Қазақ тілі 5-сынып І тоқсан бжб бөлім: «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас»



Дата08.02.2022
өлшемі19,29 Kb.
#118740
Байланысты:
5 Бжб №1 қазақ тілі (1)
нарықтық эк

Қазақ тілі 5-сынып І тоқсан БЖБ
Бөлім: «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас»



Оқу мақсаты

5.Ж1. Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру
5.Ж2. Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу






1 – тапсырма Мәтінді мұқият оқып, мәтін бойынша құрылымын сақтай отырып, жоспар құрыңыз.






Қонаққа бару мәдениеті
Қонақжайлылық - қазақ халқының бет-бейнесін ашар ерекше қасиеттерінің бірі. Бұл қасиет адамдар арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрметті арттыра түседі. Адамды тіліне, дініне, ұлтына қарамастан алаламай ас-дәм беру - қонақжайлылықтың белгісі.
«Шақырған жерден қалма» деген ұстанымды ұран еткен жұрт қонаққа барғанда мына кеңестерді естен шығармағаны абзал. Сізді қонаққа шақырды делік, алып баратын сыйлығыңызға қоса үй иесіне арнап, гүл алуды да ұмытпаңыз. Шақырған жерге ерте немесе кешікпей дәл уақытында бару -мәдениеттіліктің белгісі. Өйткені тым ертерек болмаса кешігіп келу үй иелеріне де басқа қонақтарға да ыңғайсыз жағдай тудырады. Әрі мұны сыйламау деп түсінуі мүмкін. Дастарқан басында дұрыс отыра білу де тәрбиені көрсетсе керек. Айтылар әңгіме ортақ болуына да көңіл бөлген жөн. Осындай бас қосуда үлкен кісілер көрген-білгендерін жастарға өнеге ретінде ортаға салады.
Кейде қонақтан ертерек кетуге тура келеді. Ондайда басқалардың көңілі бөлінбес үшін рұқсат сұрап, елеусіз шығып кеткені абзал. Қоштасарда үй иелеріне рақмет айтуды ұмытпаған жөн. (142 сөз)


Жоспар
Кіріспе бөлім ____________________________
Негізгі бөлім ____________________________
а)
ә)
Қорытынды бөлім ________________________








2 - тапсырма

Сіз - ұлттық нақыштағы заманауи сәнді киім үлгілерін тігетін жаңадан ашылған сән үйінің басшысысыз. Қазақстандықтарға сән үйіңіздің ерекше қызметтері туралы жарнама мәтінін жазыңыз (60-80 сөз).



Бағалау критерийі

тапсырма

Білім алушы

Ұпайы

Мәтін құрылымын сақтайды
Құрылымына сәйкес жоспар құрады

1

мәтін мазмұнын түсінеді

1

мәтін құрылымын сақтайды

1

мәтін бойынша кіріспе бөлім

1

негізгі бөлім

1

қорытынды бөлімге жоспар құрады

1

Жазба жұмысында жанрлық ерекшелікті ескереді
Рәсімделуі мен құрылымын сақтайды






жарнама жанрының талаптарын еске түсіреді

1

жарнама мәтінінде сән үйінің атауы, ондағы қызмет түрлері туралы ақпарат береді

1

мәтін мазмұнында оқырманның назарын аударатын лепті сөйлемдерді қолданады

1

Сөз санын сақтайды

1

Сауатты жазады

1

Барлығы







10


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет