Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет229/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

«Тыңдайық және оқиық» айдарымен ұсынылған тапсырма арқылы оқушылар оқулықта ұсынылған сұрақтарды өздеріне қою арқылы тыңдаған және оқыған мәтіндері туралы терең ойланып, ондағы кодталып берген мәліметтер туралы сөз қозғайтын болады. Өз тараптарынан себеп мәнді сөйлемдер құрап айтуға мұғалімнің көмегімен ұмтылыс жасайды.
«Тыңдайық және жауап берейік» айдарындағы тапсырманы орындауда оқушылар мәтінді қайталап тыңдап, өзі тапқан мәліметті тексереді.

5 мин

Мұғалім-сынып

Сұрақтар Аудиодиск




Оқулықта «Сен білесің бе?» айдарымен берілген мәлімет оқушы үшін міндетті саналмайды. Алайда уақытқа сыйып жатса, ондағы дерек туралы кеңінен мәлімет беру қошталады. Одан әрі оқулықта «Ойнайық» айдарымен тапсырма берілген. Бұл тапсырманың мақсаты – алдыңғы сыныптарда өткен сан есім тақырыбын оқушылардың санасында қайта жаңғырту. Сан есім туралы білімді тереңдету. Оқушылар «бинго» ойынын ойнап отырып, сандардың дұрыс айтылуына ден қояды, сәйкесінше, осы сабақтың лексикалық минимумдарын қайталау, қолдану мүмкіндігіне ие болады.

3 мин










Кезекті тапсырма «Ойланайық» айдарымен берілген. Бинго картасындағы ең үлкен сан немесе ең кіші сан қайсысы екенін оқушыларға анықтату, сондай-ақ, сандардың қайсысы жұп, қайсысы тақ сандар екенін ажыраттыру сан туралы оқушы білімін тереңдете түседі.

6 мин










«Жазайық» айдарындағы тапсырманы орындауда оқушылар сандарды сөзбен жазады. Оқулықта ұсынылған соңғы тапсырма оқушылардың сандарды сауатты жаза білуіне көңіл бөлу мақсатымен берілген. Оқушылар өздерінің жазу дәптеріне дара және күрделі сандарды жазады. Тапсырманы одан әрі тереңдету үшін «20-ға дейінгі тақ сандарды жаз немесе 20-дан 40- қа дейінгі тақ сандарды жаз» тапсырмасын беруге болады. Бұдан басқа дайын кестелі карточкалар үлестіріп, «Орны бос сандарды сөзбен жаз» деген тапсырмасын түрлендіре отырып ұсына алады.

6 мин







Қорытынды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет