-Как, только два блюда?
-Только-с! – деген диалогты
-Екеу-ақ-с» - деп сақитады.
Так точно-с, в богоугодном заведении – деген сөйлемді- деп береді.Әрі қарай «так-с» «так-с» «солай-с», - деп те аударады. Бұлары түсінксіз шығуымен бірге, Әуезовтың алғашқы әдісінен өзгеше болып көрінеді.
Орыс тіліндегі бұл «с» тің лингвистикалық, этимологиялық түбірі
«сударь – господин» (мырза) деген сөзден шығады. Осы «с» тің астарында бағынушылық , жарамсақтық бар. Өзінен зорға табынудың дыбысы жатады. Өйткені, қолжасына қарап құлы, мырзасына қарап малайы сөйлегенде ғана қолданады. Біздің ойымызша ол мағынасын Әуезов түсініп отыр, ендеше, мұны жаңа үлгі, жаңа тәжрибе – эксперимент есебінде ұсынатын тәрізді. Қалайда осы жаңа үлгі қолданған жері оқшау тұрады, Гоголь қазақша шорқақ сөйлейді, сөйтіп оқушыны мүдіретеді, түсініксіз шығады да мақсат орындалмай қалады.
Ал, енді «семга» бірде «көкс серке», бірде «балық» болып;
«деревня - бірде деревня», екінші жерде «ел» болып аударылуына тоқталғымыз да келмейді, өйткені көркем әдебиетте автордың дыбыс ырғағына қарай бір сөз әлде неше құбылып отырады. Көркем аудармада мызғымас мағынасы бар терминге жабысып қалу қатеге соқтырады.
Осы «ревизордың» екі жерінде мұлт басқандық бар, мысалы:
«Нехорошо, что у вас больные такой табак курят, что всегда расчихаешься, когда войдешь. Та и лучше, если б их было меньше: тотчас отнесут к дурному смотрению или к неискусству врача» - десе, Әуезов:
«Аурулар тым ащы темекі тартады, кіріп келгенде еріксіз түшкіресің, бұл да жакқсы емес. Темекінің не ғұрлым азы жақсы, ауруды жөнді қарамайды екен, дәрігері дым білмейді екен деп кетіп жүрмесін», - деп береді. Осы аудармада «Да и лучше, если б их было меньше» - деген сөзді «Темекінің не ғұрлым азы жақсы» деу қате. Өйткені өсімдік «их» тың темекіге қатысы жоқ, ол «больных» деген сөздің орнында тұр, мұны татар тіліне Сұлтанов: «ауруларының азырақ болуыда яхшырақ» деп дұрыс аударған. Әрине, темекі аз тартынса ауру да аз болады, тура мағынасы бұзылмауы да мүмкін, бірақ Гогольдің жиішкелеп айтып отырған тұздығы ащы, сырты биязы сықағы (юмор) шықпайды, бұл сөзді Туанбасыға айтқызуы – оның образын ашуға себеп болып тұр. Топас әкім дуанбасының ауруларды емдемей-ақ қуып шығу керек, азайту керек деген пасық пиғылын аңғартып отыр. Осы сықақ берілмей қалған.
Екіншісі: «Жаль, что Иохим не дал напрокат кареты, а хорошо бы, черт побери, пирехать домой в карете, подкатить этаким чертом к какому-нибудь соседу – помещику под крыльцо, с фонарями, а Осипа сзади, одеть в ливрею» - деген Хлестаковтың арманын Әуезов былай аударады, «Әтең дүние, Иохим күймесінің майын бермегені, үйге күйме мен түсе қалып, әлдебір бай помещиктің дүрілдетіп кеп, екі жағынан фонары жарқыраған есік алдына тұра қалсам, ливрей киген Осип күйменің артында тұрса» - дейді. Осы жерде қате кеткен нәрсе
«екі фонарьдің» помещик үйіндегі есік алдында тұруы. Помещиктің «екі фонарін» Хлестаков арман қылмас та еді ғой. Ол «екі фонарь» мұның күймесінің алдында, сонда лакей Осип ливрей киіп күйменің артында тұрса, міне Хлестаковтың салтанатты екені сонда айқындалады, ол осыны арман етіп отыр.
Қазақша «Ревизорды» оригиналмен салыстырмай оқысақ бұл қателер білінбейді. Аударманың желісіне бұлар аса нұқсан келтіріп те тұрған жоқ.
Кішігірім кемшіліктеріне қарамастан «Ревизор» аудармасын мақтауымыз, аударушы Гогольдің ойын түгел түсінген, оның әзіл-
сықағын (юморын) өзіне тән әдісін сақтап, қазақша жеткізген. Қазақ тілі мен орыс тілінің арасындағы шалағайлықты да ұтымды қабыстырған. Мысалы: «Хорошо, подпустим, что он за человек» - деген Дуанбасының сөзін: «жақсы, біз де көргірсейік, кім екенін білген болайық» деп бергенде қапы кеткен жері жоқ. Қандай орынды шывққані драматургты драматург қана жақсы түсінген, «ревизор» аудармасы қазақ әдкбиетінің өз мүлкі. Ең сонында тағы бір сөз: Гоголь Хлестаковтың мінез-құлқын ойнаушы актерлерге түсіндіре келіп: «Он несколько приглуповат и, как говорят: без царя в голове» - десе, Әуезов: «басында патшасы да жоқ» дейтін жарыместеу жігіт» - деп аударады. Мүмкін, бұл жерін Әуезов өзі аудармаған да шығар, егер аударса «ақылына айғыр салмаған» - жарыместеу жігіт» - дер еді ғой. Біреулер «патша» мен «айғырдың» үш қайнаса сорпасы қосылмайды деп те таласар, бірақ осы жерде ол екеуінің әсері бірдей. Орыс тілінде ұшырайтын мақал-мәтелдерді аударғанда сөзбе-сөз беруге келмейтін шалғайлықтар өте көп. Мұндай кезде аударушы өз халқының ұғымынан алыстамауы жөн. Егер орыс тілінде айтылатын «седьмая вода на киселе» деген мәтелді (бұл ағайының алыстығын түсіндіретін мәтел ғой) сөзбе-сөз: «тәтті судың ) кисель – қазақ сөздігінде тәтті су» болып берілген екен) ішіндегі жетыінші су» - деп аударса кім түсінер еді? Сондықтан мұны: «құданың құдасы, қоянның сорпасы» - деу жөн.
«Рыбак рыбака, видит издалека» - дегенді «балықшы балықшыны алыстан көреді» - деу де сөзбе сөз дәл болғанмен орыс мақалындағы ойды бермейді, өйткені балықшылық (пираттық) кәсібі қалыптаспаған елдің тіліне бұл әлі жат. Ал, қазақ тіліндегі «Аяз әлінді біл, құмырсқа жолынды біл» орысша сөзбе сөз аударып түсіндіру де мүмкін емес, ендеше, мұны орысша: «каждый сверчок, знай свой шесток» - деу орынды. «Көрмес түйені де көрмес» - «слона не заметит» - деу түсінікті де оқушыға ұғымды. Рас, жаңалыққа ұмтылу керек, бұрын қалыптасқан тілдің ауқымында қалмай ілгері басу мақұл, алайда әрбір аударушы өз заманының адамы, өз заманының жыршысы, өз оқушысы бар, соны ұмытпауы жөн. Өсу-өрбу сатысы бір күнде болмайды. Кезінде жақсы аударма болған Жуковский, Гнедич, Полевойлар аударған «Одиссея», «Илиада», «Гамлеттер» қазір ұмытылды, өз дәуіріміздің аударушылары шықты. Мұны естен шығармау керек.
Гоголь образын, оның сықағын беруде, түгел стилін сақтауда тағы бір ескеретін жайт бар. Ол –Гогольде ұшырайтын адам аттары. Мысалы: Собакевич, Ноздрев, Коробочка тағы басқалары. Осы
аттардың бәрін де Гоголь тегін қойып отырған жоқ. Әрине, бәрін бірдей аудару қандай сыңаржақтық болса, осылардың бәрін бірдей өз қалпында алу да сондай сыңаржақтыққа апарып соғады, өйткені әрбір сыңаржақтың түбі қателесумен ұштасып жатады. 1808 – жылы Бюргердің «Леонорасын», Жуковский «Людмила» деп аударса, 1816 – жылы Катенин сол Леонараны «Ольга» деп аударады. Жуковский Бюргерге «еліктедім» десе, Катенин «еркін аудардым» депті. Осындай аудару біздің әдебиеттеде де болды. «Коробочканы» - «Қобди қызы» - дей «Купердягиняні – «Күпілдек қызы» деулер шықты. Қазір ол беттен алыстап, енді екінші бағытқа түстік. Бұл кезде орысша қалай жазылса, бәрін де солай беруге ұмтылдық. Тіпті, сол қойылған кісі атында тиекті мағна тұрса да аудармайтың болдық. «Переводчик не механический
толмач, калькирующий букву подлинника, а сознательный сотрудник автора, рупор его мысли для иноязычного читателя» 1 - деп Маркс иегін айтпаған болар. Автордың сезінуін, автордың дыбысын аудару қиын, тіпті мүмкін емес, бұлар аударушының өз басында болуы керек. Оригиналдағы ойды, дыбыс ырғағын дұрыс түсінуі керек, сонда барып аударған жөн. Оригиналдың тарихын, автордың еліндегі әдет-ғұрыпты, тіл нормасын ұғыну керек. Автордың негізгі ойын жетік білу дұрыс. Мысалы: «Ком.манифесте» келетін Маркстің: «Bildung des Proletarats zug Klasse 2 » - деген сөзін Г.В.Плеханов «Организация рабочего класса» деп аударса, оны Владимир Ильич Ленин: «Превращение пролетариата в класс» - деп түзетеді; Плеханов: «угнетатель и угнетенный находились в постоянной вражде» десе, В.И.Ленин:
«угнетающий и угнетенный находились в вечном антогонизме» деп күшейте түседі. «Постоянная враждадан» «вечный антогонизм» - ана ғұрлым артық екені даусыз. Плеханов: «Остальные классы приходят в упадок и гибнут» - десе, В.И.Ленин: «Все прочие классы приходят в упадок и уничтожаются»3 - дейді. Өйткені, «Әрбір тап өзінен-өзі барып құрымайды, тарихи өрбу арқылы көзі жойылады» - деген Маркстің негізгі ойын В.И.Ленин дәл береді. Ендеше сөзді қуаламай негізгі ойды
беру дұрыс. Сондықтан, Гогольдің «Үйлену» атты пьесасын өзбек тіліне аударғанда Абдулла Каххар: «Яичницаны – «Құймақов» - деп дұрыс берген. Орысшасы: «Яичница – Да что делать, я хотел было
1 «Вопросы художественного перевода» стр.43, М.1955. 2 Там же стр.19.
3 П.Антокольский. М.Әуезов, М.Рыльский, стх. «Художественный переводы литератур народов
СССР». Сборник статей Вопросы художественного перевода М.1955, стр.19
уже просить генерала, чтобы позволили называться мне Яичницын, да свои отговорили; говорят, будет похоже на собачий сын»
Өзбекше: «Құймақов – қандай қилай! Генералдан фемиымямды жиндай узгартиришга, Куймокча килишга рухсат сұраған эдим, күнмадилар, «итваччага» ухшаб колоды дедилар»1 - көріп отырсыздар ғой, бұл жерде Каххар Гогольдің «Яичницын – собачий сын» - деген ұйқасқан ойнақы сөзін де «Куймокча – итвачча» деп дәл аударған, рухын берген. Гоголь ойының кілтін тауып өзбекше образын ашқан. Осы фамиличны 1928 – жылы Мәжит Дәулетбаев қазақ тіліне «Уыз
құймақ» - деп аударды. Рас, бұл фамилия аударылмай Гогольдің ойы шықпайтының түсінсе де, әрі қарай «Яичницын – собачий сын» деген жеріне барғанда Каххарша жеткізе алмады. Алғашқы адымда көңілдегідей шықпаса да соның өзіне қанағаттанып едік. Ал, 1953 – жылы Ф.Д.Дінисламов қазақ тіліне: «амалы қанша? Яичницын болып- ақ атайыншы деген ойға келіп, генералдын рұқсат сұрағалы тұрған жерімде, мынауың «иттің баласы» дегенге ұқсастау екен деп, өзіміздің жігіттердің айнытып жібергені»2 - деп берді. Аударушының өз тілімен
айтқанда «амал қанша», - «Яичницын мен иттің баласы» үйлеспей-ақ тұр. Иі қанбаған, Гоголь ойнақылығы жоқ. Сөзін түгел берсе де ойын жете бере алмаған. Гоголь образы Яичницын қазақ тілінде көрінбей қалған. «жылқы аттас фамилия» дағы «Овсовты» Н.Баймухамбетов та
«Овсов» деп аударып Чеховтың образын, ойын шығара алмады, мұны
«Сұлыбаев» деп аударып, Әбдірәшит Ахметов ұтып шықты. Қысқарта айтсақ, Гоголь кейіпкерінің аттарын кейде аудару қажет деген пікірді қолдаймыз. Мысалы, Яичница, Собакевич, Ноздревтерді аудару керек деймін. Сонда Гоголь стилі, оның сықақ әдісі түгел сақталар еді де әрбір образы өз қалпында дара берілер еді.
«Ревизор» мен «Өлі жандар» сабқтас шығармалар. Екеуі де Россияда болған крепостнойлық дәуірдің неше алуан сорақылығын әжуалайды. «Ревизорда» тірі адамдар бірін-бірі сатады, үлкені орнын пайдаланып кішісіне көзін алайтады, жемсауы тлғанша жеп ти- сілікпесін шығарады. Патшадан бастап сонау квартальный Свистуновқа дейін пара алмайтын біреуі жоқ. Дуанбасы Сквозник – Дмухановский мансапқор құлқынының құлы, парашыл сұм, үлкенге жалтақ, кішіге талтақ екі жүзді жан. Обыр қорқау да, қылмысын түсіне алатын қорқақ та осы. Хлестаков түкке тұрғысыз, «ақылына айғыр
1 Н.В. Владимирова. «Некоторые вопросы худ.перевола с рус. На узбек.язык.» стр.47. Ташкент. 1957 г. 2 Н.В.Гоголь ІҮ. Том. 123 – бет. 1953 жыл.
самаған», «нәрсіз адам, тек кездейсоқ жағдай себеп болып, аз уақыт көрінекті роль атқарғанда, ол да қапы қалмай, қарпып қашады, айналасын сыпыра соғады. Ляпкин-Тяпкин, Земляника тағы басқалары
– бәрі де Дуанбасының жемтіктестері, өзінен аумайды, соны толықтырып отырады. Әр қайсысы әр түрлі жан бәрін қосқанда жалғыз-ақ адам болып шығады – ол Россияны сүлікше сорған
«парақор».
«Өлі жандар» поэмасында Гоголь, тірілерді былай қойып, өліктердің саудаға түскенін әшкерелейді. Жемтік күзеткен құзғындарды көрсетеді.
Тәңіррегіндегі тірі жандардың, бәрін түгел жек көретін, өз құлқынының құлы-жалмауыз Собакевич те, төбелесті іздеп жүретін бұзақы, өзі маскүнем, қарташы, суайт Ноздрев те; кесіп алса қан шықпайтын кескір, дүние қоңыз, сілімітір Плюшкин де; кім көрінгенге қантша еріп, ыржия күліп тұратын, генерал болғысы ғана келетін Манилов та; Коробочка, полицеймейстер, капитан – исправник, міне осылардың бәрі де патриархалдық ортадан шыққан, крепостнойлық дәурдегі сауда қоғамынан туған пасық мінездердің иелері, тұрпайы бейнелер.
«Өлі жандардағы» басты герой Чичиков. Өзгелеріне қарағанда бұл әлде-қайда жылпос, Россияда жаңа орын теуіп келе жатқан капиталдық салт-сананың көрнекті қайраткері Чичиков сырттан қарағанда сыпайы, мүләйім көрінсе де ындыны арам, ала-аяқ сұм, жоғарыда көрсетілгендердің бәрін «сатып алып, сатып жіберетін» жинақы, қуақи кейіпкерлер.
Қылмыс істеп-қызметтен қуылған, сүр бойдақ, коллегия сответнигі Павел Иванович Чичиков үйленгісі келеді. Жасаулы қалындыққа байдың ғана қолы жетеді. Ол кезде байлық-крепостной крестьяндардың санына қарай өлшенеді. Ендеше Чичиков өлі жандарды қолына тегін түсіріп алып, оларды тірі жандар есебінде көрсетуге ұмтылады. Сөйтіп, ол Херсон губерниясынан № губеринясына келеді. Қиыр шетте жатқан, аңқау деревня помещиктерінен өлі жандарды сатып алуға кіріседі.
Сонда, ең әуелі помещик Маниловқа кездеседі де, онымен дос болады. Өлі жандарын тегін алады. Жесір кемпір, дүниеқоңыз Коробочка бұған әрбір өлген мұжықтарын 15 тиыннан сатады.
Собакевич көп саудаласады, әрбіреуіне 100 сомнан сұрайды, тірі адамдардай мақтайды. Чичиков әрбіреуіне 80 тиыннан береді. Содан ұзақ саудаласа келіп 2 сом 50 тиынға тоқтайды. Плюшкин 78 кісіні (әрине, өлегндерді) 32 тиыннан сатады.
Сырт көрінісінде осы сауда шек-сіленнді қатырып күлдіреді, ал ішіне үңіле қарасаң, - құлдық дәуірі, еріксіздік дәуір кез алдыңа елестеп, ықтиярсыз жылап отырасың. Гоголь шебелігі өмір қайшылығын ашуда, соны биязы сықақпен беруде.
Осы екі шығарманың екеуінде де іліп-алар, жөні түзу адам жоқ.
«Өлі жандардың» екінші бөлімінде кезседесетін өз заманына сай
- жағымды кейіпкер Тентетниковты әдейі қоспай отырмыз. Өйткені ол Тентников Гогольдің нысаналы ойынан шыққан образ ба, жоқ болмаса автор патшалық Россия тыншыларының көзін алдау үшін жазды ма, немесе Н.Ф.Ястржембский Гоголь өлгеннен кейін қосты ма? Ол арасын оқушыларымыз академик Виктор Владимирович Виноградовтың кітабынан1 өздері оқып түсінер деген үмітіміз бар.
Гоголь шығармаларында ұшырайтын әйелдер де түп-түгел оңбаған өсекшілер, білімсіз ұсақ, мүгедек әуетілер. Осылай шығуының себебі не? Гоголь өз дәуірін, патшалық Россияны, крепостнойлық пасық заманды мейілінше жек көреді, ол жарқын келешектің жаршысы. Сондықтан ешбір жағымды жанда таба алмай зарығып өткен ақын. Заты, өз заманын жақсы көретін жазушылардың кейіпкерлері де ақ жарқын келеді, шығарманың ақыр-соңында мұратына жетіп отырады, бұлыңғыр шығып, бұлдырап кетпейді. Оның үстіне А.С.Пушкиннің де, В.Г.Белинскийдің де осы шығармалары үшін Гогольді жақсы көруі де сол баяғы пікірлестігінен туып еді. Ал, бұлардың соңынан «Выбранные места из переписки с друзьями» атты кітапшасы шыққанда мұны Гоголь патша заманынан қорқып, адасып жазды ғой (қайсар демократ, патша заманының айыптаушысы, атақты сынша В.Г.Белинскийдің Гогольге ашуланып, ұрсып жазған хаты да осы пікірімізге айғақ бола алады.
Ал, енді осынша біріне-бірі ұқсас, өңкей оңбаған кейіпкерлерді көрсеткен Гоголь шығармалары жұртты неге қызықтырады? Неге оны бұрын да, қазір де жұрт жалықпай оқиды? Біріншіден – өмір қайшылығын терең түсінетін, соны жеткізе суреттейтін Гогольдің
1 В.В.Виноградов. «О языке художественной литературы» М.1959г. стр.259-334.
шеберлігі қызықтырады. Әлгі айтылған ындыны бір, идеялас кейіпкерлердің Гоголь әдісі арқылы дара-дара көрініп, біріне-бірі мүлде ұқсамауы тартады. Ол тип жасаудың шипайы шебері. Екіншіден – Гогольдің өзіне ғана тән әдісі, шексіз шетсіз биязы сықағы (юморы) арқылы қуаныш қайғыға, қайғы қуанышқа айналып отыратын көрегендігі жалықтырмайды.
Гогольдің әр адамды әр жағдайда сөйлете білуін, сол өмірді жетік түсініп, күйпі қайшылықтарын бадырайта ашып, көз алдыңа алып келуін өзінің мына сөздерінен де ұғынуға болады.
«Надобно сказать, что у нас на Руси если не угнались еще кой в чем другом за иностранцами, то далеко перегнали их в умении обращаться... Француз или немец век не смекнет и не поймет всех его особенностей и раличий ... у нас есть такие мудрецы, которые с помещиком, имеющим двести душ, будут говорить совсем иначе, нежели с тем, у которого их триста, а стем, у которого их триста будут говорить опять не так, как с тем, у которого их пятьсот... словом, хоть восходи до миллиона, все найдутся оттенки» 1 , - дейді Гоголь. Чичиковтың Коробочкамен сөйлесуі Маниловамен сөйлесуінен өзгеше екенін дәлелдеп отыр. Дәулеті қайтып кеделенген тұл кемпір, ұсақ помещик Коробочкамен сөйлескенде Чичиков батыл отырады, ал Маниловпен теңдесіндей абайлай сөйлеседі. Маниловтың үйіне келіп, есіктен кіргенде Чичиков озып алдына түсе алмайды. «Екеуі де бір қырынан қатарласа кіреді». Міне, осындай ерекшеліктерді қазымырлап терең көрсете білген Гоголь шығармаларындағы кейіпкерлер де біріне- бірі ұқсамайды, әр қайсысы өз тілінде сөйлейді.
Гогольдің осы сөзін 1936 жылы Қадыр Тайшықов: «Тегінде біздің Ресей халқы шет жұртқа өзге жағынан жете алмағанмен дәл кісі ыңғайына қарай билеу жағына келгенде әлде қайда асып кетті деуге болады... Пырансыны алсаңыз менімше бір немісті алып қарасаңыз бұл әурілістің неше қыр, неше сырларының барлығын мәңгі ұғына алмайды, ұғыну қолдарынан келмейді... Бізде кейбір данышпандар бар: бұлар екі жүз жанға ие помещиктермен сөйлескендегіден үш жүз жаны барлармен басқаша сөйлеседі. Бес жүз жаны барлармен сөйлескенде үш жүз жаны барлармен сөйлескендегіден басқа сөйлеседі... Қысқасы, жаны саны маған десе миллионға дейін созылса да, бұлардың сөздері де неше түрге құбылады» - деп аударса, 1955
1 447 – стр.
жылы Әнуәр Ипмағамбетов – «біздің Россияда, кейбір нәрселер жөнінен шетелдіктерге әлі жете алмай жүрсе де, біреумен сөйлесуге келгенде, соның ыңғайына қарай құбыла білу жағынан әлде қайда басып озып кеткенін айта кету керек... француз яки немец оның өзгешеліктерімен ерекшеліктерінің баршасын өмірбақи сөзбес те еді, түсінбес те еді... Бізде екі жүз жаны бар помещиктермен бір түрлі сөйлессе, үш жүз жаны барларымен екінші түрде сөйлесетін, үш жүз жаны барлармен тағы бір түрлі сөйлессе, бес жүз жаны барлармен олай сөйлеспей, мүлдем басқаша сөйлесетін даналарымыз да бар, қысқаса миллионға дейін барса да үн сарынында құбылмалы, астарлы жақтары табыла береді» - деп аударады. Осы екі аударманынң арасында жиырма жылдық өмір жатыр, өйткені Тайшықов бірінші рет
«Өлі жандарды» 1932 – жылы аударды. Бұл жиырма жыл қазақ совет әдебиетінің ұлы туындылар беріп, дүние жүзіне өзін таныттырған дәуірі. «Абай» эпопеясы, «Бота-көз», «Оянған өлке», «Шығанақтар» жарық көрген кез. Ендеше, тіл нормасы, әдебиеттік ұғым, сөйлем ықшамдығы қалыптасқан кезде аударған Ипмағамбетов «Француз яки немец» деп Гогольше («француз или немецті») ықшам айтса, Тайшықовтың «Пырасыны алсаңыз меніңше бір немісті алып қарасаңыз» деп шұбалта беруі де заңды. Қолында қалыптасқан норма жоқ, алдындағы үлгісі өзінен де төмен еді. (Өйткені бұдан бұрын 1928
– жылы «Үйленуді» Мәжит Дәулетбаев аударды, ол аудармадан «Өлі жандар» көп ілгері ғой). Алайда бірінші сөйлемдегі «Русьті» Тайшықов
«Ресей халқы» деп берсе, Ипмағамбетов «Россия» деп береді, бірақ осы аударманың басқа жерінде «Русь» деп те аударады. Қазақта бұрын Россияны «Ересей» немесе «Русия» деуші еді. «Русь» - орыс деген мағынада қолданылады. Сөзді «р» дыбысынан бастау берірек шықты, ол арап-фарсы әсері араласқанда бірге келді, мысалы, Рабиға, Раушан тағы басқалары. «Ұлың ұрымға, қызын Қырымға кетсін» - дейтін қарғыс ішіндегі «ұрым» - «рим, ғой. «р» - дыбысынан, қос дауыссыз дыбыстан сөз басталмайды. «Французды» «Пырансы» деп отырғаны да сол заңға байланысты. «Орыс» дегенде халықты ұғамыз да, «Россия» - дегенде жер көлемін түсінеміз, ал «орыс» бұрынғы қазақ тілінде жеке айтылғанда екіұшты мағынасы бар сөз, көбінесе жағымсыз мағнада, ол мұсылман дінінің әсерінен туған-ды. Сондықтан Тайшықов «орыстың» екіұшты мағынасынан қашып «Ресей» деген сөзге «халықты» қосып алған, ал Ипмағамбетовтың «Ресейді-Россия» етіп алуы бұрынғы аударманының әсерінен шыға алмауы еді, ал оның артында тұрған «халық» деген сөзге көңіл аудармауы қатеге
соқтырған. Бірінші сөйлемді Гоголь ауыз-екі сөзге («надобно сказать») құрған, қарапайым тілімен жинақы айтуынының өзінде ойнақылық бар («кой в чем другом, не угнались, перегнали»), соның өзі оқушыны күлдіруге дайындап отырады. Бұл сөйлемде Тайшықов Гоголь стилін ашқан, сықағын берген. «Кісі ыңғайына қарай билеу – в умении обращаться», «әлде қайда асып кетті – далеко перегнали», «надобно сказать – деуге болады». Сықағы да, жинақылы да, ойнақылығы да түгел берілген. Жалғыз-ақ «жағынан, жағына» екі қайтара айтылып, ойды қожыратып тұр. Ипмағамбетовта бұл сөйлемнің мағынасы түгел, сөздері артық болмаса аз емес, бірақ сықағы жоқ, тура айтылған, өте шұбалаңқы шыққан. «Кеткенін айта кету керек» деуі оқушыны мүдіртеді, құлаққа ысқаяқ естіледі. «Надобно сказать» - ті бұл жерде
«айта кету керек» - деп төтесінен тураламай, сипай қамшылап» деуге болады». – деп келтіру дұрыс шығар еді.
Үшінші сөйлемді Тайшықов бөліп-бөліп жіберген, Гогольдің екпінін, дыбыс ырғағын бұзған, ал Ипмағамбетов күрделі сөйлем етіп, гогольдік периодты сақтаған. Алайда, «мудрецы» деген сөзге
«данышпан» деген екіұшты мағынасы бар сөз тура келеді, Тайшықовтың ол сөзінен қашып, «данаға» соқтығудан Ипмағамбетов ұтпаған, өйткені, «дана» тура мағынасында дұрыс, ал Гогольдің ойында кекесін сықақ (юмор) тұр. Соны бере алмаған. Осыны түсініп Ипмағамбетов 1958 – жылы үшінші аударғанда: «дананың орнына
«сұңғыланы» алған, мұнысы тәуір шыққан. «Словом, хоть восходи до миллиона, все найдутся оттенки» деген сөз Гогольдің сықақтың түйінді шырқау шыңы. Осыны Тайшықов «қысқасы, жан саны маған десе миллионға дейін созылса да, бұлардың сөздері де неше түрге құбылады», - деп сықағын сақтайды, Гогольде «жан саны» жоқ, ол жасырын тұр, «маған десе» күшейтудің белгісі, «құбылады» - да орынды. Ал, Ипмағамбетовта: «қысқасы миллионға дейін барса да (!?) үн сарынында құбылмалы, астарлы жақтары табыла береді» - дейді. Осы сөз тіркесі түсініксіз құрылған, «Миллионға дейін баратының» не екені, кім екені ашылмаған.
Екі мезгілде аударылған осы шығарманы салыстырып қарасаңыз, мынадай пікірге келесіз. Тайшықов кейбір жерлерін түсінбей долбарлап береді, ал орысша оригиналды Ипмағамбетов өте жақсы түсінеді. Қазақ тіліне Тайшықов бай, тіл табиғатын артығырақ біледі, әсіресе Гоголь сықағын (әрине, түсінген жерінде), ол жақсы береді. Мысалы: «И наврет совершенно без всякой нужды: вдруг расскажет,
что у него была лошадь голубой или розовой шерсти» - деген жерін Тайшықов: «Өтірік айтқанда ешбір мақсатсыз, қажетсіз-ақ соға берер еді. Мысалы: менің пәлен уақытта бір атым болды. Сол атым зеңгер түсті еді, немесе торғыл еді...» десе, Ипмағамбетов: «Және тағы өттірікті де, мүлдем ешбір қажеті болмаса да, соға салады: мысалы: менде түгі көгілжім немесе ал қызыл ат болды...» - деп аударады. Осы жердегі көгілжім – «көк» деген сөздің өзгерген түрі екенін, «ал қызыл» -
«қызылдың» күшейген түрі екенін оқушы түсінеді, осындай «көк ат, қызыл ат» болатынын да біледі. Мұнда өтірік жоқ. Ал, Тайшықов айтқандай «зеңгер түсті» ат, «тарғыл» ат болмайды, тарғыл сиыр болады. Міне, Ноздревтің өтірікшілігін айқындайтын сықақ сонда шыға келеді. Гогольдің бұра сөйлеуін берді деп осыны айтамыз.
Бірінші томның алтыншы тарауына дейін Ипмағамбетовтың көп еңбегі сіңген. Әрі қарай да редакцияның бар екені байқалады. Бірақ біз екі аударманың қайсысы жақсы, қайсысы төмен деген сұрақты алдымызға қойып та отырғамыз жоқ. Бізге керек нәрсе Гоголь сықағы, Гоголь стилі, ерекшелігі қазақ тілінде берілді ме, сол қалай берілді? Міне осыған тоқтамақпыз. Жоғарыда, Тайшықов кейбір жерлерін түсінбейді дедік, соған да бір мысал келтірейік. «Чуткий нос его слышал за несколько десятков верст, где была Ярмарка со всякими с
Достарыңызбен бөлісу: |