Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет227/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар оқылымнан алған білімдерін, мәліметтерін қолданып, айтылымға қатысады. Оқулықта ұсынылған сұрақтар төңірегінде оқушылар алдымен жұпта талқылап, кейін топта талқылауға қосыла алады. Мұндай жағдайда сөйлеу дағдысы қалыптаспаған, қабілеті төмен оқушылар өзгелерді тыңдау арқылы ұмтылыс жасап, сөйлеуге тырысады. Егер уақыт қалып жатса, оқушыларға табиғат қорғауға өз үлестерін қосатын жәндіктер мен құстар туралы жұмбақтар жасырып, тапқызу сынды тапсырмаларды ұсынуға болады.
Жапырақ жоқ бұтасында,
Қос емен өсiп тұр бiр басында. (Бұғы) Тiк жардай түстi,
Шұбатылған
Тұмсығы күштi. Таситын жүктi,
Бұл қандай мықты? (Пiл) Түрi жылқы бейнесi,
Жолақ-жолақ жейдесi. (Зебр) Қара ала тоны бар,
Аңдардың ол краны. Оны сен де танып ал,
Серейiп кеп тұрады. (Жираф)

7 мин







Қор. бөлім

Рефлексия: «Іздер». Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім
оқушылардың әрқайсысына түрлі түсті қағаздардан қиылған іздер таратады. Әр оқушы өзіне берілген «ізге» бүгінгі сабақта өзіне қызықты болған, жүрегіне із қалдырған нәрсені жазады. Мұғалім ізді «Үлгілі іздер» тақтасына жапсырады.

3 минут

Сынып-мұғалім




Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру
Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.
Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау криерийлері

  1. Таныс емес сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсіну

  2. Бейтаныс сөздер кездесетін шағын

мәтіндегі негізгі ойды түсіну

Дескрипторы

  • Мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді.

  • мәтіннің негізгі идеясын анықтай алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет