Сабақтың тақырыбы
|
Қайталау. (3-тоқсан, 5-тарау). 84-сабақ
|
Дағды
|
Оқылым, айтылым
|
Оқыту мақсаттары
|
4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
4.2.6.1 Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту
4.3.2.1 Таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
4.3.4.1 Мұғалімнің қолдауымен шылауларды, көмекші сөздерді ажырату, ауызекі және жазба тілде қолдану
|
Лексикалық минимум
|
|
Алдыңғы білім
|
Орманды аймақ
|
Пәнаралық байланыс
|
Дүниетану
|
Сабақтың барысы
|
С.кезеңі
|
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
|
уақыты
|
Қар.қат
|
Оқыту ресурстары
|
Кіріспе
|
Мұғалім оқушыларға бүгінгі сабақтың қайталауға арналған сабақ екенін ескертіп айтады. Яғни өтілген тақырыптарға шолу жасалынып, оқушылар ауызша және жазбаша жұмыс жүргізеді.
«Халықтық болжамдарды білемін» айдарындағы тапсырмада оқушылар болжамдарға қатысты сөйлемдері толықтырады.
Әр топ тапсырманы жеке орындайды. Мұғалім тексереді, оқушыларға кері байланыс орнатады.
Жаз найзағайлы болса, қыс ... болады.
Дала тышқандары топ болып шөп жинаса, жақында ... жауады. Мысық айналаны тырналаса, күн ... немесе жаңбыр болады.
Бозторғай ұясын ой жерге салса, жаз ... болады. Аспанда жұлдыз көп болса, күн ... болады.
Мысық шалқасынан жатса, күн ... болады.
Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері
байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу мақсатын жүзеге асырады.
|
5 мин
|
Мұғалім-сынып
|
|
Негізгі бөлім
|
«Көктем мезгілі туралы айтып бере аламын» тапсырмасы оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға бағытталған. Бұл тапсырманы орындауда оқушылар жұпта жұмыс істейді.
Екі оқушыға жеке-жеке сұрақтар беріледі. Осы сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар диалог құрастырады. Оқушылар бір-бірін «Шапалақ»
әдісі арқылы бағалайды.
|
10 мин
|
Жеке жұмыс
|
Жұптарға арналған сұрақтар жазылған
парақшалар
|
«Табиғат құбылыстарының атауын білемін» атты тапсырманы орындауда оқушыларға табиғаттың әртүрлі құбылыстарының суреттері беріледі. Оқушылар суретке қарап құбылыс атауын жазады. Тапсырма жазбаша тақтада орындалады. Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
|
10 мин
|
Топтық жұмыс
|
Табиғат құбылыстар ының суреттері
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |