вақтда куен юраққа сиғдими, азизим? Фикру едим шу лағнаты махфий ревизорда булиб қолды. Худди хозир әшик очилиб лоб стиб кириб кела етгандай» - дейді. «Батюшки» - қазақша «әкесі» - сөзбе-сөз дәл болса да, оқушыны мүдіртетіндей келте шыққан, жасандылық бар, ал татарша «Ай алла» (О, боже), өзбекше «азизим» (мой дорогой, почтенный) болып алыстай түскен. «У меня инкогнито проклятое (слово) сидит в голове» - дегенде Гогольдің ойы бастапқы көріністе Чмыховтың хатында айтылған «инкогнито» деген сөзді ойлап тұр. Рас, ол сөздің астарыңда ревизор бар, алайда Гоголь әдейі ашпай отыр ғой, мұны Әуезов «құдай ұрған астыртын төре» - деп ішкі мағнаны аша айтса, Сұлтанов «лағнат түшкән яшрік чиновник» деп қазбалай түседі, ал Каххар: «Лағнат и махфий ревизор» деп төтесінен тура айтады. Гоголь стилін жинақы етіп, келте бермегені болмаса ойы бұзылмаған. Осы сөздегі дуанбасының қауыпты қорқынышын, Гоголь сықағын түгел беретін сөз «шасть»... Соны Әуезов «қыпылдап барам» деп тауып айтса, Каххар да «лаб етіп» деп кемеліне келтірген. Ал, Сұлтановта мүлде қалып қойған. Сұлтанов аудармасында ырғақ жоқ, шұбалаңқы ұзын-ұрға ғана бар. «Ол келіп кірар түшлі» - деуі қарапайым, дыбысымыз шыққан, сұйқыл сөйлем.
Бірінші перденің үшінші көрінісінде бұлардың үстіне қала помещиктері Петр Иванович Добчинский мен Петр Иванович Бобчинский кіреді. «Ревизордың осы қалаға келгеніне екі жұма болыпты» - деген хабарды естігенде дуабасының зәресі ұшады, сонда:
-Две недели, Батюшки, сватушки! Выносите, святые угодники! В эти две недели выссечена унтер – офицерская жена! Арестантам не выдавали провизии! На улицах кабак, нечистота!
Позор! Поношение! – деп осы екі жұма ішінде істеген өзінің барлық бұзақы қылмысын ақтарады. Көшенің былық екенін айтады, Осының бәрін ревизордың көріп қойғанын, өзінің басына пәле төнгенін түсініп, барар жер, басар тауын таба алмай қатты уайымдайды. Сонда дүниедегі барлық пірлеріне де жалбарынады, сасқанда ол тал қармайды. Дуабасының осы сөзін Әуезов:
-«Екі жұма! Әкем-ау, көкем-ау! Жар бола гөр, әулиерер! Нақ осы екі жұманың ішінде унтер офицердің әйеліне дүре соғылды. Арестаттарға азық берілмеді. Көше толған кабак, боқтық! Масқара! Қорлық!» - деп аударса Сұлтанов: Яке атна! Раббым! Ізгілер! Өзігіз құтқарығыз! Бу іке атна ішінде унтер офицер хотыны қамшы білән жазаланды! Арестантларға ашарға берілмеді, орамларда кабак, былшырақ! Ұят! Әдем мәсхересі!» - дейді, ал Каххар «Икки хафта! Еазиалар, е авлиерер, анбиелар, узларинг мадат қилинглар! Бу икки хафта ичида унтер офицерининг хотыны жалтакланди, махбусларға озик-авқат бериалмади! Кучалар ковокхонаға ухшайди, ифлас! Шармандагарчилик!» деп аударады. Осы үш туысқан тілдерде беріліп отырған бір текстің әсері бірдей дегіміз келеді. Алайда, айырмасын да көрсете кету жөн болар. «Батюшки, сватушки» -ді Әуезов әӘкем-ау! Көкем-ау!» - деп дұрыс аударады, өйткені бұл сөздерде сыйыну бола тұрса да «құдай, әулие, әнбиелер» жоқ, ал «выносите, святые угодники!» - дегенде мұның ішінен «әулие, әнбиелер» көрініп тұрады. Ендеше «Раббым! (О, боже) ізгіләр! (О, святые) деп аудару «Батюшки, сватушкиға» келмейді, сонсоң екінші сөйлемде «өзігіз құтқарығыз!» (избавьте сами! Деу мүлде теріс! Сұлтановтың бұл аударуы Гогольді
«түзету», онан да «батюшки, сватушкиді» де, «раббымды» да қалдырып, тұп-тура «әулие», «әнбиелерден» бастау керек еді, ол екінші сөйлемнің мағынасын түгел береді. Сондықтан да Каххар «е азизлар, е авлиелар, анбиелар» - деп аударған ғой. Екінші сөйлемді Каххар күшкі берген. «Батюшки, сватушкидің» орны ббілінбей кеткен, олар «азиаларның» - ішіне сыйып тұр. «Позор! Поношение» «масқара! Қорлық! пен «Шармандағарчилик!» - екпінді, күшті берсе, ал «Ұят! Әдәм мәсхәрәсі!» - басаң шыққан.
Саратов губерниясындағы үйіне кетіп бара жатқан Петербургтің чиновнигі Хлестаковты бұлар жасырын ревизор деп ұғады. Дуанбасы сол «ревизорға» келе жатыр. Мұның алдында Хлестаков ішер тамағына ақша таба алмай дағдарады. Бірнеше күндей несиеге алып ішкен екен, ал бүгін мүлде ас бермей қояды,
оның үстіне бұрынғы қарызын төлемесе трактирші Дуанбасыға шағым арыз түсірмек. Осыны естіп жолаушы Хлестаков (ақшасын жолда қартаға ұтқызған Хлестаков) үрейленіп отырғанда Дуанбасы келіп кіреді. Бұл екеуі бірінен-бірі қорқады. Дуанбасы – Петербургтен келген жасырын «ревизор» деп қоқады, ал Хлестаков трактиршінің арызы бойынша Дуанбасы абақтыға алып кету үшін келі деп сескенеді. Сонда Дуанбасы: «Тұрған бөлмеңіз нашар екен, басқа пәтерге орналастырайын...» дейді. Ол «пәтерді» Хлестаков абақты деп ұғады. Хлестаков өзі қорқып отырса да «бармаймын» дегенді айтып күш көрсете сөйлейді. Сол кезде Дуанбасы – (дрова) – «по неопытности, ей-богу по неопытности. Недостаточность состояния... Сами извольте посудить: казенного жалования не хватает даже на чай и сахар. Если ж и были какие взятки, то самая малость: к столу что-нибудь да на пару платья. Что же до унтер-офицерской вдовы, занимающейся купечеством, которую я будто – бы высек, то это клевета, ей-богу, клевета! Это выдумали злодей; это такой народ, что на жизнь мою гоотовы покуситься» - дейді. Дуанбасының осы сөздерін Мұхтар Әуезов қазақшаға: «Тоғышарлықтан, құдай біледі, тоғышарлықтан. Ауқаттың кем-тарлығы... Өзіңіз ойлаңызшы: қазнаның жалақысы қант- шайға да жетпейді. Егер, пара болды бар ғой: әншиін құрттай бірдеме
– тек тамақты, бір екі көйлектік қана. Ал, енді унтер-офицердің сәудегер жесір қатыны деген сөз, оны мен дүреледі деген сөз, ол, құдай біледі, шіп-шикі жала. Мұны шығарып жүрген менің дұшпандарым, бұл халықты қойыңыз, менің өзімді өлтіруге де бар», - деп аударса, Сұлтанов татар тіліне: «Тәжрибесізлігімнән, валлахи, тәжрибесізлігімнән гәнә. Жітәрлік байлығым болмағаннан... Өзігіз ойлап қарағыз, хазнадан алған жалования шәй білән шікәргә де жітәрлиік түгін. Егерде андый-мондый чішвәт(пара) болса – ансы да бік аз ғана: шәй янына бірәр әйбір, яисә бірәр паркөлмәклік кінә. Сауда білән еш ітуші унтер-офицер хатыны мәс» әлесіне кілгәндә, иміш, мен аны қамшы білән сұқтырғанмын; ялған, воллахи, ялған! Аны дұшманнарым ғана ойлап шығарғаннар: олар менім жанымны алырға хәзір болып тұралар», - дейді, ал Каххар ззбекше «Тәжрибасизлик, авбаройы худо, тәжрибасизлик, камбаганчиликтан... Узлари ұйлаб жүрсинлар: пошшолик берадиган ойлик чой билан қандға хам етмайды. Пора алған бұлсам хам жуда оз, унча-мунча овқату битта – иккита киймга яраша олғанмен халос! Мархум унтер-офицернинг совдогарлик килиб юрадиган хотинины ургандигим тугрисидаги гап курук тухмат. Худо урсин, тухмат! Бу ғап менінг душманларымдан
чиққан; Бу адамдар мени улдириб қаяолишға хам тайер» - деп береді.
«По неопытности» деген сөзді «тогышарлытан» деп аудару алыс тұр. Тоғышар – жалқау, жатып ішер – мағынасында. Рас, тоғышарда – жжалқаудада тажрибе болмайды, өйткені түк істемейді. Бұл жағынан таяу келеді, оның үстіне «Тәжрибе» күнде айтылатын үйреншікті сөз, содан қашып, әдейі, әредік сөйленетін «тоғышарға» барған болар. Дәл мәнісіне келсек Каххар мен Сұлтановтың аударуы дұрыс.
Дуанбасының осы жерд айтып тұрған «ей богу» деген сөзінде екпін жоқ, жарамсақтық бар, оны Әуезов «құдай біледі», Каххар «азборойы худо» - деп жайуат аударса, Сұлтанов «воллахи» дегізіп өңештетіп, ентіктіріп айтқызған. «Что же до унтер-офицерской вдовы, занимающейся купечечством, которую я будто бы высек, то это клевета, ей богу клевета» - деген сөз, оны мен дүреледі деген сөз, ол құдай біледі, шіп-шикі жала» - десе, Сұлтанов: «сауда б»лән еш ітуші унтер-офицер хатыны мәс» әләсінә кілгәндә, иміш мен аны қамшы білән сұқтырғанмын, ялған, воллахи, ялған» - деп аударады, ал Каххар: «мархум унтер-офицернинг совдогарлик килиб юрадиган хотинини ургандигим турисидаги гап куруқ тхмат. Кудо до урсин, тухмат!» - деп береді. Гогольде екі қайыра айтылған «клевета»ны Әуезов «жала» деп бір-ақ айтады, сол бір «жала» екі сөзге татып, тұр, өйткені "шіп-шикі» деген сөздің екпіні өте күшейтіп жіберген. Сұлтановта «қамшы білән» артық сөз, «ялған» клеветадан көрі,
«неправдаға» таяу. Каххарда «марқұм» (покойник) қажет емес еді, өйткені Гоголь унтер-офицерден көрі оның әйеліне көбірек төнеді.
«Вдова» болған соң күйеуі өлгені рас, бірақ сол «вдова» өзбек тілінде жоқ па екен? Жесір болмаса да «тұл» жалпы түрк тілдеріне бірдей емес пе? Сұлтановта «жесір» де, «тұл да», «марқұм» да жоқ. Әуезов пен Каххар аудармасы Дуанбасының образын берген, ревизордың алдында жарамсақсуын, өзінің жылы орнын сақтап қалу үшін тіпті пара алатынына дейін жасырмай айтатынын, кібіртіктеп алып, есін жиып, сасқалақтап қақалып-шашалуына дейін дәл түсірген. Негізінен алғанда Гогольдің сықақ-әзілі орынды шыққан.
Дуабасының сөздеріне көп тоқталдық, өйткені ол «Ревизордағы» негізгі кейіпкер. Алайда, біз жоғарыда дуанбасының ылғи жарамсақ сөздеріне көңіл аудардық. Өзінен үлкенге табынғаш, жалтақ сөздерін, сондағы «кішіпейіл» бейнесін ашуға тырыстық. Енді, ревизор – Хлестаков, мұның қызын – Марья Антоновнаны айттырып күйеу болды, сонда төбесі көкке жеткендей қуанған кеудесіне нан піскендей
көтеріліп, көкіген Дуанбасының өз қол астындағы көпестерге сөйлеген сөзін келтірейік. «Городничий. Что, голубчики, как поживаете? Как товар идет вам? Что самоварники, аршинники, жаловаться? Архиплуты, протобестии, надувалы мирские! Жаловаться? Что, много взяли? Вот, думают, так в тюрьму его и засадят!... Знаете ли вы, семь чертей и одна ведьма вам в аубы, что...
...Знаете ли, что тот самый чиновник, - которому вы жаловались, теперь женится на моей дочери? Что? А? Что теперь скажете? Теперь я вас...У! ...обманываете народ. Еще мальчишка,
«Отче наша» не знаешь, а уж обмериваешь; а как разоперт тебе брюхо да набьешь себе карман, так и заважничал! Фу ты, какая невидаль!...
...Жаловаться? А кто тебе помог сплутовать, когда ты строил мост и написал дерева на двадцать тысяч, тогда как его и на сто рублей не было? Я помог тебе, козлиная борода! Ты позабыл это? Я, показавши это на тебя, мог бы тебя также спроволить в Сибирь. Что скажешь? А?
...Вот ты теперь валяешься у ног моих. Отчего? – отттого, что мое взяло, а будь хоть немножко на твоей стороне, так ты бы меня, каналья, втоптал в самую грязь, еще бы и бревном сверху навалил.
...Я не помятозлобен; только теперь смотри, держи ухо востро! Я выдаю дочку не за какого-нибудь простого дворянина: чтоб поздравление было...Понимаешь? Не то чтоб отбояриться каким- нибудь балычком и головою сахару... Ну, ступай с богом!»...
Мысалға Дуабасының төрт рет айтқан сөзін біріктіріп алдық. Ондағы ойымыз кейіпккердің мінез-құлқын аша түсу. Бұл жерде Гоголь көпестердің кім екенін де, Дуанбасының кім екенін де анық түсіндереді. Тіпті дуанбасының осы жерде Гоголь көрсеткен мінезі былай тұрсын, оның сонау анасынан туғалы кім болғанын да оқушылар аңғара алады. Гоголь дуанбасының әке екенін, оның қызын жақсы күйеуге беріп, жасауын мол қылып ұзатуға тырысатынып, білімсіз пасық, тек қана құлқынын, үй-ішінің, өз қара басының қамын ойлайтынын, сондықтан талай-талай қылмысқа барып, саудагерлерді, қазынаны жеп күн елткен сұм екенін анық көреді. Осы мінезінің бәрі оның ата кәсібі, жас
күнінде алған тәрбиесі екенін ұғады. Осындай түйінді ойды Мұхтар Әуезов қазақ тіліне былай береді:
«Дуанбасы – «Е, көгершіндер, қалай, жақсы ма? Саудаларың құсет пе? А, немене өншең самауыршы, кездемеші, арыз қылдыңдар ма? Сырдаң сұғанақ, өңкей ала аяқ, ысқаяқтар! Арыз керек пе? Е, көп алдыңдар ма!? Жұлып-жұтқұншағың үзіліп, жаның тесілгір өңкей, абақтыға тығады деп ойладыңдар ма мені?!
...Білдіңдер ме, әлгі сендердің арыз қылатын төрелерің енді менің қызымды алғалы жатқанын? А? Қалай енді? Не айтасыңдар? Енді мен сендерді... кесіптерің халықты алдау... мұрныңның боғы тиылмай, «пысымылданың» иісін де білмей жатып, безбеннен жейсің: Қарның жібіп,керіліп қалтаңды толтырасың, кеудеңе нан піседі! Көріп пе кісі, сірә, мұндайды!...
...Арызқойлар! Сен көпір салғанда, жүз сомға да тұрмайтын ағашына жиырма мың сом алғанда, саған жәрдем қылған кім еді? Текесақал ит-ау, мен емес пе сондағы? Ол есіңнен шықты ма? Мен оныңды көрсетіп, сені Сібір айналдырып жіберетін едім, не айтасың? Ә?
...Міне, енді құштың ба аяғымды? Неге десейші? Мен жеңдім, безбеннің басы өнтек саған ауғанда, сен мені батпаққа батырар едің де, тұрмастай қылып, үстімнен салдауыр үйер едің.
...Мен кек сақтамаймын, тек енді аяқтарыңды аңдап бас! Қызымды әлдебір жай дворянинге бергелі жатпағанымды білдіңдер ғой... Сол, кәдені білесіңдер ғой! Әлдебір балық-салық, немесе бір бас қант секілді мен құтыла қоям деп ойламаңдар, ал, барыңдар енді, жолдарың болсын!» - дейді.
Дуанбасы қазақ тілінде жатық сөйлеп тұр. Орысша
«ревизорды» оқығанда алатын әсерің, қазақшасында кемімейді. Сөздің басы биязы басталып, бірте-бірте қатайып, зілді сөзге айнала береді. Сол биязы айтылғанның өзінде де кінәләп, түйрей сөйлеудің ізі жатады. Ол Гогольдің қарапайым, биязы сықағы (юмор). «Семь чертей и одна ведьма вам в зубы» деген сияқты орыс тіліне ғана тән боқтау – балағаттауды да Әуезов: «жұлын жұтқыншағың үзіліп, жаның тесілгір еңтей» - деп дәл де, екпінді етіп аударады. «еще мальчишка, «Отче наша» не знаешь, а уже осмеливаешь» - деген сөзін де «Мұрныңның
боғы тиылмай», «пысмылданың» иісін де білмей жатып, безбеннен жейсің» - деп береді. Расында, «мальчишканың», Гоголь ойлаған тура мағынасы осы. Әлі «өсіп жетпеген баласың», («недоросль мағынасында) «мұрныңның боғын тиып ал!» - мәнісінде айтылған ғой, соны дәл түсірген. Християн дініде айтылатын «Отче нашаны» мұсылман дінінің «пысымылдасына» алып келуі де дұрыс. Бұл
«ревизор» енді қазақ әдебиетінің өз мүлкі болған. Әрине, әріпқойлар айтар: «Әуезов өте қазақыландырып жіберген, мұнысы християн дініне мұсылман дінінің тонын кигізуі» дер, біз оған қосылмаймыз. Түсініксіз жазылған «дәлдіктен» қандай пайда бар?» Аударма – аударма үшін емес, аударма оқушы көпшілік үшін. Ендеше, аударма сол тілде оқушыға түсінікті болсын. Дуанбасының образы қазақ елінде бар, ол жасалған, мақсат орындалған. Гогольдің сықақ әдісі, өзінің дербес стилі берілген. Енді Хлестаков сөйлесін. Қонақ үйден (трактирден) Хлестаковты Дуанбасы өз үйіне шақырады. Сонда Хлестаков:
«Покорно благодарю. Я сам тоже – я не люблю людейдвуличных. Мне очень нравится ваша откровенность и радушие, и я бы, признаюсь, больше бы ничего и не требовал, как только оказывай мне преданность и уважение, уважение и преданность.»
Қазақща: «Алда ырза болсын. Мен де солаймын, екі жүзді адамды жек көремін. Маған сіздің ақ жарқындығыңыз қатты ұнап тұр, мен шынымды айтайын, маған тек инабат, құрмет – инабат көрсетсе болғаны, одан өзгені сұрамаймын» - десе,
Өзбекше: «- Ташаккур, ташаккур, узим хам мунафик кишиларни еман кураман. Сизнинг очиклигингиз, мехмондустлигингиз менга жуда екиб қолди, Ростни айтсам, хурмат билан садоқату, садоқат билан курматдан бощқа хеч нарсани истамайман» - деп береді; дәл осы жерін татарша:
«Бік рәхмәт сізге. Мен өзім де шолай, мен екі юзді кішіләрні яратмиым. Міңа сізниң яхшылық етуігіз бек ұхши. Дұрысын әйткәндә, мен өзім, міңа хурмәт білән ітағат, ітағат білән хұрмет көрсәтудән башқа нәрсә сұрамас та едім», дейді. Гогольдің «откровенность и радушие» - деген екі сөзін Әуезов: «ақ жарқынға» сиғызған, ал өзбекше: «очиклигингиз, мехмандустлигингиз» (гостеприимство) болып берілген, татарша:
«ашық көңілі болуығыз, кішіге яғшылық етуігіз» - болып ұзарып кеткен. Екпіні әлсіреген, жібі босаң шыққан. Ал, осы текстегі аударуға ең қиын тиетін Гогольдің «преданность и уважение, уважение и преданность» -
деген екі қайталанған келте сөзі (отвлечение) үш тілде де дұрыс берілген. Бұл жері қазақша: «инабат, құрмет – инабат» - болса, өзбекше: «хұрмат билән садоқату, садоқат билән құрмат», - татарша:
«хүрмәт білән ітағат, ітағат білән хурмет» - болып орынды шыққан. Ендеше, Хлестаков образы өз қалпында көрінген. Игілік орындарының қамқоры Артемий Филиппович Земляника Хлестаковқа кіріп судьяны жамандайды. Сонда: «Здесь есть один помещик, Добчинский, которого вы изволили видеть; и как только этот Добчинский куда-нибудь выйдет из дому, то он уж и сидит у жены его, я присягнуть готов... И нарочно посмотрите на детей: ни одного из них не похоже на Добчинского, но все, даже девочка маленькая, как вылитый судья» , - дейді.
Қазақша: «Осында Добчинский деген бір помещик бар, өзіңіз көрген шығарсыз, сол Добчинский үйінен шыға қалды бар ғой, судья оның қатынымен болады. Оған мен ант ішуге бармын... Өзіңіз қаса-қана балаларын барып көріңізші: Добчинскийге тартқан бір баласы жоқ, бәрі де, тіпті, ана бір кішкене қызы да аумаған судьяның тап өзі» десе; Өзбекше: «Бу ерда, хали узингиз кирған Добчинский деген бир помешчик бәр , шу үйидан бирон жойға чикды дегунча судья дарроз хотиннг алдига кириб утиради. Касам ич десангиз ичаман... Болаларини куринг, биронтаси Добчинскийга ухшамайди, хаммаси, хатта кизлари хам судьянинг худди узи» - деп береді;
Татарша:
«Мұнда Добчинский деген бер алпауыт бар, сіз оны көрген де едігіз. Менә шұл Добчинский өз үйінен бір жергә шығып кетсе, судья шұл ұқ сағат аның хатыны янына кіріп утыра. Ант етіп айта алам... Сез юри аның балаларына ғана қарағыз. Һішберісі де Добчинский төшлі түгіл. Һәммәсі, хатта кішкәнә қызына кәдәр, құйып қойған судья» - дейді.
«Которого вы изволили видеть» - Әуезовта «Өзіңіз де көрген шығарсыз» - болып мағынасы өзгеріп түскен, бұл сөзді Каххар «Хали өзіңіз көрген» деп, Сұлтанов: «сіз аны көрген де едіңіз» деп дұрыс аударған. «Нарочно» - ны Әуезов «қасақана», Сұлтанов «юри» - деп аударса Каххар тастап кеткен. «Даже, девочка маленькая» - Әуезов:
«тіпті, ана бір кішкене қызы» да, Сұлтановта: «Хотта кішкене қызына қәдәр» - десе, Каххарда «хотта кизлари хам» - (все дочери) деп теріс айтқан. Негізінен алғанда үшеуі де түсініп аударған, образдың кім екенін ашқан. Әуезов пен Каххарда «помещик» өз қалпында алынса, Сұлтанов «алпауыт» деп аударған.
Тізе берсек «Ревизорды» түгел көшіруге де болар еді. Қысқарта айтсақ «Ревизордағы» басты образдар да, жанама образдар да жақсы берілген. Ресми терминологичсы жоқ әйелдер образы бәрінде де сәтті шыққан. Жеке айтылған өткір сөздер, мақал-мәтелдер де орнын тауып, көңілдегідей үйлескен. «Грешки грешкам рознь» - «күнәның да күнәсі бар»; «попробуй прекословить» - «Ал, енді, қынқ дедің бе»; «держи ухо востро» - «аяқтарыңды аңдап бас!»; «пачкуны проклятые – куйелі көсеулер»; «О, тонкая штука – түйінді қалай түйеді» - тағысын тағылар. Кейде жеке сөздерін тастап кетсе де Гогольдің негізгі ойын дұрыс береді, мысалы: «В муку бы стер вас всех, да к черту, в подкладку в шапку туды ему!» - деген сөздерін: «інге тығып жібер ме еді! Біріңіді – біріңе қосақтап, насыбайдай уқалап, күл ғып ұшырар ма еді!- «мука, черт, подкладка, шапкалар» түсіп қалса да Гогольдің ойы әлсіремеген. Автордың жеке сөздерінен әдейі алыстап, сықағын, екпінінберуге таянғаны осыдан да көрініп тұр. «Оба пальцем в небо попали – Екеуің де төбесінен дәл түсіпсіз» - деп айнытпай береді, ал А.Каххар:
«икковларынг хам таги йукгапирасизлар» - дп түсіндере, жайуат аударады. Гоголь сөйлемінің келтелігі, екпіні азаяды. «Чтобы не слишком давал воли кулакам своим» - өзбекше: «Муштуми бар дебхоммасини ура бермасин» - (өзбек тілінің мәтелі), қырғызша. «ол көп муштумын ойнота бербесін». Екеуі де дұрыс шыққан.
Негізгі тақырыбымыз ревизордың қазақ тіліне қалай берілгенін зерттеу болғандықтан, басқа тілге аударылғанын да әдейі салыстыру үшін әкелдік. Ондағы ойымыз қазақшасының жақсы, не жаман шыққанын айқындау үшін ғой. «Ревизордағы» кейіпкерлердің жалпы алғанда тәуір шыққанын, Гоголь стилі Гоголь образы берілгендігін, әліміз келгенше, дәлелдеп өттік. Сол игілі жақсы шығуымен қатар жансақ аударылып, хате басқанын да айтуымыз жөн болар.
Негізінен алып қарасақ өзбек тілінде араб-фарсі элементтері көбірек ұшырайды, ал татар тілінде орысша сөздер көп кездеседі. (өзбекше «хоким» татарша «Городничий» т.б.) Түрікпен тілінде арап- фарсы элементтері өте аз кездеседі. Жоғарыда көрсетілген еңбегінде 1952 – жылы О.Н.Олидор да осы пікірді айтқан екен, біз де соған қосыламыз. Ал, бірақ сол Олидордың «Поддевал на уду» - деген сөзді Әуезов «қақпанға түсіріп едім» - деп дұрыс аударды, өйткені Қазақстанда балық аулау кәсібі жоқ, сондықтан қармақ деп кесіп пікіріне қосылмаймыз. Біздің қазақ тілінде қармақ та (уда), қақпан да ертеден бар. «Ала бұға! Ақ қайран, қармағыма қап қайран» баяғы
фольклор өлеңі. Бұл мәселені ол кісіге көлденең біреу теріс түсіндірген болар. Рас, «қармақты» алмай, Әуезовтың «қақпанды» - алуынан Гогольдің ойына, стиліне нұқсан келіп тұрған жоқ, дұрыс шығуы даусыз шындық.
Енді бір сөз: осы аудармада әдіс алалығы бар. Екі түрлі әдіс қолданып аударған тәрізді. Мысалы ауызекі сөзбен, әдемі тілмен жатық, түсінікті аударып келе жатады. «Как можно-с! Вы делаете много чести. Я этого не заслуживаю» - деген сөзін Әуезов: «Қалай мүмкін болады! Сіз тым көтеріп айтасыз. Мен оған татымаймын» - деп жақсы аударады. Түсінікті-ақ! Ал, енді, басқа бір жерінде:
Достарыңызбен бөлісу: |