Дәрістің мақсаты: Тіл біліміндегі этнолингвистикалық бағыттың пайда болу ерекшеліктерін саралау
Негізгі ұғымдар: этнолингвистика, «антрополингвистика», «этносемантика»
этнолингвистика ғылымы, этнолингвистикалық бағыт
Қаралатын мәселелер:
1.ХХ ғасырдың 20-70 жылдарындағы тіл мен мәдениет мәселелері
2.«Этнолингвистика», «антрополингвистика», «этносемантика» атауларының байланысы
Этнолингвистика - халықтың этногенезін тұрмыс-салты мен әдеп- ғұрпын, мекен-жайын, басқа халықтармен тарихи-мәдени байланысын, күнделікті тұрмысын, материалдық және рухани мәдениетін зерттейтін тіл білімінің жаңа саласы [1; 539]. Тіл мәселелерін мәдениет пен халықтың әдет-ғұрпымен, салт-санамен байланыстыра зерттеу XX ғасырдың 20-70 жылдарында орын ала бастады. Тіл білімінде қалыптасқан екі түрлі бағыт бар. Олар негізінен Америка мен ФРГ-да дүниеге келген.
Алғашқы этнолингвистикалық зерттеулер ретінде мына еңбектердіатауға болады: Эдуар Сепирдің 1921 жылы шыққан «Тіл», 1929 жылышыққан «Лингвистиканың жайы», Б.Уорфтың «Тіл, ойлау жәнешындық» (1959) жинақтары. Э.Сепир индеецтердің көптеген
тайпаларының тілдерін зерттесе, неміс линвисі Л.Вайсгербер «Неміс тілінің күші» туралы төрт томдық еңбек жазды. Америка мектебі тілмен мәдениетті негізгі проблема деп алса, Германия тіл мен халықтыI орынға қояды. Яғни, тіл функциясын, оның қоғамдағы даму рөлінасыра сөз етеді. «Тіл адам санасы мен объективтік шындық арасындағыбірыңғай қатынас тізбегіне ене отыра, өзі сол санадан, объективтікшындықтан туған туынды болып табылады» дейді В.А.Звягинцев [2; 323 . Америка ғалымдарының еңбектерінде «этнолингвистика»терминінің орнына көбіне «антрополингвистика», «этносемантика»
атаулары қолданылады. Осы бағытта зерттеулер жүргізген Ресейэтнолингвистикасының өкілдері Н.И.Толстой, В.В.Иванов, В.Н.Топоровты т.б. Олар тілдің тарихын, этнолингвистикалықатластарын жасап, тілдегі және халық мәдениетіндегі аумақтық және әлеуметтік диалектілерді т.б. зерттейді [1; 17].
«Этностың басып өткен сан ғасырлық даму жолы, оның белгі-бейнелері біздерге тас мүсіндер мен жартастарға қамалған сына жазуларарқылы, мәдени ескерткіштер мен әртүрлі ғимараттар түрінде жетуі мүмкін. Бірақ бұлар этнос өмірінің мың да бір елесі ғана, оның шынмәніндегі даналығы мен дүниетанымы тек тілінде ғана сақталады. Әрбір дәуірде өмірге қажет болған құрал-сайманның, қару-жарақтың, киіммен ішер тамақтың, тұрмыстық заттар мен салт-санаға, әдет-ғұрып,наным-сенімге, ойын-күлкі, той-домалаққа байланысты ұғымдардың аты-жөні, сыр-сипаты т.б. тек тіл фактілері ретінде ғана. Яғни жеке сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер мен мақал-мәтел арқылы ғана бізге жетуі мүмкін»дейді.
Бүгінгі таңда қазақ этнолингвистикасында ғылыми негізі қалыптаса бастаған, жан-жақты ізденіс нәтижесінде ерекшелігі менүрдісі айқындалып келе жатқан «дербес те перспективті ғылым саласыретінде танылып отыр». Мұны белгілі ғалым профессорМ.М.Копыленко өзінің «Этнолингвистикасының негіздері» деп аталатын еңбегінде айқын көрсетіп отыр.
Этнолинвистикаға қатысты еңбектердің көбісі сөздік болғанымен оған бағышталған ғылыми зерттеулермен тақырыптық жинақтар да баршылық. Этнолингвистиканыңжеке бағыт ретінде пайда болуы этнографияның қойнауында XIXғасырдың 70-жылдарынан бастап АҚШ-тың тіл білімінде басталған. Олсолтүстік сосын Орталық Американың үндіс тайпаларын зерттеументығыз байланысты кеңінен өріс алады да, алғашында негізіненэтнографиялық, материалға көңіл бөлінді. Бірақ бірте-бірте америкалықүндістер тілдерінің туыстығын зерттеу басты мәселеге айнала бастады.Соның негізінде америка тіл білімінде жаңа дәстүрдің негізіқалыптасты. Америка ғалымдарының еңбектерінде «этнолингвистика»терминінің орнына көбіне «антрополингвистика», «этносемантика»атауларықолданылады.
Бұл саланың Ресейде қалыптасуы Ф.И.Буслаевтың,А.Н.Афанасьевтің, А.А.Потебняның т.б. еңбектерімен байланысты. XIXжылдардың 70-80 жылдарында фольклористика саласының жанданып, тілмен мәдениеттің байланысын зерттеудің жаңа жақтарының ашылуы -этнолингвистика пәнінің ұғымы мен міндеттерін кеңейтіп, өзі жаңа
жаңа сатыға көтерді. Осы бағытта үлкен жұмыстар жүргізіп жатқан, өзіндік мектептері бар Ресей этнолингвистиканың көрнекті өкілдері деп бірінші кезекте Н.И.Толстойды және В.В.Топоровты т.б. атауға болады. Олар өз зерттеулерінде нақты бір тілдің тарихын сол тілде сөйлеуші ұлттың тарихымен тығыз байланыста қарастырады, этнолингвистикалық
атластар жасайды, тіл мен мәдениеттің ара қатысына байланыстымәселелерді, тілдегі және халық, мәдениетіндегі территориялық жәнеәлеуметтік диалектілерді, ана тіл мен ежелгі мәдениетті, тіл білімі мен мифологияың шекарасындағы өрісті т.б. зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |